Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 Қаулысы
(2017.10.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.06.10. № 1141 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі бекітілсін.
2. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар акцияларының пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
№ 787 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің)
елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке,
ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың
үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.06.10. № 1141 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес әзірленді.
Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар Үлгі ереженің негізінде Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесін (бұдан әрі - Сатып алу ережесі) әзірлейді және бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1732 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 279 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 742 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.06.09. № 896 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.14.12. № 1359 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.04. № 343 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.25.12. № 1061 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 188 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.10.02. № 44 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
2) жергілікті қамту - сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығу тегі үлесінің (үлестері) құнынан пайыздық қамту;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жетімділік нүктесін беретін мемлекеттік ақпараттық жүйе (www.goszakup.gov.kz);
4) - 6) ҚР Үкіметінің 2016.07.04. № 188 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасалған шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
8) сатып алу - тапсырыс берушілердің мыналарды:
еңбек шарттары бойынша жеке тұлғаларда не қызметтерді өтемді көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларда жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
жарналарды (салымдарды), оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесті сатып алуды;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде жүзеге асыратын банк операцияларын жүргізуге байланысты қаржы қызметтерін сатып алуды;
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, электр және (немесе) жылу энергиясы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын білікті энергия өндіруші ұйымдардан теңгерімделген электр энергиясын, электр энергиясын сатып алуды;
теңіз портында алынатын алымдар мен төлемдерді төлеуді;
іссапар шығыстарына өтемақы төлеуді;
басқару органының және бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеуді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
ұлттық басқарушы холдингтің стратегиялық консультативтік-кеңесші органының қызметін қамтамасыз ету үшін ұлттық басқарушы холдингтің көрсетілетін қызметтерді сатып алуын;
отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды малдары мен ауыл шаруашылығы малдарын сатып алуды;
Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өкілдік шығыстарына байланысты тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының аралық сотта дауды шешуіне байланысты төрелік алымдар мен шығыстарды төлеуін қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті осы Үлгі ережеде, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы негізде жүзеге асырылатын сатып алуы;
9) сатып алуды ұйымдастырушы - сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылылымдық бөлімшесі атынан тапсырыс беруші не сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау мақсатында тапсырыс беруші анықтаған заңды тұлға;
10) стратегиялық әріптестер — тапсырыс беруші айқындайтын, тиісті (интеллектуалдық, ғылыми, әдіснамалық, білім беру, технологиялық, кадрлық) ресурстары бар және мына:
қазіргі заманғы әдіснамалар мен жаңа технологияларды білім беруге енгізу;
білім берудің инновациялық мазмұны мен қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
білім беру қызметі мен оның нәтижелеріне, оның ішінде оқытудың сапасына және оқушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелеріне мониторингті, сыртқы бақылауды жүзеге асыру;
білім беру қызметінің сапасын, балалар мен педагогтарды конкурстық іріктеудің аспаптары мен технологияларын бақылау мен бағалау құралдарын әзірлеу және енгізу;
оқыту үдерісін қамтамасыз ететін кабинеттер мен зертханалар үшін жабдықтарды әзірлеу және өндіру салаларының бірінде немесе бірнешеуінде халықаралық қызмет тәжірибесі бар ұйым;
10-1) стратегиялық жоба - ұлттық басқарушы холдинг немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар айқындайтын, мынадай өлшемшарттарға сай келетін жоба:
жоба құны (сметалық және (немесе) бағалау) ағымдағы жылдың басына ұлттық басқарушы холдингтің немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымның жеке капиталының жиырма бес пайызынан асады;
экспортқа бағдарлануы және/немесе импортты алмастыруы;
11) ҚР Үкіметінің 2016.07.04. № 188 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) технологиялық меморандум - индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен аффилиирленген заңды тұлғалармен жасасатын және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін және кепілдендірілген мемлекеттік тапсырысты орналастыруды айқындайтын келісім;
13) кепілдендірілген тапсырыс - ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы;
14) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Үлгі ереже негізінде бекітілетін Сатып алу ережесі талаптарды қамтуы және мыналарды:
1) инвестициялық жобаларды тиімді іске асыруды;
2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүргізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер ұсынуды;
3) әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті;
4) сатып алу процесінің жариялылығы мен айқындылығын;
5) ҚР Үкіметінің 2016.07.04. № 188 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) ҚР Үкіметінің 2016.07.04. № 188 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны ұтымды және тиімді
жұмсауды қамтамасыз етуі тиіс.
2. Сатып алу процесі
4. Сатып алу процесі мыналарды қамтиды:
1) сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту;
2) өнім берушіні таңдау;
3) сатып алу туралы шарт жасасу және оны орындау.
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 279 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстардың сметасы) негізінде сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) жылдар бойынша орта мерзімді кезеңге арналған сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;
2) сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланатын мерзімі мен орны;
4) келесі қаржы жылы (жылдары) аяқтау мерзімі бар сатып алу туралы шарттар жасасқан жағдайда әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген соманың шегінде кестеге және жылдар бойынша белуге сәйкес тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланатын мерзімі.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.10.02. № 44 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Тапсырыс берушi сатып алу жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, сондай-ақ сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Үлгі ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратты мемлекеттік сатып алудың веб-порталында не Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы сатып алу жоспарын бекіткен және оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда, тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
7. Сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші бекітілген сатып алу жоспарының негізінде қабылдайды.
