4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жасалған қарыз шартына, кредиттік желіні ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясы не кепілдікті беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін банктердің, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының төлем талабын пайдалануына жол беріледі.
Банктер, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, ипотекалық ұйымдар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары төлем талабын ақша жөнелтушінің банкіне ақша жөнелтушінің өз банктік шотынан ақшаны алып қоюға келісімін қамтитын құжаттың негізінде қояды.»;
2) 52-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «шартқа» деген сөзден кейін «, оның ішінде талап ету құқықтары екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға берілген банктік қарыз шартына» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
Осы Заң:
1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының бесінші - оныншы абзацтарын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 2), 3) және 4) тармақшаларын, 7, 9 және 10-тармақтарын;
3) 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының жетінші, он екінші және он үшінші абзацтарын, 22) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 35) тармақшасының он төртінші - жиырма жетінші абзацтарын, 37) тармақшасының он екінші - елу сегізінші, алпыс жетінші - сексен бірінші абзацтарын, 38) тармақшасының жетінші - он жетінші, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 45), 46) және 84) тармақшаларын;
4) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасын;
5) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының екінші және алтыншы абзацтарын және 11-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 5 қаңтар
№ 407-VI ҚРЗ