1) меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүліктің, құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүліктің болуы;
2) құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша жылжымайтын мүлік құрылысында үлестің, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде үлесінің болуы;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын ақша сомасының болуы;
4) міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде басқа тұлғалардың осы тұлға алдындағы берешек (дебиторлық берешек) сомасының және (немесе) осы тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешек (кредиторлық берешек) сомасының болуы.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Осы баптың ережелері шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды.»;
251) 631-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы Кодекстің 630-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында аталған жеке тұлғалардың мыналардың болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналады:
1) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік:
жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен-теңізде» жүзетін кемелер;
көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
2) Қазақстан Республикасындағы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі мүлік:
құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша жылжымайтын мүлік құрылысындағы үлес;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
инвестициялық алтын;
зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі);
3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік.»;
«4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғаның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде, басқа мүліктің бір бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда осы мүлік көрсетілуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.»;
252) 633-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы күнтізбелік жыл ішінде:
1) кәмелетке толған адам:
Қазақстан Республикасының азаматы;
қандас;
тұруға ықтиярхаты бар адам;
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
2) осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда бейрезидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
3) осы баптың 3-тармағында айқындалған жағдайларда кәмелетке толмаған адам:
Қазақстан Республикасының азаматы;
қандас;
тұруға ықтиярхаты бар адам;
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырады.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар мынадай шарттардың бірі болған жағдайда:»;
екінші бөлік алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәмелетке толмаған адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы адамдарда мынадай жағдайлардың кез келгені басталған кезде тапсырады:»;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын ақша сомасының болуы;
5) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) сомасының болуы.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған жеке тұлға есепті салықтық кезең ішінде мынадай шарттардың біріне сәйкес келген кезде:
1) жеке тұлға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген адам болса;
2) жеке тұлға жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерді, оның ішінде:
салық агенті болып табылмайтын тұлғадан түсетін кірісті;
мүліктік кірісті;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден түсетін кірісті;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның түзету жүргізілгені туралы мәліметтерді салық агентіне ұсынбауына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті алса;
3) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар жеке тұлға;
4) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлкі:
шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлкі;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздары;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар жеке тұлға;
5) жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқығы бар және жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу құқығын іске асыруды қалайтын жеке тұлға;
6) жеке тұлға мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алса, иеліктен шығарса не өтеусіз алса;
7) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешек (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешек (кредиторлық берешек) сомасы бар жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Осы баптың ережелері шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды.
6. Жеке тұлғаның осы Кодекстің 635-бабында белгіленген мерзімде кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырмауы осындай жеке тұлғада:
жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістердің;
мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу, иеліктен шығару, өтеусіз алу фактісінің болмағанын растау болып есептеледі.»;
253) 634-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «толық декларация» деген сөздер «декларация» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «талап туралы ақпаратты жеке тұлғалардың көрсетуіне арналады.» деген сөздер «талап;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
6) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы қолда бар мүлік:
шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
7) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы ақпаратты жеке тұлғалардың көрсетуіне арналады.»;
3 және 4-тармақтардағы «толық» деген сөз алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
254) 635-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру күніне бекітілген қаржылық есептілік болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 211-бабының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептілік бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылатын кірістер мен мүлік туралы қосымша декларацияда жүргізіледі.»;
255) 637-баптың 3-тармағының жетінші және сегізінші абзацтары алып тасталсын;
256) 638-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мт - табыс салығын, оның ішінде осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көрсетілген кірістерден Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұсталған табыс салығын есепке алмағанда, осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 12) тармақшасына сәйкес есептелген тиімді мөлшерлеме.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасын есептеу кезінде резидент ағымдағы салықтық кезеңде пассив кірістер үлесі бар формуланы пайдаланатын бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.»;
257) 639-бап алып тасталсын;
