4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;
5) тергеп-тексерудің кез келген сатысында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға, процестік келісімнің көшірмесін алуға;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда, қылмыстық істі алқабилер қатысатын соттың қарауы туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
6. Сотталушының:
1) бірінші және апелляциялық сатылардағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;
2) қорғаушы тараптың барлық құқықтарын, сондай-ақ соңғы сөз құқығын пайдалануға;
2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сот талқылауының кез келген сатысында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға;
4) жасалған процестік келісімнен сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткен кезге дейін бас тартуға;
5) жария сот талқылауын талап етуге;
6) істі тоқтатуға қарсылық білдіруге құқығы бар.
7. Сотталған адамның немесе ақталған адамның:
1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
2) соттың үкіміне, қаулысына, судьяның қаулысына шағым жасауға және шағым жасалған шешімдердің көшірмелерін алуға;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге, оларға қарсылықтар беруге;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) келтірілген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;
5) ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға құқығы бар.
8. Айыпталушыда қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң болуы айыпталушының қандай да бір құқығын жоюға немесе шектеуге негiз бола алмайды.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 65-1-баппен толықтырылды
65-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куә
1. Егер адам қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда және хабарда оны жасаған адам ретінде көрсетілсе не қылмыстық процеске қатысатын куә оған қарсы айғақтар берсе, бірақ бұл адамға процестік ұстап алу қолданылмаса не оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарылмаса, онда ол қорғалуға құқығы бар куә мәртебесін алады.
2. Қорғалуға құқығы бар куәнің:
1) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан қорғалуға құқығы бар куәнің мәртебесі туралы түсіндірме алуға;
3) осы Кодексте көзделген жағдайларда сараптама тағайындау туралы қаулымен танысуға;
4) осы Кодексте көзделген жағдайларда сараптаманың қорытындысымен танысуға;
5) айғақтар беруден бас тартуға;
6) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірілген адамдары арқылы қорғаушы ретінде адвокат шақыруға;
7) қорғаушысының қатысуымен айғақтар беруге;
8) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақтар беруге;
9) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
10) жауап алу хаттамасына өз айғақтарын өз қолымен жазуға;
11) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарын, сондай-ақ оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен танысуға;
12) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге, дәлелдемелер ұсынуға;
13) өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты, оның ішінде сараптама жүргізу және қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
14) қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
15) өзіне қарсы куә болғандармен беттесуге;
16) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге құқығы бар.
3. Қорғалуға құқығы бар куә: соттың, прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шақыруы бойынша келуге; тергеу әрекеттері жүргізілген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
4. Осы Кодекстің 223 және 271-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қорғалуға құқығы бар куәні сараптамаға немесе куәландырылуға тартуға болмайды.
5. Қорғалуға құқығы бар куәге қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
66-бап. Қорғаушы
1. Қорғаушы - қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оларға қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде заң көмегiн көрсететiн адам.
2. Адвокат қорғаушы ретiнде қатысады. Адвокат қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысқан кезде қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның жазбаша арызы бойынша оларды адвокатпен қатар қорғауды мына адамдардың біреуі: жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, қорғаншысы, қамқоршысы не қорғалатын адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады. Шетелдiк адвокаттардың iске қорғаушылар ретiнде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара түсіністік негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiппен жол берiледi.
3. Адамның қорғалуға құқығы бар куә, күдіктi, айыпталушы мәртебесін алған кезінен бастап, сондай-ақ қылмыстық процестің кез келген келесі кезінде қорғаушы қылмыстық процеске қатысуға құқылы.
4. Егер қорғалуға құқығы бар куәлардың, күдіктiлердiң, айыпталушылардың, сотталушылардың бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, бiр сол адам олардың екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.
5. Адвокаттың өзi мойнына алған қорғалуға құқығы бар куәны, күдіктiні немесе айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ.
