мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Есепті кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызына дейін резидентте бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілік болмаған кезде осындай есепті кезеңдегі бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының сомасын резидент өз таңдауы бойынша мынадай тәртіптердің бірімен:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салынатын кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен;
2) есепті кезеңдегі бақыланатын шетелдік компания кірісінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірісінің сомасы мен 0,5 коэффициентінің көбейтіндісі ретінде айқындайды. Кіріс сомасы есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның банктік шоттарына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарына түсетін ақша түсімдері негізге алына отырып айқындалады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін растайтын құжаттар болған кезде түсімдердің мынадай түрлері алып тастауға жатады:
есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарына осы бақыланатын шетелдік компанияның немесе оның тұрақты мекемесінің басқа банктік шоттарынан түсетін ақшаның түсімі (ақшаның ішкі және банкаралық аударымдары);
қарыздар бойынша сыйақыларды және өсімпұлды, айыппұлдарды қоспағанда, қарыз қаражатының түсімі және (немесе) қайтарылуы. Осы абзацты қолдану үшін резидентте қарыз шартының және қарыз қаражатын қайтару және (немесе) оның түсімі туралы төлем тапсырмасының көшірмесі болуға тиіс;
ағымдағы салықтық кезеңде қайтару шартымен, ақшаның қате есепке жатқызылған сомаларының түсімі;
жарғылық капиталға салым ретінде ақшаның түсімі.
Резидент осы баптың 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін құжатты осы Кодекстің 315-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған кезде бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының сомасын қайта есептеуге міндетті.
Осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін құжат болған кезде салық төлеуші бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының сомасын қайта есептеуге міндетті.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Растайтын құжаттар болған кезде резиденттің бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар:
1) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:
А = ҚП × (К(1)/КЖС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(1) - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті ескеретін болса, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен түскен, Қазақстан Республикасында 20 және одан көп пайыз мөлшерлемесі бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, филиалдың салық салынатын кірісі шегіндегі кірісі;
КЖС - кірістердің жиынтық сомасы;
2) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:
А = ҚП × (К(2)/КЖС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(2) - егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осы тармақшада көрсетілген кіріс ескеріле отырып айқындалған болса, тұрақты мекеме құрмай Қазақстан Республикасында қызметтерді көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түскен, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша корпоративтік табыс салығы салынған кіріс;
КЖС - кірістердің жиынтық сомасы;
3) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпайтын дивидендтер;
4) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бір бақыланатын шетелдік компания басқа бақыланатын шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы.
Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасында басқа осындай бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан бұрын корпоративтік табыс салығы салынған (ағымдағы кезеңде салуға жатады) және (немесе) осы тармақтың 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына немесе осы тармақшаның бірінші бөлігіне сәйкес азайтылған дивидендтерді қамтуға тиіс;
5) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компания шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы.
Бұл ретте осындай бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасында басқа осындай бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан бұрын корпоративтік табыс салығы салынған (ағымдағы кезеңде салуға жатады) және (немесе) осы тармақтың 3), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына немесе осы тармақшаның бірінші бөлігіне сәйкес азайтылған дивидендтерді қамтуға тиіс;
6) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:
А = ҚП × (К(6)/КЖС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(6) - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірістерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған сыйақылар түріндегі және (немесе) құн өсімінен түсетін және (немесе) роялти түріндегі кірістер;
КЖС - кірістердің жиынтық сомасы;
7) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:
А = ҚП × (К(7)/КЖС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(7) - егер бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтитын болса, бір бақыланатын шетелдік компания осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағы 7) немесе 8) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы резидентінің құрылтайшысы болып табылатын басқа бақыланатын шетелдік компанияға өткізуден алған құн өсімінен түсетін кіріс;
КЖС - кірістердің жиынтық сомасы;
8) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірістерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпайтын сыйақылар түріндегі және (немесе) құн өсімінен түсетін және (немесе) роялти түріндегі кірістер;
9) егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осындай дивидендтерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған дивидендтердің сомасы;
10) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компания шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы. Бұл ретте осындай бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған және (немесе) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпаған дивидендтерді қамтуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.»;
5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай құжаттар растайтын құжаттар деп түсініледі:
1) осы баптың 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдану үшін бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті кезеңдегі салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының сомасын айқындауға мүмкіндік беретін құжаттардың көшірмелері. Іскерлік айналым ғұрыптарына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жүргізілген операцияларын растайтын бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарынан үзінді көшірмелер, бастапқы құжаттар осындай құжаттар болып табылады;
2) осы баптың 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасын қолдану үшін:
бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің барлық банктік шоттарынан есепті кезеңдегі қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі ай сайынғы үзінді көшірмелердің көшірмелері;
осы баптың 3-1-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген ақпаратты ашатын және бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің барлық банктік шоттары туралы мәліметтерді қамтитын банк берген ресми құжат және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған құжат;
3) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдану үшін:
бақыланатын шетелдік компанияның бекітілген қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, бақыланатын шетелдік компания филиалдарының бизнес-сәйкестендіру нөмірлері көрсетіле отырып, осындай әрбір филиалдың бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына қосылған кірістері мен шығыстарының таратып жазылуын қамтитын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, бақыланатын шетелдік компания филиалдарының бизнес-сәйкестендіру нөмірлері көрсетіле отырып, осындай әрбір филиалдың бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына қосылған кірістері мен шығыстарының таратып жазылуын қамтитын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
4) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасын қолдану үшін:
бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, бизнес-сәйкестендіру нөмірлері және (немесе) жеке сәйкестендіру нөмірлері көрсетіле отырып, сомалар мен сатып алушылар бөлінісінде бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесін құрмай Қазақстан Республикасында қызметтерді көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түсетін кірістердің таратып жазылуын қамтитын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, бизнес-сәйкестендіру нөмірлері және (немесе) жеке сәйкестендіру нөмірлері көрсетіле отырып, сомалар мен сатып алушылар бөлінісінде бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесін құрмай Қазақстан Республикасында қызметтерді көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түсетін кірістердің таратып жазылуын қамтитын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
5) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларын қолдану үшін:
бақыланатын шетелдік компания дивидендтерінің бөлінгенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмелері;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, Қазақстан Республикасындағы көздерден дивидендтердің бақыланатын шетелдік компанияға бөлінгенін және төленгенін және (немесе) оларды шетелдік компанияның азайтуды (осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3), 9) және 10) тармақшалары қолданылған жағдайда) қолданатын басқа бақыланатын шетелдік компанияға бөлгенін және төлегенін растайтын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, Қазақстан Республикасындағы көздерден дивидендтердің бақыланатын шетелдік компанияға бөлінгенін және төленгенін және (немесе) оларды шетелдік компанияның азайтуды (осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3), 9) және 10) тармақшалары қолданылған жағдайда) қолданатын басқа бақыланатын шетелдік компанияға бөлгенін және төлегенін растайтын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі көрсетіле отырып, дивидендтердің сомалары мен оларды бөлетін компаниялардың атаулары бөлінісінде бақыланатын шетелдік компанияның еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарынан алынған дивидендтер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі көрсетіле отырып, дивидендтердің сомалары мен оларды бөлетін компаниялардың атаулары бөлінісінде бақыланатын шетелдік компанияның еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарынан алынған дивидендтер туралы мәліметтерді қамтитын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
резиденттің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына барлық қатысушылардың резиденттік еліндегі атаулары, тіркеу нөмірлері, олардың географиялық орналасқан жері (мемлекеттердің (аумақтардың) атауы), қатысу үлестерінің (дауыс беретін акцияларының) мөлшері көрсетіле отырып, шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымы туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
6) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6), 7) және 8) тармақшаларын қолдану үшін:
бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, бизнес-сәйкестендіру нөмірлері және (немесе) жеке сәйкестендіру нөмірлері көрсетіле отырып, сомалар және кірістерді төлеген Қазақстан Республикасы резиденттерінің атаулары бөлінісінде Қазақстан Республикасындағы көздерден сыйақылар, роялти түріндегі кірістердің таратып жазылуын қамтитын құжат (осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) және 8) тармақшалары қолданылған жағдайда, сыйақылар, роялти түріндегі кірістерге қатысты) немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, бизнес-сәйкестендіру нөмірлері және (немесе) жеке сәйкестендіру нөмірлері көрсетіле отырып, сомалар және кірістерді төлеген Қазақстан Республикасы резиденттерінің атаулары бөлінісінде Қазақстан Республикасындағы көздерден сыйақылар, роялти түріндегі кірістердің таратып жазылуын қамтитын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба (осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) және 8) тармақшалары қолданылған жағдайда, сыйақылар, роялти түріндегі кірістерге қатысты);
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, резиденттік еліндегі тіркеу нөмірлері көрсетіле отырып, сомалар, атаулар және өткізілген, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы активтер бөлінісінде құн өсімі түріндегі кірістің таратып жазылуын қамтитын құжат (осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6), 7) және 8) тармақшалары қолданылған жағдайда, құн өсімі түріндегі кіріске қатысты) немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, резиденттік еліндегі тіркеу нөмірлері көрсетіле отырып, сомалар, атаулар және өткізілген, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы активтер бөлінісінде құн өсімі түріндегі кірістің таратып жазылуын қамтитын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба (осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6), 7) және 8) тармақшалары қолданылған жағдайда, құн өсімі түріндегі кіріске қатысты);
резиденттің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына барлық қатысушылардың резиденттік еліндегі атаулары, тіркеу нөмірлері, олардың географиялық орналасқан жері (мемлекеттердің (аумақтардың) атауы), қатысу үлестерінің (дауыс беретін акцияларының) мөлшері көрсетіле отырып, шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымы туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағы 7) немесе 8) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы резидентінің құқық белгілейтін құжаттарының көшірмелері;
7) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің он бірінші абзацын қолдану үшін:
бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, сатып алушының резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі көрсетіле отырып, кірістердің жиынтық сомасына қосылған пассив кірістер мен сомалардың әрбір түрі бөлінісінде кірістердің жиынтық сомасына пассив кірістердің арақатынасын ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, сатып алушының резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі көрсетіле отырып, кірістердің жиынтық сомасына қосылған пассив кірістер мен сомалардың әрбір түрі бөлінісінде кірістердің жиынтық сомасына пассив кірістердің арақатынасын ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар немесе олардың көшірмелері осы баптың 3-1 және 4-тармақтарының ережелерін қолданатын резидентте (қажет болған жағдайда, қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) болуға тиіс.
