5. 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығаруды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-1-бөлікпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды
7. Егер жүзеге асырылуы кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған қызмет лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі болып табылса, рұқсаттан айыру не рұқсатты тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза лицензияланатын қызмет түрінің нақты кіші түріне ғана қолданылады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен ескертпе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін рұқсаттан айыру, оның қолданысын тоқтата тұру деп лицензияланатын қызмет түрін немесе оның кіші түрін жүзеге асыруға арналған лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгінен) не қызметтің белгілі бір түріне немесе кіші түріне не белгілі бір әрекетті жасауға, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де рұқсат беру құжатынан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру түсініледі.
48-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу
1. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік учаскелердің қызметін уақытша тоқтатуды немесе қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салуды, сондай-ақ агрегаттарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға, қызметтің (жұмыстардың), қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды уақытша тоқтатуды немесе тыйым салуды қамтиды.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде санкция тағайындау мүмкін болса, сот тәртібімен жүргізіледі немесе оны әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) жүргізеді. Мұндай істерді қарау он тәулік ішінде жүзеге асырылады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Іс қаралғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаға осы Кодекстің 801-бабында көзделген тәртіппен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрінде қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзімі, егер әкімшілік жазалаудың бұл шарасы істі қарау кезінде қолданылатын болса, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу мерзіміне қосылады.
49-бап. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу
Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды судья осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда тағайындайды.
50-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік қамаққа алу — отыз тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдайлар режимі талаптарын бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2022 ж. 23 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге және он төрт жасқа толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды.
3. Әкiмшiлiк ұстап алу мерзiмi әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмiне қосылады.
51-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу
1. Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуді судья осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген тәртiппен және негiздер бойынша әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.
Осы бөліктің ережелерi шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылатын шығарып жiберу жағдайында қолданылмайды.
2. Егер әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында өзіне қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу түрiнде әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылуы мүмкiн адам, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын іс-әрекеттің өзiне қатысты жасалғаны туралы хабарланған жағдайда, онда осы адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 179-бабында белгiленген тәртiппен хабарлама немесе арыз бойынша шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52-бап. Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға осы тұлғаның жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында осы Кодекске сәйкес мынадай әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары қолданылады:
1) жол жүрiсi қағидаларын білуін тексеру;
2) құқық бұзушының жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;
3) азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары әкімшілік жаза қолданумен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны осы Кодекстің 64, 64-1-баптарында көзделген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатқан кезде оның орнына да қолданылады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстiң 594 (төртінші бөлiгiнде), 596 (төртiншi бөлiгiнде), 598 (екінші бөлігінде), 599 (екiншi бөлiгiнде), 600 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлiк құралдарының жүргiзушiлерi жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру үшiн емтихан тапсыруға жiберiледi.
2. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулыны осы Кодекстiң көрсетілген баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 53-1-баппен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 53-1-бап өзгертілді
53-1-бап. Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру
Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде, 485-бабының бірінші бөлігінде және 486-бабының бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылары азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.
Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы Кодекстің көрсетілген баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.
54-бап. Құқық бұзушының мiнез-кұлқына ерекше талаптар белгiлеу
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.15.04. № 73-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде сот өз бастамасы бойынша не полиция органдарының немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге басқа қатысушылардың өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 73, 127, 128, 131, 434, 435, 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге:
1) жәбiрленушiнiң отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабiлетсiз мүшелерiн қоса алғанда, жәбірленушінің еркiне қарамастан, оны iздестiруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз кәмелетке толмағандарға белгілі бір жерлерге баруына, басқа да жерлерге шығуына;
4) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiлеуi мүмкiн.
2024.15.04. № 73-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiленген кезде жәбiрленушi мен оның отбасы мүшелерiн күзету және қорғау үшiн сот айрықша жағдайларда, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға тұрғын үйде жәбірленушімен бірге тұруға тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шарасын отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге қолдануға құқылы.
2024.15.04. № 73-VIII ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген кезде сот психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар белгілеуге құқылы.
3. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi iшiнде оған профилактикалық әңгiмелесу үшiн айына бiр реттен төрт ретке дейiн iшкi iстер органдарына келіп тұру мiндетi жүктелуi мүмкiн.
7-тарау. Әкiмшiлiк жаза қолдану
55-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы қағидалары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген шекте осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.
2. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.
3. Жеке тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
4. Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
5. Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындамағаны үшiн көрсетілген жаза қолданылған мiндеттердi орындаудан, жол берiлген бұзушылықтарды жоюдан және залалды өтеуден босатпайды.
6. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн.
56-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар
1. Мыналар:
1) кiнәлi адамның өкiнуi;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқық бұзушылықтың зиянды салдарын болғызбауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қатты жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр мән-жайлары салдарынан жасау;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе он төрт жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы;
6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғаныстың заңдылық шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын сот (судья), орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілмеген мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.
57-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар
Мыналар:
1) прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) осыған уәкiлеттi тұлғалардың оны тоқтату талабына қарамастан құқыққа қарсы мiнез-құлықты жалғастыру;
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 61-бабында көзделген мерзім ішінде әкімшілік жазаға тартылған адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасауы;
3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;
4) кiнәлi адамға психикасының ауыр түрде бұзылуынан зардап шегетіні көрінеу белгілі адамдарды не әкiмшiлiк жауаптылық туындайтын жасқа толмаған адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту;
5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша, басқа адамдардың заңды әрекеттерi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
6) адамға немесе оның жақындарына қатысты осы адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
7) кiнәлi адамға жүктiлік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлi тұлғаға тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
9) дүлей зілзала жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
10) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады. Әкiмшiлiк жаза қолданатын сот (судья), орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай осы мән-жайды ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн.
58-бап. Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде әкiмшiлiк жазалар қолдану
1. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік жаңа редакцияда
2. Егер тұлға бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, оларды сол бір судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл тұлғаға сол бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген үш еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайды, әкімшілік қамаққа алу үшін - осы Кодекстің 50-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен, ал арнайы құқықтан айыру үшін осы Кодекстің 46-бабының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерден асыруға болмайды.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Егер әкімшілік айыппұлдар пайызбен көрсетілсе, олар бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін салынған кезде, айыппұл әрбір құқық бұзушылық үшін жеке өндіріп алынады.
59-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянды өтеу
1. Судья мүлiктiк зиян келтiрілген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай келiп, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәселенi шешкен кезде, егер мұндай зиянның мөлшерi туралы дау болмаса, оны бiр мезгiлде өндiрiп алады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген мүлiктiк зиянның мөлшерi туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.
2. Өзге де уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мүлiктiк зиянды өтеу, кiнәлi тұлға оны өз еркiмен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүргiзiледi.
3. Iскерлiк беделдi қорғау немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген негiздер бойынша азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.
60-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу
Әкімшілік қамаққа алу мерзімі тәуліктермен, ал жеке немесе заңды тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру, сондай-ақ рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi жылдармен, айлармен немесе күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 61-бап өзгертілді
61-бап. Тұлға әкiмшiлiк жазаға тартылды деп есептелетiн мерзiм
Әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған тұлға әкiмшiлiк жазаны орындау аяқталған күннен бастап бiр жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері жасаған, қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - үш жыл ішінде осы жазаға тартылды деп есептеледi.
8-тарау. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату
62-бап. Ескіру мерзiмінiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 180-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа кезде, тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 227-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу, сондай-ақ салық салу, қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласында, кеден ісі саласында, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында, Қазақстан Республикасының, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, мемлекеттік құпиялар туралы, табиғи монополиялар туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн, техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау рәсімдерін бұзғаны үшін - оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, бәсекелестікті қорғау саласындағы, кеден ісі саласындағы, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылығы үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 132-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 180-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ бюджеттiк қатынастар саласында қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Қаржы саласында, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, оңалту және банкроттық кезінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасағаны үшін заңды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады.