Қазақстан Республикасының
Заңы
Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қарулы Күштердегі әскери қызметтің құқықтық негізі
3-бап. Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
5-бап. Әскери қызметшінің мәртебесі
6-бап. Әскери қызметшілердің құқықтары
7-бап. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері
8-бап. Әскери қызмет өткерумен байланысты әскери қызметшілердің құқықтарын шектеу
2-тарау. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЯРЛАУ
9-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау
10-бап. Бастапқы әскери даярлық
11-бап. Азаматтарды білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау
12-бап. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау
13-бап. Азаматтарды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлау
14-бап. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту
3-тарау. ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ АЛУ. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ ТІРКЕУ
15-бап. Әскери есепке алу
16-бап. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу
17-бап. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын орындау жөніндегі міндеттері
4-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ
18-бап. Әскери қызметтің мазмұны
19-бап. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің құрамы.
20-бап. Әскери атақты беру, төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру тәртібі
21-бап. Әскери лауазымдар
22-бап. Ротация
22-1-бап. Әскери қызметшілерді аттестаттау
23-бап. Әскери қызметшілердiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi
24-бап. Әскери қызмет мерзiмдері. Еңбек сіңірген жылдары
25-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы
26-бап. Әскери қызметтен шығару
26-1-бап. Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының президенттік резерві
5-тарау. ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
27-бап. Азаматтарды әскери қызметке шақыру
28-бап. Әскерге шақыру комиссиялары
29-бап. Медициналық комиссиялар
30-бап. Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың мiндеттері
31-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру
32-бап. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру
33-бап. Əскери мiндеттілердi əскери жиындарға шақыру
34-бап. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыру
35-бап. Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру
36-бап. Әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан босату
6-тарау. КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
37-бап. Әскери қызмет өткеру туралы келiсімшарт
38-бап. Келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар
39-бап. Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі, сондай-ақ шығарып жіберу жəне қайта қабылдау. Əскери оқу орындарында білім алып жатқан азаматтармен əскери қызмет өткеру туралы келiсімшарттар жасасу
39-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
40-бап. Келiсiмшарт мерзімі және оны жасасу тәртiбi
7-тарау. ЗАПАСТА ТҰРУ
41-бап. Запасқа қою
42-бап. Запаста тұрудың шектi жасы
43-бап. Әскери жиындардан өту
8-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
44-бап. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру
45-бап. Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғынжаймен қамтамасыз ету
46-бап. Әскери қызметшілердің демалыстары
47-бап. Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері
48-бап. Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының тəрбиеленушілерін, ұландарын, кадеттері мен курсанттарын əлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері
49-бап. Әскери қызметшілердің жекелеген санаттарын қосымша әлеуметтік қамсыздандыру
50-бап. Әскери қызметтен шығарылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру
51-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда әскери қызметшілерге өтемақы төлеу
52-бап. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру
9-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
53-бап. Әскери қызметшілердің жауаптылығы
53-1-бап. Әскери қызметшілердің материалдық жауаптылығы
54-бап. Әскери қызметшiлердiң қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылығы
10-тарау. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
55-бап. Өтпелi ережелер
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдардың, ауылдық», «ауылдың, ауылдық», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жоғары оқу орны», «жоғары оқу орындарында», «жоғары оқу орнын», «жоғары оқу орындарының» деген сөздер тиісінше «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) адъюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан офицерлік және сержанттық құрамдардың əскери қызметшісі;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер) – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) мемлекеттік қызметтегі немесе еңбек қатынастарында тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ауыспалы құрам – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың штат санына кірмейтін әскери, арнаулы оқу орындарында білім алып жатқан Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің санаты;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер – осы Заңда көзделген мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) əскерге шақыруды кейінге қалдыру - осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды əскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру;
5) əскерге шақыру жасына дейінгілер - əскери есепке алынғанға дейін əскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
6) əскерге шақырылушылар - жергілікті əскери басқару органдарының əскерге шақыру учаскелеріне тіркелген жəне мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
7) əскери атақ - əскери қызметшіге жəне əскери міндеттіге берілетін əскери айырым белгісі;
8) əскери билет - азаматтың əскери қызметке тиесілігін жəне əскери міндеттілікке қатыстылығын айқындайтын бірыңғай мерзімсіз жеке есептік-əскери құжаты;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) әскери бөлімнің (мекеменің) штаты – құрамды, ұйымдық-штаттық құрылымды, жеке құрамның санын және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарақ пен әскери техникасы кадастрына сәйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен әскери техниканың санын айқындайтын құжат;
10) əскери есепке алу - əскерге шақырылушылар, əскери қызметшілер мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық жəне сапалық деректерді есепке алу жəне талдау жүйесі;
11) əскери жиындар - əскери міндеттілер мен азаматтардың əскери білім алуы жəне оны жетілдіруі мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда əскери басқару органдары, уəкілетті мемлекеттік органдар əскери даярлық бойынша өткізетін іс-шаралар.
