271) акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарлар әкелу қағидаларын әзірлеу;
272) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын әзірлеу;
273) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің валюталық бақылауды жүзеге асыру және кейіннен валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажетті мәліметтердің тізбесі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну қағидаларын әзірлеу;
274) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеу;
275) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының нышанының сипаттамасы мен пайдаланылу қағидаларын, танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолданылу қағидаларын әзірлеу;
276) салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің мүлкін кедендік төлемдері, салықтары, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын әзірлеу;
277) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін әзірлеу;
278) ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық салық төлеушілер туралы мәлiметтердi ұсыну қағидаларын, мерзімі мен нысанын, сондай-ақ келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын әзірлеу;
279) уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;
280) концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша алатын тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде тіркелген активтерді концедентке беру кезінде ІІ, ІІІ және ІV топтарының концессионерінің құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидаларын әзірлеу;
281) тұруға және білім алатын адамға ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормаларын белгілеу тәртібін әзірлеу;
282) тауарлардың импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын әзірлеу;
283) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларын әзірлеу;
284) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобалардың іске асырылуын көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуы тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді ұсыну қағидалары мен олардың нысандарын әзірлеу;
284-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органға қосылған құн салығын есепке алуға арналған ағымдағы шоттарды ашу және жабу туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
284-2) сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты жою), лифтілерге қызмет ету қызметтерін және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдардың үшінші тұлғаларға ұсынылған қызметтер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;
285) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін әзірлеу;
285-1) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
285-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салық төлеушілердің - тіркеу есебінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға, санаттары мен тізімін, екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беру қағидаларын, нысанын және мерзімдерін әзірлеу;
285-2) пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық органдары мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) жүзеге асырылатын аумақтарды (учаскелерді) және (немесе) өңірлерді, пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
285-3) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келісу бойынша фискалдық деректер операторын тiзбеге (тізбеден) қосу (алып тастау) тәртібін, сондай-ақ фискалдық деректердің әлеуеттi операторына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзірлеу;
285-4) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін әзірлеу;
285-5) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін интернет-ресурсқа орналастыру;
285-6) кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларға қатысты, көрсетілген тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға, қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерін 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 291-бабының 7-1-тармағына сәйкес өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан әкету кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу;
285-7) камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету қағидалары мен нысанын әзірлеу;
285-8) камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында тексерілетін тұлғаға жіберілетін 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну бойынша талаптың нысанын әзірлеу;
286) - 291) тармақшалары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
286) деңгейлес мониторингті жүргізу қағидаларын әзірлеу;
287) деңгейлес мониторинг туралы келісім нысанын әзірлеу;
288) деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларын әзірлеу;
289) деңгейлес мониторинг туралы келісім жасасқан салық төлеушілердің санаттарын әзірлеу;
290) стандартты файл нысаны мен оны жасау қағидаларын әзірлеу;
291) жергілікті және (немесе) негізгі есептілікті ұсыну туралы нысанын әзірлеу;
292) еларалық есептілік пен халықаралық топқа қатысу туралы өтініш нысандары мен оларды толтыру қағидаларын әзірлеу;
293) жанама салықтар бойынша төлеу мерзімін өзгертуге құқығы бар адамдарды айқындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу;
294) қосылған құн салығының асып кету сомалары мен тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу;
295) қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын әзірлеу;
296) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
296) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші мен жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама нысандарын әзірлеу;
297) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
297) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті екінші деңгейдегі банктерден алған Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты уәкілетті органға беру қағидалары мен мерзімдерін және оның нысандарын әзірлеу;
298) екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлармен электрондық саудасы бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банк шоттарының бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
299) резиденттікті растайтын құжаттың және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтамалардың нысандарын әзірлеу;
300) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш нысанын әзірлеу;
301) салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметті қоса алғанда, Қазақстан Республикасында тұрған мүлікті өткізу кезіндегі мәмілеге қатысушылар және параметрлері және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акциялар, қатысу үлестері туралы мәліметтер нысанын әзірлеу;
302) мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
303) шартты түрде шығарылған тауарларды ұсынудың не кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаты мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді сақтауды растау үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде олардың тұрған жерін растау ерекшелігін, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мерзімділігін және жүргізуге қойылатын өзге де талаптарды әзірлеу;
304) ішінара салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;
305) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
305) құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу;
306) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын әзірлеу;
307) тауарлармен электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын адамдардың мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын әзірлеу;
308) салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын әзірлеу;
309) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ ресімдеу және олардың құжат айналымы тәртібін әзірлеу;
310) қосылған құн салығының сомалары бойынша дайындаушы ұйымдар алған бюджеттік субсидия сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімі мен нысанын әзірлеу;
