Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы
(2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі
2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары
3-бап. Кеңестің өкілеттіктері
2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
4-бап. Кеңес құрамы
5-бап. Кеңес Төрағасы
6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері
7-бап. Кеңес хатшысы - аппарат басшысы
3-тарау. КЕҢЕС ОТЫРЫСТАРЫ
8-бап. Кеңес отырыстары
9-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі
10-бап. Кеңес шешімдері
4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
11-бап. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы
12-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары
13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың) тәртібі мен шарттары
14-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту
15-бап. Полиграфологиялық зерттеудің тәртібі мен шарттары
5-тарау. АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ МЕН СУДЬЯСЫ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЖӘНЕ СУДЬЯСЫ, ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМ ШЫҒАРУ
16-бап. Судья лауазымына конкурс
17-бап. Аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысушылар
18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі
6-тарау. ОБЛЫСТЫҚ СОТТАР ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ, ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАЛАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА КАНДИДАТУРАЛАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ
19-бап. Аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі
20-бап. Бос лауазымдарға кандидатураларды қарау шарттары
7-тарау. СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫН, СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ЖӘНЕ СУДЬЯНЫ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ
21-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату не босатудан бас тарту туралы мәселені қарау үшін негіздер
22-бап. Тексерудің нәтижелерімен судьяны таныстыру
23-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы мәселені қарау
24-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
25-бап. Қорытынды ережелер
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі
1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) - Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері Кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады.
3. Кеңестің заңды тұлға болып табылатын аппараты болады.
4. Кеңесті және оның аппаратын ұстауға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
5. Кеңес аппаратының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Кеңестің регламентімен регламенттеледі.
Кеңес аппаратының жұмыскерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Кеңес аппараты штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
6. Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
7. Кеңес аппараты туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
8. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға жол берілмейді.
9. Кеңестің Төрағасы мен мүшелері сот төрелігін іске асыру бойынша соттардың және судьялардың қызметіне араласуға құқылы емес.
2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары
Кеңес өз қызметін тәуелсіздік, заңдылық, алқалық, жариялылық және бейтараптық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
3-бап. Кеңестің өкілеттіктері
1. Кеңес:
1) судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді, бірінші және екінші абзацтар 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі - аудандық сот) судьясының, облыстық және оған теңес тірілген соттың (бұдан әрі - облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асырады:
конкурстың қорытындылары бойынша аудандық соттың судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының бос лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
конкурстың қорытындылары бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына баламалы негізде ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жағдайларда судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау не сайлау мәселелерін қарайды:
жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
Парламент Сенатына ұсыну енгізу үшін Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды:
облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) аудандық сот төрағасының бос лауазымына сайлау үшін кадр резервінде тұрған адамдардың және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдардың қатарынан кандидатураларды облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына ұсынады;
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған адамдардың қатарынан аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады:
іріктеудің қорытындылары бойынша аудандық сот төрағасының бос лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
4) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды:
Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жағдайларда төрағалардың, сот алқалары төрағаларының және судьялардың өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды:
Қазақстан Республикасының Президентіне жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын лауазымынан босатуды ұсынады;
Парламент Сенатына ұсыну енгізу үшін Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным енгізеді;
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) бір жыл мерзім өткеннен кейін судья лауазымына алғаш рет тағайындалған адамның жұмыс нәтижелерін қарайды және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия) судьяның кәсіби қызметін оң бағалаған кезде, Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша оны бекіту туралы мәселені шешеді;
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) зейнеткерлік жасқа толғанда судья лауазымында болу мерзімін ұзарту туралы мәселені қарайды;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті орган басшысының лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
6-1) Сот жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады, оның кейіннен жариялануын қамтамасыз етеді;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
7) Сот жюриінің және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағым жасау туралы судьялардың жолданымдарын қарайды;
8) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсынады;
10) сот жүйесін және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді;
11) судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады;
2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүргізу әдістемесін алдын ала келіседі;
12) Кеңес регламентін бекітеді;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара);
13) судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген адамдардың есебін жүргізуді ұйымдастырады;
14) судьялардың жалпы штат санын, әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мәселені қарайды;
15) судьялардың электрондық дербес есебін жүргізуді ұйымдастырады;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
16) аудандық сот төрағасының, облыстық соттың төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьясының лауазымына кадр резервін (бұдан әрі - кадр резерві) қалыптастырады;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
17) кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
18) Кеңес жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамын бекітеді;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
18-1) Кеңес жанындағы Сот жюриінің құрамын бекітеді;
19) судьялыққа кандидаттардың психологиялық тесттен өту тәртібін айқындайды;
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) судьяға куәлік беру тәртібін белгілейді;
20) Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ережені бекітеді;
21) осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Кеңестің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін:
1) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
2) тиісті лауазымды адамдардың ауызша түсініктемелерін тыңдауға және жазбаша түсініктемелерін талап етіп алдыруға;
3) Кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің арасынан комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, өз жұмысына мамандар тартуға құқығы бар.
2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
4-бап. Кеңес құрамы
2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа адамдардан тұрады. Төрағаны Қазақстан Республикасының Президенті Парламент Сенатының келісімімен тағайындайды.
Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағалары лауазымы бойынша Кеңес мүшелері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес құрамына басқа адамдарды да, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, заңгерлер жұртшылығының өкілдерін де тағайындауы мүмкін.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
2. Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы судьялар қатарынан кандидаттарды сайлайды және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңес мүшелері етіп тағайындауы үшін ұсыным жасайды.