67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуы
1. Қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуы, егер:
1) бұл туралы күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтiнiшхат берсе;
2) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелеттік жасқа толмаса;
3) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам дене немесе психикалық кемiстiгi салдарынан өзiнiң қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
4) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;
2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) адамға жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкiн болатын қылмыс жасады деп күдік келтірілсе, айып тағылса;
6) күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылса немесе олар стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберiлсе;
7) күдіктiлердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, ақталғандардың мүдделерi арасында қайшылықтар болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса;
8) қылмыстық процеске жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының) немесе азаматтық талапкердің өкiлi қатысса;
9) iс сотта қаралған кезде оған мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор (мемлекеттік айыптаушы) қатысса;
10) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса және қылмыстық қудалау органдарына немесе сотқа келуден жалтарса;
11) процестік келісім және оны жасасу туралы өтінішхат мәлімделсе, міндетті.
2. Қорғаушының қатысуы осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) - 6), 10) тармақтарында көзделген жағдайларда - адамды күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам деп таныған кезден бастап, 7) тармағында көзделген жағдайларда - күдіктiлердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, ақталғандардың мүдделерi арасында қайшылық анықталған кезден бастап, 8), 9) тармақтарда көзделген жағдайларда - іске жәбірленушінің өкілі, прокурор қатысқан кезден бастап, 11) тармақта көзделген жағдайларда - күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеген кезден бастап қамтамасыз етiледi.
3. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өзi, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа да тұлғалар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргізетін орган процестiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы ол адвокаттардың кәсiби ұйымы үшiн мiндеттi қаулы шығарады.
68-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, алмастыру, оның еңбегiне ақы төлеу
1. Қорғаушы ретінде адвокатты қорғалуға құқығы бар куә, күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәның, күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсыруы бойынша немесе келiсуiмен басқа да тұлғалар шақырады. Күдiктi, қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам қорғалу үшiн бiрнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өтініші бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган тиісті қаулыны адвокаттардың кәсіптік ұйымына қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жіберу арқылы қамтамасыз етеді.
3. Таңдалған немесе тағайындалған қорғаушы ұзақ мерзiм (кемiнде бес тәулiк) бойы қатыса алмайтын жағдайларда, қылмыстық процестi жүргізетін орган қорғалуға құқығы бар куәға, күдiктiге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушыны шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындау шараларын қолдануға құқылы. Қылмыстық процестi жүргізетін органның қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс жасауға құқығы жоқ.
4. Ұстап алу немесе күзетпен қамауға алу жағдайында, егер күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам таңдаған қорғаушы жиырма төрт сағаттың iшiнде келе алмайтын болса, қылмыстық процесті жүргізетін орган күдiктiге, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушыны шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда, адвокаттардың кәсiби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындау шараларын қолданады.
5. Адвокаттың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Қылмыстық процестi жүргізетін орган осыған негiздер болған кезде күдiктiні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу мемлекет есебiнен жүргiзiледi.
6. Адвокат сотқа дейінгі тергеп-тексеруге немесе сотқа осы Кодекстiң 67-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген, тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар мемлекеттiң есебiне жатқызылуы мүмкiн.
7. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге бiрнеше қорғаушы қатысқан жағдайда, өзіне қорғаушының қатысуы қажеттi процестік әрекет оған тиiстi күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғаушыларының түгел қатыспауынан заңсыз болып таныла алмайды.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Адвокат «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде іске қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес басқа адам өзінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжатты (неке туралы куәлікті, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.
69-бап. Қорғаушыдан бас тарту
1. Күдіктi, айыпталушы, сотталушы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде қорғаушыдан бас тартуға құқылы. Осындай бас тартуға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысушы қорғаушының не осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен тағайындалған қорғаушының қатысуымен күдіктінің, айыпталушының, сотталушының бастамасы бойынша ғана жол беріледі. Қорғаушыдан заң көмегіне ақы төлеу үшiн қаражаттың жоқтығы себептерінен бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша нысанда ресiмделедi немесе тиiстi тергеу немесе сот әрекетiнiң хаттамасында көрсетiледi.