311) коллекторлық агенттіктермен жасалған талап ету құқығын беру шарттары бойынша мәліметтерді ұсыну нысанын әзірлеу;
312) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде электронды нысандағы шот-фактураны жазып беру қағидаларын әзірлеу;
313) уәкілетті мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын әзірлеу;
314) бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларын әзірлеу;
315) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторының беру қағидаларын әзірлеу;
316) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін әзірлеу;
317) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын әзірлеу;
318) халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы мәліметтердің нысанын әзірлеу;
319) екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты беру қағидаларын әзірлеу;
320) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау тәртібін әзірлеу;
321) мыналардың:
бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуға байланысты шығыстарға;
республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының, кредиттердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың пайдаланылуына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша;
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына, бюджеттік кредиттер беруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыруға, сондай-ақ олардың пайдаланылуына;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына;
тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асыру;
322) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру;
323) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
324) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
325) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудитті жүргізу;
326) аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті түрде орындауға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру;
327) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс аудитті жүзеге асыру;
328) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
329) заңнамада белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштерді қарау;
330) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындысының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдау;
331) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;
332) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік аудит объектілеріне мәліметтер мен қажетті материалдар ұсыну туралы талаптар жіберу;
333) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру;
334) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті орналастыру, сондай-ақ келісілген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
335) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында:
ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек ұсынуды қамтамасыз ету;
жүргізілген мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есепті ақпаратына талдау жүргізу;
ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекелі бар объектілер бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жіберу;
ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну;
ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақталын бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізу;
336) Есеп комитетімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жөнінде құқықтық актілер қабылдайды;
337) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарына шағымдану кезінде туындайтын дауларды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларын қарау;
338) ҚР Үкіметінің 2020.23.06. № 382 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
339) мынадай:
бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және нұсқамаларды орындау мақсатында;
міндеттемелер тиісінше түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы сотқа талап қоюды беру;
340) құзыреті шегінде аудиторлық қызмет пен аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың қызметі, бағалау қызметі салаларындағы бағалаушылар палаталарының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
341) аудиторлық ұйымдардың «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттiлiгiне қатысты бөлiгiндегi талаптарды орындауына мемлекеттiк бақылау жүзеге асыру және осы талапты бұзған аудиторлық ұйымдарға шаралар қолдану;
342) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында және кәсiби ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
343) аудиторлық қызметті лицензиялау;
344) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және кәсiби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзу;
345) аккредиттеу ережелері сақталмаған жағдайда бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарына, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарға ескерту жасау;
346) аудиторлар тізілімін, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тізілімін, аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
347) бағалаушылар палаталарының қызметі туралы ақпарат сұрату;
348) біліктілік комиссиясының құрамына өкілдерін жіберу;
349) бағалаушылар палатасын «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы талап қоюды сотқа беру;
350) бағалаушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарының тізілімін жүргізу;
350-1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды әзірлеу және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен келісу;
350-2) құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен оларды қадағалауды жүзеге асыру;
350-3) тауарларды таңбалау мен оларды қадағалау қағидаларын әзірлеу;
350-4) таңбалау мен қадағалануды енгізудің орындылығына талдау жасай отырып, жекелеген тауар топтарын таңбалау мен олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары бойынша тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша уәкілетті органға таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың тізбесіне қосу туралы ұсыныстар енгізу;
350-5) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға реттеушілік әсер етуге талдау жүргізу;
350-6) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымына қатысушылардың тізілімдерін жүргізу;
350-7) өз құзыреті шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымына мониторингті жүзеге асыру;
350-8) тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін есептеу;
351) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын, кәсiби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі куәлiгінен айыру туралы шешiм қабылдау;
352) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында бухгалтерлердің кәсiби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тiзбесiн, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның берілуі, одан айыру, оның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануын қамтамасыз ету;
353) аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі бiлiктiлiк комиссияларының құрамына қатысу;
354) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
355) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалар мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша тиімділігін бағалау, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік деректерін қайта тексеру;
356) уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламалары тізілімін жүргізу;
356-1) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар түлғалардың тізімін интернет-ресурста орналастыру;
356-2) салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға таңдаған тұлғаны уақытша басқарушы етіп тағайындау;
357) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау;
358) интернет-ресурста кредиторлар талаптарының тізілімін орналастыру;
359) табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар банкрот болған, олар үшін осындай тәртіп «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кезде мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;