Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 506 Қаулысы
(2016.15.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2016.15.04. № 224 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 109-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесінде:
реттік нөмірі 5-жолдың 5-бағанындағы «қызметтердің құнын» деген сөздерден кейін «40 %» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2016.15.04. № 224 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2-қосымша. ҚР Үкіметінің 2016.15.04. № 224 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)