«2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және (немесе) тіркемелер бойынша - механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге құжатта көрсетілген баға (құн) мен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште көрсетілген және осы Кодексте айқындалған тәртіп пен төленген қосылған құн салығы мен акциздің сомалары.»;
147) 339-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«339-бап. Бақыланатын шетелдік компания бойынша жалпы ережелер
Бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі рет салық салынбауға тиіс.
Қосарланған салық салу мынадай ережелерді қолдану арқылы жойылады:
1) осы Кодекстің 340-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босату;
2) осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын түзету;
3) осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын азайту;
4) осы Кодекстің 359-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызу.»;
148) 340-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
1-тармақтың 148) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) егер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерін қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің үлесі 20 пайыздан аз болса;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті бақыланатын шетелдік компанияны тікелей және (немесе) жанама иеленген және (немесе) бақылаған кезде Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады.»;
1-тармақтың 148) тармақшасының жетінші - қырық үшінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Резидент-жеке тұлғаның бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар:
1) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:
А = ҚП × (К(1)/КЖС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(1) - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті ескеретін болса, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметінен түскен, Қазақстан Республикасында 20 және одан көп пайыз мөлшерлемесі бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, филиалдың салық салынатын кірісі шегіндегі кірісі;
КЖС - кірістердің жиынтық сомасы;
2) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:
А = ҚП × (К(2)/КЖС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(2) - егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осы тармақшада көрсетілген кірісті ескере отырып айқындалған болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметтерді көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түскен, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша корпоративтік табыс салығы салынған кіріс;
КЖС - кірістердің жиынтық сомасы;
3) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпайтын дивидендтер;
4) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бір бақыланатын шетелдік компания басқа бақыланатын шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы.
Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осы тармақтың 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына немесе осы тармақшаның бірінші бөлігіне сәйкес бұрын Қазақстан Республикасында басқа осындай бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан жеке табыс салығы салынған (ағымдағы кезеңде салуға жатады) және (немесе) азайтылған дивидендтерді қамтуға тиіс;
5) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компания шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы.
Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасында басқа осындай бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан бұрын жеке табыс салығы салынған (ағымдағы кезеңде салуға жатады) және (немесе) осы тармақтың 3), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына немесе осы тармақшаның бірінші бөлігіне сәйкес азайтылған дивидендтерді қамтуға тиіс;
6) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:
А = ҚП × (К(6)/КЖС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(6) - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірістерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған сыйақылар түріндегі және (немесе) құн өсімінен түсетін және (немесе) роялти түріндегі кірістер;
КЖС - кірістердің жиынтық сомасы;
7) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:
А = ҚП × (К(7)/КЖС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(7) - егер бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтитын болса, бір бақыланатын шетелдік компания осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағы 7) немесе 8) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасы резидентінің құрылтайшысы болып табылатын басқа бақыланатын шетелдік компанияға өткізуден алған құн өсімінен түсетін кіріс;
КЖС - кірістердің жиынтық сомасы;
8) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірістерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпайтын сыйақылар түріндегі және (немесе) құн өсімінен түсетін және (немесе) роялти түріндегі кірістер;
9) егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осындай дивидендтерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған дивидендтердің сомасы;
10) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компания шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы.
Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған және (немесе) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпаған дивидендтерді қамтуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.
Осы тармақты қолдану үшін резидент-жеке тұлғада осы Кодекстің 297-бабының 10-тармағында көрсетілген растайтын құжаттар болуға тиіс.»;
149) 341-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;»;
1-тармақтың 149) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) тармақшаның төртінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын;
23) тармақшаның бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қайтыс болғаны туралы анықтама немесе қайтыс болғаны туралы куәлік болған кезде - жерлеуге арналған төлемдер.»;
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41) жеке тұлға өз пайдасына және (немесе) жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) пайдасына және (немесе) жұмыс беруші жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеген жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері;»;
мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:
«41-1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары төлейтін сатып алу сомалары;»;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан (немесе оның бір бөлігінен) бөлінген, бұрын осы Кодекстің 340-бабына сәйкес жеке табыс салығы салынған дивидендтер;»;
52) тармақша алып тасталсын;
1-тармақтың 149) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:
«52-1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотында ескерілетін кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасы;»;
мынадай мазмұндағы 54) және 55) тармақшалармен толықтырылсын:
«54) осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағында айқындалған коммерциялық емес ұйымның жарғылық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде осындай ұйыммен еңбек қатынастарында тұрмайтын және (немесе) қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау туралы шарт шеңберінен тыс жеке тұлғаның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына арналған шығыстары түрінде алынған жеке тұлғаның кірістері;
55) резидент-жеке тұлға үш жыл және одан да көп мерзімге жасалған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша күнтізбелік жыл ішінде төлеген, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 320 еселенген мөлшері шегінде сақтандыру сыйлықақылары (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда - сақтандыру жарналары).
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін кірісті түзету сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеу күні тура келетін салықтық кезеңде қолданылады және мыналар осындай түзетуді қолдану үшін растайтын құжаттар болып табылады:
салықтық шегерімді қолдану туралы өтініш;
жинақтаушы сақтандыру шарты;
сақтандыру жарналарын төлеу графигі (болған кезде);
сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) төленгенін растайтын құжат.»;
150) 343-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірістен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш жүгінуі себебінен жеке тұлғаның осындай кірісіне салықтық шегерімдерді қолданбаған жағдайда, жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, солардың негізінде салық агенті осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде кірістерді қайта есептеуді жүргізеді.»;
1-тармақтың 151) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
151) 348-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың ережелері ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотында ескерілетін кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасына қолданылмайды.»;
152) 350-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:
«шығыстарын» деген сөзден кейін «және (немесе) жұмыс берушінің ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстарын» деген сөздермен толықтырылсын;
«республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын» деген сөздер алып тасталсын;
153) мынадай мазмұндағы 353-1-баппен толықтырылсын:
«353-1-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының және (немесе) уәкілетті оператордың банктік шотына аударған кезде, салық агенті жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы біржолғы зейнетақы төлемінің сомасына есептеледі.
2. Жеке табыс салығы сомасын ұстап қалуды және аударуды салық агенті жеке тұлғаның таңдауына қарай мына тәсілдердің бірі бойынша:
1) осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдері үшін белгілеген график бойынша ай сайын тең үлестермен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде жүргізеді.
Осы тармақта көрсетілген ұстап қалу зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық агентіне ұсынылған жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініш негізінде жүргізіледі.
3. Салық агенті ұстап қалынған жеке табыс салығы сомасын аударуды:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда - біржолғы зейнетақы төлемі жүзеге асырылған келесі айдың;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдері үшін белгілеген графикке сәйкес зейнетақы төлемін аудару басталған келесі айдың күнтізбелік жиырма бес күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
4. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы төлемінің сомасынан біржолғы ұстап қалуға және аударуға жатады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылған адамнан салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы төлемінің сомасынан біржолғы ұстап қалуға және аударуға жатады.
6. Жеке тұлғаның жасалған жинақтаушы сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына төлеу үшін жіберілген зейнетақы жинақтарының сомаларын аудару кезінде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы жинақтарының сомасынан біржолғы ұстап қалуға және аударуға жатады.
7. Осы баптың мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салық агенті деп танылады.»;
154) 355-баптың 1-тармағындағы «өздеріне» деген сөз «өзіне (өздеріне)» деген сөздермен ауыстырылсын;
155) 356-бапта:
1-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмыскердің салықтық кезеңге есепке жазылған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінің сомасы,»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, салықтық кезеңдегі кірісті түзету сомасы,»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер жұмыскердің салықтық кезең үшін есепке жазылған кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісінің осы баптың 1-тармағында айқындалған сомасы 90 пайызға азайтылады.»;
156) 358-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық агенттері, оның ішінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері;»;
157) 361-баптың 3-тармағындағы «2020» деген цифрлар «2025» деген цифрлармен ауыстырылсын;
158) 366-бапта:
1-тармақтың сегізінші абзацындағы «айқындалған, ауыстыруға жататын» деген сөздер «ауыстырылатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
төртінші абзацтағы «241-бабының 1-тармағында белгіленген,» деген сөздер «241-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «2-тармағында» деген сөздер «3-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 159) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
159) 367-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстің 25-бөлімінде көзделген шетелдік компаниялар.»;
160) 372-баптың 5-тармағында:
4) тармақшадағы «одақтан» деген сөз «одақтың кедендік аумағынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «одақтан» деген сөз «одақтың кедендік аумағынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша «кәсіпкер» деген сөзден кейін «немесе жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен толықтырылсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) қайырымдылық, демеушілік көмекті, грантты алушының оларды ұсыну шарттарын орындауы;»;
