6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;»;
2) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарына, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті сараптаманы жүзеге асырады;».
7. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 18-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сай екендігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.».
8. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 138-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 24, 124-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы - жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және осы Заңға сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы;»;
2) 16-баптың 3-тармағында:
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әзірленетін реттеушілік саясат консультативтік құжаттарының, заң жобалары тұжырымдамалары жобаларының және заң жобалары тұжырымдамаларының, нормативтік құқықтық актілер жобаларының оларға түсіндірме жазбаларымен (олар болған кезде) және салыстырма кестелерімен (нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мәтіндерін, ғылыми сараптамалардың қорытындылары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің сараптама қорытындыларын (олар болған кезде), оларды жария талқылаудың аяқталғаны туралы есептерді;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың тиісті салалардағы құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты;»;
3) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібергенге дейін реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында көзделген өзге де ақпаратты жария талқылау үшін орналастырады. Жария талқылау нәтижелері бойынша есептер де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
9. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; 2020 ж., № 10, 42-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) ғылыми құқықтық сараптама - ғылыми құқықтық сараптама объектілерін олардың сапасын, негізділігін, жобаның ғылыми пысықталуын бағалау, оны қабылдаудың ықтимал жағымсыз әлеуметтік және құқықтық салдарларын айқындау, ұсынылатын нормалардың құқық жүйесі мен заңнама жүйесіне сәйкестігі бөлігінде тәуелсіз кәсіби сараптамалық талдау;
1-2) ғылыми құқықтық сарапшы - ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға;
1-3) ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімі - ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге тартылатын ғылыми құқықтық сарапшылар тізімі;
1-4) «Е-заңнама» ақпараттық жүйесі - Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау (мониторинг) жүргізуге, сондай-ақ норма шығарудың жекелеген процестерін автоматтандыруға арналған бірыңғай құқықтық жүйе;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) заң жобасының тұжырымдамасы - Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесін, оны қабылдау мақсаттарын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де ережелерді қамтитын құжат;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) заң жобасы тұжырымдамасының жобасы - жария талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес пысықталған, мемлекеттік органның нақты саладағы мемлекеттік реттеу проблемаларын шешу жөніндегі пайымын қамтитын консультативтік құжат;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) заң сараптамасы - нормативтік құқықтық актінің жобасын не қабылданған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, заң техникасына сәйкестігі тұрғысынан тексеру;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) Құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесі - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жүйеленген дерекқорына орталықтандырылған қол жеткізу жүйесі;»;
20) тармақша «жүзеге асырылатын,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы заңнамасының тиімділігін бағалау және болжау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында» деген сөздермен толықтырылсын;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) нормативтік құқықтық акт - республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті орган қабылдаған, құқық нормаларын белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, толықтыратын, тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;»;
мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3), 32-4) және 32-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) пилоттық жоба - мемлекеттік орган енгізілетін реттеу нәтижесін анықтау мақсатында жүргізетін рәсім;
32-2) реттеу субъектілері - нормативтік құқықтық актілердің күші қолданылатын тұлғалар;
32-3) реттеушілік жүктеме - уақыт пен адами ресурстар шығындарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында орындалуы міндетті талаптардың белгіленуіне байланысты реттеу субъектілерінің қаржылық ауыртпалығы;
32-4) реттеушілік саясат - нормативтік құқықтық актілер арқылы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу;
32-5) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі - консультативтік құжат) - нақты саладағы мемлекеттік реттеуге жүргізілген құқықтық мониторингтің нәтижелері мен оның қазіргі проблемаларын жария талқылау тәсілдерін қамтитын, белгіленген нысандағы құжат;»;
2) 2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңның 19-бабымен реттелетін қатынастарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібін;»;
3) 12-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Нормативтік құқықтық актілердегі құқық нормаларының қайшылықтары»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бір нормативтік құқықтық актінің немесе бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт нормалары немесе қолданысқа кешірек енгізілген актіге сәйкес келетін норма қолданылады.»;
4) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Реттеушілік саясат
14-1-бап. Реттеушілік саясатты жүзеге асыру
Реттеушілік саясатты жүзеге асыру мыналарды қамтиды:
1) мемлекеттік реттеудің қазіргі проблемаларын талдау және жария талқылау;
2) жария талқылау нәтижелерін, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, қазіргі проблема бойынша шоғырландырылған шешімді тұжырымдау;
3) қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық акт қабылдау арқылы реттеу енгізу;
4) реттеу субъектілеріне олардың реттеушілік жүктемесін ескере отырып, жаңа реттеуге дайындалу үшін қажетті мерзімдер беру;
5) қабылданған нормативтік құқықтық актілердің тиімділігін бағалау.
14-2-бап. Реттеушілік саясаттың міндеттері
Нормативтік құқықтық актілер арқылы мемлекеттік реттеу адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау құқықтар мен бостандықтарды шектеуге, егер мұндай шектеу заңды түрде негізделген мақсаттарға барабар болса және әділдік талаптарына сай келсе, конституциялық маңызы бар құндылықтарды қорғау үшін демократиялық мемлекетте пропорционалды, мөлшерлес және қажетті болып табылса, негіз бола алады.
