Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2017.11.07. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтікқұқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацындағы «жағдайдағы қызметті қоспағанда, табиғи монополиялар салаларына жатпайтын қызметтер көрсетуге және өзге де қызметті жүзеге асыруға» деген сөздер «жағдайдағы» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«ол шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау жөніндегі функцияларды жүзеге асырған жағдайдағы қызметті қоспағанда, табиғи монополиялар салаларына жатпайтын қызметтер көрсетуге және өзге де қызметті жүзеге асыруға;»;
2) 18-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасында белгіленген қызметті қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңмен рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына уәкілетті органның алдын ала хабарламасын не келісімін алу талап етіледі. Осы тармақшаның талаптары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау жөніндегі функцияларды орындауына байланысты оның өзге қызметті жүзеге асыру жағдайына қолданылмайды;»;
3) 18-4-баптың 2-1 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Табиғи монополия субъектiсi:
1) электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған, тиiстi тауар нарығында электр энергиясының тапшылығы болған;
2) табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға қойылатын, электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуға арналған шарттарға сай келмеген;
3) электр энергиясын беру және бөлу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымының жоспарлыдан ауытқуларына өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алған;
4) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ тарату ұйымдарынан газ сатып алған;
5) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алған жағдайларды қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.»;
«9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне және өңірлік электр желілері компанияларына қолданылмайды.».
2. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат):
1) 1-бапта:
2-1) және 2-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) әзірлік паспорты - энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2-2) бірыңғай сатып алушы - осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 2-3), 15-2), 18-2), 22-2), 23-1) және 26-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-3) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы;»;
«15-2) күзгі-қысқы кезең - басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;»;
«18-2) нарық кеңесі - электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;»;
«22-2) сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
«23-1) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф - электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеуге тіркелген пайда ескерілетін, уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін жеті жылға тең мерзімге бекітетін, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясына босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;»;
«26-1) ұлттық оператор - жүйелік оператор жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сатуды қоспағанда, электр энергиясының орталықтандырылған импорты мен экспортын, сондай-ақ осы Заңда көзделген функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
31-1) және 31-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет - энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша бірыңғай сатып алушыға көрсететін қызметі;
31-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф - жұмыс істеп тұрған барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады);»;
31-3) тармақша алып тасталсын;
31-4), 31-5) және 31-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«31-4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф - жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылар салуға тендер жеңімпаздары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тариф;
31-5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушы көрсететін қызмет;
31-6) электр қуатының нарығы - энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықты электр энергиясын өндіруге әзірлігі жағдайында ұстап тұруға, бұрыннан бар өндірістік активтерді жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ оларды құруға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі;»;
31-7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 31-8) тармақшамен толықтырылсын:
«31-8) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы - электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуға бағытталған процесс;»;
33) және 33-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«33) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы, ұлттық оператор;
33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф - электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын тіркелген пайда ескерілетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;»;
мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
«37-1) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобы - мынадай өлшемшарттар: энергия өндіруші ұйымдардың типі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отын орналастырылған жерден қашықтығы, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы бойынша қалыптастырылған энергия өндіруші ұйымдар жиынтығы;»;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға, оның ішінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алу-сатуға, жүйелік және қосалқы қызметтер, электр қуаты нарығында қызметтер көрсетуге байланысты қатынастар жүйесі;»;
2-тармақтың 1) тармақшасының отызыншы абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
42) тармақша алып тасталсын;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) энергетикалық сараптама - электр энергетикасы саласындағы жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, сондай-ақ олардағы технологиялық бұзушылықтарды және өндірістік жарақаттануды тергеп-тексеру кезінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;»;
2) 5-бапта:
2), 3), 4), 22), 26), 54) және 56) тармақшалардағы «бекітеді» деген сөз «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;»;
23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«23) жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүлік (активтер) тізбесіне электр энергиясын қосу туралы шешім қабылдайды;»;
мынадай мазмұндағы 30-1) және 30-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«30-1) электр және жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және оларды күзету қағидаларын, сондай-ақ осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;
30-2) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
33), 37), 40), 59), 60), 67) және 69) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«33) техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«37) жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«40) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«59) энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
60) энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«67) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;»;
«69) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
70-4) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың 2) тармақшасының жиырма екінші, жиырма үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«70-5) электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 70-8), 70-9), 70-10), 70-11), 70-12), 70-13), 70-14), 70-15), 70-16), 70-17), 70-18), 70-19), 70-20), 70-21) және 70-22) тармақшалармен толықтырылсын:
2-тармақтың 2) тармақшасының жиырма бесінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«70-8) ұлттық операторды айқындайды, сондай-ақ ұлттық оператордың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2-тармақтың 2) тармақшасының жиырма алтыншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70-9) электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2-тармақтың 2) тармақшасының жиырма жетінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70-10) нарық кеңесін айқындайды, сондай-ақ нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2-тармақтың 2) тармақшасының жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70-11) бірыңғай сатып алушы пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
70-12) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасады;
70-13) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
70-14) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
2-тармақтың 2) тармақшасының отыз екінші, отыз үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70-15) бірыңғай сатып алушыны айқындайды;
70-16) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;
2-тармақтың 2) тармақшасының отыз төртінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70-17) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2-тармақтың 2) тармақшасының отыз бесінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70-18) бірыңғай сатып алушы уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
2-тармақтың 2) тармақшасының отыз алтыншы, отыз жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70-19) бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70-20) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2-тармақтың 2) тармақшасының отыз сегізінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70-21) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70-22) міндетті ведомстволық есептілік нысандарын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді және бекітеді;»;
3) 6-баптың 2, 2-1, 3, 8-тармақтары, 9-тармағының 2) және 4) тармақшалары, 10, 10-1 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган:
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк-құқықтық актілері талаптарының сақталуын;
2) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;
3) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін;
4) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады.
2-1. Жергілікті атқарушы органдар:
1) қазандықтардың, жылу желілерінің және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;
2) қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруға және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.
3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Осы Заңның 6-1-бабында көзделген тексерулерді қоспағанда, тексеру және мемлекеттік энергетикалық бақылаудың өзге нысандары «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
«8. Электр энергетикасы объектiсiнiң басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшiн орындау мерзiмдерi мен орындалуына жауапты адамдар көрсетiлген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгiленген үлгiдегi нұсқама берiледi немесе акт жасалады, оның негізінде объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзірлейді, бұл мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға немесе жергілікті атқарушы органға ұсынылады.»;
«2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуын;»;
«4) электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң күзгi-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігіне жүргiзiледi.»;
«10. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган:
1) электр энергетикасы кәсiпорындарының объектiлер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөнiндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
2) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiктерге бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушылардың жаппай шектелуіне, iрi энергетикалық жабдықтың бүлінуіне әкеп соққан электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы iрi технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебiн жүргiзедi;
3) энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
4) электр станциялары, электр желiлерi энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдар қарауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады.
10-1. Жергілікті атқарушы органдар:
1) қазандықтар мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;
2) қазандықтар мен жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
3) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспорттарын береді;
4) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станциялар салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар береді;
5) тұтынушылардың жылу энергиясынан шектелуіне, қазандықтардың энергетикалық жабдығының бүлінуіне әкеп соққан жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебін жүргізеді;
6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдар қарауды жүзеге асырады;