2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) клирингтік ұйымның кепілдік қорларын қалыптастыру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ клиринг ұйымының жарналары мен алымдарын төлеу тәртібі мен шарттарын;
7) клиринг ұйымының резервтік қорларын қалыптастыру тәртібі мен шарттарын;
8) жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, алшақтықтар болған кезде, оны салыстырып тексеру мен түзету тәртібін;
9) клиринг ұйымының қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің өлшемдерін есепке алуы мен растауы тәртібін;
10) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау тәртібін;
11) клиринг қызметінің нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындаудың тәртібін, шарттарын және тәсілдерін;
12) клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері жөніндегі есептерді ұсыну тәртібін;
13) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері жөніндегі ақпаратты дайындау және есеп айырысу ұйымына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және (немесе) тауар биржасына беру тәртібін;
14) клиринг ұйымы мен сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар арасындағы қатынастарды айқындайтын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарттардың үлгі нысандарын;
15) клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты ұйымдастырушымен және (немесе) тауар биржасымен жасайтын шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды;
16) клиринг ұйымының орталық контрагенттің функцияларын орындауы тәртібі мен шарттарын айқындайтын ережелерді;
17) осы Заңның 77-2-бабында белгіленген, клиринг ұйымының функцияларын іске асыру үшін айқындалуы қажет ережелерді қамтиды.
3. Осы баптың 2-тармағында санамаланған құжаттар клиринг ұйымының қағидаларын құрайды және клиринг ұйымының жекелеген құжаттары ретінде ресімделеді не клиринг ұйымының бірыңғай қағидаларының құрамына енгізіледі.
16-тарау. Орталық депозитарий
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 78-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 78-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
78-бап. Орталық депозитарий қызметiнiң негiзгi қағидаттары
1. Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруының шарттары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында -қағидалар жинағында белгіленеді.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және халықаралық қаржы ұйымдары ғана орталық депозитарийдiң құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
Орталық депозитарийдiң акцияларын уәкілетті органның тікелей және (немесе) жанама иелену үлесі орталық депозитарийдiң дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайды.
Қор биржасын қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына әрбір кәсіби қатысушының және әрбір халықаралық қаржы ұйымының орталық депозитарийінің акцияларын иелену үлесі орталық депозитарийдің орналастырылған акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мыналар орталық депозитарийдің клиенттері болып табылады:
1) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
2) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
3) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
4) шетелдiк депозитарийлер, қаржы құралдарының кастодиандары және (немесе) номиналды ұстаушылары болып табылатын депоненттер;
5) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті және (немесе) орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
6) шетелдік дилерлер және (немесе) қор биржасының мүшелері және (немесе) клирингтік ұйымның клирингтік қатысушылары болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым.
7) депоненттердің клиенттері;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) өзге де жеке және заңды тұлғалар.
79-бап. Орталық депозитарийдi басқару
1. Орталық депозитарийдiң органдары, олардың функциялары мен өкiлеттiктерi, олардың шешiмдерiн қалыптастыру және қабылдау тәртібі осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен, орталық депозитарийдiң жарғысымен және оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1-1. Осы Заңның 54-бабының талаптары орталық депозитарийдің басшы қызметкерлеріне қолданылады.
2. Орталық депозитарийдiң директорлар кеңесiнiң құрамына уәкiлеттi органның өкiлi тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен кiредi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 80-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
80-бап. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру тәртібі
1. Депозитарийлік қызметті жүзеге асыру процесінде орталық депозитарий:
1) депоненттерге қаржы құралдарын номиналды ұстау қызметтерін көрсетеді;
2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша және оның депоненттерінің (депоненттердің өздерінің арасында; бір жағынан депонент және екінші жағынан басқа депоненттің клиенті арасында; әртүрлі екі депоненттің клиенттері арасында), сондай-ақ өзге де клиенттердің қатысуымен ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарымен есеп айырысуларды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзінің қағидалар жинағына сәйкес мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға депозитарийлік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызмет түрлерін көрсетеді.
2. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен:
1) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
2) жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;
4) аударым операцияларын: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға құқылы.
