мынадай мазмұндағы 1-1), 3-1), 9-1), 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) бақыланатын тұлға - мынадай шарттардың біріне сай келетін тұлға:
резидентпен бақылау арқылы байланысты тұлға (егер резиденттің тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы болған жағдайда);
өзіне резиденттің қатысу үлесі тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде 50 пайыздан астамды құрайтын тұлға;
резидентпен (резидент-жеке тұлғаға қатысы бойынша) жақын туысы ретінде байланысты тұлға;»;
«3-1) бекітілген қаржылық есептілік - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің осы Кодекстің 297-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін, бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған және бухгалтерлік балансты, пайда мен залал туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны (немесе өзге құжатты) қамтитын құжат;»;
«9-1) кірістердің жиынтық сомасы - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің есепті кезеңдегі бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілігінде көрсетілген, осындай бақыланатын шетелдік компанияның немесе осындай бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің барлық кірісінің сомасы.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін есепті кезеңдегі кірістердің жиынтық сомасынан осы Кодекстің 225-бабы 2-тармағының 2), 3), 9) және 11) тармақшаларында көрсетілгенге ұқсас кірістер алып тасталады. Осы абзацты қолдану үшін резидентте бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, сомалар бөлінісінде әрбір алып тасталған кіріс пен шығыс түрі туралы ақпаратты ашатын құжат (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударыла отырып) немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, сомалар бөлінісінде әрбір алып тасталған кіріс түрі туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударыла отырып) болуға тиіс;»;
«11-1) пайда салығының номиналды мөлшерлемесі - бейрезидент-заңды тұлға немесе ұйымның өзге нысаны алған кірістерден алынатын пайда салығының немесе корпоративтік табыс салығына ұқсас өзге де шетелдік салықтың тіркелген мөлшерлемесі.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер шет мемлекеттің салық заңнамасында салық салу мөлшерлемелерінің прогрессивті шәкілі белгіленсе, онда арнаулы салық режимдерін және осындай шет мемлекет көздеген басқа да жеңілдіктерді есепке алмағанда, пайда салығы немесе корпоративтік табыс салығына ұқсас өзге де шетелдік салық мөлшерлемесінің жоғарғы деңгейі пайда салығының номиналды мөлшерлемесі ретінде қабылданады.
Егер шет мемлекеттің салық салу жүйесі ұлттық, федералдық, кантондық, жергілікті, өңірлік, муниципалдық, коммуналдық, провинциялық, штаттық, префектуралық және басқа да аумақтық пайда салықтарын қоса алғанда, бірнеше салық деңгейін көздейтін болса, онда пайда салығының номиналды мөлшерлемесі пайда салығының тиісті мөлшерлемелерінің сомасы ретінде есептеледі;
11-2) пассив кірістер - мынадай кіріс түрлері пассив кірістер деп танылады:
дивидендтер;
сыйақы түріндегі кірістер;
құн өсімінен түсетін кіріс;
роялти түріндегі кіріс;
егер мұндай қызмет бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің негізгі қызметі болып табылмаса, сақтандыру қызметінен түсетін кіріс;
егер аталған қызмет түрлері бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің негізгі қызметі болып табылмаса, консультациялық, заңдық, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, маркетингтік қызметтер көрсетуден, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуден түсетін кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің негізгі қызметі деп алынатын кіріс осындай бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бүкіл жылдық жиынтық кірісі сомасының 50 пайызынан астамын құрайтын қызмет танылады;
11-3) пассив кірістер үлесі - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірістерінің жиынтық сомасына арақатынасы.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің пассив кірістерінің үлесі айқындалмайды;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) тиімді мөлшерлеме - мынадай:
бекітілген қаржылық есептілік бойынша, кейінге қалдырылған салықтарды қоспағанда, ағымдағы салықтық шығыс ретінде қарастырылатын есепті кезеңдегі пайда салығы сомасының есепті кезеңде осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың оң шамасына қатынасы ретінде есептелген;
есепті кезеңдегі төленген пайда салығы сомасының есепті кезеңде осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың оң шамасына қатынасы ретінде есептелген мөлшерлемелердің ең азы ретінде айқындалатын пайда салығының мөлшерлемесі.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін пайда салығының сомасы пайда салығын, оның ішінде ұлттық, федералдық, кантондық, жергілікті, өңірлік, муниципалдық, коммуналдық, провинциялық, штаттық, префектуралық және басқа да аумақтық пайда салықтарын және егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда ағымдағы немесе алдыңғы кезеңде төлем көзінен ұсталған салық салынған кірісті қамтитын (қамтыған) болса, төлем көзінен ұсталған салықты қамтиды;»;
мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) шетелдік компания - осы баптың 1-тармағында айқындалған шарттарға сәйкес келетін тұлғаны қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлға немесе ұйымның өзге нысаны;
17) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымы - резидент тікелей немесе жанама және (немесе) конструктивті түрде иеленетін және (немесе) бақылайтын жеке тұлғалардан өзге тұлғалар.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына басқа резидент арқылы жанама тиесілі болатын және (немесе) бақыланатын жеке тұлғалардан өзге тұлғалар кірмейді. Егер резидент басқа резидентке тікелей иелік ететін және (немесе) оны бақылайтын болса, онда осы басқа резидент шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кірмейді.»;
1-тармақтың 124) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
124) 295-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«295-бап. Жалпы ережелер
Бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы екі рет салық салынуға жатпайды.