11. Резидент бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы қосылған корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға трансформациялық құжатты ұсынуға міндетті.
Осы бөлімнің мақсатында резиденттің (немесе нотариат куәландырған сенімхат негізінде қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған, мынадай мәліметтерді қамтитын құжат трансформациялық құжат деп танылады:
1) шоғырландырылған топқа барлық қатысушылардың атауын және олардың географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топқа қатысушылар жасалған (құрылған) мемлекеттердің (аумақтардың) атауын), қатысу үлестерінің мөлшерін, шоғырландырылған топқа барлық қатысушылардың мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлерін (салықтық тіркеу болған кезде) көрсете отырып, резидент қатысушысы (акционері) болып табылатын шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымы;
2) әрбір бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы және кірістерінің жиынтық сомасы;
3) сатып алушының резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі көрсетіле отырып, кірістердің жиынтық сомасына қосылған пассив кірістер мен сомалардың әрбір түрі бөлінісінде пассив кірістердің әрбір бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірістерінің жиынтық сомасына арақатынасы (осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің он бірінші абзацы қолданылған жағдайда);
4) залалдың сомалары мен пайда болған жылы көрсетіле отырып, әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті кезеңнің алдындағы қатарынан екі кезеңде туындаған залалы (осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің он екінші абзацы қолданылған жағдайда);
5) сомалар бөлінісінде бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірістерінің жиынтық сомасынан немесе салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан кіріс пен шығыстың әрбір алып тасталған түрі (осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 9-1) тармақшасы немесе осы баптың 3-тармағының екінші бөлігі қолданылған жағдайда);
6) сомалар, еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың резиденттік еліндегі атаулары мен тіркеу нөмірлері бөлінісінде әрбір еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымның бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша шоғырландырылған қаржылық пайдаға (шоғырландырылған залалға) шоғырландырылған есепті кезеңдегі қаржылық пайдасы (залалы) (осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігі қолданылған жағдайда);
7) сомалар, еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың резиденттік еліндегі атаулары мен тіркеу нөмірлері бөлінісінде шоғырланған жағдайда алып тасталу кезінде топішілік операциялардан қаржылық пайданың (залалдардың) сомаларына ұлғайтуға (азайтуға) жататын, бас компанияның есепті кезеңдегі шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша шоғырландырылған қаржылық пайдадан (шоғырландырылған залалдан) шоғырландырылуы кезінде әрбір еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымның есепті кезеңдегі қаржылық пайдасы (залалы) (осы баптың 3-тармағының төртінші бөлігі қолданылған жағдайда);
8) есепті кезеңде түскен ақшаның жалпы сомасы көрсетіле отырып, банктік шоттардың нөмірлері, қаржы ұйымының атауы және оның географиялық орналасқан жері (мемлекеттердің (аумақтардың) атауы) бөлінісінде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттары (осы баптың 3-1-тармағы қолданылған жағдайда);
9) банктік шоттардың нөмірлері, сомалар және операцияларды жасау күндері көрсетіле отырып, есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарына осы бақыланатын шетелдік компанияның немесе оның тұрақты мекемесінің басқа банктік шоттарынан түсетін ақшаның түсімі (ақшаның ішкі және банкаралық аударымдары) (осы баптың 3-1-тармағы қолданылған жағдайда);
банктік шоттардың нөмірлері, сомалар және операцияларды жасау күндері көрсетіле отырып, қарыздар бойынша сыйақыларды және өсімпұлды, айыппұлдарды қоспағанда, қарыз қаражатының түсімі және (немесе) қайтарылуы (осы баптың 3-1-тармағы қолданылған жағдайда);
ағымдағы салықтық кезеңде қайтару шартымен, қате есепке жатқызылған ақшаның түсімі (осы баптың 3-1-тармағы қолданылған жағдайда);
банктік шоттардың нөмірлері, сомалар және операцияларды жасау күндері көрсетіле отырып, жарғылық капиталға салым ретінде ақшаның түсімі (осы баптың 3-1-тармағы қолданылған жағдайда);