Орталық депозитарийде уәкілетті органның осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде, орталық депозитарий қаржы құралдарын өтеу және (немесе) олар бойынша кірісті төлеу кезінде төлем агентінің функцияларын жүзеге асыруға құқылы.
3. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырады немесе клирингтік ұйымдарға және (немесе) ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығының орталық контрагенттеріне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген шарттармен және тәртіппен қызметтер көрсетеді.
4. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесінде:
1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін қалыптастыруды, жүргізуді және сақтауды;
2) тіркелген тұлғаға бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде жеке шот ашуды;
3) тіркелген тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді;
4) тіркелген тұлғаның бағалы қағаздары бойынша құқықтарды растауды;
5) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін өзекті жай-күйде ұстауды;
6) бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыстағы бағалы қағаздар санының уәкілетті орган тіркеген санына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
7) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған мәселелердің тізбесі бойынша бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат беруді;
8) эмитентке оның сұрау салуы негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін құрайтын ақпаратты беруді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға осы Заңның 43-бабына сәйкес ақпарат беруді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
6. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың эмитенті орталық депозитариймен бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге арналған шарт жасасуға міндетті.
7-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
7. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының саудасын ұйымдастыру жөніндегі қызмет шеңберінде орталық депозитарий мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалану және ұстау;
2) өз клиенттеріне бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсыну;
3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін орталық депозитарий клиенттерінің арасында бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының белгіленімдерімен алмасуды ұйымдастыру;
4) орталық депозитарий клиенттерінің арасында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы хабарлар алмасуды ұйымдастыру;
5) осы Заңда көзделген өзге де функциялар.
8. Орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімдерінің жүйесін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
9. Орталық депозитарий мынадай:
1) өз мұқтажы үшін сатып алынған мүлікті жалдауға (жалға) беруді қоса алғанда, өз мүлкіне билік ету;
2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсыну;
3) бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша арнайы әдебиеттерді ақпарат жеткізгіштерінің кез келген түрлерінде өткізу;
4) бағалы қағаздар нарығындағы қызмет саласында оқытуды ұйымдастыру;
5) орталық депозитарийдің интернет-ресурсында орталық депозитарий мен оның клиенттері ұсынатын көрсетілетін қызметтер туралы жарнаманы, сондай-ақ орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған өзге де ақпаратты жариялау;
6) орталық депозитарийдің материалдық-техникалық құралдары мен жабдықтарын жалдауға (жалға) беру жағдайларын қоспағанда, қаржы нарығындағы қызметке жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
10. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
81-бап. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертiлдi (бұр.ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Орталық депозитарийдiң қағидалар жинағы орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен өзара қарым-қатынасын айқындайды.
Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын сақтау орталық депозитарийдің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағында:
1) депозитарийлік қызметті жүзеге асыру;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
3) мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу;
4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде);
5) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру;
6) төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде);
7) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда, туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
8) бағалы қағаздарға халықаралық сәйкестендіру нөмірлерін (ІSІN кодтарын) және үлестер мен өзге де қаржы құралдарына сәйкестендіргіштер беру;
9) тармақша 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қағидалар қамтылуға тиіс.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертiлдi (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Орталық депозитарий қағидалар жинағы қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен кейін он жұмыс күнi iшiнде бұл жөнінде уәкілетті органды осы құжаттарды қоса бере отырып, хабардар етеді.
82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу
1. Орталық депозитарий:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертiлдi (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына және орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес өз функцияларын орындауды басқа да тұлғаларға беруге;
2) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) орталық депозитарийдің клиенті (орталық депозитарий депонентінің клиенті), орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шоттарда (қосалқы шоттарда) ескерiлетiн қаржы құралдары туралы коммерциялық құпияны жария етуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) орталық депозитарий клиенттерінің және орталық депозитарий депоненттері клиенттерінің құқықтарын және мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.
2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, орталық депозитарий заңды тұлғаларды құруға және оның қызметiне қатысуға құқылы емес.
17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы
83-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымы
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 2-тармақ өзгертiлдi
2. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды жүзеге асыру мақсатында қор биржасының ұйымдық құрылымына қор биржасының сауда жүйесiнде жасалатын мәмiлелердi қадағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi кіруге тиіс.