Əскери жиындар:
оқу-жаттығу жиындары - əскери міндеттілерді, əскери оқу орындарына түскен кезде əскерге шақырылушыларды жəне əскери кафедралардың студенттерін даярлау жəне қайта даярлау мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;
тексеру жиындары - соғыс уақытының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымында міндеттерді орындауға арналған, əскери бөлімдердің əзірлігін тексеру мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;
арнайы жиындар - төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін əскери жиындар түрі болып бөлінеді;
12) əскери интерн - əскери интернатурада білім алып жатқан əскери қызметші;
13) əскери интернатура - жоғары əскери оқу орнының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын, клиникалық практикаға рұқсат алу үшін əскери қызметшілерді базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) әскери кафедра - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны жанындағы, азаматтарды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлауды жүзеге асыратын кафедра;
15) əскери киім нысаны - Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, əскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілігін айқындайтын, ерекшелік жəне айырым белгілері бар нысанды киім (киім-кешек) жəне жабдық;
16) əскери қызмет - егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғаумен байланысты əскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;
17) əскери қызмет мерзімі - Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметші мəртебесінде əскери қызмет өткерудің бүкіл кезеңі;
18) əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт - уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы азаматтың əскери қызметті өткеру кезеңіне тараптардың құқықтарын, міндеттерін жəне жауапкершілігін белгілейтін ерікті түрде əскери қызмет өткеру туралы шарт;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) əскери қызметтен шығару – əскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздер бойынша запасқа қойып немесе отставкаға шығара отырып, əскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алып тастау;
20) əскери қызметшілер - Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметте болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) әскери лауазым – әскери қызмет функцияларын орындау үшін лауазымдық өкілеттіктер, лауазымдық және арнайы міндеттер жүктелген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың штаттық бірлігі;
22) əскери міндеттілер - əскери есепте тұратын жəне əскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) әскери міндеттілер запасы (бұдан әрі – запас) – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толық жасақтау, жұмылдыра өрістету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын, осы Заңда белгіленген жастағы әскери міндеттілер;
24) əскери міндеттілік - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) əскери оқу орны - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ұлттық ұланына ведомстволық бағынысты жəне əртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы - Қарулы Күштердің білім беру, ғылыми, әдістемелік қызметпен айналысатын әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары;
26) бастапқы əскери жəне технологиялық даярлық - орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын əскери іс негіздері, робот техникасы жəне ІТ-технологиялар бойынша міндетті оқыту пəні (оқу пəні);
27) далалық шығу - далалық жағдайларда жауынгерлік, жұмылдыру жəне жедел дайындық бағдарламалары бойынша сабақтар, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мүддесінде арнайы далалық жұмыстарды орындау;
28) докторант - докторантурада білім алып жатқан əскери қызметші;
29) еңбек сіңірген жылдары - азаматтың əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы қызметте, фельдъегерлік қызметте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қызметте болуының күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын ұзақтығы;
30) жалпыға бірдей əскери оқыту - Қазақстан Республикасының азаматтарын соғыс жағдайы енгізілген кезеңде əскери даярлыққа міндетті оқыту;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31) жеке құрам – әскери қызметшілер және азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер);
32) кадет - техникалық жəне кəсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында білім алып жатқан əскери қызметші;
33) келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілер - осы Заңда айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға əскери қызметке ерікті түрде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
34) курсант - жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында немесе шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан, оны бітіргеннен кейін офицерлік құрамның бірінші əскери атағы берілетін əскери қызметші;
35) курстық даярлық - халықаралық шарттарға немесе шақыруларға сəйкес шет мемлекеттердің əскери оқу орындарында, оқу орталықтарында немесе білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын, Қарулы Күштердің əскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қосымша білім беру нысаны;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды
35-1) Қарулы Күштердің Жоғары Қолбасшылығының президенттік резерві - Қарулы Күштердің Жоғары Қолбасшылығының лауазымдарына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан әрі - Әскери қызмет өткеру қағидалары) айқындалған ерекше іріктеу тәртібінен өткен Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің тізімі;
36) қолданыстағы резерв - барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындайтын əскери қызметшілер;
37) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы - əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді өтеусіз, өтеулі негіздерде оқыту мақсатында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша, сондай-ақ шаруашылық қызметі негізінде көлік құралдарын басқару бойынша жəне техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша азаматтарды даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйым;
