7) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады.
11. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) электр және энергия қондырғыларына кедергісіз қол жеткізуге;
2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыруға;
3) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргiзу, энергетикалық ұйымдарды кешендi тексерулер және электр станциялары, электр желiлерi энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезiнде сарапшыларды тартуға;
4) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартуға құқылы.»;
4) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Жекелеген тексерулер мен мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
1. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, кернеуі 0,4 кВ жоғары электр желілерінің, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан асатын магистральдық жылу желілерінің және қазандықтардың энергетикалық жабдығын пайдалануға қойылатын талаптарды сақтау және олардың техникалық жай-күйі бойынша тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы бапта айқындалады.
2. Тексерілетін субъектіні тексеру - бақылау нысандарының бірі, оны мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган мынадай әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізеді:
1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның лауазымды адамының тексерілетін субъектіге баруы;
2) бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұрату;
3) осы Заңның 6-бабына сәйкес тексерілетін субъектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды оның сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында шақырту.
3. Тексерулер ішінара және жоспардан тыс болып бөлінеді.
Ішінара тексеру - мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган нақты тексерілетін субъектіге қатысты тағайындайтын, уәкілетті орган бекіткен ішінара тексерулер кестесінің негізінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы мәселелері бойынша жүргізілетін тексеру.
Жоспардан тыс тексеру - мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган нақты тексерілетін субъектіге қатысты тағайындайтын тексеру.
Жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тексеру нысанасына қойылатын талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте тексерулер құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге жатады.
4. Ішінара тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелерінің және тексерілетін субъектілер объектілерінің тізбесі, сондай-ақ тексерулер жүргізу кезеңдері көрсетіле отырып, күнтізбелік жылға арналған ішінара тексерулер кестесі жасалады.
Ішінара тексерулер кестесіне Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, кернеуі 0,4 кВ жоғары электр желілерінің, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан асатын магистральдық жылу желілерінің және қазандықтардың энергетикалық жабдығын пайдалануды жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер енгізіледі.
Ішінара тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде ішінара тексерулер кестесі мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның ресми интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
5. Тексерулер ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген тексерілетін субъектінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеруді бұзушылықтардың жолын кесу және (немесе) олардың жасалуының мән-жайларын анықтау қажет болған жағдайларда жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізуге жол беріледі.
6. Тексеруді тағайындау және тексеру нәтижелері туралы актілер, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оны жүргізу мерзімін ұзарту, тексеруге қатысушылар құрамының өзгеруі туралы хабарламалар уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жасалады.
Көрсетілген актілер мен хабарламалар, сондай-ақ тексерілетін субъектіге тексеру жүргізудің басталуы туралы хабардар ету тексерілетін субъектіге мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тексеруді тағайындаған басшысының цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында не өзге де тәсілмен жіберіледі. Тексеруді тағайындау туралы акт жіберілген күннен кейінгі жұмыс күні тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде тексерілетін субъект тексеруді тағайындаған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға оларды алғаны туралы хабарламаны электрондық құжат нысанында немесе өзге де тәсілмен жіберуге міндетті.
Хабарламаларды электрондық түрде беру жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе өзгертілген жағдайда, тексерілетін субъектілер бұл жайында мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға дереу хабарлайды.
8. Тексеруді тағайындау туралы акт негізінде тексеру жүргізіледі.
Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік техникалық инспекторлар тексеруді тағайындау туралы актіні және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті. Өзге құжаттарды көрсетуді талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік техникалық инспектордың тексерілетін объектіге кіруіне кедергі келтірілген жағдайда, мемлекеттік техникалық инспектор хаттама жасайды. Тексерілетін объектіге кіргізуден бас тарту тексеру жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды.
Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мемлекеттік техникалық инспекторлар ғана тексеруді жүргізеді. Тексеруді жүргізетін мемлекеттік техникалық инспекторлардың құрамы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның шешімімен өзгертілуі мүмкін, бұл жайында тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін хабарлама жіберіледі.
9. Тексеру жүргізудің мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді, бірақ отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізудің мерзімін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшысы отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, бұл ретте мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні міндетті түрде ресімдеп, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себебі көрсетіледі.
Тексеру жүргізудің мерзімі ұзартылған жағдайда, тексеру жүргізудің мерзімі өткенге дейін тексерілетін субъектіге тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарлама жіберіледі.
Тексеру күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге бір рет тоқтатыла тұруы мүмкін. Арнайы зерттеулерді, сынақтарды, сараптамаларды күнтізбелік отыз күннен асатын мерзімде жүргізу қажет болған жағдайда, тексеру жүргізудің мерзімі олар алынғанға не орындалғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Тексеру тоқтатыла тұрған не қайта басталған жағдайларда, тексерілетін субъектіге тексеру тоқтатыла тұрғанға не қайта басталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын тиісті хабарлама жіберіледі.
Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізудің мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
Тексеру тоқтатыла тұрған және осы бапта белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған субъекті бойынша тексеру жүргізуге жол берілмейді.
10. Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік техникалық инспекторлар тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексерілетін субъектінің тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтары жазбаша түрде баяндалады және тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеледі, онда тиісті белгі жасалады.
Тексеру нысанасына қойылатын белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жүргізіледі.
Тексерілетін субъектіде түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы қосымшаларының көшірмелерімен тексерілетін субъектіге жіберіледі.
11. Тексеру нәтижелері бойынша тексеру нысанасына қойылатын белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган тексерілетін субъектіге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жібереді.
Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қарсылықтар болмаған кезде тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіні алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тексеруді жүргізген басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты беруге міндетті.
Тексерілетін субъект нұсқаманы алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде нұсқаманы берген мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға өзінің қарсылықтарын енгізуге құқылы, бұлар бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тексерілетін субъект нұсқамаға қарсылықтарын қарау нәтижелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғары тұрған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға немесе сотқа нұсқамаға шағым жасауға құқылы.
Өтініш берушінің өтінішхаты бойынша нұсқаманы орындау жоғары тұрған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның шағымды қарау кезеңіне тоқтатыла тұрған жағдайларды қоспағанда, шағым беру нұсқаманың орындалуын тоқтата тұрмайды, бұл жайында өтініш берушіге өтінішхат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
Жоғары тұрған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган нұсқамаға шағымды он жұмыс күні ішінде қарайды және нұсқаманың күшін толық немесе ішінара жою не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
12. Мемлекеттік техникалық инспекторлардың тексеруді жүргізу кезінде:
1) тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде кедергісіз кіруге;
2) тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) тиісті мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
13. Мемлекеттік техникалық инспекторлар тексеруді жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексерулерді осы бапта және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және тәртіппен қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін субъектілердің белгіленген жұмыс режіміне кедергі келтірмеуге;
4) осы Заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін субъектінің қатысуына кедергі келтірмеуге, тексеру нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірулер беруге;
6) тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін субъектіге оның нысанасына қатысты қажетті ақпарат беруге;
7) тексерілетін субъектіге жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні ол аяқталған күні тапсыруға;
8) алынған құжаттардың және тексеру жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
14. Тексерілетін субъектілер:
1) объектіге тексеру жүргізу үшін келген мемлекеттік техникалық инспекторларды:
ішінара тексеру тағайындалған кезде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның ішінара тексерулер кестесінде тексерілетін объект болмаған;
тексеруді тағайындау туралы актіде мемлекеттік техникалық инспектор туралы деректер болмаған;
тексеру жүргізудің мерзімі тексеруді тағайындау туралы актіде не тексеру жүргізуді қайта бастау, мерзімін ұзарту туралы хабарламаларда көрсетілген мерзімге сәйкес келмеген;
ішінара тексеруді жүргізу үшін негіздер немесе жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт болмаған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;
2) егер мәліметтер жүргізілетін тексеру нысанасына немесе тексеруді тағайындау туралы актіде, тексеру жүргізуді қайта бастау, мерзімін ұзарту туралы хабарламаларда көрсетілген кезеңдерге жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік техникалық инспекторлардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
15. Тексерілетін субъектілер:
1) тексеру жүргізу үшін өз аумағына және үй-жайларына мемлекеттік техникалық инспекторлардың кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес мемлекеттік техникалық инспекторларға тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне;
3) зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінен объектіге тексеру жүргізу үшін келген мемлекеттік техникалық инспекторлардың қауіпсіздігін осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес қамтамасыз етуге міндетті.
16. Мыналар:
1) жоспарлы тексеру жүргізу үшін негіздердің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы тексеруді жарамсыз деп тану үшін негіздер болып табылады.
Тексерудің жарамсыз деп танылуы осы тексеру нәтижелері туралы актінің және бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган тексерілетін субъектінің тексерудің жарамсыздығына байланысты тексеру нәтижелері туралы актінің күшін жою туралы өтінішін қарауды өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Өтінішті қараудың осы Заңда белгіленген мерзімінің бұзылуы тексерілетін субъектінің пайдасына қарастырылады.
17. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган субъектіге (объектіге) бару арқылы мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын:
1) егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерумен байланысты болған;
2) тексерілетін субъект рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды (ақпарат) алу үшін бастамашылықпен жүгінген жағдайларда жүргізеді.
18. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын бару арқылы жүргізу кезінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган тексерілетін субъект тұрған жердегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органды бұларды жүргізгенге дейін хабардар етеді.
19. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде:
1) осы баптың 17-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға бақылау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органда тіркелу және тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету талап етілмейді;
3) бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқа) жасалады.
20. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын талдау нәтижелері ішінара тексерулер жүргізу үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.
21. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде осы бапқа сәйкес тексерулерді жүзеге асырады.»;
5) мынадай мазмұндағы 7-3-баппен толықтырылсын:
«7-3-бап. Энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеу
1. Энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеуді мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган жүзеге асырады.
Электр зертханаларын аккредиттеуді мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғалардың энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу туралы құжаттарын қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу жөніндегі комиссияны құрады.
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың электр зертханаларын аккредиттеу туралы құжаттарын қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері электр зертханаларын аккредиттеу жөніндегі комиссияны құрады.
Энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды комиссия олар мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап есептелетін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады.
3. Оң шешім қабылданған жағдайда, мұндай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлік беріледі.
Аккредиттеуден бас тартылған кезде, комиссия мұндай шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осындай бас тартудың себептері көрсетіле отырып, уәжді жазбаша жауап жіберіледі.
Мыналар:
1) берілген ақпараттың Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) өтініш берілген қызмет түрімен айналысуға тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы аккредиттеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
4. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган немесе оның аумақтық бөлімшесі берген аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды болады.
5. Мыналар:
1) аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші;
2) аккредиттелген субъектінің таратылуы;
3) соттың заңды күшіне енген шешімі аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтату үшін негіздер болып табылады.
6. Энергетикалық сараптама жүргізу үшін өтініш берушіге және электр зертханаларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленеді.»;
6) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Электр энергиясы мен қуаты нарығындағы жүйелік оператор және энергияны өндіру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар»;
7) 10-бапта:
1-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режімдерiн басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету және электр қуатын реттеу бойынша өзара iс-қимыл жасайды;»;
19) және 22) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) қуатты берудің келісілген схемалары туралы ақпаратты тоқсан сайын уәкілетті органға береді;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жүйелiк оператордың мынадай жағдайларда:
1) технологиялық және өндiрiстiк мұқтаждарға;
2) шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен бірге электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;
4) жасасқан шарттар шеңберінде шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен бірге авариялық өзара көмек көрсету үшін энергия өндіруші ұйымнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясын тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін электр энергиясын берушілерден электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырсын:
«2-1. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымдарға қуаттар авариялық істен шыққан жағдайда, олардың басқа энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу мүмкіндігі болмаған кезде электр энергиясын беруді жүзеге асырады. Жүйелік оператордың шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық өзара көмек көрсету туралы шарты біреуден көп болған жағдайда, жүйелік оператор техникалық сипаттағы шектеулерді ескере отырып, электр энергиясының ең төмен бағасын ұсынған электр энергиясын берушіні таңдайды.»;
2-тармақтың 8) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
8) мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2 және 10-3-баптармен толықтырылсын:
«10-1-бап. Ұлттық оператор
Ұлттық оператор:
1) жүйелік оператор жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сатуды қоспағанда, электр энергиясының орталықтандырылған импорты мен экспортын жүзеге асырады;
2) тендерлер өтпей қалған жағдайда, жылу және электр энергиясын аралас өндіруді жүзеге асыратын, әлеуметтік маңызды электр станцияларын салуды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде электр энергетикасы объектілерін салуға қатысады.
10-2-бап. Нарық кеңесі
1. Нарық кеңесі:
1) электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;
2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдарды жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарайды;
3) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) уәкілетті орган айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Нарық кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
10-3-бап. Бірыңғай сатып алушы
1. Бірыңғай сатып алушыны уәкілетті орган айқындайды.
2. Бірыңғай сатып алушы:
1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады;
2) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасады;
3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алады;
4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартқа сәйкес электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді;
5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің алдағы күнтізбелік жылға бағасының есебін және оны өз интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады;
6) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тізбесін қалыптастырады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісін көрсете отырып, өз интернет-ресурсында орналастырады.»;
9) 12-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электр энергиясын өндiруге және беруге қатысушылар:
1) жүйелiк операторға Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты және электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жөнiнде нақты ақпаратты (өндiру, шиналардан босату, өз мұқтаждары, шиналардан электр энергиясын босатуға үлестiк шығыстар) беруге;
2) жүйелiк оператордың коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуіне рұқсат беруге;
3) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
4) жасалған шарттар негiзiнде Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi стандартты жиiлiктi реттеуді және ұстап тұруды жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерінiң және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес негiзгi және қосалқы жабдықты, аварияға қарсы және режімдiк автоматика, релелiк қорғау, диспетчерлiк технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;