9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық ақша эмитенті - банк лицензиясының және (немесе) лицензиясы қосымшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған күннен бастап электрондық ақша жүйесінің операторы осы эмитент шығарған электрондық ақша бойынша операцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен тоқтатады.»;
14) 44-бапта:
1-тармақтағы «- жеке тұлға» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Электрондық ақша пайдаланылатын төлемдер мен өзге де операцияларды олардың иесі электрондық ақшаның сәйкестендірілген иесінің пайдасына жүзеге асырады.
Иесі сәйкестендірілмеген жеке тұлға болып табылатын электрондық ақша электрондық ақша эмитентінің өтеуіне және агентке өткізуіне (агенттің сатып алуына) жатпайды.»;
4-тармақта:
«бір жүз» деген сөздер «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Электрондық ақшаның оңайлатылып сәйкестендірілген иесі - жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.
Электрондық ақша иесі - дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.»;
5-тармақта:
«екі жүз» деген сөздер «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық ақшаның оңайлатылып сәйкестендірілген иесі - жеке тұлғаның электрондық әмиянында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иесі - жеке тұлғаның электрондық әмиянынан электрондық ақша пайдаланыла отырып жұмыс күні ішінде жасалған төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.
Электрондық ақшаның оңайлатылып сәйкестендірілген иесі - жеке тұлғаның электрондық әмиянынан электрондық ақшаның сәйкестендірілген не оңайлатылып сәйкестендірілген иесінің электрондық әмиянына электрондық ақша пайдаланыла отырып жұмыс күні ішінде жасалған төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.»;
6-тармақ «сомасын» деген сөзден кейін «сәйкестендірілген» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Электрондық ақша иесі - жеке тұлғаның банктік шотына немесе электрондық төлем құралына ақша аудару арқылы электрондық ақшаны өтеуді банктік шоттың немесе электрондық төлем құралының осы жеке тұлғаға тиесілілігі туралы растауды алмай жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
15) 58-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігінде:
«бір жүз» деген сөздер «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ең жоғары сомасы» деген сөздерден кейін «, электрондық ақшаны электрондық әмиянда сақтау сомасы және электрондық әмиян арқылы пайдаланылған электрондық ақшаның жалпы сомасы» деген сөздермен толықтырылсын.
20. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 12, 36-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
1-баптың 24-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 16-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны мемлекеттік кіріс органдарына тапсырады.
Мемлекеттік қызметке кірген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке тұлғалардың декларацияларын мемлекеттік кіріс органдарына тапсыруға міндетті.»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 27-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру туралы талаптар қолданылмайды.».
21-тармақ 2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
21. «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 1, 1-құжат; 2019 ж., № 21-22, 91-құжат):
6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілер
1. Өтемақы:
1) сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдарға:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 120 (3-1-бөлігінде, 3-2-бөлігінің 1) тармағында және төртінші бөлігінде), 121 (3-1-бөлігінде, 3-2-бөлігінің 1) тармағында және төртінші бөлігінде), 123 (екінші бөлігінде), 124, 128 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) тармағында), 134, 135 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) тармағында) және 146 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша;
2) денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдарға:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде) (қылмыстық топтың қылмыс жасау бөлігінде), 114 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 116 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 118 (екінші және үшінші бөліктерінде), 119 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 120 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiру, оған АИТВ жұқтыру бөлігінде), 121 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiру, оған АИТВ жұқтыру бөлігінде), 125 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 126 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 127 (екінші бөлігінің 4) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 141 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 146 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 192 (екінші бөлігінің 5) тармағында), 202 (екінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 203 (екінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 255 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 261 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 269 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 270 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 277 (бірінші және екінші бөліктерінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 317 (екінші және бесінші бөліктерінде), 319 (бесінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 322 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 345 (екінші бөлігінде), 345-1 (екінші бөлігінде), 346 (төртінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 351 (бірінші бөлігінде), 352 (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 355 (екінші бөлігінің 1) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 356 (екінші бөлігінің 1) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 358 (үшінші бөлігінде) және 359 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша;
3) жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдарға:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99, 104, 105 (адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бөлігінде), 106 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 116 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 119 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 120 (3-2-бөлігінің 2) тармағында, төртінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 121 (3-2-бөлігінің 2) тармағында, төртінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 125 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 126 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 127 (екінші бөлігінің 4) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 141 (екінші бөлігінде), 146 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 192 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 202 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 203 (үшінші бөлігінде), 255 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 261 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 269 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 270 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 277 (екінші және үшінші бөліктерінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 317 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 319 (бесінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде) (абайсызда науқастың өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 322 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 344 (екінші және үшінші бөліктерінде), 345 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 345-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 348 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 349 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 350 (екінші және үшінші бөліктерінде), 351 (екінші және үшінші бөліктерінде), 352 (адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 353 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 354 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 355 (үшінші бөлігінің 4) тармағында), 356 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 358 (төртінші және бесінші бөліктерінде) және 359 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша тағайындалады.
Осы Заңның 8-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда жәбірленушілерге өтемақы тағайындалмайды.
2. Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жәбірленушілер деп танылған кезінен бастап өтемақы алуға құқығы бар.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 21-тармағын;
2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 4-тармағын, 5-тармағының 6) тармақшасын, 9-тармағын, 13-тармағын, 16-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 19-тармағы 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 4) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші абзацтарының, 6-тармағы мен 10-тармағының күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 61) тармақшасында көзделгеннен өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған төлем ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алты ай ішінде заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды жүргізуге міндетті.
4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және (немесе) қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдары 2021 жылғы 1 шілдеге дейін жарғылық капиталдың мөлшерін «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес келтіруге міндетті.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, төлем ұйымдары төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталуға тиіс.
6. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін электрондық әмияндарды ашқан және оларға қызмет көрсететін электрондық ақша жүйелерінің операторлары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алты ай ішінде осы электрондық әмияндарды осы Заңның нормаларына сәйкес келтіруге міндетті.
7. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға 2021 жылғы 1 наурызға дейін өтініш жасауға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдар микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алғанға дейін «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын сақтайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап сақталмаған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сотқа микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы талап қоюды беруге құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 3 шілде
№ 359-VI