18) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін белгілейді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік техникалық қызмет өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлейді;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады;
4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жобаларға ғылыми-техникалық сараптама жүргізеді;
5) ақпараттық қауіпсіздік саласында даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асырады.
15-бап. Бірыңғай байланыс орталығы
Бірыңғай байланыс орталығы:
1) мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) оператор көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;
3) «электрондық үкімет» мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;
4) ақпараттық-коммуникациялық, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алушыда туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер беру үшін операторға, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға сұрау салу жібереді;
5) операторға, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша ақпаратты жүйелі негізде жіберіп отырады.
3-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
16-бап. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесінің құқықтары мен міндеттері
1. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі:
1) ақпараттандыру объектілерін жалға, сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға беруге және оларға өзгеше түрде билік етуге;
2) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, қорғау және оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын өз құзыреті шегінде белгілеуге;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қорғау және оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын өз құзыреті шегінде белгілеуге;
4) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшірмесін түсіру және тарату кезінде оларға иелік ету шарттарын айқындауға;
5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін иелену және пайдалану шарттарын айқындауға құқылы.
2. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі:
1) ақпараттандыру объектілерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін мемлекеттік, орыс тілдерінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде жасауға және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығаруға;
2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті таратуға, ұсынуға, шектеуге немесе оған тыйым салуға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыруға;
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Ақпараттық жүйенің меншік иесі ақпараттық жүйені тұтастай мүліктік кешен ретінде иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарына ие болады.
4. Ақпараттық жүйенің меншік иесі, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі өзгеше белгілемесе, осы ақпараттық жүйеде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстардың орнын ауыстыруға және оларды таратуға тыйым салуға немесе шектеуге құқылы.
5. Егер ақпараттық жүйенің меншік иесі осы ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі, сондай-ақ осы ақпараттық жүйе үшін пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншік иесі болып табылмаған жағдайда, ақпараттық жүйені пайдалану және электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізу тәртібі меншік иелері арасындағы келісімде айқындалады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің меншік иесі өзіне тиесілі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Квазимемлекеттік сектор субъектілері деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыруға қажетті иесіздендірілген мәліметтерді операторға береді.
17-бап. Ақпараттандыру объектілері иеленушісінің құқықтары мен міндеттері
1. Ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі:
1) ақпараттандыру объектілерін меншік иесі айқындаған шарттарда иеленуге және пайдалануға;
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес үшінші тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу және оларды пайдалану шарттарын айқындауға;
3) ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу шарттарын айқындауға құқылы.
2. Ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі:
1) ақпараттандыру объектілерінің меншік иесінің және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) ақпараттандыру объектілерін қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
3) электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес таратуға, ұсынуға, шектеуге немесе оған тыйым салуға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыруға;
4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушісі сондай-ақ:
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құруға және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін үшінші тұлғалардан сатып алуға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері болып табылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері үшін ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын журналдау жүйелерін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесінің техникалық құралдарына дербес немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес үшінші тұлғалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу арқылы қосуды қамтамасыз етуге;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері қосылған ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде өз бетінше анықталған ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабарлауға;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беруді жүзеге асыруға міндетті.
Электрондық ақпараттық ресурстың иеленушісін қоспағанда, электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасында сақталатын электрондық ақпараттық ресурстың көшірмелеріне қол жеткізуге тыйым салынады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Дербес деректері бар ақпараттандыру объектісінің иеленушісі Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген шараларды жүзеге асыруға міндетті.
3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің иеленушісі өзіне тиесілі объектілерде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын деректерді өңдейтін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушісі жылына кемінде бір рет ақпараттық қауіпсіздік аудитін жүргізеді. Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық қауіпсіздігінің аудиті Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
18-бап. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
1. Пайдаланушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасы, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі айқындаған шарттарда электрондық ақпараттық ресурстарды, оның ішінде ашық деректерді алуға, пайдалануға, таратуға, тапсыруға, үшінші тұлғаларға беруге, ақпараттық жүйені пайдалануға;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, электрондық ақпараттық ресурстарда, ақпараттық жүйеде қамтылатын өзінің дербес деректерімен танысуға құқылы.
2. Пайдаланушы:
1) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесінің немесе иеленушісінің және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің қорғалуын қамтамасыз етуге;
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Зияткерлік робот меншік иесінің және иеленушісінің құқықтары мен міндеттері
Зияткерлік роботтың меншік иесі мен иеленушісі арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі.
Зияткерлік роботтың меншік иелері мен иеленушілері дербес деректер субъектісіне осы Заңның 36-бабының 6-тармағына сәйкес автоматтандырылған өңдеу туралы хабар беруге міндетті.
18-2-бап. 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің түрлері
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер автоматтандырылу дәрежесі бойынша:
1) толық автоматтандырылған;
2) ішінара автоматтандырылған болып табылады.
Қызмет көрсету процесінде қағаз құжат айналымын және қызмет көрсету субъектісінің қатысуын болғызбайтын қызмет толықтай автоматтандырылған болып табылады.