2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстiң 67-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 2), 3) 4) және 5) тармақтарында (адамға жазалау шарасы ретiнде өмiр бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкiн қылмыстарды жасады деп күдік келтірілген кезде), 6) тармағында (күдіктіні стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберу кезiнде) көзделген жағдайларда, қылмыстық процестi жүргізетін орган күдіктінің, айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қабылдай алмайды.
3. Қорғаушыдан бас тарту адамды бұдан әрі қорғаушыны қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуға жіберу туралы өтiнiшхат беру құқығынан айырмайды. Қорғаушының процеске кірісуі осы уақытқа дейiн тергеп-тексеру немесе сот талқылауы барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды.
70-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi
1. Қорғаушы күдіктi, айыптауды теріске шығаратын немесе күдіктінің, айыпталушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды анықтау мақсатында қорғаудың барлық заңды құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажетті білікті заң көмегін көрсетуге мiндеттi.
2. Қорғаушы:
1) күдіктімен, айыпталушымен саны мен ұзақтығы шектелмейтін оңаша және құпия кездесуге;
2) осы Кодексте көзделген тәртіппен, қылмыстық іс материалдарына міндетті түрде қоса тігілуге жататын, заң көмегін көрсету үшін қажетті нәрселерді, құжаттарды, мәліметтерді, сондай-ақ өзге де деректерді жинауға және ұсынуға;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) күдіктіден, айыпталушыдан жауап алуға, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтінішхаты не қорғаушының өз өтінішхаты бойынша жүргізілетін өзге де тергеу әрекеттеріне және процестік әрекеттерге, оның ішінде қарап-тексеруге, тінтуге, алуға қатысуға, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларды жариялау кезінде күдіктіге қатысуға, сондай-ақ осы қаулыларды прокурор келіскеннен кейін олардың көшірмелерін алуға;
4) қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шаралары, жасырын тергеу әрекеттері туралы деректер қамтылған іс материалдарын қоспағанда, іске кіріскен кезден бастап өзінің қорғауындағы адамға қатысты істің мынадай материалдарымен:
адамның жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызында, хабарында қамтылған дербес деректерді қоспағанда, осындай арызбен, хабармен;
осындай арызда, хабарда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, оларды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу туралы баянатпен;
қорғаудағы адамның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің және процестік әрекеттердің хаттамаларымен;
бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен және бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы сот алдындағы өтінішхатпен танысуға құқылы.
Өзінің қорғауындағы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының:
сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын іс жүргізуге қабылдау;
тергеу, жедел-тергеу тобын құру;
қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тілін белгілеу;
оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, жәбірленуші деп тану;
азаматтық талапкер деп тану;
күдікті деп тану;
күдіктінің іс-әрекетін саралау;
бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қозғау;
қорытынды беру үшін маманды тарту;
сот сараптамасын тағайындау;
мүлікке тыйым салуды қолдану;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу;
сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату;
тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау;
қорғау тарапының шағымдарын, өтінішхаттарын қарау нәтижелері;
тінту, алу (олар аяқталғаннан кейін) жүргізу;
тергеу экспериментін жүргізу;
сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулыларының көшірмелерін ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіруге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан алуға құқылы.
Сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен:
маман, сарапшы қорытындысының, өзінің қорғауындағы адамға қатысты қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабардың;
тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны және қылмыстық іс материалдарымен танысу құқығын түсіндіру туралы хабарламаның көшірмелерін түсіруге құқылы.
Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді және айыптау куәларының тізімін қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық істің барлық материалымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметтерді жазып алуға, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен көшірмелерін түсіруге құқылы;
6) өтінішхаттарды, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге;
7) кез келген сатыдағы сотта істі алдын ала тыңдауға, сот талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау кезінде, соттың бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы кезінде, күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттарды қарау кезінде, тергеу судьясы қорғаушы тараптың шағымдары мен өтінішхаттарын қараған кезде, айғақтар сақтауға қою кезінде сот отырысына қатысуға;
8) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға құқылы, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға және оған ескерту енгізуге;
9) өзіне және өзінің қорғауындағы адамға табыс етілуге жататын процестік құжаттардың көшірмелерін алуға;
10) қылмыстық процесті жүргізетін адамның және қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарсылық білдіруге, бұл қарсылықтарды процестік құжаттарға енгізуді талап етуге;
11) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым келтіруге және оларды қарауға қатысуға;
12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;
13) қорғауындағы адамның қатысуымен процестік әрекеттің өткізілетін уақыты мен орны туралы, сондай-ақ қорғаушы тараптың шағымдарын, бұлтартпау шарасын қолдану, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту, айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхаттарды қарауға байланысты барлық сот отырыстары туралы қылмыстық процесті жүргізетін орган арқылы күні бұрын хабардар етілуге құқылы.
3. Іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокат осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар, сондай-ақ:
1) тергеу судьясы алдында куәның және жәбірленушінің айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат беруге;
2) сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда тергеу судьясы алдында, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, күдіктіге, айыпталушыға, қорғалуға құқығы бар куәға білікті заң көмегін көрсету және олардың мүдделерін қорғау үшін қажет кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру туралы өтінішхат беруге;
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жасырын тергеу әрекетін қоспағанда, оның ішінде қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаса, тергеу судьясының алдында сараптама тағайындау не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тергеу әрекетін жүргізуі туралы өтінішхат беруге;
4) істің мән-жайлары туралы бірдеңе білетін адамдардан сұрақ алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, сұрақ алуға және осылайша алынған нақты деректерді іс материалдарына қосып тігу туралы өтінішхат беруге;
5) сарапшының, маманның іс бойынша қорытындыларын шарттық негізде алуға және осындай қорытындыларды іс материалдарына қосып тігу туралы өтінішхат беруге;
6) тергеу судьясы алдында өзі бұрын сұрақ алған айғақ беру үшін келуін қамтамасыз ету қиындық туғызатын куәны қылмыстық процесті жүргізетін органға мәжбүрлеп әкелу туралы өтінішхат беруге құқылы.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алуды аяқтағаннан кейін тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысатын қорғаушы жауап алынып жатқан адамдарға сұрақтар қоюға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қорғаушының сұрақтарын қабылдамауына болады, бiрақ берiлген сұрақтардың бәрiн хаттамаға енгiзуге мiндеттi. Қорғаушы тергеу әрекетiнiң хаттамасына оның жазбаларының дұрыстығы мен толықтығына байланысты жазбаша ескертулер жасауға құқылы.
Қорғаушы ретінде процестік әрекетті жүргізуге қатысатын адвокат сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қатысуымен қорғалатын адамның өтініші бойынша қысқаша консультациялар беруге құқылы.
5. Қорғаушы: өзiнiң қорғауындағы адамның мүдделерiне қарсы қандай да бір әрекеттер жасауға және оған тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруына кедергi келтіруге; қорғауындағы адамның ұстанымына қарамастан, оның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы барын және оны жасауда кiнәлi екенін мойындауға, қорғауындағы адамның жәбiрленушiмен татуласқаны туралы мәлiмдеуге; азаматтық талап қоюды мойындауға; қорғауындағы адам берген шағымдар мен өтiнiшхаттарды керi қайтарып алуға; заң көмегін көрсетуге өтiнiш бiлдiру және оны жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жариялауға құқылы емес.
6. Қорғаушының осы Кодексте көзделген басқа да құқықтары бар және басқа да мiндеттерi болады.
71-бап. Жәбiрленушi
1. Қылмыстық құқық бұзушылық өзіне тікелей моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян келтiрдi деп пайымдауға негiзі бар тұлға қылмыстық процесте жәбiрленушi деп танылады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамды жәбірленуші деп дереу тануға міндетті.