36) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және жартыжылдық, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;
37) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде көзделген бюджеттiң атқарылу тәртiбiн айқындайтын басқа да нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының бұзылуы кезiнде мемлекеттiк мекемелер төлемдерiнiң жүзеге асырылуын тоқтата тұру;
38) тармақша 2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
38) өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімі негізінде төлем құжаттарын қалыптастыру;
39) тармақша 2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
39) Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Жәбірленушілерге өтемақы қорынан өтемақы төлеуді жүзеге асыру;
40) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;
41) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді жетілдіруге және іске асыруға қатысу;
42) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, экономикалық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
43) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдау;
44) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың қорғалуын қамтамасыз ету;
45) зияткерлік меншік объектілерін кедендік тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм қабылдау;
46) зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу қағидаларын және нысанын әзірлеу;
47) кедендiк әкiмшiлендіруді Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
48) өтініштердің нысандарын және кеден және салық заңнамаларында көзделген өзге де құжаттарды әзірлеу;
49) кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидаларын әзірлеу;
50) тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу;
51) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын әзірлеу;
52) Транзиттік декларациядағы мәліметтерді мәлімдеу ерекшеліктерін және тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен өткізу кезінде оны пайдалану тәртібін әзірлеу;
53) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен көзделген құжаттарды тауарларға арналған декларация және транзиттік декларация ретінде пайдалану қағидаларын әзірлеу;
54) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін әзірлеу;
55) мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын әзірлеу;
56) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидаларын әзірлеу;
57) ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
58) теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдаулар үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлеу;
59) қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
60) тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын әзірлеу;
61) тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын әзірлеу;
62) тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын әзірлеу;
63) консультациялар жүргізу қағидаларын және мерзімін әзірлеу;
64) аванстық төлемдерді енгізу қағидаларын және нысандарын әзірлеу;
65) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды сыныптау туралы шешім нысанын әзірлеу;
66) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау туралы өтініш нысанын және Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркеу қағидаларын әзірлеу;
67) тармақша 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
67) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімді беру қағидаларын, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
68) көлік саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының көліктік бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
69) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды әзірлеу;
70) тауарларды жою нәтижесінде қалыптасқан қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын әзірлеу;
71) белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар сомалары туралы және кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламалар нысандарын әзірлеу;
72) кедендік сараптаманы жүргізу үшін өзге уәкілетті сараптама ұйымын (сарапшыны) тағайындау қағидаларын және кедендік сараптама жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) тарту қағидаларын әзірлеу;
73) кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарды алу қағидаларын және құжаттар, құжаттар мен тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы акт нысанын әзірлеу;
74) уәкілетті кеден органының кедендік сараптаманы жүргізу қағидаларын және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысанын әзірлеу;
75) Қазақстан Республикасы аумағында құрылған еркін қоймада орналастыру үшін, еркін қойма кедендік рәсіміне міндетті түрде орналастыруға жататын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының жекелеген санатының тізбесін әзірлеу;
76) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылатын, иесі заңды тұлға болып табылатын бірнеше еркін қойманың аумағында болуы және орналасуы мүмкін, осындай тауарларды және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осындай қоймалар арасында өткізу жағдайлары, сондай-ақ осындай жағдайларда кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу ерекшеліктерін әзірлеу;
77) Қазақстан Республикасы аумағында еркін қойма кедендік рәсімі қолданылмайтын шетелдік тауарлардың және (немесе) шетелдік тауарлар санатының тізбесін әзірлеу;
78) мемлекеттік кірістер органдарының еркін қойма аумағынан еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;
79) еркін қойма аумағында, осындай аумаққа тұлғалардың кіру тәртібін анықтауды қоса алғанда, өткізу-бақылау режимін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
80) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарды дайындау (алу) тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін өндірістік процестерді қамтамасыз ету, еркін қойма аумағында пайдаланылатын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерін салу мақсатында жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды күтіп ұстау мен пайдалану процесінде қайтарымсыз жоғалған тауарлар толық немесе ішінара жұмсалған (тұтынылған) (өндірістік шығындар) жағдайда еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын әзірлеу;
81) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және пайдалануға енгізілген және еркін қойма иелері қолданатын жабдықтар болып табылатын тауарларға немесе еркін қойма аумағында жылжымайтын объектілерді құру үшін еркін қойма иелері қолданған және осындай жылжымайтын объектілердің құрамдас бөлігі болып табылатын тауарларға қатысты, еркін қойма жұмыс істеуін тоқтатқан кезде кедендік рәсіммен осындай тауарларды орналастырмай, еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау қағидаларын әзірлеу;
82) еркін қойманың иесінен басқа өзге де тұлғалардың тауарларды сақтау, тауарларды тиеу (түсіру) жөніндегі операциялар және сақтауға байланысты өзге де жүк операциялары, тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға (тасуға) және сатуға дайындау жөніндегі әдеттегі операциялар, тауарлық сапаларын жақсарту жөніндегі операцияларды жасау, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ еркін қойманы пайдалануға және оның жұмыс істеуіне байланысты өзге де операцияларды жасау мақсатында жабдықтарды, машиналарды және агрегаттарды, олардың қосалқы бөлшектерін қолдану (пайдалану) қағидалары мен шарттарын әзірлеу;
83) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
84) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды авариялар немесе еңсерілмейтін күш әсерінен жою және (немесе) қайтарымсыз жоғалу немесе тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу, сондай-ақ осындай жағдайда еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау фактісін мемлекеттік кірістер органдарының тану қағидаларын әзірлеу;
85) еркін қойма иесі таратылған кезде еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау қағидаларын әзірлеу;
86) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағының периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, осындай аумақты жайластыруға қойылатын талаптарды әзірлеу;
87) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
88) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге және порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа немесе логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа тауарларды әкелуге рұқсаттарды беру қағидаларын әзірлеу;
89) мемлекеттік кірістер органдарының еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
90) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу;
91) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;
92) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың өзге қатысушысына беруіне жол берілген жағдайларды әзірлеу;
93) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың өзге қатысушысына берудің қағидалары мен шарттарын әзірлеу;
94) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
95) еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқтау қағидаларын әзірлеу;
96) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын әзірлеу;
97) кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағының бөліктері болып табылатын шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтарын айқындау қағидаларын әзірлеу;
98) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағын, мұндай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктерін әзірлеу;
99) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
100) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және санаттарын әзірлеу;
101) тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеке тұлғаларға өткізуі, осындай тауарларды өткізу еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі жағдайларында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау кезінде есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу;
102) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына орналастыру және (немесе) пайдалану үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайларды әзірлеу;
103) кедендік бақылау мақсаттары үшін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында тауарларды өткізу кезінде ақпараттық жүйені пайдалана отырып, тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін әзірлеу;
103-1) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы және жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
103-2) арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының және әлеуетті қатысушыларының басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген немесе арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін осындай тізбеге қосу туралы өтініштерін қарауды жүзеге асыратын істейтін арнайы комиссияның жұмысына қатысу;
103-3) мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын әзірлеу;
104) кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін әзірлеу;
105) кедендік декларациялауды, өзге де кедендік операцияларды жасау және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген не шығарылуын мемлекеттік кірістер органдары жүргізбеген тауарларға қатысты кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу қағидаларын әзірлеу;
106) габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;
107) мемлекеттік кірістер органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
108) жекелеген кедендік операцияларды жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу;
109) нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын әзірлеу;
110) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды әзірлеу;
111) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа тұлғалардың қол жеткізу, оны алу және пайдалану қағидаларын, сондай-ақ мұндай ақпараттың құрамын және оны беру тәртібін әзірлеу;
112) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын әзірлеу;
113) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу қағидаларын әзірлеу;
114) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану қағидаларын қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру тәртібін әзірлеу;
115) уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану қағидаларын қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасымен ауыстыру тәртібін, уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін төмендету тәртібін әзірлеу;
116) есепке алынуы мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді жасау жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
117) кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің барын растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын әзірлеу;
118) кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидаларын әзірлеу;
119) кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу;
120) уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралының танымдық белгісін әзірлеу;
121) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелу қағидаларын әзірлеу;
122) мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
123) кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу;
124) кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту;
125) уәкілетті орган мен көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын әзірлеу;
126) уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
127) уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтау және оның тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау қағидаларын әзірлеу;
128) уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидаларын, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимін әзірлеу;
129) еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды әзірлеу;
130) бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды, олардың құрылу мен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
131) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын әзірлеу;
132) шетелдік тауарлардың апат немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін не осы тауарларды қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему нәтижесінде қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін тану қағидаларын әзірлеу;