Қызмет көрсету процесінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектілігін қамтитын электрондық көрсетілетін қызмет ішінара автоматтандырылған қызмет болып табылады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсетілу тәсілі бойынша:
1) ақпараттық;
2) интерактивтік;
3) транзакциялық;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) композиттік;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) проактивті болып табылады.
Пайдаланушыға электрондық ақпараттық ресурстар беру жөніндегі көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін ақпараттық қызмет болып табылады.
Пайдаланушыға оның сұрау салуы немесе тараптардың өзара ақпарат алмасуды талап ететін келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін интерактивті қызмет болып табылады. Интерактивті қызметті көрсету үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру талап етілуі мүмкін.
Пайдаланушыға өзара ақпарат алмасуды талап ететін және төлемдерді электрондық нысанда жүзеге асырумен байланысты электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнінде көрсетілетін қызмет транзакциялық көрсетілетін қызмет болып табылады. Транзакциялық қызметті көрсету үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру талап етілуі мүмкін.
Берілуі үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушы субъектінің сұрау салуы жеткілікті және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру міндетті болатын өзара байланысты көрсетілетін қызметтер кешені электрондық нысанда көрсетілетін композиттік қызмет болып табылады.
Қызметтер көрсету субъектісінің бастамасы бойынша қызметтерді алу субъектісінің өтінішінсіз көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін проактивті қызмет болып табылады.
3. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер өтеулілік сипаты бойынша:
1) өтеулі;
2) өтеусіз болып табылады.
Электрондық нысанда қызмет көрсететін субъектіге сыйақы төлеуді көздейтін көрсетілетін қызмет өтеулі көрсетілетін қызмет болып табылады.
Электрондық нысанда қызмет көрсететін субъектіге сыйақы төлемей көрсетілетін қызмет өтеусіз көрсетілетін қызмет болып табылады.
20-бап. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде мәліметтер ұсыну
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қызметтер көрсету субъектілері «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінен көрсетілетін қызметті алушылардың төлемдері туралы электрондық нысандағы мәліметтерді анық мәліметтер ретінде қабылдайды.
2. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша мынадай:
1) мемлекеттік қызметтер электрондық нысанда көрсетілген кезде - банк шотының сұрау салуда көрсетілген тұлғаға тиесілігі және жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепілі шартының бар-жоғы туралы;
2) жеке және заңды тұлғалар электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші және бенефициар туралы мәліметтерді электрондық нысанда ұсынады.
2-БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
4-тарау. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ»
21-бап. «Электрондық үкіметтің» жұмыс істеуі
1. «Электрондық үкіметтің» жұмыс істеу мақсаттары:
1) мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетудің қолжетімділігін, сапасы мен жеделдігін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың қызметінде жариялылықты арттыру, ақпараттың қолжетімділігін, барлық деңгейлердегі мемлекеттік басқару мәселелерін шешуде қоғамдық бақылауды және халықтың қатысуын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік басқарудың әкімшілік реформасын іске асыру мен оны қолдап отыруды қамтамасыз ету;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру;
5) құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдалануды және оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (болғызбау) болып табылады.
2. «Электрондық үкімет» жұмыс істеген кезде:
1) мемлекеттік органдардың қызметі туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратқа жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуі;
2) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа мемлекеттік органдардың қол жеткізуі;
3) мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру;
4) мемлекеттік органдардың қызметінде, оның ішінде электрондық нысанда мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде электрондық құжат айналымын пайдалану;
5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, жинақтау және сақтау кезінде қайталануды болғызбау;
6) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі және қорғалуы қамтамасыз етіледі.
22-бап. «Электрондық үкіметтің» архитектурасы
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
«Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингтеу «электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес айқындалады.
23-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру «электрондық үкіметтің» архитектурасына сәйкес және жүргізілген реинжиниринг ескеріле отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту арқылы не «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін немесе ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар әлеуетті өнім берушілерді тарту, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің техникалық-экономикалық, пайдаланушылық және өзге де сипатталымын нақтылау мақсатында қызметті жоспарланатын автоматтандыруды жария талқылауды қамтамасыз етеді.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік функциялар автоматтандырылу дәрежесіне қарай:
1) толығымен автоматтандырылған;
2) ішінара автоматтандырылған болып бөлінеді.
Құрамына кіретін процестердің барлық операциялары «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде орындалатын мемлекеттік органның функциясы толығымен автоматтандырылған болып табылады.
Құрамына кіретін процестер операцияларының бір бөлігі «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде орындалатын мемлекеттік органның функциясы ішінара автоматтандырылған болып табылады.
26-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру мен дамытудың және Қазақстан Республикасының аумағындағы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетудің басымдығын қамтамасыз ету ескеріле отырып жүзеге асырылады.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы әзірлеу мен тестілеу орталарын қамтуға тиіс.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына меншік құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, платформаның көмегімен жасалатын және (немесе) онда орналастырылған, басқа меншік иелеріне немесе иеленушілерге тиесілі деректерге меншік құқығын туындатпайды.
Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру, сондай-ақ деректерді талдау кезінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған деректерді пайдалану деректердің меншік иелерінің немесе иеленушілерінің келісімінсіз жүзеге асырылады.
2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын мемлекеттік функцияларды іске асырудан және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуден басқа өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
3. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)