1) табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері;
2) есеп берудің өткізілетін күні мен орны;
3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі.
10. Есеп беру өткізілуден бір ай бұрын табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға хабарлайды.
11. Алдағы есеп беруді өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін табиғи монополия субъектісі осы баптың 13-тармағында көзделген ақпаратты есеп беру өткізілуден бес жұмыс күні бұрын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал ол болмаған жағдайда, уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Табиғи монополия субъектісі есеп беруге қатысуға ниет білдіргендердің барлығына өткізілетін орынға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Жария тыңдаулар, табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептері онлайн-трансляция ұйымдастыру арқылы да жария тыңдауларға қатысушылардың кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіле отырып өткізіледі.
Елде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері, табиғи монополиялар субъектілері жария тыңдауларды, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептерді онлайн-трансляциялар арқылы өткізеді.
Жария тыңдаулар онлайн-трансляциялар арқылы өткізілген кезде уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурста жария тыңдаулардың күнін, уақытын және онлайн-трансляцияға сілтемені көрсете отырып, алдағы жария тыңдау туралы хабарландыруды орналастырады.
Егер табиғи монополия субъектісінің қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті аудитке жататын болса, оны бұқаралық ақпарат құралдарында осы баптың 2-тармағында көзделген орналастыру аудит аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.
13. Табиғи монополия субъектісінің сөйлейтін сөзі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес негіздемелері бар ақпаратты қамтуға тиіс.
14. Табиғи монополия субъектісі тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы өз сөйлейтін сөзінде ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы толық түсіндірме береді.
15. Осы баптың 2-тармағында, 5-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде және 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарында көзделген талаптар қуаты аз табиғи монополиялар субъектілеріне және жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
4-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР
26-бап. Табиғи монополия субъектісінің құқықтары мен міндеттері
1. Табиғи монополия субъектісі:
1) тұтынушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі белгілеген техникалық талаптардың сақталуын талап етуге;
2) тарифтiң қолданылу кезеңiнде барлық тұтынушылар үшiн тарифтi төмендетуге;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге немесе ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде пайда болған, іс-шаралар орындалған жағдайда бекітілген инвестициялық бағдарламада және бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес билік етуге;
4) тұтынушылардан көрсеткіштерді алу және пломбалауды жүзеге асыру үшін есепке алу аспабына қолжетімділікті талап етуге;
5) уәкілетті органға - бекітілген тарифтік сметаға өзгерістер енгізу туралы өтінішпен, сондай-ақ уәкілетті және (немесе) өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге;
6) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне өтініммен бір мезгілде тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерінің жобасын ұсынуға;
7) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектері шеңберінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерді дербес төмендетуге және жоғарылатуға;
8) уәкілетті органға тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектеріне өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес реттелетін қызметтерді көрсетуге және реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруға;
10) уәкілетті органның құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, жаңаларын қабылдау немесе қолданыстағыларының күшін жою туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге;
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқамаға шағым жасауға;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге құқықтарды иеленуге құқылы.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Табиғи монополия субъектісі:
1) уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы, одан алып тастау туралы, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтінішпен жүгінуге;
2) уәкілетті органға осы Заңға сәйкес өтініммен жүгінуге;
3) осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға;
4) осы Заңның 24-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға;
5) тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға;
6) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеуге;
7) тұтынушылардан өзі ұсынатын табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшiн төлемдерді өз кассалары және (немесе) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар немесе терминалдар, ал қажет болған жағдайда төлем агенттері және (немесе) төлем ұйымдары арқылы қабылдауды қамтамасыз етуге;
8) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен үлгiлік шарттарға сәйкес жеке шарттар жасасуға;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) үлгілік шартқа сәйкес астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарттарын электрондық нысанда ғана жасасуға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) уəкілетті органмен немесе уəкілетті органның ведомствосымен жəне оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібіне сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдiстемелерiн әзiрлеуге және бекітуге;
10) реттеліп көрсетілетін қызметтердiң әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзуге;
11) сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге;
12) тариф, реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары туралы ақпаратты тұтынушылардың талабы бойынша ұсынуға;
13) бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп беруге;
14) осы Заңда белгіленген мерзімдерде тұтынушыларға тариф, оның өзгергені туралы хабарлауға;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) бекітілген тарифтік сметаның шығындар баптарын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерлердің бес пайызынан аз орындамауды және осы Заңның 33-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген тарифтік сметаны орындауға;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) осы Заңның 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) тармақша өзгертілді
17) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді электрондық нысанда, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті электрондық нысанда ұсынуға;
18) тариф бекітілген кезде шығындары есепке алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 23-бабына сәйкес сатып алуды жүзеге асыруға;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) сатып алу бойынша ақпаратқа бірыңғай қол жеткізу нүктесін қалыптастыру мақсатында электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылатын сатып алу туралы ақпаратты, мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіне беруді қамтамасыз етуге;
19) тұтынушылардың талабы бойынша бекітілген тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламада қамтылған ақпаратты ұсынуға;
20) тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып тариф бекітілген кезде жыл сайын, есепті кезеңнің 1 мамырынан кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға есепті жылда нақты қол жеткізілген кірістер, шығыстар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді ұсынуға;
21) мыналарды:
бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің резерві, бар-жоғы туралы ақпаратты;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді және осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемасын;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты (объектілер орналасқан жерлері, фото-бейне түсірілімдермен қоса орындалу сатылары, инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын орындау мерзімдері және құны) тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында орналастыруға не ол болмаған жағдайда уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынуға;
22) уәкілетті органның талабы бойынша қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынуға;
23) уәкілетті органға тариф, оның өзгергені туралы ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабарлауға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес осы Заңның 25-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімдердегі тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жəне (немесе) өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында есеп беру өткізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей орналастыруға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) уәкілетті органмен табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын келісуге;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
24-2) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын уәкілетті органмен келісуге;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 24-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
24-3) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін кредиттік келісімдерді уәкілетті органмен келісуге;
25) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы табиғи монополиялар саларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі есепті мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында есеп беру өткізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жыл сайын орналастыруға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды және осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген реттелетін қызметті қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну, табиғи монополия субъектісінің сенімгерлік басқаруға берілетін активтерін кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды сенімгерлік басқаруға беру кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға, лизингті қоса алғанда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) бермеуге міндетті.
Шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды сенімгерлік басқаруға берген жағдайда, сенімгерлік басқарушы суды каналдар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уәкілетті орган бекіткен тариф деңгейінен аспайтын бағада каналдар бойынша су беру жөнінде қызметтер көрсетеді;
27) тарифтің жоғарылауына алып келмеген жағдайда, арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелері бойынша талап ету құқығын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке байланысты талап ету құқығын басқаға бермеуге;
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28) мүлікті мемлекет меншігіне беру, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-1-бабының 1-тармағында көрсетілген электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің электр желілерін беру жағдайларын қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сауда-саттықта иеліктен шығаруға міндетті.
Реттеліп көрсетілетін қызметтері табиғи монополия саласына жатқызылатын кірме жол иеліктен шығарылған жағдайда, осы кірме жолды иеленуші:
кірме жолдар қызметтерін көрсетуге жасалған шарттары бар тұтынушыларды тендер өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тендердің өткізілетіні туралы жазбаша хабардар етуге;
тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алу шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, жұмыс істеп жүрген тұтынушыға үшінші тұлғалар алдында оны сатып алу бойынша артықшылық құқық беруге міндетті.
Жұмыс істеп тұрған тұтынушылар екі және одан көп болған кезде артықшылық құқық, тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алу шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, соңғы он екі айда реттеліп көрсетілетін қызметтердің үлкен көлемін (мың вагон/км, вагон/сағат) алған тұтынушыға беріледі.
29) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты емес шығындарды тарифке қоспауға;
30) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау мен беру жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспаптарын тұтынушыларға сатып алу мен орнатуға;
31) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау мен беру жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспабын сатып алғаны және орнатқаны үшін тұтынушылардан төлемақы алуға;
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген тұлғаларға бекітілген инвестициялық бағдарлама объектілеріне қолжетімділікті және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етуге;
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 33) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
33) кірме жолдың жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға арналған құрылысжайларын, құрылғылары мен элементтерін пайдаланғаны үшін жеке төлемақы алмауға;
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 34) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 34) тармақша өзгертілді
34) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар қызметтерін көрсеткені үшін тұтынушыға (контрагентке) дейінгі нақты ұзындығы бойынша төлемақы алуға;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 35) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
35) кредиттік бюроға коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 13), 18), 21), 24) жəне 25) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаты аз табиғи монополиялар субъектілеріне және жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
27-бап. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері
1. Тұтынушы:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерді осы Заңға сәйкес тарифтер бойынша сатып алуға;
2) жария тыңдауларға қатысуға;
3) уәкілетті органның құқықтық актілеріне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы, жаңаларын қабылдау және (немесе) қолданыстағыларының күшiн жою туралы өтінішпен уәкiлеттi органға жүгінуге құқылы.
Тұтынушының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары болады.
2. Тұтынушы:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерге осы Заңға сәйкес тарифтер бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) есепке алу аспабы болуға;
3) табиғи монополия субъектісі өкілінің есепке алу аспабына қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
4) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау мен беру жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспабын сатып алуға және орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
5) уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарттарға сәйкес ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне табиғи монополия субъектісімен жеке шарттар жасасуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі белгілеген техникалық талаптарды орындауға міндетті.
28-бап. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес
1. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес уәкілетті органның жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, уәкілетті органның және өзге мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері, сарапшылар және өзге де мүдделі тұлғалар кіруі мүмкін.
3. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес табиғи монополиялар салаларындағы тариф белгілеудің проблемалық мәселелері жөніндегі комиссияны құруға құқылы.
4. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережені және оның дербес құрамын уәкілетті орган бекітеді.
5. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес:
1) уәкілетті органға табиғи монополиялар салаларындағы нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
2) уәкілетті органға консультативтік, әдістемелік және өзге де қолдау көрсетеді;
3) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына қатысуға қоғамдық, ғылыми және өзге де ұйымдарды тартуға жәрдемдеседі;
4) уәкілетті органға тарифті индекстеу деңгейін және тарифтің болжамды индексін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) уәкілетті органға табиғи монополия саласының тарифтік реттеу әдісін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) уәкілетті органға тарифтері тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерін тізбеге енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) уәкілетті органның қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шарттарын келіседі.
29-бап. Қоғамдық бірлестіктер
Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасында белгіленген құқықтардан басқа, сондай-ақ:
1) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысады;
2) уәкілетті органға табиғи монополиялар салаларындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар жібереді;
3) тарифтің және инвестициялық бағдарламаның жобаларын, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді уәкілетті органның қарауына қатысады;
4) тұтынушылардың және табиғи монополиялар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты таратады;
5) уәкілетті органмен, өзге мемлекеттік органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен, соттармен және өзге де тұлғалармен қатынастарда тұтынушылардың мүдделерін білдіреді;