14-3-бап. Заңнамалық реттеу қағидаттары
1. Заң нақты қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыруына негіз болатын қағидаттарды белгілеуге тиіс.
2. Заңнамалық реттеу қағидаттары оларды іске асырудың нақты тетіктерін аша отырып белгіленуге тиіс.
3. Заңдардың нормалары оларда белгіленген қағидаттарға қайшы келмеуге тиіс, ал қағидаттарға қайшы келген жағдайда соларға сәйкес келтірілуге тиіс.»;
5) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттік және өзге де органдардың, ұйымдардың, оның ішінде ғылыми ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстары, құқықтық және қоғамдық мониторинг нәтижелері, консультативтік құжаттарды, заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын, сондай-ақ «Е-заңнама» ақпараттық жүйесі арқылы алынған ұсынымдарды талқылау нәтижелері ескеріледі.»;
6) 16-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заң жобаларын дайындауды перспективалық жоспарлау Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сайланымы кезеңіне қабылданады және онда, өз шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламентінің сессиялары бөлінісінде заң жобаларын дайындау болжанатын Қазақстан Республикасы заңнамасының салалары (аялары) көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне құқықтық мониторинг нәтижелері негізінде Заң жобалау жұмыстарының жоспарына ұсыныстар жібереді.»;
7-тармақта:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заң жобасын әзірлеуге жауапты органдарды, ұйымдарды және лауазымды адамдарды көрсетуді қамтуға тиіс.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын дайындауға қолданылмайды.»;
7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Заң жобаларын әзірлеушілер
1. Президент Әкімшілігі, Үкімет, олармен келісу бойынша өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы немесе Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына негізделген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларының әзірлеушілері бола алады.
2. Парламент депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заң жобаларының әзірлеушілері болып табылады.
3. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ олармен келісу бойынша өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заң жобаларының әзірлеушілері болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына оның Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар енгізе алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобасын әзірлеу тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше мерзім белгілемесе, заң жобасын әзірлеуді бір ай мерзімде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалған заң жобалары Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын келісу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше, анағұрлым қысқа мерзім белгілемесе, он жұмыс күнінен аспайды.»;
8) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру тәртібі
1. Осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заң жобаларының әзірлеушілері болып табылады.
2. Өзге де органдар, ұйымдар және азаматтар заң жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге немесе осындай бастамашылық жобаларды орталық мемлекеттік органдардың қарауына беруге құқылы.
Орталық мемлекеттік органдар оларды өздері әзірлейтін заң жобалары үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуі мен қабылдануын орынсыз деп тануы мүмкін.
3. Орталық мемлекеттік орган, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, заң жобасын дайындауды өзіне ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе оны дайындауға шарттық негізде мамандарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне, ғылыми мекемелерге, өзге де ұйымдарға, жекелеген ғалымдар мен ұжымдарға, оның ішінде шетелдіктерге, тиісті салалардағы сарапшыларға бөлінген бюджет қаражаты мен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, тапсырыс бере алады.
4. Орталық мемлекеттік орган заң жобасын әзірлеу басталғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес консультативтік құжатты және заң жобасы тұжырымдамасының жобасын жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етуге тиіс.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжат Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылған жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңестерімен (бұдан әрі - сараптама кеңестері) міндетті түрде талқылауға жатады.
Консультативтік құжатты жұртшылықпен талқылау оны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыруды, сондай-ақ жария тыңдау мен пікірсайысты қамтиды.
Реттелуі жоспарланып отырған қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне қарай талқылаулар жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірі немесе бірнешеуі пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.
Заң жобасы тұжырымдамасының жобасы оны мүдделі ұйымдармен, тұлғалармен және мемлекеттік органдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
Заң жобалары оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.
Консультативтік құжаттарды және заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын, сондай-ақ заң жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалады.
5. Егер заң жобасында ұсынылып отырған құқық нормасы алдын ала сынамалауды талап ететін болса, онда осы құқық нормасы өзі қамтылатын заңмен, оның қолданылуының белгілі бір мерзімдерімен шектеледі және пилоттық жоба жүргізіледі.
6. Мемлекеттік орган пилоттық жоба шеңберінде сынамаланатын құқық нормасын қолдану практикасына талдау жүргізеді, оның барысында оң және жағымсыз салдарлары, осындай реттеуді қолдануға әсер еткен әлеуметтік және өзге де факторлар, пилоттық жобаны жүргізуге байланысты жұмсалған шығыстар мен алынған кірістер айқындалады.
Сынамаланатын құқық нормасын қолданылу мерзімі бойынша шектеу сынамаланатын құқық нормасына жүргізілген талдау нәтижелері негізінде алып тасталуы мүмкін.