Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 807 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы ?кіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
?кіметінiң
2004 жылғы 30 шілдедегi
№ 807 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ?кіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жастар ісі жөніндегі кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 396-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Жастар ісі жөнiндегі кеңестiң құрамына мыналар енгізiлсiн:
Әйтiмова - Қазақстан Республикасы
Бiрғаным Сарықызы Премьер-Министрінің орынбасары,
төрайым
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Денсаулық сақтау министрi;
мына:
«Кәлетаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Дархан Аманұлы Әкiмшілігі Iшкi саясат бөлiмiнiң
меңгерушiсi (келісім бойынша)
Өрсариев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Арын Амангелдiұлы Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
аға сарапшысы, «Қазақстан жастары
конгресi» қауымдастық нысанындағы
заңды тұлғалардың бiрлестігі
кеңесiнiң төрағасы (келісім бойынша)»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәлетаев - Қазақстан Республикасының Президентi
Дархан Аманұлы Әкімшілігінің Iшкi саясат
басқармасы Әлеуметтік-саяси
бөлiмiнiң меңгерушiсi
(келісім бойынша)
Өрсариев - Қазақстан Республикасының Президентi
Арын Амангелдiұлы Әкiмшiлігінiң Iшкi саясат басқармасы
ақпараттық-талдау орталығының
аға сарапшысы, «Қазақстан жастары
конгресi» қауымдастық нысанындағы
заңды тұлғалардың бiрлестігi
кеңесiнiң төрағасы (келісім
бойынша)»;
көрсетілген құрамнан: Марченко Григорий Александрович, Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы шығарылсын.
2. «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінiң Құрмет дипломы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 510-құжат):
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөнiндегі комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн:
Әбдiкәрiмов - Қазақстан Республикасының
Оралбай Мемлекеттік хатшысы, төраға
(келісім бойынша)
Сәрсенбайұлы - Қазақстан Республикасының
Алтынбек Ақпарат министрі;
«Күзембаев Валерий Әлбекұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Өнер және халықаралық байланыстар департаментiнiң директоры, хатшы» деген жолда «халықаралық» деген сөзден кейiн «мәдени» деген сөзбен толықтырылсын;
мына:
«Әбдiков - Қазақстан Республикасы Президентінің
Төлен Әкiмшілігі Iшкi саясат бөлiмiнiң
бас сарапшысы (келісім бойынша)»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Әбдіков - Қазақстан Республикасының Президентi
Төлен Әкiмшiлiгінің Iшкi саясат
басқармасы Әлеуметтiк-саяси
бөлiмiнiң бас инспекторы
(келісім бойынша)»;
көрсетiлген құрамнан: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Абдрахманов Сауытбек шығарылсын.
3. «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат):
Туризм жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгiзілсiн:
Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрi;
көрсетiлген құрамнан: Марченко Григорий Александрович, Коржова Наталья Артемовна шығарылсын.
4. «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 9, 97-құжат):
3-тармақтағы «Жергіліктi атқарушы органдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Yкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың 2) және 4) тармақшаларында «ұсыныстар» деген сөздiң алдынан «Қазақстан Республикасының Үкіметіне» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Әйтімова - Қазақстан Республикасы
Бiрғаным Сарықызы Премьер-Министрiнің орынбасары,
төрайым
Алтаев - Қазақстан Республикасының
Базарбай Еркебайұлы Мәдениет министрлігі Тарихи-мәдени
мұра басқармасының бастығы, хатшы
Қойгелдиев - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Мәмбет Құлжабайұлы және ғылым министрлiгі
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және
этнология институтының директоры;
«Аманшаев Ермек Әмiрханұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрi, хатшы» деген жолда «хатшы» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген құрамнан: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Алдажұманов Қайдар Сейсенбайұлы, Ақышев Кемел Ақышұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы шығарылсын.