9) тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермеуге алып келетін оны жүргізуге екі реттен артық кедергі келтіру.
3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау кезінде мыналар:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің сипаты және олардың салдары;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің ауқымы мен маңыздылығы және олардың салдары;
3) бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің микроқаржы ұйымының қаржылық жағдайына ықпалы;
5) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
6) анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қабылдауы ескеріледі.
4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтату «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысы мұндай шешім микроқаржы ұйымының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы қабылданған шешім жөніндегі ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
6. Уәкілетті органның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешіміне сот тәртібімен шағым жасалады.
Уәкілетті органның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешіміне шағым жасау мұндай шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуына және оларды микроқаржы ұйымының міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтіндей етіп өзгертуіне тыйым салуға алып келеді. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
8. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылған не оның қолданысы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
9. Микроқаржы ұйымы уәкілетті орган микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.»;
5) 27-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) микроқаржылық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
«4-4) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын бекітеді;»;
7) тармақшада:
екінші абзацтағы «5-тармағында» деген сөздер «9-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға осы Заңның 14-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде өтініш жасамаған, сондай-ақ осы Заңның 15-бабы 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптарды орындамаған заңды тұлғаларды;»;
төртінші абзацтағы «кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ есептік тіркеуден өткен және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілген» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 28-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымына осы Заңның 16-бабында белгіленген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкция қолданады.»;
7) 31-баптың 3, 4, 5 және 6-тармақтары алып тасталсын.
14. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат; 2015 ж., № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат):
9-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған;».
15. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
74-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. 25-баптың 4-1-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 маусымнан 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтата тұру кезеңінде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
«4-1. Осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 5 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің 5 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.».
16. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат):
1) 1-қосымшада:
60-жолдың 2-бағанындағы «Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілетін лицензия» деген сөздер «Айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға берілетін лицензия» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 62-1-жолмен толықтырылсын:
«
62-1. | Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
16-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 2-қосымшадағы 29-жол алып тасталсын.
17. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат):
11-бапта:
2-тармақ мынадай редакция жазылсын:
«2. Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны:
1) Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) - кандидат ретінде тіркелгенге дейін;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) - лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін (декларация тапсыру айының бірінші күніндегі жағдай бойынша) тапсырады.»;
8-тармақта:
екінші абзацтағы «2-тармағында» деген сөздер «2-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса - адамға тиісті өкілеттіктер беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.».
18. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):
1) 56-баптың 1-тармағы және 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің өзге де объектілерін жобалауға, салуға, құруға, реконструкциялауға, жаңғыртуға және пайдалануға бағытталады.
2. Жеке индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін қоспағанда, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтағы инфрақұрылым объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік әріптес ретінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы әрекет етеді.»;
2) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікке жүгіну арқылы шешуге құқылы.
Жекеше әріптес немесе дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 25 және одан көп пайызын иеленетін, жекеше әріптес акционерлерінің (қатысушыларының) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт миллион еселенген мөлшерінен жоғары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша өздерінің арасындағы дауларды шешу үшін тараптардың келісімі бойынша «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікті немесе халықаралық төрелікті айқындауға құқылы.».
19. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
61) тармақшадағы «коммерциялық ұйым болып табылатын» деген сөздер «жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:
«70-1) электрондық ақшаның электрондық әмияны (бұдан әрі - электрондық әмиян) - электрондық ақшаға билік етуді қамтамасыз ететін, оны есепке алу және сақтау тәсілі;»;
2) 5-бапта:
2-тармақ 8) тармақшасындағы «шаралар қамтылуға тиіс.» деген сөздер «шаралар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) алаяқтықты және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болғызбауға бағытталған ұйымдастырушылық және рәсімдік іс-шараларды төлем жүйесінде қамтамасыз ету және енгізу жөніндегі шаралар қамтылуға тиіс.»;
5-тармақта:
1) тармақша «операторының» деген сөзден кейін «атауы, пошталық мекенжайы және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) төлем жүйесінің атауы қамтылған мәліметтерді;»;
