Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес міндетті есепке жатқызылуға тиіс қаражатты банктегі шотқа қайтарған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 236-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 236-баптың өзгертілді (бұр.ред.қара)
236-бап. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ірi мөлшердегі кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару -
сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -
екі жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, сондай-ақ өсiмпұлдарды және есепке жазылған жағдайда пайыздарды төлеу бойынша түзілген берешекті, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айыппұлдар сомасын өз еркiмен төлеген адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, осы баптың бiрiншi бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
237-бап. Оңалту және банкроттық кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Мүлiктi немесе мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшерi, тұрған жерi туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенiң иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлiк және (немесе) есептік құжаттаманы не экономикалық қызметті көрсететін өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттердi дара кәсіпкер, құрылтайшы (қатысушы), коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам, лауазымды адам, сол сияқты уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы оңалту және банкроттық кезінде жасаса және бұл әрекеттер iрi залал келтiрсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Дара кәсіпкердің, құрылтайшының (қатысушының), коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның, лауазымды адамның, сол сияқты уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының оңалту және банкроттық кезінде басқа кредиторларға көрiнеу залал келтiре отырып, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер бұл іс-әрекет iрi залал келтiрсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 238-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
238-бап. Әдейi банкроттық
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Әдейі банкроттық, яғни құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейінгі үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін жасалған, ірі залал келтірген әрекеттері -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) - заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері жасаған, қаржы ұйымына, банк және (немесе) сақтандыру холдингіне ірі нұқсан келтірген дәл сол іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
239-бап. Төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Мүлкін немесе мүліктік міндеттемелерін, мүлкі, оның мөлшері, орналасқан жері туралы мәліметтерді не мүлкі туралы өзге ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлік және (немесе) есептік құжаттаманы не экономикалық қызметін көрсететін өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер ірі залаға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген бұл әрекеттерді (әрекетсіздікті) құрылтайшы (қатысушы), лауазымды адам, коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам, заңды тұлғаның органдары, сол сияқты дара кәсіпкер жасаса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлғаның, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) - заңды тұлғаның басқару органы басшысының, мүшесінің, атқарушы органы басшысының, мүшесінің, бас бухгалтерінің, сондай-ақ қаржы ұйымының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не өкiлеттiк бойынша орындайтын адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабiлетсiздiгiне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген қасақана әрекетi (әрекетсiздiгi), -
мүлкi тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
240-бап. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 241-бап өзгертілді
241-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу
Бухгалтерлiк есеп жүргiзуге уәкiлеттi адамның iрi залал келтiрген, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәлiметтердi құжаттаудан жалтаруы не осы адамның бухгалтерлiк құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметi туралы көрiнеу жалған ақпаратты енгiзуi, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы олардың сақталу мерзiмi өткенге дейiн жоюы -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен ескертумен толықтырылды
Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 242-бап өзгертілді
242-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну
Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жұмыскерлерiнiң заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің, iс жүзiндегi қаржылық жағдайымен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген кепiлгерліктер, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе немесе келтiруi мүмкiн болса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 243-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
243-бап. Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының ақшасын заңсыз пайдалану
1. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қызметкерлерінің банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының меншікті қаражатын және (немесе) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының тартылған қаражатын көрінеу қайтарымсыз кредиттер беру немесе банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы үшін көрінеу пайдасыз мәмілелер жасау үшін пайдалануы, сол сияқты банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының клиенттеріне не басқа да адамдарға банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының негізсіз кепілдіктерін немесе негізсіз жеңілдік шарттарын беруі, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі нұқсан келтірсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қызметкерлерінің клиенттердің банктік шоттары бойынша ақша сомаларын, оның ішінде валюта қаражатын көрінеу дұрыс аудармауы немесе көрінеу уақтылы аудармауы, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі нұқсан келтірсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 244-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 244-бап өзгертілді
