498-1) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
498-1) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарау және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазаларды қолдану;
498-2) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу қағидаларын әзірлеу;
498-3) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабында көзделген тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін әзірлеу;
498-4) тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірменің нысанын әзірлеу;
498-5) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;
498-6) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаны хабардар ету нысанын әзірлеу;
498-7) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімнің нысанын әзірлеу;
498-8) камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісінің нысанын әзірлеу;
498-9) тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуы, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
498-10) кешенді көшпелі кедендік тексеру тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау тәртібін әзірлеу;
498-11) кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графиктерінің нысанын әзірлеу;
498-12) кешенді көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы хабархаттың нысанын әзірлеу;
498-13) тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуы, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
498-14) көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ кеден органының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен тасымалдаушының электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеу;
498-15) құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын әзірлеу;
498-16) тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын тәуекелдердің құндық индикаторларын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу;
498-17) тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесін әзірлеу;
498-18) өтініш тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін есептеу;
498-19) құпия ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
498-20) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымның нәтижелері туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;
498-21) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігінің жұмыс істеуі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді құзырет шегінде әзірлеу;
498-22) ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілетін мәліметтерді жинауды, есепке алуды, сақтауды және өңдеуді және (немесе) қадағалап отыру тетігін іске асыруды қамтамасыз ету;
498-23) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қоспағанда, заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы өтініштердің нысанын әзірлеу;
499) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2019.18.04. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.06. № 422 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды адамдарынан және өзге де адамдардан, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;
1-1) салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
3) сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу, мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, ақпараттық жүйелер құру үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тарту;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
5) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
8) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;
9) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
11) ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
14) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
15) заңнамада айқындалған жағдайларда Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жеке және заңды тұлғалардан, еншілес компаниялардан қажетті құжаттарды, белгіленген нысандар бойынша есептіліктерді ұсынуды талап ету;
16) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
17) тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен беру;
18) халықаралық шарттар негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда шет мемлекеттің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
19) құзыреті шегінде темекі бұйымдарын өндірушілерге темекі бұйымдарын өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді беру туралы сұрау салу;
20) тексерулерге мемлекеттік органдардың мамандарын тарту;
21) оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не оңалтуды басқарушыны тіркеуден алып тастау туралы хабарламаны кредиторлар жиналысына жіберу;
22) - 25) ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;
27) - 29) ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30) бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтару;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қаржы министрі жүзеге асырады.
19. Қаржы министрiн Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымнан босатады.
20. Қаржы министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
21. Қаржы министрінің өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтарына қол қояды;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жұмыс регламентін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне кеден органдарының лауазымды адамдарына жоғары басшылық құрамының арнайы атақтарын беру туралы ұсыным енгізеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапкершілікте болады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржы министрі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Қаржы министрі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мүлкі
24. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
27. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2018.28.11. № 792 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.20.10. № 681 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.04.06. № 378 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. ҚР Үкіметінің 2018.16.11. № 766 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. «Ақпараттық есептеу орталығы» акционерлік қоғамы.
3. ҚР Үкіметінің 2020.03.12. № 817 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2019.28.10. № 890 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы.
6. «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы.
7. «Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd. жеке компаниясы
8. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. жеке компаниясы.
9. «АЭС Өскемен ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
10. «АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 931 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.18.04. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.06. № 422 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 877 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.08.07. № 468 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және оның ведомстволарының
қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық
комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң
тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментi.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ақкөл аудандық қазынашылық басқармасы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Аршалы аудандық қазынашылық басқармасы.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Астрахан аудандық қазынашылық басқармасы.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Атбасар аудандық қазынашылық басқармасы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Бұланды аудандық қазынашылық басқармасы.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Зерендi аудандық қазынашылық басқармасы.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Біржан сал ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ерейментау аудандық қазынашылық басқармасы.
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Егiндiкөл аудандық қазынашылық басқармасы.
11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Есiл аудандық қазынашылық басқармасы.
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Жақсы аудандық қазынашылық басқармасы.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Жарқайың аудандық қазынашылық басқармасы.
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қорғалжын аудандық қазынашылық басқармасы.
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Сандықтау аудандық қазынашылық басқармасы.
16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Степногорск қалалық қазынашылық басқармасы.
17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Шортанды аудандық қазынашылық басқармасы.
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Бурабай аудандық қазынашылық басқармасы.
19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Целиноград аудандық қазынашылық басқармасы.
20. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментi.
21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Алға аудандық қазынашылық басқармасы.
22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Әйтеке би аудандық қазынашылық басқармасы.
23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Байғанин аудандық қазынашылық басқармасы.
24. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ырғыз аудандық қазынашылық басқармасы.
25. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қарғалы аудандық қазынашылық басқармасы.
26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Мұғалжар аудандық қазынашылық басқармасы.
27. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Мәртөк аудандық қазынашылық басқармасы.
28. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Темiр аудандық қазынашылық басқармасы.
29. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ойыл аудандық қазынашылық басқармасы.
30. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Хромтау аудандық қазынашылық басқармасы.
31. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қобда аудандық қазынашылық басқармасы.
32. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Шалқар аудандық қазынашылық басқармасы.
33. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментi.
34. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Алакөл аудандық қазынашылық басқармасы.
35. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ақсу аудандық қазынашылық басқармасы.
36. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Балқаш аудандық қазынашылық басқармасы.
37. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Еңбекшiқазақ аудандық қазынашылық басқармасы.
38. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Жамбыл аудандық қазынашылық басқармасы.
39. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Iле аудандық қазынашылық басқармасы.
40. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қарасай аудандық қазынашылық басқармасы.
41. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қапшағай қалалық қазынашылық басқармасы.
42. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қаратал аудандық қазынашылық басқармасы.
43. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Кербұлақ аудандық қазынашылық басқармасы.
44. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Көксу аудандық қазынашылық басқармасы.
45. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Панфилов аудандық қазынашылық басқармасы.
46. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Кеген аудандық қазынашылық басқармасы.
47. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Сарқант аудандық қазынашылық басқармасы.
48. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Талғар аудандық қазынашылық басқармасы.
49. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ескелдi аудандық қазынашылық басқармасы.
50. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Текелi қалалық қазынашылық басқармасы.
51. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ұйғыр аудандық қазынашылық басқармасы.
51-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментi Райымбек ауданының қазынашылық басқармасы.
52. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнiң Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментi.
53. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Жылыой аудандық қазынашылық басқармасы.
54. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Индер аудандық қазынашылық басқармасы.
55. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Исатай аудандық қазынашылық басқармасы.
56. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қызылқоға аудандық қазынашылық басқармасы.
57. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Құрманғазы аудандық қазынашылық басқармасы.
58. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Мақат аудандық қазынашылық басқармасы.
59. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Махамбет аудандық қазынашылық басқармасы.
60. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментi.
61. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Абай аудандық қазынашылық басқармасы.
62. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық басқармасының Аягөз қалалық қазынашылық басқармасы.
63. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Бесқарағай аудандық қазынашылық басқармасы.