«тәулік бойы режимінде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, уақытша сақтау қоймасының аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) уақытша сақтау қоймасының аумағына кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың уақытша сақтау қоймасының аумағына және (немесе) үй-жайларға кіруін және уақытша сақтау қоймасының аумағынан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйелерінің болуы;»;
«электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны периметрі бойынша сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебайқау құралдарына көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.»;
61) 504-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.»;
3-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.»;
«6. Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.»;
62) 505-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«505-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уақытша сақтау қоймасы иесінің уақытша сақтау қоймасының қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
5-тармақтағы «осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап» деген сөздер «осы баптың 3-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңды тұлға уақытша сақтау қоймасы иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасы иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы уақытша сақтау қоймасының иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасы иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда уақытша сақтау қоймасы иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
7. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.»;
8-тармақ алып тасталсын;
63) 506-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «иесінің» деген сөзден кейін «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген» деген сөздермен толықтырылсын;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндетті орындамау жағдайын қоспағанда, уақытша сақтау қоймасының иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
8) заңды тұлғалардың уақытша сақтау қоймаларының иелері ретіндегі қызметі шеңберінде уақытша сақтау қоймаларының басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.»;
5-тармақтағы «бұйрық қабылданған» деген сөздер «уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы баптың 2-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
64) 508-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
65) 510-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.»;
66) 511-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында кеден қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.»;
3-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.»;
«6. Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.»;
67) 512-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«512-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кеден қоймасы иесінің кеден қоймасының қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;»;
3, 4, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
«6. Заңды тұлға кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден қоймасының иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда кеден қоймасы иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
Осы Кодекстің 514-бабы 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау нәтижесінде заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, кеден қоймасы иесінің қызметі кеден қоймасының иесі мұндай қайта бастау туралы өтініш бермей кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін қайта басталады.
7. Кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.»;
8-тармақ алып тасталсын;
68) 513-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «иесінің» деген сөзден кейін «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) заңды тұлғалардың кеден қоймаларының иелері ретіндегі қызметі шеңберінде кеден қоймаларының басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
3. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағында көзделген кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
69) 515-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
70) 517-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.»;
71) 518-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында еркін қойма құрылатын аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.»;
3-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.»;
«6. Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда, аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.»;
72) 519-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«519-бап. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еркін қойма иесінің еркін қойманың қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;»;
3, 4, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.