244-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы
Азаматтың декларация тапсыруы міндетті болып табылатын жағдайларда кірістері туралы декларацияны табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып жасалған, салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл іс-әрекет ірі мөлшердегі салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса, -
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті жасаған адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
245-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Декларация табыс ету міндетті болып табылған кезде декларацияны табыс етпеу не салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға табыстар және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл іс-әрекет ірі мөлшердегі салықты және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса, -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
1) іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бюджетке түспеген төлемдер сомасының екі еселенгеннен үш еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен ескертумен толықтырылды; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен ескертпе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті жасаған адам (қылмыстық топ жасаған іс-әрекетті қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 246-бап өзгертілді
246-бап. Салық төлеушiнiң салықтық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі, өсімпұлдар, есепке жазылған жағдайда пайыздар есебіне билiк етуі шектелген мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер
Мүлкi шектелген адам жасаған, мемлекеттік кіріс органдары билiк етуге шектеу қойған мүлiктi ысырап ету, иелiктен шығару, жасырып қалу немесе заңсыз беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мүлiктi беруден бас тарту, сол сияқты банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметшiсiнiң мемлекеттік кіріс органдары шығыс операцияларын тоқтата тұрған банктік шоттар бойынша банк операцияларын жүзеге асыруы -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
247-бап. Заңсыз сыйақы алу
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Мемлекеттiк органның не мемлекеттiк ұйымның мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамы болып табылмайтын жұмыскерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамның, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерiнiң өз мiндеттерi аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметтер көрсеткенi үшiн материалдық сыйақыны, жеңiлдiктердi немесе мүлiктiк сипатта көрсетiлетін қызметтерді заңсыз алуы -
сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, iрi мөлшерде сыйақы алумен байланысты не қорқытып алумен ұштасқан іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен бап ескертумен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Ескерту. Егер сыйлықтың құны бес айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамның өзінің міндетіне кіретін жұмыстарды бұрын орындағаны немесе қызметтер көрсеткені үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде сыйлық ретінде материалдық сыйақы, жеңілдік немесе мүлiктiк сипаттағы қызметті алуы маңызы аз болуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды және ол тәртiптiк ретпен қудаланады.
248-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Күш қолдану, бөтеннiң мүлкiн жою немесе бүлдiру, сол сияқты жәбiрленушiнің немесе оның жақындарының құқықтары мен мүдделерiне елеулі зиян келтіруі мүмкiн мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп, мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаған кезде -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
1) бiрнеше рет;
2) күш қолданып жасалған дәл сол іс-әрекет -
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -
екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
249-бап. Рейдерлiк
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жоғары органның шешiм қабылдауы кезiнде жиналыстың, отырыстың хаттамаларына, олардан үзiндi көшірмелерге дауыс берушiлердiң саны, кворум немесе дауыс беру нәтижелерi туралы көрiнеу анық емес мәлiметтердi енгiзу не дауыстар санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң есебiн көрiнеу дұрыс емес жүргiзу, акционердiң, қатысушының, басқару органы мүшесiнiң немесе атқарушы орган мүшесiнiң дауыс беруге нақты қолжетiмдiлiгiн бұғаттау немесе шектеу, жиналыстың, отырыстың өтуi туралы мәлiметтердi хабарламау не жиналыстың, отырыстың өтетiн уақыты мен орны туралы анық емес мәлiметтердi хабарлау, көрiнеу жалған сенiмхатпен акционердiң, қатысушының немесе басқару органы мүшесiнiң атынан дауыс беру жолымен, дауыс беру нәтижелерiн қасақана бұрмалау не құқықты еркiн iске асыруға кедергi келтiру нәтижесiнде, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын бұзу, шектеу немесе оған қысым жасау, сол сияқты бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын iске асыру кезiнде қасақана кедергiлер келтіру жолымен заңды тұлғадағы қатысу үлесiне меншiк құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкi мен бағалы қағаздарын заңсыз иемдену немесе заңды тұлғаның үстiнен бақылау орнату не азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтіруге әкеп соққан өзге де заңсыз тәсiлдер -