Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 23 қаңтардағы № 82 Қаулысы
(2016.14.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудiң ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 23 қаңтардағы
№ 82 қаулысымен
бекітiлген
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің
ережесi
Осы Ереже «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес жаппай ақталған жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудiң тәртібін белгілейдi.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйым - банк немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақшалай өтемақы алушы таңдап алған банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым;
3) саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлетті орган - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесі..
2. Ақшалай өтемақыны тағайындаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Заңның 22, 23, 26-баптарында көрсетiлген негiздер бойынша ақшалай өтемақы алуға құқығы бар азаматтар ақшалай өтемақы тағайындау үшiн тұрғылықты тұратын жерi бойынша ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке басты куәландыратын құжат;
3) ақшалай өтемақы алуға құқығын растайтын құжат (прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан ақталғаны туралы анықтама);
4) тұрғылықты тұратын жерiн растайтын құжат.
Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ақшалай өтемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың түпнұсқасы және салыстырып тексеру үшiн көшiрмелері аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға ұсынылады.
Салыстырып тексерілгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушiге қайтарылады.
Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың жұмыскерлерi құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады, iстердi қалыптастырады, 2-қосымшаға сәйкес саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындап, оларды бес жұмыс күні ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi органдарына жібередi.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары iстерді және ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердің жобаларын бес жұмыс күні ішінде саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға жібереді.
5. Ақтау туралы анықтамада бас еркiнен айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде «еңбек армиясы», «НКВД жұмысшылар колониясы» деп аталатын) тартылған уақыты туралы ақпарат жеткiлiксiз көрсетiлген жағдайда саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органдар мен прокуратура органдарының мұрағаттарындағы қосымша анықтамаларды сұратып алуға құқылы.
6. Бас еркiнен айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшыраған адамдардың болған мерзiмi, сондай-ақ бас еркiндiгi шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде «еңбек армиясы», «НКВД жұмысшылар колониясы» деп аталатын) тартылған уақыты көрсетiле отырып, ақталғанын растайтын анықтама келiп түскен кезде, ақталуы туралы бұрын берiлген анықтама ақшалай өтемақы тағайындауға негiз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарынан құжаттар мен шешiмдер жобалары келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды және iс пен бұл шешiмдердi белгiленген тәртіппен ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі аудандық (қалалық) уәкiлеттi ұйымдарға бередi.
Ақшалай өтемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмге саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi органның басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды.
Ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оны тағайындаудан бас тартудың себебiн жазбаша уәждейдi және облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы тиiстi құжаттарды өтiнiш иесiне беру үшiн аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті органдарға қайтарып бередi.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Айлық есептiк көрсеткiш өзгерген кезде ақшалай өтемақы сомасын қайта есептеуді аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым жүргізеді, ол облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті органға тиiсті шешiмнің жобасын бекітуге жiбередi. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті орган ақшалай өтемақыны есептеудiң дұрыстығын тексередi және үш жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақыны бекiтедi не оны қайта есептеу жөнiнде шешiм шығарады.
9. Егер ақшалай өтемақылар жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына Заңның 22 және 23-баптарының қолданылуы жаңғыртылғанға дейiн тағайындалған болса, онда аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлетті ұйымдар облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдары арқылы ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмнiң жобасын саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілеттi органға ұсынады, ол қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткiштiң мөлшерiн ескере отырып, оны бекіту туралы шешiм шығарады.
3. Ақшалай өтемақы төлеудiң тәртібі
10. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақылар төлеудi ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйым ақшалай өтемақы беру жөнiндегі уәкiлетті ұйымдар арқылы ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органдар шешiмiне сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар алушылардың таңдауы бойынша салымдар жөніндегі дербес шоттарына немесе карт-шоттарына есептеу немесе қолма-қол ақша беру жолымен жүзеге асырады. Қаражатты MT100 форматындағы төлем тапсырыстарымен аударған кезде аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлетті ұйымдар тiзiм-ведомостарды әзiрлейдi және оларды ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлетті ұйымдарға бередi.
Ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым ақшалай қаражатты алғаннан кейiн тiзiм-ведомосқа сәйкес оны аудандар (қалалар) бойынша бөледi және төлемдердi жүзеге асырады.
Қаражатты МТ102 форматындағы төлем тапсырыстарымен аударған кезде ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлетті ұйымдар тiзiм-ведомостарды электронды түрде алады.