38) магистрант - магистратурада білім алып жатқан əскери қызметші;
39) мерзімді əскери қызмет - ер азаматтарды осы Заңда айқындалған тəртіппен Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға қатардағы жəне сержанттық құрамдардың əскери лауазымдарына шақыруға негізделген əскери қызмет;
40) отставка - əскери қызметтен шығарылған немесе əскери есептен алып тасталған, запаста болудың шекті жасына толған адамдардың не əскери есептен алып тасталып, əскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдардың жағдайы;
41) офицерлер - офицерлік құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер;
42) психофизиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер - Қазақстан Республикасының əскери қызметшілері мен азаматтарының жеке психологиялық жəне психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған, тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдарда əскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде жүзеге асырылатын тексеру іс-шараларының жиынтығы;
43) ротация - əскери қызметшілерді Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы тең жəне өзге де лауазымдарға ауыстыру;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44) сарбаздар (матростар) – қатардағы құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 45) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45) сержанттар (старшиналар) – сержанттық құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер;
46) тəрбиеленушілер - əскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47) теңізге шығу – міндеттерді орындау үшін корабльдер, катерлер мен кемелер экипаждарының, əскери қызметшілердің теңізге шығуы;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48) уәкілетті лауазымды адам - Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу құқығы берілген лауазымды адам;
49) уəкілетті орган - құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;
50) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар - Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда мемлекеттік мекемелерді жəне олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлермен əскери құралымдардың құрамы мен штат санын өзгерту бойынша жүргізілетін іс-шаралар;
51) ұлан - негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, əскери оқу орнының бірінші немесе екінші курсында білім алып жатқан адам.
2-бап. Қарулы Күштердегі әскери қызметтің құқықтық негізі
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңда көзделген ерекшеліктерімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары
Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары:
1) заңдылық;
2) әскери қызметшілердің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін әскери қызмет өткеру шарттарын ескере отырып, оларды толық, жеткілікті және уақтылы қамтамасыз ету;
3) әскери қызметшінің құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтан қорғау, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде оған қол сұғылмаушылық;
4) дара басшылық және дәреже сатысы;
5) саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер қызметіне тәуелді болмау болып табылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының барлық әскери қызметшілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес біріккен (коалициялық) қарулы күштер, сондай-ақ бітімгершілік күштер құрамында әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне және әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге қолданылады.
Осы Заңның күші мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде саяси мемлекеттік қызметшілерге қолданылады.
Осы Заңның әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру туралы жекелеген ережелері мен нормалары олардың отбасы мүшелеріне, әскери қызметтен шығарылған адамдарға, сондай-ақ әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқан, қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне қолданылады.
Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметтен шығарылған және басқа мемлекеттерге тұрақты тұруға қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәртебесі тұрақты тұру үшін таңдалған мемлекеттермен жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
5-бап. Әскери қызметшінің мәртебесі
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастауларымен және шектеулерімен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.
Әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын алып тастаулар мен шектеулер, ерекше міндеттері мен жауаптылығы осы Заңда белгіленген қосымша құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.
Әскери қызметші мәртебесіне мына азаматтар:
әскери қызметке (жиындарға) шақырылғандар - жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет (жиындарды) өткеру орнына кету туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күннен бастап;
келісімшарт бойынша әскери қызметке түскендер - әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бөлім жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түскендер, егер бұған дейін олар əскери қызметшілер болып табылмаса - əскери оқу орындары үшін, ұландарды қоспағанда, оқу құрамының тізімдеріне қабылдау туралы əскери оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетелдік əскери оқу орнына түскен кезде - уəкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың екінші курсын аяқтаған ұландар əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру жəне ауыспалы құрамның кадеті əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады.
Азамат əскери қызметтен шығарылуға (əскери жиындардың аяқталуына) байланысты əскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауыстырылған жағдайда əскери қызметші мəртебесін жоғалтады.