4) тармақшасындағы «мәліметтерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесінің құрылғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды.» деген сөздер «мәліметтерді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесінің жұмыс істей бастаған күні қамтылған мәліметтерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесінің құрылғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды. Төлем жүйесі операторы төлем жүйесінің бірінші қатысушысымен жасасқан шарт күшіне енген күн жұмыс істеудің басталған күні деп түсініледі.»;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «қатысу жүзеге асырылатын шарттардың көшірмелерін» деген сөздер «, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу жүзеге асырылатын шарттардың көшірмелерін, сондай-ақ төлем жүйесінің атын, төлем жүйесі операторының атауы мен пошталық мекенжайын қамтитын мәліметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
3) 6-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) күнтізбелік жылдың басында айналыста болған төлем карточкаларының жалпы санынан осы төлем жүйесі шеңберінде шығарылған төлем карточкалары санының үлесі, сондай-ақ осындай төлем жүйесінде шығарылған төлем карточкалары пайдаланыла отырып, күнтізбелік жыл ішінде осы төлем жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштерден кем болмайды.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін жүргізілген төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау қорытындысы бойынша дербес;»;
5-тармақтың 3) тармақшасындағы «не маңызды» деген сөздер «, маңызды не өзге» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-бапта:
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төлем ұйымы төлем қызметтерін көрсету кезінде өзінің банктік шотын тек осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген төлем қызметтерін көрсету үшін ғана ақшаны есепке жатқызу мақсатында пайдаланады.»;
төртінші бөліктегі «Шарттарда ақшаны төлем ұйымының банктік шотынан қызмет берушінің банктік шотына есепке жатқызу» және «көзделуге» деген сөздер тиісінше «Осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген төлем қызметтерін көрсету шарттарында ақшаны төлем ұйымының банктік шотынан көрсетілетін қызметтер берушінің банктік шотына аудару» және «айқындалуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта:
4) тармақшадағы «ақпарат» деген сөз «төлемдер жөніндегі ақпаратты» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша «ақпараттық-техникалық көрсетілетін қызметтерді,» деген сөздерден кейін «төлемдер жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Төлем ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Төлем ұйымы жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді және төлем ұйымы есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өтініш жасағанға дейін қалыптастырылады.
2. Төлем ұйымының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.»;
6) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін;»;
7) 17-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, заңды тұлға төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептер жойылған кезде есептік тіркеуге қайта өтініш беруге немесе өзінің атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептердің жойылмауы көрсетілген өтінішті қайта қараудан бас тартуға негіз болып табылады.»;
8) 18-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «Хабарлама» деген сөзден кейін «төлем ұйымының орналасқан жері не» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған төлем ұйымы атқарушы органының бұрын басшысы болып табылған адамды төлем ұйымы атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.
Осы тармақшада көрсетілген негіз төлем ұйымдарының тізілімінен төлем ұйымы алып тасталған күннен бастап қатарынан күнтізбелік бес жыл бойы қолданылады.»;
10) 24-баптың 4-тармағы «құзыреті шегінде» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 25-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғалар, заңды тұлғаның филиалдары немесе өкілдіктері көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арқылы жүзеге асыратын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттар және (немесе) электрондық әмияндар пайдаланылып қана жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін төлемдерді, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуіне қолданылмайды.»;
12) 27-бапта:
19-тармақтың 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Банктік шоттардан қолма-қол ақша беру кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес және, егер аз мөлшер банктік шот шартында көзделмесе және оны Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі белгілемесе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалған сомалар мөлшері шегінде жүзеге асырылады.»;
10-тармақ 7) тармақшасындағы «ақшасына өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшасына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын жинақ шоттарындағы ақшаға, төлем талаптары негізінде осындай банктік қарыздар бойынша өтелмеген негізгі борыш сомасы мөлшерінде, өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
13) 42-бапта:
3-тармақта:
1) тармақшадағы «электрондық ақша эмитентінен, агенттен немесе өзге де жеке тұлғалардан электрондық ақшаны алған» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы «жеке тұлғалардан азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемақы ретінде электрондық ақшаны алған» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінен асатын сомада электрондық ақшаны иемденген жағдайда, электрондық ақша эмитенті оны сәйкестендіруді жүзеге асыруға міндетті.
Электрондық ақша эмитенті шарт негізінде «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға электрондық ақша эмитентінің атынан және тапсырмасы бойынша электрондық ақша иесі - жеке тұлғаны сәйкестендіруді жүзеге асыруға уәкілеттік беруге құқылы.
Электрондық ақша иесін сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесінің өзі қатысқан және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде не банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығынан қолжетімді дереккөздерден алынған мәліметтер негізінде қашықтан сәйкестендіру арқылы немесе оңайлатылған сәйкестендіру жолымен жүргізеді.
Электрондық ақша иесін оңайлатылған сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді тіркеп және жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін ала отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану арқылы қашықтық тәсілімен жүргізеді.
Электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесі - жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді тіркеген кезде қолжетімді көздерден алынған мәліметтер негізінде оны салыстырып тексеруді жүзеге асырады.»;