Қосарланған салық салу мынадай ережелерді қолдану арқылы жойылады:
1) осы Кодекстің 296-бабына сәйкес салық салудан босату;
2) осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын түзету;
3) осы Кодекстің 297-бабының 4-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын азайту;
4) осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызу.»;
125) 296-бапта:
1-тармақта
1-тармақтың 125) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, егер бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің үлесі 20 пайыздан кем болса;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) бақыланатын шетелдік компанияда «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті тікелей және (немесе) жанама иеленген және (немесе) бақылаған кезде бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады.»;
1-тармақтың 125) тармақшасының жетінші - отыз екінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағын қолдану мақсаттары үшін резидентте мынадай құжаттар (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) болуға тиіс:
1) осы баптың 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшасын қолданған жағдайда:
осы баптың 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген бақыланатын шетелдік компанияда резиденттің жанама қатысуын немесе жанама бақылауын растайтын құжаттардың көшірмелері,
немесе
резиденттің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, резидент қатысушысы (акционері) болып табылатын шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымын ашатын, осындай шоғырландырылған топқа барлық қатысушылардың атауы және олардың географиялық орналасқан жері (шоғырландырылған топқа қатысушылар жасалған (құрылған) мемлекеттердің (аумақтардың) атаулары), шоғырландырылған топқа барлық қатысушылардың қатысу үлестерінің мөлшері әрі мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлері (салықтық тіркеу болған кезде) көрсетілген құжаттың көшірмесі;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасын қолданған жағдайда:
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компанияның бекітілген жеке қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бекітілген қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына осындай тұрақты мекеменің қаржылық пайдасын қосу туралы ақпаратты ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына осындай тұрақты мекеменің қаржылық пайдасын қосу туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын, шет тілінде жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде төлем көзінен алынатын салықты қосқан жағдайда резидентте мыналар болуға тиіс:
салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықты ұстап қалуды және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударуды растайтын, шет тілінде жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға төлем көзінен алынатын салық салынған кірісті (кірістерді) қосу туралы ақпаратты ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға төлем көзінен алынатын салық салынған кірісті (кірістерді) қосу туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
3) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын қолданған жағдайда:
бақыланатын шетелдік компанияда жанама иелену немесе жанама бақылау сол арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын тұлғаның бекітілген шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, резидент сол арқылы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе жанама бақылауы болатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық пайдасына бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қосу туралы ақпаратты ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, резидент сол арқылы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе жанама бақылауы болатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық пайдасына бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қосу туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
резидент сол арқылы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе жанама бақылауы болатын бақыланатын тұлға тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын, шет тілінде жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде төлем көзінен алынатын салықты қосқан жағдайда резидентте мыналар болуға тиіс:
салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықты ұстап қалуды және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударуды растайтын, шет тілінде жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға төлем көзінен алынатын салық салынған кірісті (кірістерді) қосу туралы ақпаратты ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға төлем көзінен алынатын салық салынған кірісті (кірістерді) қосу туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
4) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасын қолданған жағдайда:
бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің алынған кірістерінің сомаларын көрсете отырып, әрбір пассив кіріс түрінің бөлінісіндегі ақпаратты ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің алынған кірістерінің сомаларын көрсете отырып, әрбір пассив кіріс түрінің бөлінісіндегі ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба.»;
3-тармақ алып тасталсын;
1-тармақтың 126) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
126) 297-бапта:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерін қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің осы баптың 2, 3, 3-1 және 4-тармақтарына сәйкес айқындалған жиынтық пайдасы жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерін қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі деп танылады және оған Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығы салынады.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған жиынтық пайдасы жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі деп танылады және оған Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығы салынады.
2. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы мынадай формула бойынша айқындалады:
П = П1 × Ү1 + П2 × Ү2 +... + Пn × Үn, мұнда:
П - қаржылық пайдасы осы Кодекстің 296-бабына сәйкес салық салудан босатылатын бақыланатын шетелдік компанияларды немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерін қоспағанда, барлық бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы;
Ү1,2,...,n - резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компаниядағы тікелей, жанама, конструктивті қатысу немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылау үлесі;
П1,2,...,n - резидент мынадай формулалардың бірі бойынша айқындайтын, әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы:
П1, П2,..., Пn = Псд 1,2,...n - А1,2,...n - З1,2,...n
немесе
П1, П2,..., Пn = Псд1,2,...n × ПКҮ1,2,...n, мұнда:
Псд1,2,...n - әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің есепті кезеңдегі салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
А1,2,...n - осы баптың 4-тармағына сәйкес резидент есепті кезеңде әрбір бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан жүргізген азайту сомасы;
ПКҮ1,2,...n - осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 11-3) тармақшасына сәйкес айқындалатын, әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің үлесі;
З1,2,...n - әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің есепті кезеңнің алдындағы қатарынан екі кезеңде туындаған залалының сомасы. Бұл ретте азайтылған залалдар кейінгі кезеңдерде есепке алынбайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін залал деп залалды қолданатын резидентте болуға тиіс бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілікте (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көрсетілген залал танылады.
Бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің залалы:
1) осы бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның осы тұрақты мекемесінің осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қаржылық пайдасын;
2) басқа бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның басқа тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын;
3) резиденттің салық салынатын кірісін азайтпайды.
Резидент жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің залалдарын пайдалануға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін резидент бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасын есептеу кезінде пассив кірістердің үлесі бар формуланы пайдаланған жағдайда, есепті салықтық кезеңде оның барлық қалған бақыланатын шетелдік компанияларына немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелеріне дәл сол формуланы қолдану қажет.
3. Есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын айқындау бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында белгіленген стандартқа сәйкес немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте резиденттің аудиттелген қаржылық есептілік болған кезде ғана бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілік негізінде айқындауға құқығы бар.
Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамалық актілерінде жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жасамай еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландыра отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілікті ғана жасау жөніндегі міндеттеме белгіленген және жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілік болмаған жағдайда, резидент аудиторлық қорытындымен расталған мынадай сомаларды:
бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша шоғырландырылған қаржылық пайдаға (шоғырландырылған залалға) жиналған еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың есепті кезеңдегі қаржылық пайдасының (залалының) сомасын;
шоғырландырған жағдайда алып тасталу кезінде топішілік операциялардан қаржылық пайданың (залалдардың) сомаларына ұлғайтуға (азайтуға) жататын, бас компанияның есепті кезеңдегі шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша шоғырландырылған қаржылық пайдадан (шоғырландырылған залалдан) шоғырландырылу кезінде еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың есепті кезеңдегі қаржылық пайдасының (залалының) сомасын алып тастау арқылы резидентте болуға тиіс есепті кезеңдегі қаржылық есептілікте айқындалған бақыланатын шетелдік компанияның есепті кезеңдегі қаржылық пайдасынан (залалынан) осындай түзетулер жүргізеді.
Осы тармаққа сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның есепті кезеңдегі шоғырландырылған қаржылық есептілігінің деректерін түзету кезінде еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымнан алынған немесе алуға жататын, шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша шоғырландырылған қаржылық пайдада (шоғырландырылған залалда) көрсетілмеген, есепті кезеңде бухгалтерлік есепке алуда танылған дивидендтер бақыланатын шетелдік компанияның есепті кезеңдегі кірістеріне қосылуға жатады және аудиторлық қорытындымен расталады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін, егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осындай кірістерді және (немесе) шығыстарды қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті кезеңдегі салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан осы Кодекстің 225-бабы 2-тармағының 2), 3), 9) және 11) тармақшаларында көрсетілгенге ұқсас кірістер және осы Кодекстің 242-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілгенге ұқсас шығыстар алып тасталады. Осы бөлікті қолдану үшін резидентте бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, сомалар бөлінісінде кіріс пен шығыстың әрбір алып тасталған түрі туралы ақпаратты ашатын құжат (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, сомалар бөлінісінде кіріс пен шығыстың әрбір алып тасталған түрі туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) болуға тиіс.»;