2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сараптама жүргізілген;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) егер Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу кезінде белгілі бір тауар нарығында үлестің елу пайыздан асатынына қарамастан, тауар нарығындағы нарық субъектінің жағдайы үстем болып табылмайтындығы анықталатын болса, тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді тоқтата тұруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру мерзiмi тергеп-тексерудi тоқтата тұрған кезде үзiледi және тергеп-тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.
3. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы тергеп-тексерудi тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымның көшiрмесi осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сарапшыға жiберiледi.
223-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтату
Монополияға қарсы орган:
1) тергеп-тексеру объектiсiнiң әрекеттерiнде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар болмаған;
2) тергеп-тексерудің жалғыз объектiсi - заңды тұлға таратылған;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) тергеп-тексерудің жалғыз объектісі - заңды тұлға филиалы есептік тіркеуден алынған;
3) тергеп-тексерудің жалғыз объектiсi - жеке тұлға қайтыс болған;
4) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгiленген ескіру мерзiмi өтiп кеткен;
5) монополияға қарсы орган қарайтын әрекеттерде (әрекетсiздiкте) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың болуы немесе болмауы туралы түйіндер қамтылған, заңды күшiне енген сот актiсi болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтатады.
224-бап. Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешімдері
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның лауазымды адамы қорытынды әзірлейді, оның негізінде монополияға қарсы орган мынадай:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді осы Кодекстің 223-бабында көзделген негіздер бойынша тоқтату;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жағдайларда нұсқама шығару;
3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығару;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасы тергеп-тексеру объектісіне тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын мерзімде тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мерзімде өтініш жасаған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығарады.
Келісу комиссиясы енгізілген қорытындының жобасын енгізілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерінің онда келтірілген дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарайды.
Келісу комиссиясы қорытындының жобасын қарау нәтижелері бойынша өз ескертулері мен ұсынымдарын шығарады, олар лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберіледі.
Келісу комиссиясының ескертулерімен және ұсынымдарымен келіспеген жағдайда, лауазымды адам (лауазымды адамдар) келісу комиссиясының қарауына жататын уәжді қорытынды қалыптастырады.
Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімінің өтуі тергеп-тексеру объектісінің өтініші немесе лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) уәжді қорытындысы келіп түскен кезден бастап келісу комиссиясы ескертулер мен ұсынымдар шығарғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Келісу комиссиясының ережесін, регламентін және монополияға қарсы органның қызметкерлерінен басқа тергеп-тексеру объектісінің тарапынан қоса алғанда, тәуелсіз сарапшылар өкілдік етуге тиіс құрамын монополияға қарсы орган әзірлейді және бекітеді.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойған күн тергеп-тексерудің аяқталуы деп есептеледі.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді.
5. Тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны қоса тіркей отырып, қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей тергеп-тексеру объектiсiне тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жiберiледi. Өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы нақ сол мерзiмде хабарланады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім шығарылған жағдайда, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрық ол қабылданған кезден бастап он жұмыс күні өткен соң күшіне енеді.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа шағым жасау оның күшіне ену мерзімінің өтуін шағым қаралғанға дейін тоқтата тұрады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрық күшіне енген (шешім қабылданған) күн әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактісі анықталған кез деп есептеледі.
7. Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде көзделген тәртіппен сотқа шағым жасай алады.
21-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАЛАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
225-бап. Монополиялық кірісті айқындау негіздері және тәртібі
1. Осы Кодекспен шектелген монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде нарық субъектісі алған кіріс монополиялық кіріс болып табылады.
2. Нарық субъектісі монополиялық кірісті:
1) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісім немесе келісілген әрекеттер жасауы;
2) нарық субъектісінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы нәтижесінде алуы мүмкін.
3. Монополиялық кіріс нарық субъектісінің осы баптың 2-тармағында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырған кезінен бастап нарық субъектісі осы әрекеттерді тоқтатқан кезге дейін айқындалады.
4. Монополиялық кіріс:
1) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған кіріс пен осы Кодекстің 175-бабының ережелеріне сәйкес айқындалған бағалар негізінде есептелген кіріс арасындағы айырма ретінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеген кезде;
2) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі үстем жағдайға ие нарық субъектісінің бәсекелестерді тауар нарығынан ығыстырып шығару есебінен өткізу көлемдерін ұлғайту нәтижесінде алған қосымша кірісі ретінде монополиялық төмен бағаны белгілеген кезде;
3) монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісі тауар өткізуші нарық субъектісінің осындай тауарды өндіру мен өткізуге қажетті шығыстар мен пайдасы негізінде айқындаған бағасы бойынша осы нарық субъектісінің тауарды сатып алу шығындары мен тауарларды монопсониялық төмен бағалар бойынша сатып алу кезінде қалыптасқан шығындары арасындағы айырма ретінде монопсониялық төмен бағаны белгілеген кезде;
4) нарық субъектісі, тауарларды өндіруге және (немесе) өткізуге қажетті негізделген шығыстар мен іс жүзінде төленген салықтар шегерілгенде бәсекелестікке қарсы келісімдерді немесе келісілген әрекеттерді жасаған кезде осы әрекеттерден алынған бүкіл кіріс ретінде айқындалады.
