Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 807 Қаулысы
(2014.04.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 30 шілдедегi
№ 807 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 992 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат):
Туризм жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгiзілсiн:
Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрi;
көрсетiлген құрамнан: Марченко Григорий Александрович, Коржова Наталья Артемовна шығарылсын.
4. «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 9, 97-құжат):
3-тармақтағы «Жергіліктi атқарушы органдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Yкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың 2) және 4) тармақшаларында «ұсыныстар» деген сөздiң алдынан «Қазақстан Республикасының Үкіметіне» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Әйтімова - Қазақстан Республикасы
Бірғаным Сарықызы Премьер-Министрiнің орынбасары,
төрайым
Алтаев - Қазақстан Республикасының
Базарбай Еркебайұлы Мәдениет министрлігі Тарихи-мәдени
мұра басқармасының бастығы, хатшы
Қойгелдиев - Қазақстан Республикасының Білім
Мәмбет Құлжабайұлы және ғылым министрлiгі
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және
этнология институтының директоры;
«Аманшаев Ермек Әмiрханұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрi, хатшы» деген жолда «хатшы» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген құрамнан: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Алдажұманов Қайдар Сейсенбайұлы, Ақышев Кемел Ақышұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы шығарылсын.