8) коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке қабылдаған күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе;
9) талап қоюшы өзі берген талап қоюды қайтару туралы мәлімдесе, судья талап қоюды қайтарады.
2. Судья талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады, онда, егер іс осы соттың қарауына жатпаса, адам қандай сотқа жүгіну керектігін, не азаматтық істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатындығын көрсетеді. Ұйғарым талап қою сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарылуға және қоса берілген барлық құжаттарымен бірге талап қоюшыға тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.
3. Талап қоюды қайтару, егер талап қоюшы жіберілген бұзушылықты жоятын болса, сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюшының талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Талап қоюды қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
153-бап. Қарсы талап қою
1. Жауапкер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін бастапқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою, қарсы талап қоюды қайтару, оны қабылдаудан бас тарту осы Кодекстің 148, 151 және 152-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.
2. Егер жауапкер істі дайындау сатысында істі сот талқылауына дайындау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбауы себебінен сот талқылауына қатыспаса, сот талқылауы барысында қарсы талап қою қабылдануы мүмкін.
154-бап. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары
Егер:
1) қарсы талап қою алғашқы талап қоюдың есебіне бағытталса;
2) қарсы талап қоюды қанағаттандыру бастапқы талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандыруды жоққа шығаратын болса;
3) қарсы талап қою мен бастапқы талап қою арасында өзара байланыс болса, ал оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе, судья қарсы талап қоюды қабылдайды.
15-тарау. ТАЛАП ҚОЮДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
155-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету үшін негіздер
1. Іске қатысатын адамдардың, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша сот істің қандай жағдайында болмасын, егер осындай шараларды қабылдамау соттың шешімін орындауды қиындатса немесе мүмкін етпейтіндей болса, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдай алады.
Төрелік талқылау тараптары талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызға төрелікке талап қоюды растайтын құжатты қоса беруге тиіс.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына, сондай-ақ банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға қатысты олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауланып отырған құқықтық актінің, оның жазбаша нұсқамаларының, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу және оларға реттеу шараларын қолдану туралы дауланып отырған құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.
Салық тексерулерін жүргізу үшін негіз болып табылатын мемлекеттік кіріс органдарының дауланып отырған құқықтық актісінің қолданылуын тоқтата тұру түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауға жол берілмейді.
Бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға жол берілмейді.
156-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
1. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан, 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) жауапкерге тиесілі және оның өзіндегі немесе басқа да тұлғалардағы мүлікке тыйым салу (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған репо операциялар бойынша нысана не клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын маржалық жарналар болып табылатын мүлікке, сондай-ақ жалақы сомалары түсетін банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) болуы мүмкін.
Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне, нысаналы активтерге, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдеріне, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін, банктік шоттардағы және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекке, тұрғын үй төлемдеріне, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға нотариус депозиті шарттарында енгізілген, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шоттардағы ақшаға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға және өзіне қатысты рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.
Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар бойынша шет мемлекеттің корреспондентік шотында Қазақстан Республикасының аумағында тұрған ақшаға тыйым салуға жол берiледi.
Жауапкерге тиесілі және банктегі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалындағы ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салу қолданылатын ақша сомасы көрсетілуге тиіс. Тыйым салу қолданылатын ақша сомасын талап қоюдың бағасын негізге ала отырып сот айқындайды.
2) жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;
3) басқа тұлғалардың орындау мерзімі жеткен міндеттемелер бойынша мүлікті жауапкерге беруіне немесе заңда немесе шартта көзделген өзге де міндеттемелерді жауапкерге қатысты орындауына тыйым салу;
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қою берілген жағдайда мүлікті өткізуді тоқтата тұру;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауланып отырған құқықтық актісінің (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актіні, оның жазбаша нұсқамаларын, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу және оларға реттеу шараларын қолдану туралы құқықтық актіні қоспағанда) қолданысын тоқтата тұру;
6) борышкер сот тәртібімен даулайтын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру;
7) кепіл нысанасын соттан тыс сату жөніндегі сауда-саттықтарды тоқтата тұру;
8) дауланып отырған актілерді және сот орындаушысының өндіріп алуды мүлікке айналдыруға байланысты атқарушылық іс жүргізуде жасайтын әрекеттерін тоқтата тұру болуы мүмкін.
2. Қажетті жағдайларда сот осы Кодекстің 155-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарға сай келетін, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды қабылдауы мүмкін. Сот талап қоюды қамтамасыз етудің бірнеше шараларын қабылдауы мүмкін. Осы бапта көрсетілген тыйым салулар бұзылған кезде кінәлі адамдар заңдарда белгіленген жауапты болады. Бұдан басқа, талап қоюшы талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындамаудан келтірілген залалдарды осы адамдардан сот тәртібімен өндіруді талап етуге құқылы.
3. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талап қоюшының мәлімдеген талабына сай болуға және үшінші тұлғалардың жария мүдделері мен мүдделерін бұзбауға тиіс.
