Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 23 қаңтардағы № 82 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудiң ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 23 қаңтардағы
№ 82 қаулысымен
бекітiлген
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің
ережесi
Осы Ереже «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес жаппай ақталған жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудiң тәртібін белгілейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкiлетті орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң аумақтық органы;
2) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті орган - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
3) ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлетті орган - банк немесе заңдарда белгіленген тәртіппен ақшалай өтемақы алушы таңдап алған, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйым.
2. Ақшалай өтемақыны тағайындаудың тәртібі
2. Заңның 22, 23, 26-баптарында көрсетiлген негiздер бойынша ақшалай өтемақы алуға құқығы бар азаматтар ақшалай өтемақы тағайындату үшiн тұрғылықты тұратын жеріндегі ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiштi;
2) жеке басын куәландыратын құжатты;
3) ақшалай өтемақы алу құқығын растайтын құжатты (прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан ақталғаны туралы анықтаманы);
4) тұрғылықты тұратын жерiн растайтын құжатты ұсынады.
3. Ақшалай өтемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттар түпнұсқада және көшiрмелермен салыстыру үшiн аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдарға ұсынылады.
Салыстырғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушiге қайтарылады.
Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдардың қызметкерлерi құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады, iстердi қалыптастырады, 2-қосымшаға сәйкес саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлейдi және оларды бес күндiк мерзiмде облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкілеттi органдарына жібередi.
4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдары iс қағаздары мен ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердің жобаларын бес күндiк мерзiмде ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі тиiстi уәкiлеттi органға жібереді.
5. Ақтау туралы анықтамада бас еркiнен айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде «еңбек армиясы», «НКВД жұмысшылар колониясы» деп аталатын) тартылған уақыты туралы ақпарат жеткiлiксiз көрсетiлген жағдайда саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органдар мен прокуратура органдарының мұрағаттарындағы қосымша анықтамаларды сұратып алуға құқылы.
6. Бас еркiнен айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшыраған адамдардың болған мерзiмi, сондай-ақ бас еркiндiгi шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде «еңбек армиясы», «НКВД жұмысшылар колониясы» деп аталатын) тартылған уақыты көрсетiле отырып, ақталғанын растайтын анықтама келiп түскен кезде, ақталуы туралы бұрын берiлген анықтама ақшалай өтемақы тағайындауға негiз болып табылады.
7. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілеттi орган облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдарынан құжаттар мен шешiмдер жобалары келiп түскен күннен бастап бес күндiк мерзiмде саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды және бұл iс пен шешiмдердi белгiленген тәртіппен аудандық (қалалық) уәкiлеттi ұйымдарға бередi.
Ақшалай өтемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiндегі шешiмге саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi органның басшысы (оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды.
Ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган тағайындаудан бас тартудың себебiн жазбаша уәждемелейдi және облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдары арқылы тиiстi құжаттарды өтiнiш иесiне беру үшiн аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті органдарға қайтарып бередi.
8. Айлық есептiк көрсеткiш өзгерген кезде аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйым ақшалай өтемақы сомасын қайта есептейдi, ол облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдары арқылы саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті органға тиiсті шешiм жобасын бекітуге жiбередi. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті орган ақшалай өтемақы есебiнiң дұрыстығын тексередi және үш күндiк мерзiмде оны бекiтедi не ақшалай өтемақыны қайта есептеу жөнiнде шешiм шығарады.
9. Егер ақшалай өтемақылар жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына Заңның 22 және 23-баптарының қолданылуы жаңғыртылғанға дейiн тағайындалған болса, онда аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлетті ұйымдар облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдары арқылы ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмнiң жобасын саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілеттi органға ұсынады, ол қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткiштiң мөлшерiн ескере отырып, оны бекіту туралы шешiм шығарады.
3. Ақшалай өтемақы төлеудiң тәртібі
10. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақылар төлеудi ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйым ақшалай өтемақы беру жөнiндегі уәкiлетті ұйымдар арқылы ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органдар шешiмiне сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар алушылардың таңдауы бойынша салымдар жөніндегі дербес шоттарына немесе карт-шоттарына есептеу немесе қолма-қол ақша беру жолымен жүзеге асырады. Қаражатты MT100 форматындағы төлем тапсырыстарымен аударған кезде аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлетті ұйымдар тiзiм-ведомостарды әзiрлейдi және оларды ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлетті ұйымдарға бередi.
Ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым ақшалай қаражатты алғаннан кейiн тiзiм-ведомосқа сәйкес оны аудандар (қалалар) бойынша бөледi және төлемдердi жүзеге асырады.
Қаражатты МТ102 форматындағы төлем тапсырыстарымен аударған кезде ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлетті ұйымдар тiзiм-ведомостарды электронды түрде алады.
