25-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер
1. Мыналар облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
2) - 4) 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) цифрлық майнинг үшін төлемақы;
6) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;
7) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
8) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;
9) автокөлік құралдарының Қазақстан Республика сының аумағымен жүріп өткені үшін алым;
10) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым;
11) ойын бизнесі салығы;
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Мыналар облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
облыстық әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
облыстық коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтер;
облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне төленетін кірістер;
облыстық коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
облыстық коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жалға беруден түсетін кірістер;
уақытша бос бюджет ақшасын депозиттерге орналас тырудан алынған сыйақылар;
облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
облыстық коммуналдық меншіктен түсетін өзге де кірістер;
2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) мұнай секторының ұйымдарынан және салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорларға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
5) жергілікті атқарушы органдар тартатын гранттар;
6) облыстық бюджетке түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.
3. Мыналар облыстық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:
1) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруден түсетін түсімдер.
4. Мыналар облыстық бюджетке түсетін арнаулы түсімдер болып табылады:
1) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдары;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруға аударымдары;
4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын және қоршаған ортаға жағымсыз ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке жатқызылуға тиісті жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдар;
5) жер қойнауын пайдаланушылардан және мұнай секторының ұйымдарынан зиянды өтеу туралы талап қою бойынша алынған қаражат, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес салынатын, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке жатқызылуға тиісті қоршаған ортаны қорғау саласындағы айыппұлдар.
5. Мыналар облыстық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден берілетін трансферттер;
2) республикалық бюджеттен берілетін трансферттер.
6. Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарынан түсетін түсімдер облыстық бюджетке есепке жатқызылады.
26-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін түсімдер
1. Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) республикалық бюджетке есепке жатқызылатын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;
2) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін - тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке төлеген және аударған, арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын дара кәсіпкерлердің кірістерінен алынатын жеке табыс салығы;
4) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
5) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығын қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы;
6) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы;
7) мыналардан:
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілген тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралы салығын қоспағанда, көлік құралы салығы;
8) 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра қайнату өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдарға арнайы жасалған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішке, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға акциздер;
10) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
11) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығын қоспағанда және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
12) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін алым);
13) сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;
14) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
15) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
16) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;
17) жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
18) консулдық алымнан басқа, мемлекеттік баж.
2. Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтер;
аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне төленетін кірістер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруындағы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншіктен түсетін өзге де кірістер;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар;
5) жергілікті атқарушы органдар тартатын гранттар;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.
3. Мыналар негізгі капиталды сатудан аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін түсімдер болып табылады:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруден түсетін түсімдер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы.
4. Облыстық бюджеттен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен берілетін трансферттер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.
5. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түсетін түсімдер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке есепке жатқызылады.
27-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер
1. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) егер осы Кодекстің 26-бабының 1) тармағының 2) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін - тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;
2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы осы салық салу объектілері бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы;
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы;
4) мыналардан:
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілген тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралы салығы;
5) 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
7) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:
аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде;
елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы;
8) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы.
2. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетіне түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін өзге де кірістер;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетіне түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.
3. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы.
4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілетін трансферттер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.
28-бап. Салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорларға түсетін түсімдер
Бюджеттен тыс қорларға түсетін салықтық емес түсімдердің түрлері осы Кодекстің 13-тарауында айқындалған.
7-тарау. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА
ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ
29-бап. Бюджет деңгейлері арасында шығыстарды бөлу туралы жалпы ережелер
1. Бюджет шығыстарының бағыттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі негізінде айқындалады.
2. Осы Кодекстен басқа Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде шығыстар қаржыландырылуға тиіс бюджет деңгейін белгілеуге жол берілмейді.
Шығыстарды бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру осы Кодекстің 70-бабы 6-тармағының талаптары сақтала отырып, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілген және осы Кодекстің 83-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттер берілген кезде ғана жүзеге асырылады.
3. Бюджеттің белгілі бір деңгейінің шығыстарын бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.
4. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.
5. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.
30-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары
1. Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және оларды күзету;
Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жұмыс істеуі;
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау;
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын сайлауларды қоспағанда, референдумдар мен сайлауларды өткізу;
республикалық бюджеттің басқа бағыттары бойынша қаржыландырылатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі;
мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын жүзеге асыратын, басқа бағыттарға жатқызылмаған орталық атқарушы органдардың жұмыс істеуі;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің әртүрлі салалары мен аяларында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен наградтау;
қаржылық қызметтерді көрсететін жетекші халықаралық орталық қалыптастыруды қамтамасыз ету;
2) қорғаныс:
мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, жалпыға бірдей әскери міндетті орындауға байланысты іс-шараларды ұйымдастыру;
азаматтық қорғау және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметті ұйымдастыру;
мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысын қамтамасыз ету;
азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру;
жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтерді қалыптастыру және сақтау;
жаһандық, өңірлік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою;
кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3) қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі:
құқық қорғау қызметі;
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
пробация қызметін қамтамасыз ету мен ұстауды қоспағанда, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;
әділет саласындағы қызмет;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
сот жүйесінің жұмыс істеуі;
сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл;
4) білім беру және ғылым:
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру;
республикалық білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру;
республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізу;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар мамандарды даярлау;
республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетел мектептерінде білім алатын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) денсаулық сақтау:
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардың бағыттарынан басқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету;
жергілікті бюджеттер есебінен төленетін жарналардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары;
республикалық деңгейде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл медициналық көмек қызметін ұйымдастыру;
сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргізу;
санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуі;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық қызмет көрсету;
жергілікті бюджеттерден және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы қызмет;
жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру және сақтау;
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері;
жергілікті бюджеттер есебінен төленетіндерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар және өзге де жәрдемақылар;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері болып табылатын әлеуметтік көмек және әлеуметтік төлемдер;
көші-қон саясатын іске асыру;
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
республикалық деңгейде мәдениет, спорт және туризм саласындағы қызмет;
республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;
республикалық деңгейде қоғамдық даму, азаматтық қоғамды дамыту, этносаралық қатынастар, конфессияаралық келісім, жастар, отбасы және гендерлік саясат, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қызмет;