157-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау
1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды, егер ол талап қоюға қоса берілсе немесе бұл туралы талап қоюда көрсетілсе, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күні судья қарайды және шешеді. Қалған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья арыз сотқа келіп түскен күні шешеді.
2. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья іске қатысатын адамдарға, төрелік талқылау тараптарына хабарламай, сот отырысын өткізбей қарайды және шешеді.
3. Судья арызды қараудың нәтижелері бойынша осы Кодекстің 156-бабында көзделген қамтамасыз ету шараларын көрсете отырып, талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау
1. Сот:
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мүлік туралы мәліметтер болмаған кезде «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен борышкердің мүлкіне тыйым салу үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 6), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына;
3) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылса, жауапкерге;
4) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік органға немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына;
5) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген жағдайда кепіл ұстаушыға;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда мүлікке шектеулі билік етуді іске асыратын әділет органына немесе уәкілетті органға не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына;
7) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда жауапкердің дебиторына;
8) даулы мүлікке ауыртпалықты салу үшін тіркеуші органға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) шоттардың нөмірлері мен нақты банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы белгілі болған жағдайда, жауапкерге тиесілі және банктік шоттардағы ақшаға тыйым салу үшін банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға дереу ұсыну үшін қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхатты мәлімдеген адамға талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды жібереді немесе табыс етеді.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қамтамасыз ету шаралары қолданылған мүлік туралы мәліметтер болмаған жағдайда, соттың ұйғарымы орындау үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.
Өздеріне ұйғарым жіберілген органдар мен адамдар талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот ұйғарымының орындалуы туралы оны орындау жөнінде қажетті әрекеттерді жасағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сотқа хабарлауға міндетті. Көрсетілген міндетті орындамау заңда көзделген жауаптылықтың туындауына әкеп соғады.
3. Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды.
159-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасын ауыстыру
1. Іске қатысатын адамның, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыруға болады.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Іске қатысатын адамдар арыздың келіп түскені туралы дереу хабарландырылады және олардың сотқа пікір ұсынуға құқықтары бар.
Сот талап қоюды қамтамасыз ету шараларын ауыстыру туралы арызды ол сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.
Сот талап қоюды қамтамасыз ету шараларын ауыстыру туралы арызды іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Бұл ретте сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған, іске қатысатын адамдардың келмеуі арызды қарау үшін кедергі болып табылмайды.
3. Судья талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы ұйғарым шығарады.
Арызды қанағаттандырудан бас тартқан кезде сот бұрын таңдалып алынған талап қоюды қамтамасыз етудің шарасын ауыстыруға болмайтын уәждерді ұйғарымда көрсетеді.
4. Жауапкер талап қою бағасына тең соманы сот қабылдаған талап қоюды қамтамасыз ету шарасының орнына соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің депозитіне енгізуге құқылы.
160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою
1. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот іске қатысатын адамның, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін.
Судья іске қатысатын адамдарға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлап, талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою туралы мәселені бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешеді, алайда олардың келмеуі осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болмайды.
2. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар шешім заңды күшіне енгенге дейін сақталады. Сот шешімнің заңды күшіне енуімен бірге талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығарады. Талап қою қанағаттандырылған кезде оны қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралар сот шешімі орындалғанға дейін өзінің қолданысын сақтайды. Қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды
2-1. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, талап қою қараусыз қалдырылған, сондай-ақ талап қою қайтарылған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралар сот ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін өз күшін сақтайды.
3. Қаржы ұйымын немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы істі қарайтын сот қаржы ұйымына немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім шығарылғанға дейін сот қабылдаған талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жоюға міндетті.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 161-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
161-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
2. Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамға хабарланбай шығарылса, шағым беру үшін мерзім оған осы ұйғарым туралы белгілі болған күннен бастап есептеледі.
3. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға жеке шағым беру осы ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрмайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.
5. Қабылданған ұйғарымға қатысты материал істен бөлініп алынып, жеке шағыммен бірге апелляциялық сатыдағы сотқа жіберіледі.
162-бап. Жауапкерге талап қоюды қамтамасыз етумен келтірілген залалдарды өтеу
1. Сот талап қоюды қамтамасыз етуге жол бере отырып, талап қоюшыдан жауапкер үшін ықтимал болатын залалдарды қамтамасыз етіп беруді талап етуі мүмкін. Ықтимал залалдарды қамтамасыз ету соттың ұйғарымында көрсетілген соманы уәкілетті органның депозитіне енгізу арқылы жүргізіледі.
2. Жауапкер талап қоюдан бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін, талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шара қабылдау туралы талапты мәлімдеген адамға оның арызы бойынша қабылданған шаралармен келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.
16-тарау. ІСТІ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ДАЙЫНДАУ
163-бап. Істі дайындаудың міндеттері
1. Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді. Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді.
2. Әрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мәселені шешу және оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлау;
4) әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дәлелдемелерді айқындау;
5) тараптарды татуластыруға жәрдемдесу болып табылады.