Кеңес құрамына судьялардың кандидатуралары Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында аудандық және облыстық соттар, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьяларының Кеңесте тең өкілдік етуін қамтамасыз ету ескеріле отырып, облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстары ұсыным жасаған кандидаттар қатарынан қаралады.
Судьялар Кеңес мүшелерінің кемінде жартысын құрайды.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
3. Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін үш жыл жүзеге асырады.
Бұл ретте Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелерінің жартысы бір жарым жыл сайын қайта тағайындалады.
4. Кеңес мүшелерінің арасынан адам шығып қалған жағдайда, Кеңестің жаңа мүшесі үш ай ішінде тағайындалады.
5. Кеңес Төрағасының, хатшысының және мүшесінің лауазымы коммерциялық ұйымның басшы органының және байқау кеңесінің құрамына кірумен, саяси партияның басшылық лауазымдарында болумен сыйыспайды.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін, заңгерлер жұртшылығының өкілдерін қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде негізгі жұмыс орны бойынша міндеттерін орындаудан босатылады.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Судьялар, заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарындағы Кеңес мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес Кеңеске бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізіледі.
Судьялар, заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарындағы Кеңес мүшелері жалақы деңгейі бойынша Жоғарғы Сот судьяларына теңестіріледі.
Судьялар, заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарындағы Кеңес мүшелеріне екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.
8. Кеңес мүшелері тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне ғана бағынады.
9. Кеңес мүшелері Кеңестің өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелерді шешу кезінде тең құқықтарға ие болады.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
10. Кеңес мүшесінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
1) өз қалауы бойынша;
2) шетелдік сарапшыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;
3) кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы;
4) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
5) айыптау үкімінің заңды күшіне енуі, қылмыстық істің сотқа дейінгі сатыда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде тоқтатылуы;
6) қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
7) судьяның өкілеттіктерін тоқтату;
8) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру;
9) Кеңес құрамына қосуға негіз болған мән-жайлардың қолданысының тоқтатылуы;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздердің туындауы.
11. Кеңес хатшысы Кеңестің мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
5-бап. Кеңес Төрағасы
1. Кеңес Төрағасы:
1) Кеңесті басқарады және оған жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Кеңес атынан өкілдік етеді;
2) Кеңес хатшысының ұсынуы бойынша Кеңестің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
2-1) Кеңес аппаратының құрылымын бекітеді;
3) Кеңестің отырыстарын шақырады және Кеңестің отырыстарына төрағалық етеді;
4) Кеңестің ұсынымдарына, қорытындыларына, шешімдері мен хаттамаларына қол қояды;
5) Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес отырыстарының қарауына енгізілетін мәселелерді айқындайды;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
6) Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарына, судьялардың кеңестеріне, облыстық соттардың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарына, Судьялар одағының, Судья әдебі жөніндегі комиссияның, Сот жюриінің, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысуға құқылы;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
7) Кеңес регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
9) негізгі жұмысынан босатылған Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөледі;
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) өз құзыретінің мәселелері бойынша өкімдер шығарады;
11) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Кеңес Төрағасы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттері негізгі жұмысынан босатылған Кеңес мүшелерінің біріне Төрағаның өкімімен жүктеледі.
6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері
1. Кеңес мүшесі:
1) Кеңестің қарауына ұсынылған материалдармен танысуға;
2) материалдарды зерттеуге және тексеруге қатысуға;
3) қаралып отырған мәселелер бойынша өтінішхаттарды мәлімдеуге, өзінің ұсыныстарына уәждер мен негіздемелер келтіруге;
4) қолында бар құжаттарды ұсынуға;
5) дауыс беру арқылы шешім қабылдауға қатысуға;
6) судьялыққа кандидаттармен және судьялармен өңірлерде көшпелі кездесулер өткізуге;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
7) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер және судья қоғамдастығы органдары, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия отырыстарының жұмысына қатысуға;
8) Кеңестің құзыреті шегінде азаматтарды жеке қабылдауды жүргізуге;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
8-1) Кеңес отырысында қарау үшін шығарылатын мәселелер тізбесі бойынша ұсыныстар енгізуге;
9) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2. Кеңес мүшесі:
1) Кеңестің отырыстарына қатысуға;
2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде бейтарап және объективті болуға;
3) өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындауға байланысты өзіне белгілі болған, судьялыққа кандидаттардың және судьялардың жеке өмірі туралы мәліметтерге қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға;
4) Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде, егер оған қатысты шешім қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе жекжаты болса, өздігінен бас тартуын мәлімдеуге міндетті.
7-бап. Кеңес хатшысы - аппарат басшысы
1. Кеңес хатшысы - аппарат басшысы:
1) Кеңес аппаратының қызметін ұйымдастырады;
2) Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгізілетін мәселелердің тізбесін қалыптастырады және бұл туралы Төрағаға күні бұрын баяндайды;
3) отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдардың, қорытындылар мен хаттамалық шешімдердің үзінді көшірмелеріне өз қолын қойып растайды;
4) қажет болған кезде тексерулер ұйымдастырады;
5) Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тізімін айқындайды және олардың келуін қамтамасыз етеді;
6) Төрағаның өкімдерін және Кеңестің шешімдерін орындайды;
7) Кеңес аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
8) Кеңес аппаратының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;