8. Бекітілген сатып алу жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
9. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдерін бюджет (бизнес-жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) пен сатып алу жоспары бекітілгенге дейін жүзеге асыра алады. Бұл ретте бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) және өнім берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдері жүзеге асырылған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу жоспарының бекітілуі сатып алу туралы шартты жасасу талабы болып табылуы тиіс.
10. Сатып алу тәсілін тапсырыс берушілер Сатып алу ережесінің негізінде дербес таңдайды.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, тапсырыс беруші сатып алуды мынадай тәсілдермен жүзеге асырады:
1) тендер;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта;
4) тауар биржалары арқылы;
5) бір көзден сатып алу;
6) кепілдендірілген тапсырыс.
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 279 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.07.04. № 188 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.10.02. № 44 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Осы Үлгі ереженің 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алуды жүргізу рәсімдерін тапсырыс беруші сатып алу қағидаларын әзірлеу кезінде белгілейді.
Тапсырыс берушілер индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімде оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөнінде ақпарат береді.
Ұлттық басқарушы холдингтің және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту жөніндегі ақпарат шоғырландырылып, ұлттық басқарушы холдинг атынан индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімде беріледі.
Сатып алу қағидалары Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ресми интернет-ресурсында хабарландыруларды міндетті түрде жариялау туралы талаптар болуы тиіс оның сатып алу туралы қағидаларын қоспағанда, осы Үлгi ереженiң 11-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен жүзеге асырылатын сатып алудың жүзеге асырылуы және сатып алу қорытындылары туралы хабарландыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында міндетті түрде орналастыру туралы талаптарды қамтуға тиіс.
13. Сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындау және жүргізу үшін тапсырыс беруші сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды.
Сатып алуды ұйымдастырушыны анықтау тәртібі Сатып алу ережесінде көзделеді.
14. Тендер тәсілімен сатып алу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 915-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу біртекті тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жүзеге асырылады, бұл ретте өнім берушіні таңдау кезінде ол ұсынған баға шешуші шарт болып табылады.
16. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алу Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
17. Тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1732 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 50 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 279 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.06.09. № 896 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.04.03. № 219 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.05.04. № 356 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.13.05. № 477 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.07.12. № 1323 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 503 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.25.12. № 1061 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 188 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.10.02. № 44 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді
18. Тапсырыс берушінің бір көзден сатып алуы мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) егер осы Үлгі ереженің 11-тармағының 1) 4) тармақшаларында көзделген тәсілдердің бірімен сатып алу өтпеді деп танылса;
2) қандай да бір өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушіде сол өнім берушімен қолда бар тауарлармен, жабдықпен, технологиямен жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында басқа да сатып алуларды жүргізу қажеттілігі туындаса;
3) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жүргізетін төлемді қоспағанда, аралық соттағы дауды шешуге байланысты төрелік алымдар мен шығыстарды төлесе;
4) егер тиісті күнтізбелік жылға арналған сатып алу жоспарында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің біртекті түрлерінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) егер тапсырыс берушінің алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңес (алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңес болмаған жағдайда басқару органы/жоғары орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша күнделікті және (немесе) апта сайынғы мұқтажды сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болғанда (хабарландыру берген сәттен бастап және тендердің қорытындылары бойынша шарт жасасқанға дейінгі кезеңде), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
6) төтенше жағдай салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электр энергетикасы объектілеріндегі, тіршілікті қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйелердегі, темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігі, байланыс объектілеріндегі, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы және өзге қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолда тез арада қалпына келтіруді талап ететін сынуы, істен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
7) оқшауланған бөлімшенің қызметін қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушінің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында (Қазақстан Республикасының аумағынан тыс) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
9) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
10) табиғатты пайдалану құқығын сатып алу;
11) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және алқалық орган/бақылау кеңесі (алқалық атқару органы/бақылау кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
12) тапсырыс берушінің алқалық атқарушы орган/бақылау кеңесі (алқалық атқарушы орган/бақылау кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алу;
13) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;
14) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпаратты шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда орналастырылған ақпараттарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде басылған дыбыстандырылған кітаптарды, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін рельефтік-нүктелік шрифтімен, тифлоқұралмен басылған кітаптарды сатып алу;
15) мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу;
16) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;
17) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты жүзеге асыратын ұйымдардың «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
18) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
19) теңіз агенті, теңіз брокері қызметін сатып алу;
20) мемлекеттік метрологиялық бақылауды тарату аясында қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
21) уақытша бос ақшаны орналастыруға байланысты қазынашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде бағалы қағаздарды сатып алу;
22) тапсырыс берушінің негізгі қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын уран мен оның қосылыстарын сатып алу;
23) өздерінің орналасқан жерінің құпиялығын сақтауды көздейтін объектілердегі жұмыстарды сатып алу;
24) ҚР Үкіметінің 2016.07.04. № 188 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) мүлікті сенімді басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
26) тапсырыс берушінің:
мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде ол өнім беруші ретінде жасаған мемлекеттік сатып алу туралы;
тендердің қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде ол өнім беруші ретінде жасаған сатып алу туралы;
жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес жүргізілген тендер қорытындылары бойынша шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
27) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің авиаотынды мұнай өндеуші кәсіпорындардан сатып алуы;
28) тапсырыс берушіден, сондай-ақ құрылтайшылары тапсырыс берушілер болатын мекемелерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу не олардың қызметінің негізгі мәні бойынша дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес немесе одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тапсырыс берушілерге тиесілі заңды тұлғалардан тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
29) инвестициялық стратегиялық жобаларды, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;