ішкі істер органдарының айдауылмен алып жүруі;
азаматтық, көшіп кету және көшіп келу мәселелері, шетелдіктермен жұмыс және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет;
уақытша ұстау изоляторларының, әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгілі бір тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтік жануарларға арналған питомниктердің жұмыс істеуі;
мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындағаны үшін ақы төлеуді қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ахуалдық орталығының электрондық пошта қызметтеріне, бейнеконференц-байланыс және бейнебақылау жүйесіне арналған шығындарды қоспағанда, аумақтық ішкі істер органдарының жанар-жағармай материалдарын сатып алуын, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылытуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, қызметтік үй-жайларын және көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу;
пробация қызметін қамтамасыз ету және ұстау;
4) білім беру:
аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы), аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту, оның ішінде аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардағы аудандарда орналасқан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйым дарының қызметін қамтамасыз ету;
аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім беру және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беру;
ауылдық жерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және алып қайтуды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен облыстарда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдары білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру;
мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу;
облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беру;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;
балаларды арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту;
мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;
облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткізу;
балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарау және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
әдістемелік жұмыс;
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) денсаулық сақтау:
облыстардың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммундық-биологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу және сақтау;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстардың бағыттарын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес жергілікті атқарушы органдар төлейтін мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;
республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар;
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:
әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда, қарттарды және мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру;
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;
2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау;
мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау;
мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;
жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қол жеткізуді қамтамасыз ету;
әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командалар мүшелерінің республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы;
облыстық деңгейде спорттық жарыстарды өткізу;
мемлекеттік облыстық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
жергілікті маңызы бар архив қоры объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;
жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
облыстық деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;
жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу;
шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру;
республикалық жəне жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне жəне туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылым объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету;
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде өсімдік шаруашылығын, тұқым шаруашылығын, мал шаруашылығын, ветеринарияны дамытуды, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өткізуді реттеу;
ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
арнаулы сақтау орындарын (қорымдарды) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;
бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді залалсыздандыру;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау;
облыстық маңызы бар коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
су қорғау аймақтарын, су объектілері белдеулері мен аймақтарын белгілеу;
коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
облыстық маңызы бар сумен жабдықтау жүйелерін, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды салу және реконструкциялау;
ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру;
су қорын қорғау, су үнемдеу жəне су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, судың зиянды əсерінің алдын алу жəне жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
облыстық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау;
Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу;
облыстық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;
облыстық маңызы бар инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша іс-шаралар өткізу;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:
елді мекендерді газдандыру;
профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізу;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы субсидиялау;
коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) өнеркәсіп, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану:
облыстық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;
11) көлік және коммуникациялар:
әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық облысішілік), сондай-ақ қала маңындағы теміржол қаты нас тары бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру;
облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, оның ішінде автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын ағымдағы жөндеу;
12) экономикалық қызметті реттеу:
жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;
әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) мемлекеттік міндеттемелерді орындау:
жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау;
жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;
мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау;
коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу;
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;
14) трансферттер:
аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге берілетін трансферттер;
республикалық бюджетке берілетін трансферттер.
2. Облыстық бюджеттерден осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша:
1) жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, кадрларын қайта даярлау мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға;
2) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік инвестицияларына, ғылыми зерттеулеріне;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген облыстық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне, функцияларына, өкілеттіктері мен құзыреттеріне арналған шығыстар да қаржыландырылады.
33-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жұмыс істеуі;
2) қорғаныс:
аудандық (облыстық маңызы бар қала) әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен қамтамасыз ету, оларды күтіп-ұстау, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен жабдықтау, медициналық және техникалық жұмыскерлермен, қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз ету және медициналық комиссиялар құру жөніндегі әскери міндетті орындау шеңберіндегі іс-шаралар;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және оларды жою;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету;
3) қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:
елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) білім беру:
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
5) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:
әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
тұрғын үй көмегі;
үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету;
мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекші, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілінің мамандарын ұсыну;
мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;
халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын іске асыру;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну;
6) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау;
аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі;
зоопарктер мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде спорттық жарыстар өткізу;
әртүрлі спорт түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерінің облыстық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы;
мемлекеттік аудандық (облыстық маңызы бар қала) спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;
шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру;
7) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары:
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде жер қатынастарын реттеу;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, жайылымдарды сақтау және жақсарту, жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:
профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізу;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншікті қорғау жөніндегі шаралар;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
тұрғын үй қорын түгендеу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық тұрғын үйді бұзу;
бас жоспарды әзірлеу;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын ғимараттардың сейсмикалық беріктігін қолдауға бағытталған іс-шаралар;
коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, дренаж жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін құру, реконструкциялау және жөндеу;
елді мекендерді абаттандыруды, көгалдандыруды, жарық тандыруды және олардың санитариясын қамтамасыз ету;
жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) өнеркәсіп, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану:
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық жобалар шеңберінде қарыздар бойынша мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;
10) көлік және коммуникациялар:
аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
теміржол қатынастарын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру;
11) экономикалық қызметті реттеу:
жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) мемлекеттік міндеттемелерді орындау:
жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша тиісті облыс мәслихаты қабылдаған мемлекеттік міндеттемелерді орындау;
мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау;
коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу;
«толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;
13) трансферттер:
облыстық бюджетке түсетін трансферттер;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне түсетін трансферттер.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша:
1) жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, кадрларын қайта даярлау мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға;
2) бюджеттік инвестицияларға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне, функцияларына, өкілеттіктері мен құзыреттеріне арналған шығыстар да қаржыландырылады.
3. Облыстық маңызы бар қала бюджетінің құрамында облыстық маңызы бар қаладағы ауданның мынадай бағыттар бойынша шығыстары көзделеді:
1) облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
4) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
5) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;
6) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың жаппай демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасау;
7) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
8) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
9) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
10) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;
11) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімінің өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтері, функциялары, құзыреттері мен өкілеттіктері.
34-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің шығыстары
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
4) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
5) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
6) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
7) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
8) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;
9) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
10) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау;
11) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау;
12) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;
13) жергілікті деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
14) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;
15) ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;
16) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органдар жоқ кенттерде, ауылдарда және ауылдық округтерде азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қызметті ұйымдастыру;
17) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, жайылымдарды сақтау және жақсарту, жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
18) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке берілетін трансферттер;
19) жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, кадрларын қайта даярлау мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға;
2) бюджеттік инвестицияларға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне, функцияларына, құзыреттері мен өкілеттіктеріне арналған шығыстар да қаржыландырылады.
2-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БЮДЖЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ
8-тарау. ОСЫ КОДЕКСТІҢ МАҚСАТТАРЫ ҮШІН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК
ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ
35-бап. Бюджет процесінде қолданылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды әзірлеу қажеттігі мен заңдылығы бір деңгей жоғары тұрған құжаттардан туындайтын, ал бір деңгей жоғары тұрған құжаттарды мониторингтеу мен бағалау төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды іске асыру туралы анық ақпарат негізінде жүзеге асырылатын тұтас жүйені білдіреді.