Қор биржасының аталған құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн жүзеге асыру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 84-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары, олардың функциялары және өкілеттіктері, олардың шешімдерді қалыптастыру және қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сауда-саттықты ұйымдастырушының жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен айқындалады.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Уәкілетті орган акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің өзінің үлестес тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан аспауға тиіс.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционері, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, «бір акция - бір дауыс» принципі бойынша дауыс береді.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының «алтын акциясының» иесі сауда-саттықты ұйымдастырушы органдарының шешімдеріне вето қоюға құқығы бар уәкілетті орган болып табылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның екі өкілі тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертiлдi (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
5. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тiзiмiнiң санаттарын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдерді қор биржасының листинг комиссиясы қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары эмитенттердің бағалы қағаздарын жеңілдетілген рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болу мәселелеріне қолданылмайды, олар бойынша шешімдерді қор биржасының атқарушы органы қор биржасының қағидаларында айқындалған тәртіппен қабылдайды.
Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi. Листинг комиссиясының құрамына тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен уәкiлеттi органның өкiлi кiредi.
Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тiзiмiнiң санаттарын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау кезінде:
1) көрсетілген шешiмге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлетiн, осы тiзiмнен шығарылатын немесе осы тiзiмнiң өзге санатына ауыстырылатын эмитенттiң (осы тармақта бұдан әрi - мүдделi эмитент);
2) мүдделi эмитентке қатысты еншiлес ұйымдар немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдар болып табылатын ұйымдардың;
3) оларға қатысты мүдделi эмитент еншiлес ұйым немесе тәуелдi акционерлiк қоғам болып табылатын ұйымдардың;
4) үшiншi ұйымға қатысты мүдделi эмитентпен бiрге еншiлес ұйымдары немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдары болып табылатын ұйымдардың;
5) мүдделі эмитентке қызметтер көрсететін қаржы консультантының, маркет-мейкердің, андеррайтердің;
6) осы бөліктің 1) - 5) тармақшаларында аталған тұлғалармен үлестес тұлғалардың қызметкерлері және (немесе) өкілдері болып табылатын листинг комиссиясы мүшелерінің дауыс беруге құқығы жоқ.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Листинг комиссиясы шығару проспектісінде ұйымдастырылған рынокта олардың айналымы көзделген облигацияларды шығаруды жоспарлаушы эмитентке беру үшін инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді эмитенттің бағалы қағаздар шығару проспектісіне енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Листинг комиссиясының ұсынымдарын эмитенттің қабылдағаны не қабылдамағаны туралы ақпарат қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 85-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын оның атқарушы органы әзiрлейдi, сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесi бекiтедi.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын сақтау сауда-саттықты ұйымдастырушының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
2. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары қор биржасының сауда жүйесінде айналымға жiберiлген қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаған кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң қызметiн, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы, оның мүшелері, клиенттері және сауда-саттықты ұйымдастырушының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын өзге де тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары сауда-саттықты ұйымдастырушының функцияларына кiретiн мәселелердi реттейтiн сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарын қамтиды.
5. Қор биржасының қағидалары:
1) қор биржасындағы мүшелiк санаттарын, қор биржасының мүшелiгiне кiру шарттары мен тәртiбiн, қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, қор биржасындағы мүшелiктi тоқтата тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртiбiн;
2) қор биржасының мүшесі атынан қор биржасының сауда жүйесі айналымындағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысатын, сондай-ақ осы қор биржасының сауда жүйесін пайдаланып, өзге де іс-әрекеттерді орындайтын трейдерлерге қойылатын талаптарды;
3) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) қор биржасы трейдерлерін сауда-саттыққа қатысуға жіберудің тәртібін және оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету негіздерін;
5) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін және енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
6) бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгiзудiң, оларды осы тiзiмнен алып тастаудың және тiзiм санатын алмастырудың шарттары мен тәртiбiн;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) бағалы қағаздар болып табылмайтын қаржы құралдарын қор биржасында айналысқа жіберу және осындай айналысты тоқтату шарттары мен тәртібін;
7) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн (оның iшiнде ақпаратты ашып көрсету бойынша);