5. Монополиялық кірісті алып қою Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
226-бап. Монополияға қарсы ден қою шаралары
1. Монополияға қарсы орган белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес:
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) нарық субъектілеріне:
осы Кодекстің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
экономикалық шоғырлануды реттеу кезінде мәмілелерді бұзу немесе оларды жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттігі туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беруге;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды жою, сондай-ақ өздері жасасқан, осы Кодекске қайшы келетін келісімдер мен мәмілелерді бұзу, күшін жою немесе өзгерту және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беруге;
3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға;
4) сотқа талап қоюмен және өтініштермен жүгінуге, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысуға құқылы.
2. Осы Кодекстің нормалары бұзылған кезде нарық субъектілері, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар:
1) монополияға қарсы органның нұсқамаларына сәйкес бұзушылықты тоқтатуға және оның салдарын жоюға, бастапқы жағдайды қалпына келтіруге, шартты бұзуға, нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасуға немесе оған өзгерістер енгізуге, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес келмейді деп таныған актінің күшін жоюға, нұсқамада көзделген өзге де әрекеттерді орындауға;
2) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге;
3) монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын орындауға міндетті.
3. Нұсқама монополияға қарсы орган белгілеген ақылға қонымды мерзімде орындалуға жатады.
Монополияға қарсы орган берілген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Нұсқама орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган нарық субъектісін, мемлекеттік органды, жергілікті атқарушы органды монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
227-бап. Нұсқаманы ресімдеуге қойылатын талаптар
Нұсқама монополияға қарсы органның қатаң есептіліктегі бланкісінде ресімделеді және ол:
1) өзіне (өздеріне) қатысты нұсқама жасалатын нарық субъектісінің және (немесе) мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның немесе олардың лауазымды адамдарының атауын;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың анықталған фактісінің (фактілерінің), сондай-ақ нарық субъектісі не мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган немесе олардың лауазымды адамдары бұзған құқық нормаларының сипаттамасын;
3) нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган немесе олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықты жою үшін жасауға тиіс (немесе оны (оларды) жасаудан тартынуға тиіс) әрекеттерді;
4) нұсқаманың орындалу мерзімін;
5) нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру мерзімін;
6) нұсқамаға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасын;
7) монополияға қарсы органның елтаңбалық мөрін қамтуға тиіс.
228-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын қайта қарау
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Монополияға қарсы орган нұсқаманы (өзінің немесе аумақтық бөлімшесінің нұсқамасын) өз бастамасы не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
1) егер елеулі мән-жайлар монополияға қарсы органға белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін болмаған, бұл заңсыз немесе негізсіз нұсқама шығаруға әкеп соққан;
2) егер нұсқама анық емес ақпараттың негізінде шығарылып, бұл заңсыз немесе негізсіз нұсқама шығаруға әкеп соққан;
3) егер нұсқама Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып шығарылған;
4) нұсқамада жіберілген жаңылыс жазулар немесе айқын арифметикалық қате түзетілген жағдайларда қайта қарай алады.
Монополияға қарсы орган өз нұсқамасының орындалуын оны қайта қарау аяқталғанға дейін тоқтата тұра алады, бұл туралы іске қатысатын тұлғалар жазбаша хабардар етіледі.
2. Қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:
1) нұсқаманы өзгеріссіз қалдыруы;
2) нұсқаманы өзгертуі;
3) нұсқаманың күшін жоюы;
4) жаңа нұсқама шығаруы мүмкін.
3. Мүдделі тұлғаның өтініші бойынша нұсқама қайта қаралған кезде монополияға қарсы орган өтініш (шағым) берген тұлғаның немесе өтініш (шағым) мүддесіне орай берілген тұлғаның жағдайын нашарлатуға құқылы емес.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 229-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
229-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің нұсқамаларын тексеру
Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері қабылдаған нұсқамалар нарық субъектілерінің өтініштері немесе жоғары тұрған монополияға қарсы органның бастамасы бойынша тексерілуі мүмкін.
230-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларына шағым жасау
1. Монополияға қарсы органның нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Монополияға қарсы органға аумақтық бөлімшенің нұсқамаларына шағым жасау үшін:
1) іс үшін маңызы бар мән-жайлардың толық анықталмауы;
2) іс үшін маңызы бар және анықталған деп танылған мән-жайлардың дәлелденбеуі;
3) шешімде жазылған түйіндердің істің мән-жайларына сәйкес келмеуі;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіздер болып табылады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Нарық субъектісі монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесінің нұсқамасына нарық субъектісіне тапсырылған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органға не сотқа шағым жасай алады.
231-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Егер үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі осы Кодекстің 174-бабында көзделген бұзушылықтар үшін күнтізбелік бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған және бәсекелестікті шектейтін әрекеттер жасауды жалғастырған жағдайда, монополияға қарсы орган бәсекелестікті дамыту мақсатында осы нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаны бөліп шығару туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
2. Сот, егер жиынтығында:
1) құрылымдық бөлімшелердің технологиялық тұрғыдан негізделген өзара байланысы болмау;
2) тиісті тауар нарығында қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың дербес қызметі мүмкіндігінің бар болу шарттары орындалса, бәсекелестікті дамыту мақсатында мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару туралы шешім қабылдайды.
3. Соттың мәжбүрлеп бөлу не бөліп шығару туралы шешімі меншік иесінің немесе оның уәкілетті органының көрсетілген шешімде көзделген талаптарды ескере отырып және көрсетілген шешімде айқындалған, бірақ алты айдан аспайтын мерзімде орындауына жатады.
5-БӨЛІМ. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
22-тарау. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 232-бап өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
232-бап. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттiк қолдау түрлері
Шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау осы Кодекстің 93-бабында көзделген шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау түрлері бойынша мыналарды:
шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды пайдалануы үшiн жағдайлар жасауды;
мемлекеттiк тiркеудiң және таратудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеудi;
салық салудың оңтайлы режимiн белгiлеудi;
шағын және орта кәсiпкерлiкке кредит беру бағдарламаларын қабылдауды;
шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетелдiк инвестицияларды тарту және пайдалану жүйесiн жасауды;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы сауда қызметіне жәрдемдесуді;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысу мәселелері бойынша консультация беруді;
жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтiк ұйымдар мен ақпараттық жүйелерiн дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласында тәжірибе алмасу бойынша халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды қоса алғанда, жүзеге асырылады.
233-бап. Бизнес-инкубаторлар
1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдықтар беру, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, консалтингтiк және ақпараттық қызметтер көрсету арқылы оларға қолдау көрсету үшiн құрылатын заңды тұлға бизнес-инкубатор болып табылады.
2. Бизнес-инкубаторлар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшiн құрылады.
Бизнес-инкубатордың мiндеттерi:
1) бизнес-инкубаторға орналастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн iрiктеу;
2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiлiм беру, маркетингтiк, консалтингтiк және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып табылады.
234-бап. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектiлерiн мүліктік қолдау
1. Сауда-делдалдық қызметтi қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi және қызметтер көрсету саласын ұйымдастыру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерi сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берiлуi мүмкiн.
Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалдау немесе сенiмгерлiк басқару шартының талаптарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық меншiкке иелік етуге уәкiлеттiк берілген тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
2. Сауда-делдалдық қызметтi жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне, олар көзделген шарттарды орындаған жағдайда, шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен өтеусiз берілуі мүмкін.
23-тарау. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТПАЙТЫН ТҮРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
235-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау
1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттiк қолдау:
1) агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау;
3) ауыл шаруашылығы өнiмiн кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;
4) агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық жарақтандыру;
5) агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету;
6) агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми, нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету және ол үшiн кадрлар даярлау;
7) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға инвестицияларды жүзеге асыру;
8) негiзгi өндiрiстiк құралдарды - ауыл шаруашылығы техникасының паркiн, технологиялық жабдықтарды, ауыл шаруашылығының мал басын жаңартуға арналған жағдайларды ұстап тұратын қаржылық құралдарды қолдану;
9) ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
10) өнiм экспортын қолдау;
11) салалық ғылымды дамыту және агротехнологиялық бiлiмдi тарату;
12) мемлекеттік қолдаудың өзге де нысандарын ұсыну арқылы жүргізіледі.
2. Ауыл шаруашылығы қызметiн және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау республикалық және өңiрлiк деңгейлерде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
3. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау көрсетудiң мерзiмдерi, көлемi мен шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
236-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру
1. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ережелер ескеріле отырып, мынадай бағыттар бойынша жүргiзiледi:
1) ауыл шаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту;
2) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, балық шаруашылығына арналған жабдықтардың және аулау құралдарының лизингі;
3) агроөнеркәсiптiк кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктерді ұйымдастыру және оларға кредит беру;
4) ауылдық жердегi кәсiпкерлiк қызметтiң ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерiне кредит беру;
5) ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып aлу, өндiру, қайта өңдеу және өткiзу;