Еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
«7. Заңды тұлға еркін қойманың иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы еркін қойма иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда еркін қойма иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген еркін қойманың иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау нәтижесінде заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, еркін қойма иесінің қызметі еркін қойманың иесі мұндай қайта бастау туралы өтініш бермей еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін қайта басталады.
8. Еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.»;
9-тармақ алып тасталсын;
73) 520-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша «иесінің» деген сөзден кейін «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген» деген сөздермен толықтырылсын;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) заңды тұлғалардың еркін қоймалардың иелері ретіндегі қызметі шеңберінде еркін қоймалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
8) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндетті орындамау жағдайын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 538, 539, 540, 544, 551, 552, 555 және 558-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орындалмаған қаулының болуы және Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының көрсетілген бұзушылығына алып келген себептердің жойылмауы.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Заңды тұлға еркін қоймалар иелерінің тізілімінен осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша алып тасталған жағдайда, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы баптың 2-тармағында көзделген еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
74) 522-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
75) 524-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.»;
76) 525-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында бажсыз сауда дүкені құрылатын аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.»;
3-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.»;
«6. Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.»;
77) 526-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«526-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бажсыз сауда дүкені иесінің бажсыз сауда дүкенінің қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
5-тармақтағы «бұйрық қабылданған» деген сөздер «бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңды тұлға бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы бажсыз сауда дүкені иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда бажсыз сауда дүкені иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.»;
8-тармақ алып тасталсын;
78) 527-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «иесінің» деген сөзден кейін «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген» деген сөздермен толықтырылсын;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндетті орындамау жағдайын қоспағанда, бажсыз сауда дүкенінің иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 522, 528, 531, 532, 535, 538, 544, 551 және 555-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
8) заңды тұлғалардың бажсыз сауда дүкендерінің иелері ретіндегі қызметі шеңберінде бажсыз сауда дүкендерінің басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312- баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағында көзделген бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
79) 532-бапта:
1-тармақта:
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 280, 280-1, 522, 527, 528, 533, 534, 548, 549, 550, 551, 552 және 558-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін;»;
6) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша;»;
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) кедендік пломбалары және мөрлері салынған тауарларды тасымалдау үшін жарамды кемінде бес автокөлік құралының меншігінде болуы;
10) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің уәкілетті орган белгілеген шекті мәніне сәйкес келуі.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген шарттар;»;
80) 533-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі «органға» деген сөзден кейін «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бірінші, екінші немесе үшінші типтегі куәлікті беру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Бірінші, екінші немесе үшінші типтегі куәлікті беру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган осындай куәлікті беру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.»;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электрондық нысанда» деген сөздер «бас тарту себептерін көрсете отырып, тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
81) 534-бапта:
1-тармақтың 11) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар акцияларының он және одан көп пайызына ие акционерлері, мұндай заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық іс қозғау;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган мұндай куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.»;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
5-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы куәліктің қолданылуы қайта басталғаны туралы хабардар етеді.»;
7-тармақта:
1) тармақша «оператордың» деген сөзден кейін «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңды тұлғаны бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 280, 280-1, 522, 527, 528, 533, 534, 543, 548, 549, 550, 551, 552 және 558-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту фактісін растайтын шешімінің күшіне енуі;»;
6) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) куәлігі бар заңды тұлға акцияларының он және одан көп пайызына ие осы заңды тұлғаның акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісін растайтын, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот үкімінің күшіне енуі;»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.»;
9-тармақта:
«Уәкілетті экономикалық оператор» деген сөздер «Заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мұндай тұлға» деген сөздер «заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өткеннен кейін» деген сөздерден кейін «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Осы баптың 8-тармағында көзделген уәкілетті органның уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешімі күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
82) 535-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті экономикалық оператор міндетін орындау осы Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен қамтамасыз етіледі.»;
83) 543-бап «оператор» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 150-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 84) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
84) мынадай мазмұндағы 571-баппен толықтырылсын:
«571-бап. Камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық қатынастар жөніндегі өтпелі ережелер
Кеден органдары 2021 жылғы 1 наурызға дейін шығарған камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық қатынастарға осы Кодекстің камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша шығарылатын тексерулердің нәтижелері туралы хабарламаларға қолданылатын ережелері қолданылады деп белгіленсін.».
3. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-ІV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-ІІ, 124-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат):