13-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) бүкіл мәтін бойынша «оралмандарға», «оралмандар» және «оралмандарды» деген сөздер тиісінше «қандастарға», «қандастар» және «қандастарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23) оралман - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;».
14. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 53, 56-құжаттар; 2019 ж., № 24-ІІ, 120-құжат):
46-3-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «жіберілген жағдайларда босатылады.» деген сөздер «жіберілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) реадмиссия тәртібімен берілген жағдайларда босатылады.».
15-тармақ 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 119-құжат):
27-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы «оралмандардың» деген сөз «қандастардың» деген сөзбен ауыстырылсын.
16-тармақ 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 23, 106-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «оралман» және «оралмандардың» деген сөздер тиісінше «қандас» және «қандастардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
17-тармақ 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат):
2-баптың бірінші бөлігіндегі «оралмандарға» деген сөз «қандастарға» деген сөзбен ауыстырылсын.
18-тармақ 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат):
9-бапта:
3-тармақта:
4-1) тармақшадағы «оралманның» деген сөз «қандас» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «куәлігі жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар болып табылады.» деген сөздер «куәлігі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) жол жүру құжаты жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар болып табылады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігінің 2-1) тармақшасындағы «оралман» деген сөз «қандас» деген сөзбен ауыстырылсын.
19. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 106-құжат; № 24-І, 119-құжат; № 24-ІІ, 122-құжат):
5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 46-24) тармақшамен толықтырылсын:
«46-24) бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;».
20-тармақ 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 36-құжат):
3-баптағы «оралмандарға» деген сөз «қандастарға» деген сөзбен ауыстырылсын.
21-тармақ 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2016 ж., № 24, 131-құжат):
1-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.
22. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат; № 24-ІІ, 120-құжат):
22-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) бүкіл мәтін бойынша «оралмандар», «оралмандарды», «оралмандарға», «оралмандардың», «оралман», «Оралмандарды», «Оралмандардың», «Оралмандар», «Оралман», «оралманның» және «Оралмандарға» деген сөздер тиісінше «қандастар», «қандастарды», «қандастарға», «қандастардың», «қандас», «Қандастарды», «Қандастардың», «Қандастар», «Қандас», «қандастың» және «Қандастарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
6) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) заңсыз көшіп келуші - келу және болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасында болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;»;
«13) оралман - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;»;
мынадай мазмұндағы 13-5) тармақшамен толықтырылсын:
«13-5) реадмиссия - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келу, кету, болу немесе тұру мәселелері бойынша заңнаманы бұза отырып, бір мемлекеттің аумағына келген немесе онда жүрген адамдарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес бір мемлекеттің құзыретті органдарының беруі (қайтаруы) және екінші мемлекеттің құзыретті органдарының қабылдауы;»;
17) тармақшадағы «көшіп келушілерге» деген сөздер «шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18) уақытша орналастыру орталығы - этникалық қазақтар мен қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған тұрғынжай;»;
«28) этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.»;
3) 8-баптың 2) және 5-1) тармақшалары алып тасталсын;
4) 9-бап мынадай мазмұндағы 7-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;»;
«11-1) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөнінде шешім қабылдайды;»;
5) 11-бапта:
4) және 4-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;»;
«4-2) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квотасын белгілейді және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;»;
4-4), 5) және 5-2) тармақшалар алып тасталсын;
6) 14-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында» деген сөздер «шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың» деген сөздер «шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың - Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді,» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 15-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;»;
6-5) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде, өз аумағы және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды береді немесе ұзартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларын қабылдайды және бұл шақыруларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді;»;
8) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін этникалық қазақтар мен оралмандардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштер негізінде алдағы жылға белгілейді.»;
9) 20-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне өтініш береді.»;
10) 21-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «оралман мәртебесін алғаннан кейін» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді немесе ұзартады, оралман куәлігін береді не оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан уәжді түрде бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Этникалық қазақтың жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді немесе ұзартады, оралман куәлігін береді не оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан уәжді түрде бас тартады.»;
үшінші бөліктегі «мәртебесі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде оны» деген сөздер «мәртебесін» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «үш» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 21-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Оралман оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген, оралманның отбасы мүшелері, сондай-ақ ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туылған балалар күнтізбелік бір жыл ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізіледі.»;
2) 25-баптың 2) тармақшасындағы «рұқсаттың» деген сөз «рұқсатты беруден бас тартылған не оның» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 26-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «орындауға;» деген сөз «орындауға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
14) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шақырушы адамдардың отбасын біріктіру мақсатында шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі туралы өтінішхат беруге құқығы бар.»;
15) 29-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында санамаланған адамдар шақырушы адамдары болып табылатын отбасы мүшелері жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыскерге беретін өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама, сондай-ақ жұмыс берушіге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын жағдайларда, еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.»;
16) 34-баптың 3) тармақшаcы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) маусымдық шетелдік жұмыскерлер - халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітетін кәсіптер тізбесіне сәйкес, климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;»;
17) 37-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін квота шегінде жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
Өз аумағы және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жергілікті атқарушы орган беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың берілгені немесе ұзартылғаны үшін жұмыс берушілерден Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «және (немесе)» деген сөздер «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шетелдік жұмыскерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін және еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен үш айдан аспайтын мерзімге жергілікті атқарушы орган берген біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы алған жағдайда, келе алады.»;
18) 42-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес немесе жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар квота шегінде беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар негізінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын шарттарда және тәртіппен экономиканың жекелеген салаларына жұмысқа тартылады.»;
19) 8-тараудың тақырыбындағы «көшіп келушінің» деген сөздер «шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 48-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген көшіп келушілерге соттың шығарып жіберу туралы шешімі орындалған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.»;
21) 49-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негіздер»;
бірінші бөліктің 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) егер бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тартылады не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ұлттық қауіпсіздік органдарының оң келісімінсіз рұқсат беруге тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне, жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты не 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаты негізінде азаматтығы жоқ деп танылған адамдарға, «Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылатын әйелдерге қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 13 және 14-1) тармақшаларының күші қолданылмайды.»;
22) 51-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерге уақытша орналастыру орталықтарына бастапқы орналасуға;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда, уақытша орналастыру орталығына жолдама алған кезде күнтізбелік үш күн ішінде оған орналасуға және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін ұсынылған үй-жайды босатуға;»;
23) 52 және 53-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу
1. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде белгілейді.
2. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қоныс аударушының халықты жұмыспен қамту орталықтарына берген өтініші негізінде, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
53-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.»;
24) 56-бапта:
бірінші бөлікте: