1) осы Заңның 20-бабының 10-тармағында, 26-бабының 14-1-тармағында және 46-бабының 4-тармағында көзделген;
2) егер өзге де қадағалап ден қою шараларын қолдану сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) заңды мүдделерін қорғауды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған;
3) егер сақтандыру холдингінің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның әрекеттері (әрекетсіздігі) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуға әкелуі мүмкін жағдайларда қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама иелену үлесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен оның тікелей немесе жанама иелену үлесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге ұшырататын өзі мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы операциялардың (тікелей және жанама) жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан және сақтандыру холдингінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі акционері (қатысушысы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын өздерінің арасындағы операциялардың (тікелей және жанама) жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен өзінің еншілес ұйымын немесе капиталында өздерінің қомақты қатысуы бар ұйымдарды иелену немесе бақылау үлесін иеліктен шығаруды талап етуге;
5) сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардан сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын өздері мен үлестес тұлғалары арасындағы операциялардың (тікелей және жанама) жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту мақсатында сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабы 10-тармағының екінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару бекітіледі. Бұл акциялар уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, акцияларды сенімгерлік басқару бекітілетін мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды бекіту туралы шешімінде айқындалады.
Уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлға уәкілетті орган алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
Өтінішхатта көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда, уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару бекітілген мерзім өткенге дейін сенімгерлік басқаруға беру негіздері жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг акцияларды өткізу туралы шешім қабылданған күнге қалыптасқан нарықтық құн бойынша ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында оларды өткізу жолымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сенімгерлік басқарудағы акцияларын иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, акцияларды өткізу бағасын бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің әрекеттерді жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 53-5-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
53-5-бап. Санкциялар
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:
1) осы Заңның 54 және 59-баптарында белгіленген негіздер бойынша лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру;
2) осы Заңның 55 және 60-баптарында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айыру;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген бір немесе бірнеше пруденциялық нормативті және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп) бұзған және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолданбаған жағдайда «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдау.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:
1) осы Заңның 54-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданысын тоқтата тұру;
2) осы Заңның 55-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру.
2. Санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкцияларды таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;
5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензияны ерікті түрде қайтару (ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату) туралы шешім қабылдауы.
ҚР 11.06.03 ж. № 436-11 (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 54- бап өзгертілді; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54-бап өзгертілді
54-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
1. Мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларының талаптарын орындамаған;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге сақтандыру холдингі немесе ірі қатысушы-жеке тұлға болмаған кезде сақтандыру холдингі, ірі қатысушы-жеке тұлға мәртебесі кері қайтарып алынған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамаған;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) сақтандыру сыйлықақысының негізделмеген мөлшерін қолданудан, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тартудан, сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаудан, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізудің талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан көрінетін сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұзу фактісі анықталған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзған;
2-3) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды
2-4) осы Заңның 17-бабының 4-тармағында белгіленген тыйым салуды бұзғанда;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды
2-5) сақтандыру брокері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген меншікті капиталдың ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамағанда;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-6) тармақшамен толықтырылды
2-6) сақтандыру шартын жасасуға байланысты қызметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуға сақтандыру брокерінің қатысу фактісі анықталғанда;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-7) тармақшамен толықтырылды
2-7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін сақтамағанда;
3) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерінің қызметін тексеруге байланысты уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартқан;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, басшы қызметкерлерін, сақтандыру брокерін келісуге байланысты талаптарды бұзған;
6) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
7) бухгалтерлiк есепте сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі қаржы операцияларын тиiсiнше көрсетпеуге, сондай-ақ есепке алудың өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiсi анықталған;
8) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;
8-1) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті сақтандыру брокерінің кәсіби жауапкершілігіне байланысты тәуекелдер объектісі болып табылатын үшінші тұлғалар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шартынсыз жүзеге асырғанда;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы Заңда көзделген жағдайларда дерекқорға қатысу шарты болмаған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында Қазақстан Республикасының заңдарында болуы көзделген, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шарты болмаған;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-1) осы Заңның 11-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыру кезінде ірі қатысушы-жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі болмаған;
14) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 53-4-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамағанда;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмегенде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы барлық сақтандыру сыныптары және (немесе) қызмет түрлері бойынша да, сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы лицензиясының қолданысы мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-4), 2-6), 2-7), 4), 5), 7), 8), 10), 10-1), 11), 12), 13) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының осы Заңның 16-4-бабының 4-тармағына және 46-бабының 12-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның осы Заңның 46-бабының 12-тармағына және 53-3-бабының 7-тармағына сәйкес қойылатын талаптарын орындамауы;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін осы Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес тыйым салынған қызметті жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметі процесінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды сақтамау;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданысын тоқтата тұруы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершiлiгiнiң көлемiн арттыруды көздейтiн өзгертудi қоса алғанда, оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуына, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады. Бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
Мұндай шешiм лицензиаттың атқарушы органының назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы талаптар сақтандыру брокерiне қатысты қолданылмайды.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 54-1-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда лицензиядан айырылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уақытша әкімшілік «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдіктер берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға тиіс.
Уақытша әкімшіліктің өтінішхаты бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімді уәкілетті орган өзінің шешімінде көрсетілген мерзімге ұзартуы мүмкін.
Егер «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірде-біреуі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмесе не «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірде-біреуі мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы мәлімдемесе, сақтандыру портфелін мемлекет қатысатын, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру портфелін беру сақтанушының (қайта сақтанушының) келісімінсіз жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру портфелін беру сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның есебінен жүзеге асырылады.