Бірыңғай сатып алушы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін өзінің интернет-ресурсында электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке алдағы күнтізбелік жылға арналған бағаны растайтын есептермен бірге орналастырады.
Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеу және интернет-ресурста орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Тұтынуға арналған тиісті болжамды өтінімде көрсетілген және болжамды сұранысқа енгізілген тұтынудың тиісті жылға ең жоғары электр қуаты электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленетін және көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар төлейтін электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі болып табылады.
Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленген электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін төмендету жағына қарай өзгертуге жол берілмейді.
9. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін үлгілік шарттардың негізінде жасалады.»;
2-тармақтың 16) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
16) мынадай мазмұндағы 15-4-баппен толықтырылсын:
«15-4-бап. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер
1. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына қатысты ғана жасалады.
2. Жаңғыртуды, кеңейтуді, реконструкциялауды және (немесе) жаңартуды жүзеге асыру үшін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар тиісті инвестициялық бағдарламаларды әзірлейді, оларды әзірлеу кезінде тәуелсіз техникалық және қаржы аудиті жүргізіледі.
3. Техникалық және қаржы аудитінің нәтижелері: жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың оңтайлы схемасын анықтау, негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзіміне инвестициялық бағдарламаның әсер етуін, инвестициялық бағдарламаның орындылығын және инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың талап етілетін көлемін айқындау болып табылады.
4. Техникалық, қаржы аудитінің нәтижелері және жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы нарық кеңесінің қарауына жатады.
5. Нарық кеңесінің ұсынымы негізінде уәкілетті орган жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасасу туралы (жасасудан бас тарту туралы) шешім қабылдайды.
6. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерде әр жылға мына көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар белгіленеді: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға шартты отынның үлестік шығыстары; қолда бар электр қуаты; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімі; негізгі генерациялайтын жабдықтың тозу дәрежесі; экологиялық көрсеткіштер.
7. Уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасағаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор ол пайдалануға берілген күннен бастап жыл сайын аттестаттауға тиіс.
Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
8. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей уәкілетті органға тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған, осы келісімдерде белгіленген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізу туралы есепті ұсынуға міндетті.
Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, уәкілетті орган осы келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін жүйелік операторды хабардар ете отырып өзгертуге құқылы.
9. Уәкілетті органмен келісімдер жасасқан және шекті тарифтің инвестициялық құрамдасынан басқа шығын көзі айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар) болып табылған электр энергиясына шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңіндегі 2009 - 2015 жылдар аралығында ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен оңайлатылған тәртіппен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдер жасасады.
10. Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
17) 17-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электр энергиясын сатып алу-сату, электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысу, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу бойынша қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.»;
«3. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында, электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарда, орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарттарында шарттар бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда тиiстi қызметтер көрсетудi тоқтату шарттары мен тәртiбi қамтылуға тиiс.»;
18) 19-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электр және жылу энергиясын тұтынушылар:
1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;
2) электр және жылу энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр және (немесе) жылу энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;
5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.»;
3-тармақ алып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетiн нарық субъектiлерiнiң инвестициялық қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 12, 85-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; 2014 ж., № 23, 143-құжат):
1) 1-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақта:
1) тармақшаның отызыншы және отыз үшінші абзацтары алып тасталсын;
6) тармақшаның алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтары алып тасталсын;
7) тармақшаның үшінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, жиырма бірінші абзацтары алып тасталсын;
8) тармақшаның екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтары алып тасталсын;
9) тармақшаның тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
10) тармақша алып тасталсын;
11) тармақшаның жиырма бесінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші және елу бірінші абзацтары алып тасталсын;
12) тармақша алып тасталсын;
2) 2-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 7) тармақшасының төртінші абзацын;»;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының бесінші, он үшінші, отыз төртінші және отыз алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 8) тармақшасының төртінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 9) тармақшасының он төртінші абзацын;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацын, 4) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 7) тармақшасының бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 7) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары, 8) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.»;
6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;»;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;».
7. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7) тармақшадағы «12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында» деген сөздер «12-бабының 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;».
8. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;»;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;»;».
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
1) 1-баптың 64-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету кезінде ғана шеккен шығыстарына өтем жасау үшін оның осындай көрсетілетін қызметтен түскен кірістерінің жетіспеуі салдарынан өзінің энергия өндіруші ұйымдар алдындағы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;»;
2) 3-баптың 1-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 9-тармағы 33) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 38-тармағы 1) тармақшасының жиырма тоғызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз бесінші және отыз жетінші абзацтарын, 7) тармақшасының үшінші абзацын, 8) тармақшасының үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 17), 24), 26) және 27) тармақшаларын, 64-тармағының 1) тармақшасын және 92-тармағының 20) тармақшасын;»;
8) тармақшадағы «абзацын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.» деген сөздер «абзацын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 64-тармағы 2) тармақшасының екінші, сегізінші және он жетінші абзацтарын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жиырма бесінші, жиырма жетінші, отыз төртінші, отыз алтыншы, отыз жетінші абзацтарын, 11) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отыз екінші, отыз үшінші, отыз бесінші, отыз сегізінші абзацтарын, 9) тармақшасының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын, 15) және 16) тармақшаларын;
3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының отызыншы абзацын, 9) тармақшасының он екінші, он үшінші, он бесінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 10) тармақшасын, 11) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8) мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-баптармен толықтырылсын:
«10-1-бап. Ұлттық оператор
Ұлттық оператор:
1) жүйелік оператор жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алуды-сатуды қоспағанда, электр энергиясының орталықтандырылған импорты мен экспортын жүзеге асырады;
2) тендерлер өтпей қалған жағдайда, жылу және электр энергиясын аралас өндіруді жүзеге асыратын, әлеуметтік маңызды электр станцияларын салуды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде электр энергетикасы объектілерін салуға қатысады.
10-2-бап. Нарық кеңесі
1. Нарық кеңесі:
1) электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;
2) инвестициялық бағдарламаларды қарайды;
3) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) уәкілетті орган айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Нарық кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.»;».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 12-і.
№ 394-V