11. Егер ақшалай өтемақы есептелген, бiрақ ақталған адам қайтыс болуы себебiнен алынбаған жағдайда, өтемақының тағайындалған сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұрагерлерiне төленедi.
12. Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі көрсеткен күнге және саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілеттi органдар шешiмдерiнiң негiзiнде ақшалай өтемақы алушылардың тiзiмiн жасайды және оны облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкілеттi ұйымдарына ұсынады.
13. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдары ақшалай өтемақы төлеу үшiн қажетті қаражат туралы аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар берген ақпаратты жинақтайды және оны ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымға бередi.
14. Ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйым, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген мерзiмде ақшалай өтемақы төлеуге қажеттi қаражат туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне ұсынады.
15. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша тиiстi жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес сомалар шегiндегі қаражатты ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына аударады.
16. Ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйым бөлiнген қаражат пен төлем тәртібiне сәйкес облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша ақшалай өтемақы төлеу кестесін жасайды.
17. Ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкілеттi ұйым үш банктiк күн iшiнде алынған қаражатты төлем тапсырыстарымен белгіленген тәртiппен ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымға аударады.
18. Ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым ақшалай қаражатты алған кезде алушыларға ақшалай өтемақы берудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
19. Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына төленген ақшалай өтемақы сомалары бойынша облыстық, аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар мен ақшалай өтемақы беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар арасында салыстыру актісi жасалады.
20. Бөлiнген трансферттер бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті орган арасында ай сайын салыстыру актісi жасалады.
23. Ақшалай өтемақы беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйым мен ақшалай өтемақыны беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртіппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
Ережеге 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
министрлігінiң
аумақтық органының
басшысы __________
Өтiнiш
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбаны ретiнде маған біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауыңызды сұраймын
________________________________________________________________
Тегi _____________________________________________________
Аты _____________________________________________________
Әкесiнiң
аты _____________________________________________________
Туған күнi _____ж. ________
Мекен-жайы
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрi ___________________
(құжаттың түрiн көрсету)
Сериясы _________ Нөмiрi ___________ Кiм берді ___________
Зейнетақы, мүгедектiгi, асыраушысынан айрылу жағдайы, жасы бойынша
мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, арнайы
мемлекеттік жәрдемақы аламын
___________________________________________________
(керегінiң астын сызу)
Бiржолғы ақшалай өтемақының бiр бөлiгiн немесе толық мөлшерiн бұрын
басқа республикада алған-алмағаны (жоқ, иә; алған болса, қандай негiзде
алғанын көрсету)
Ақтау туралы анықтаманың нөмiрi және оның берiлген күні
____________________________________________________
Күні ________________________
Өтінiш иесiнiң қолы _______________
Өтінiш қабылданды (күнi) ___________________
Өтiнiштi қабылдаған маманның Т.А.Ә. _________________
Қолы ____________________________
Ережеге 2-қосымша
Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбанына ақшалай өтемақы
тағайындау туралы шешім
200__ж. _______ N ______
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің ___________________ облысы бойынша департаментi
Азамат __________________________________________
(тегi, аты, әкесiнің аты)
Жынысы ______________ Туған күнi ________________
Ақтау туралы анықтаманың берiлген күнi _____________
Ақтау туралы анықтаманы берген органның атауы ___________
___________________________ берiлген N ________ ақтау
(тегi, аты, әкесiнің аты)
туралы анықтамаға сәйкес
Бас еркiнен айыру орындарында болған уақыты, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты туралы, сондай-ақ еркiндігi шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған (соның ішінде «еңбек армиясы», НКВД жұмысшылар колоннасы деп аталатындарда болған) уақыты 19__ж._____бастап 19__ж.__________ дейiн
Бас еркiнен айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған толық айлардың саны, сондай-ақ еркіндігi шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған (соның ішінде «еңбек армиясы», НКВД жұмысшылар колоннасы деп аталатындарда болған) уақыты
_________________________________________________құрайды
(жазумен)
Есептелген сома ______________________
(жазумен)
Ағымдағы жылы төлеуге жататын сома, осы сома төленетiн айлардың саны
көрсетiледі _____________________________
(жазумен)
Төлеуге жататын қалған сома, осы сома кейiнгi екi жыл бойы төлеуге
тиiстi айлардың саны көрсетiледі ____________________
_________________________________________________________
(жазумен)
M.О. Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігі
департаментiнiң директоры (қолы) ________________________
(тегi)
Тағайындау жөніндегі маман (қолы) _______________________
(тегi)
Шешім жобасын әзiрледі:
M.O. ЗТМО бөлiмшесiнің бастығы __________________________
(қолы) (тегi)
ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы __________________________
(қолы) (тегi)