Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 506 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 111-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Берілген судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшерін Ауылшармині табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаларда ескерілген шығындарға пайыздық ара қатынаста су беру әдістерін және су пайдаланушылардың:
1) суды үнемдеп пайдалануды қамтамасыз ететін суарудың озық
технологияларын (тамшылап суару, жабық желілермен суару);
2) гидромелиоративтік жүйелерді қазіргі заманға лайық басқару әдістерін (ауылдық су пайдаланушылардың тұтыну кооперативтері (бұдан әрі - АСТК), гидромелиоративтік кондоминиумдар);
3) суды есепке алудың аттестатталған құралдарын енгізу шарттарын ескере отырып, саралап белгілейді.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Сондай-ақ қажет болған кезде:
ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған құрылыстардың, жабдықтар мен құрылғылардың белгіленген тәртіппен тіркелген техникалық паспорттарының көшірмелері (нотариалды куәландырылған);
осы су пайдаланушы мүшесі болып табылатын АСТК Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
суды есепке алудың аттестатталған құралдарының болуы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.»;
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 109-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесінде:
реттік нөмірі 5-жолдың 5-бағанындағы «қызметтердің құнын» деген сөздерден кейін «40 %» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 маусымдағы
№ 506 қаулысына
1-қосымша
Ережеге
1-қосымша
20__жылғы ______________ кезеңде _____________________
субсидияланған тарифтер бойынша суару үшін су
пайдалануға арналған өтінім
1. Су пайдаланушы ________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
2. Суарылатын жердің болуы _______________________________га
оның ішінде пайдалану көзделіп отырған ___________________га
Р/с № | Көздің атауы (өзен, бұлақ, суару жүйесі, таратушы, су бөлу) | Себіле- тін дақыл | Егіс алаңы, га | Суару нормасы, м3/га |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
3. Су тұтыну көлемі, барлығы ________________________ мың м3,
оның ішінде вегетациялық кезең _______________________ мың м3;
вегетацияаралық кезең ___________________________ мың м3.
Су пайдаланушы:
________________________
агроқұраманың басшысы
________________________
өтінім берілген күн
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 маусыщағы
№ 506 қаулысына
2-қосымша
Ережеге
2-қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Облыстық (республикалық
маңызы бар қаланың,
астананың) ауыл
шаруашылығы департаменті
(басқармасы)
_______________________
20__ жылғы «__» ____
Суару үшін су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің
жиынтық тізілімі
_____________________________ 20 жылғы ___________________.
(су берішінің атауы) (айы)
Р/с № | Су пайдаланушылар- дың атауы | Берілген су, мың м3 | Бекітіл- ген та- риф, 1000 м3 үшін теңге |
Суару мау- сымының басынан бері | Оның ішінде есепті айда |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
| | | | |
кестенің жалғасы
Көрсетілген қызмет- тердің құны, теңге | Субсидиялар мөлшері (тарифтік сметаларда ескерілген шығындар- дың %-ы), теңге | Суару мау- сымының басынан бері тө- ленген субсидия, теңге | Төлену- ге тиіс, теңге |
Суару мау- сымының басынан бері | Оның ішін- де есепті айда | Суару мау- сымының басынан бері | Оның ішін- де есепті айда |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Су беруші ____________________________ ______________________________________ Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы) бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегі ретпен келтіріледі | Келісілген: Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі _________________ 20_жылғы «__»____ |