7) тармақшадағы «үкімі заңды күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуге рұқсат беруден уақытша бас тартылады.» деген сөздер «шешімі заңды күшіне енгенге дейін;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) салықтық берешегі болса - оны толық өтегенге дейін;
9) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуден уақытша бас тартылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер:
сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісімді;
өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді;
өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге де талабының орындалғанын растайтын құжаттарды;
атқарушылық құжат беруге негіз болған, тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігі 9) тармақшасының талабы қолданылмайды.»;
25) 60-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шығарып жіберу немесе реадмиссия бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін немесе реадмиссияланатын заңсыз көшіп келушілер, заңсыз көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған не көшіп келушінің Қазақстан Республикасында заңсыз болу фактісі анықталған кезде оның еңбегін пайдаланған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған тұлғалардың шығарып жіберу немесе реадмиссия бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, бұл ретте шығарып жіберуге немесе реадмиссияға жұмсалған қаражат мүдделі мемлекеттік органдардың жоғарыда аталған тұлғаларға талап қоюлары бойынша сот тәртібімен өтелуге жатады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Шет мемлекеттен Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес қабылданған, бірақ Қазақстан Республикасына келуге және онда болуға заңды негіздері жоқ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасы мен осындай адам азаматы болып табылатын не тұрақты (көбіне) тұратын мемлекет арасында Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарт болмаса, шығарып жіберілуге жатады.».
23. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 8, 45-құжат):
1) 40-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.»;
2) 41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шекаралық аймақтағы адамдар жеке басын куәландыратын құжаттарын үнемі өздерімен бірге алып жүруге тиіс.»;
3) 59-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шекаралық аймақта тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймақ тұрғынының куәлігін беру тәртібін айқындайды, оларды беруді жүзеге асырады;».
24. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2016 ж., № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат):
24-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жол жүру құжаты - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету үшін берілетін құжат;»;
24-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 6-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «куәлік жеке басты куәландыратын құжаттар болып табылады.» деген сөздер «куәлік;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) жол жүру құжаты жеке басты куәландыратын құжаттар болып табылады.»;
24-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-бапта:
2-тармақтағы «және 11)» деген сөздер «, 11) және 12)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың үшінші бөлігі «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі» деген сөздерден кейін «, жол жүру құжаты» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттары жарамсыз не Қазақстан Республикасына келуге арналған құжаттарын жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдарға - олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына ұстап берілген не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына берілген жағдайларда беріледі.»;
24-тармақтың 5) тармақшасы 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Жол жүру құжаты
1. Жол жүру құжаты:
1) босқын мәртебесі берілген адамға Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде жүріп-тұру үшін;
2) реадмиссияға немесе Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында болу кезеңінде шетелдік паспортын жоғалтқан немесе шетелдік паспортының қолданылу мерзімі өткен жағдайда Қазақстан Республикасынан кету үшін беріледі.
2. Жол жүру құжаты бір жылға қолданылу мерзімімен беріледі, бұл ретте босқындар үшін жол жүру құжатының қолданылу мерзімі босқын куәлігінің қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.»;
24-тармақтың 6) тармақшасы 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 19-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) босқын куәлігі.»;
24-тармақтың 7) тармақшасы 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 26-баптың 1) тармақшасының алтыншы абзацындағы «куәлігінің үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлейді» деген сөздер «куәлігінің» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«жол жүру құжатының үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлейді;».
25. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-І, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-4) тармақшамен толықтырылсын:
«8-4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;»;
2) 11-бапта:
25) тармақшаның отыз бірінші абзацындағы «үлгілерін әзірлейді және бекітеді;» деген сөздер «үлгілерін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;».
26-тармақ 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 139-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «оралмандар» деген сөз «қандастар» деген сөзбен ауыстырылсын.
74-тармақ 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 142-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 23, 106-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «оралмандар», «оралмандардың» және «оралмандарды» деген сөздер тиісінше «қандастар», «қандастардың» және «қандастарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 106-құжат):
28-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) бүкіл мәтін бойынша «оралман», «оралмандардың», «оралмандарды», «оралмандарға» және «оралмандар» деген сөздер тиісінше «қандас», «қандастардың», «қандастарды», «қандастарға» және «қандастар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекітеді;»;
3) 7-бапта:
20) тармақшадағы «және (немесе)» деген сөздер «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын әзірлейді;
23) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;»;
4) 9-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушілерге өз аумағында және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктерде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру немесе ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;»;
5) 11-баптың 1-тармағында:
8) тармақшадағы «бос жұмыс орындарының (бос орындардың)» деген сөздер «бос орындардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-4) тармақшамен толықтырылсын:
«11-4) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерін қабылдайды;»;
6) 28-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың)» деген сөздер «бос орындардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 32-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге беретін рұқсаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны еңбек нарығындағы алдағы жылға (жылдарға) арналған сұраныс пен ұсыныс жағдайының болжамын және мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, қалыптастырады және белгілейді.»;
8) 33-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс берушілер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартады.»;
2-тармақтағы «және (немесе)» деген сөздер «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат басқа жұмыс берушілерге беруге жатпайды, жұмыс берушінің рұқсат алынған шетелдік жұмыскерлерді күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан ұйымдарға іссапарға жіберуін қоспағанда, рұқсатта көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында қолданылады.
4. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алымдар төлеген кезде беріледі немесе ұзартылады.
Бір және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алған немесе ұзартқан кезде алым рұқсатта көрсетілген әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетіне төленеді.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым төлеу бөлігінде осы тармақтың ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.»;
5-тармақтағы «және (немесе)» деген сөздер «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 34-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен үш айдан аспайтын мерзімге жергілікті атқарушы органдар берген біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалар негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыра алады.»;
«3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасуға біліктілік сәйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді, ол өтініште көрсетілген жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда өз бетінше жұмысқа орналасуға біліктілік сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді.
Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасқан кезде өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама берілген күннен бастап үш ай ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам оны еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту үшін жергілікті атқарушы органға өтініш береді.».
29-тармақ 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
29. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 16, 52-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 15-16, 67-құжат):
26-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «оралман» деген сөз «қандас» деген сөзбен ауыстырылсын.
30-тармақ 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 23, 105-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «оралмандар», «оралмандарға» және «оралман» деген сөздер тиісінше «қандастар», «қандастарға» және «қандас» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1 және 2-тармақтарын, 3-тармағының 3) тармақшасын, 4, 5 және 7-тармақтарын, 8-тармағының 2) тармақшасын, 9-тармағын, 10-тармағының 2) тармақшасын, 12-тармағын, 13-тармағының 1) тармақшасын, 15, 16, 17, 18, 20 және 21-тармақтарын, 22-тармағының 1) тармақшасын, 24-тармағының 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларын, 26 және 27-тармақтарын, 28-тармағының 1) тармақшасын, 29 және 30-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 3) тармақшасы бесінші абзацының қолданысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер қолданысқа енгізілген күнге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Оралмандардың оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға бір мезгілде құжаттар тапсыруға құқығы бар.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 мамыр
№ 327-VІ