1-тармақтың 160) тармақшасының жетінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30) тармақшаның екінші бөлігі «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 160) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы 36) тармақшамен толықтырылсын:
«36) алыс-беріс жасаушы жылу энергиясын алуға және жабдықтың пайдалану режимі мен технологиялық сипаттамаларына негізделген мұнай өнімдерін өндірудің өзге де технологиялық процестеріне мұнай өңдеу зауытына берген технологиялық отынның көлемдерін беру;»;
мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
«37) өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына ақшаның түсімі.»;
161) 373-баптың 2-тармағында:
3) тармақшаның төртінші абзацындағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 161) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) тармақшадағы «болып табылса, бейрезиденттен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «болып табылса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) дара кәсіпкер бейрезиденттен алған электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтердің құнына осы Кодекстің 25-бөліміне сәйкес төленген қосылған құн салығының сомасы қосылса, бейрезиденттен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.»;
162) 378-бапта:
1-тармақтың 162) тармақшасының екінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 5) тармақшасындағы «тұлға», «тұлғаның» деген сөздер тиісінше «салық төлеуші», «салық төлеушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 162) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 25-бөлімінде белгіленген жағдайларда қолданылмайды.»;
163) 379-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сатып алушының билігіне сәйкестендірілген тауарлардың берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде тауарлар өткізілген кезде осындай тауарлар сатып алушыға іс жүзінде берілген күнге тура келетін айдың соңғы күні өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.»;
164) 381-бапта:
1-тармақтың 164) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақта:
екінші бөліктің төртінші абзацы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөліктің жетінші абзацы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
15-тармақта:
1-тармақтың 164) тармақшасының алтыншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші абзацтағы «Қалған жағдайларда, осы» деген сөздер «Осы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақша «қызметтердің» деген сөзден кейін «, туристік агент сыйақысының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Лотерея операторының лотерея билеттерін, квитанцияларды немесе өзге де құжаттарды өткізуі кезіндегі айналымның мөлшері мынадай сомалардың бірінің:
1) «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптасқан жүлде қорының сомасын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бөлінген аударымдарды және растайтын құжаттар бар болған кезде лотереяны өткізуге байланысты шығыстарды шегергендегі өткізілген лотерея билеттерінің, квитанциялардың немесе өзге де құжаттардың құны;
2) егер осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалған сома өткізілген лотерея билеттері, квитанциялар немесе өзге де құжаттар құнының төрт пайызынан кем болған жағдайда, өткізілетін лотерея билеттері, квитанциялар немесе өзге де құжаттар құнының төрт пайызы мөлшерінде айқындалады.»;
165) 385-баптағы «салықтық және кедендік төлемдердің» деген сөздер «салықтардың және кедендік төлемдердің, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
166) 387-бапта:
2-тармақтағы «жағдайды» деген сөз «жағдайларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында және жүкті теміржол көлігінен су көлігіне ауыстырып тией отырып, халықаралық теміржол-су қатынасында халықаралық тасымалды бірнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайларда тасымалдаушылар теміржол және су көлігімен жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымал деп танылады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында және жүкті теміржол көлігінен су көлігіне ауыстырып тией отырып, халықаралық теміржол-су қатынасында - бірыңғай үлгідегі жүкқұжат;»;
167) 389-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы «ұйымдармен» деген сөзден кейін «немесе инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғамен» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «арнайы экономикалық аймаққа қатысушы» деген сөздерден кейін «немесе инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға» деген сөздермен толықтырылсын;
168) 394-баптың бірінші бөлігінде:
1-тармақтың 168) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредит (қарыз, микрокредит) беруді;»;
1-тармақтың 168) тармақшасының төртінші - он тоғызыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының құрамына бұрын әкелінген, осы Кодекстің 399-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына немесе 451-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар, сондай-ақ олардың құрамдастары кірсе;
өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының құрамында шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ олардың құрамдастарын әкелуді көрсетілген көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін заңды тұлға жүзеге асырса;
көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы, сондай-ақ олардың құрамдастары индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен, өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесіне енгізілсе, көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ олардың құрамдастарын;»;