11. Егер ақшалай өтемақы есептелген, бiрақ ақталған адам қайтыс болуы себебiнен алынбаған жағдайда, өтемақының тағайындалған сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұрагерлерiне төленедi.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi көрсеткен күнге және саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi ұйымдар шешiмдерiнiң негiзiнде ақшалай өтемақы алушылардың тiзiмiн жасайды және оны облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйымдарына ұсынады.
13. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдары ақшалай өтемақы төлеу үшiн қажетті қаражат туралы аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар берген ақпаратты жинақтайды және оны ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымға бередi.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi айқындаған мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгiне ақшалай өтемақы төлеуге қажеттi қаражаттың қажеттілігі туралы ақпарат береді.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша тиiстi жылға арналған қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сомалар шегiнде ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банктік шотына қаражат аударады.
16. Ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйым бөлiнген қаражат пен төлем тәртібiне сәйкес облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша ақшалай өтемақы төлеу кестесін жасайды.
17. Ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкілеттi ұйым үш банктiк күн iшiнде алынған қаражатты төлем тапсырыстарымен белгіленген тәртiппен ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымға аударады.
18. Ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым ақшалай қаражатты алған кезде алушыларға ақшалай өтемақы берудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
19. Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына төленген ақшалай өтемақы сомалары бойынша облыстық, аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар мен ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар арасында салыстыру актісi жасалады.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Бөлiнген трансферттер бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi мен ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйымның арасында ай сайын салыстырып тексеру актісi жасалады.
23. Ақшалай өтемақы беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйым мен ақшалай өтемақыны беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртіппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер
құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің
ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті
аумақтық бөлімшесінің басшысы _______________________
Өтiнiш
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбаны ретiнде маған біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауыңызды сұраймын
Тегi ____________________________________________________________________________________
Аты ____________________________________________________________________________________
Әкесiнiң аты (бар болса) ___________________________________________________________________
Туған күні ______ ж. «___» _________________________________________________________________
Мекенжайы______________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрi ___________________________________________________
(құжаттың түрiн көрсету)
Сериясы _________ Нөмiрi ___________ кiм берді ___________
Зейнетақы, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, арнайы мемлекеттiк жәрдемақы аламын
__________________________________________________________________
(қажеттісінің астын сызу)
Бiржолғы ақшалай өтемақының бiр бөлiгiн немесе толық мөлшерiн бұрын басқа республикада алғаны-алмағаны (жоқ, иә; алған болса, қандай негiзде алғанын көрсету)
Ақтау туралы анықтаманың нөмiрi және оның берiлген күні
________________________________________________________________________________________
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбаны ретiнде біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Күні ________________________________________________________
Өтінiш берушінің қолы _________________________________________
Өтінiш қабылданды (күнi) ______________________________________
Өтiнiштi қабылдаған маманның Т.А.Ә. (бар болса)__________________
Қолы _______________________________________________________
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер
құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің
ережесіне
2-қосымша
Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбанына ақшалай өтемақы тағайындау туралы
шешім
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ______________ облысы (қаласы) бойынша департаменті
Азамат __________________________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнің аты (бар болса)
Жынысы ____ Туған күнi _______________
Ақтау туралы анықтаманың берiлген күнi _____________________________________________________
Ақтау туралы анықтаманы берген органның атауы
_________________________________________________________________________________________
____________________________________ берiлген № ________ ақтау туралы анықтамаға сәйкес
(тегi, аты, әкесiнің аты (бар болса)
Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ еркiндігi шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған (оның ішінде «еңбек армиясы», «НКВД жұмысшылар колоннасы» деп аталатындарда болған) уақыты 19__ж._____ — 19__ж.__________ аралығын құрайды.
Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған толық айлардың саны, сондай-ақ еркіндігi шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған (оның ішінде «еңбек армиясы», «НКВД жұмысшылар колоннасы» деп аталатындарда) уақыты
__________________________________________________________________________________құрайды
(жазумен)
Есептелген сома ___________________________________________________________________________
(жазумен)
Осы сома төленетiн айлардың саны көрсетiлген ағымдағы жылы төленуге жататын сома
_________________________________________________________________________________________
(жазумен)
Осы сома келесi екi жылда төленуге тиiс айлардың саны көрсетiлген төленуге жататын қалған сома
_________________________________________________________________________________________
(жазумен)
M.О. Департамент басшысы _____________________ ________________
(қолы) (тегі)
Тағайындау жөнiндегi маман ____________________ _________________
(қолы) (тегі)
Шешім жобасын дайындаған:
M.O. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы ___________ ___________________________
(қолы) (тегі)
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы ___________ ___________________________
(қолы) (тегі)