258) 641-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлға осы Кодекстің 635-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша, бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді жүзеге асырады. Бұл ретте осы бөліктің ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және (немесе) бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығына қолданылмайды.»;
259) 644-баптың 2-тармағында:
1-тармақтың 259) тармақшасының екінші - жетінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бейрезидент-заңды тұлғаның:
осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарынан;
осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілген тұлға құрған, осы Кодекстің 289-бабының ережелерін қолданатын коммерциялық емес ұйымнан;
осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымынан;
«Астана» халықаралық қаржы орталығының органдарынан немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығы органының ұйымдарынан алынған кірісі;»;
3-1) тармақшаның екінші абзацындағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
260) 645-баптың 9-тармағында:
4) тармақшада:
1-тармақтың 260) тармақшасының үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
үшінші бөлік «иеленудің» деген сөз «иеленуінің» деген сөзбен ауыстырылып, «нәтижесінде алса» деген сөзден кейін «немесе осы заңды тұлғалардың құрылтайшылары (меншік иелері) сол бір тұлғалар болып табылатын жағдайда бір заңды тұлға басқа заңды тұлғадан сатып алса» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацы «ережелері» деген сөзден кейін «бұрын корпоративтік табыс салығы салынған және» деген сөздермен толықтырылып, төртінші абзацындағы «дивидендтерге» деген сөз «кірістерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшаның бесінші бөлігінің бірінші абзацы «ережелері» деген сөзден кейін «бұрын корпоративтік табыс салығы салынған және» деген сөздермен толықтырылып, төртінші абзацындағы «дивидендтерге» деген сөз «кірістерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 260) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешектің және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешектің, оның ішінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдар, өсімпұл) сомасы;»;
1-тармақтың 260) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) резиденттік елінде таратылған не кешіру кезінде кепілдері жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент-қарыз алушыларына қатысты, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 12) тармақшасында айқындалған тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы.»;
261) 650-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Салық агенті болып табылатын бейрезидент міндетті тіркелуге жатады.
Бұл ретте салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлға осы Кодекстің 76-бабында айқындалған тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.»;
262) 654-бапта:
4) тармақшаның үшінші бөлігінің бірінші абзацы «ережелері» деген сөзден кейін «бұрын корпоративтік табыс салығы салынған және» деген сөздермен толықтырылып, төртінші абзацындағы «дивидендтерге» деген сөз «кірістерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 262) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) осындай кредиттерге 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы.»;
263) 655-баптың 5-тармағындағы «25-күніне дейін» деген сөздер «25-інен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 264) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
264) 656-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Кірісті шетел валютасында төлеу кезінде төлем көзінен салық салынатын кіріс мөлшері кірісті төлеу күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.»;
265) 666-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «Осы» деген сөз «Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 265) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық агентінің бейрезидентке кірісті төлеу немесе бейрезиденттің есепке жазылған, бірақ төленбеген кірісін шегерімге жатқызу кезінде салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.
Салық агентінің өзара байланысты тарапы болып табылатын бейрезидентке кіріс төленген жағдайда, салық агенті, егер мұндай бейрезидент кірісті түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) болып табылатын жағдайда, осы баптың ережелерін қолдануға құқылы.
Осы бөлімнің мақсатында кірістерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) деп кірістерді иелену, пайдалану, оларға билік ету құқығы бар және мұндай кіріске қатысты делдал, оның ішінде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлғаны түсінген жөн.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық агентінің бейрезидентке кірісті төлеу немесе бейрезиденттің есепке жазылған, бірақ төленбеген кірісін шегерімге жатқызу кезінде салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы көпжақты халықаралық шартпен өзгерістер енгізілмеген халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатын бейрезидент-өзара байланысты тарапқа кіріс төленген жағдайда, салық агенті мұндай бейрезидент кірісті түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) болып табылатын жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасы көпжақты халықаралық шартпен өзгерістер енгізілген халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатын бейрезидент-өзара байланысты тарапқа кіріс төленген жағдайда, салық агенті бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолдануға құқылы:
мұндай кіріс резиденті бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттегі бейрезиденттің салық салынатын кірісіне енгізілуге жатады және есепті кезеңде осындай кірісті салық салынатын кірістен алып тастау және (немесе) салық салынатын кірісті осындай кіріс сомасына азайту (түзету) және (немесе) осы салық салынатын кірістен төленген салықты есепті және (немесе) кейінгі кезеңдерде қайтару құқығынсыз салық салынуға жатады;
резиденті бейрезидент болып табылатын шет мемлекетте осы кіріске салық салу кезінде қолданылатын номиналды салық мөлшерлемесі есепті кезеңде кемінде 15 пайызды құрайды.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің мақсаты үшін номиналды мөлшерлеме деп шет мемлекеттің салық заңнамасында белгіленген мөлшерлеме түсініледі.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Халықаралық шарт ережелерінің мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге алып келген құқыққа сыйымсыз қолданылуы кезінде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
266) 667-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы «Дивидендтер» деген сөз «Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, дивидендтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы бөлімнің мақсатында кірістерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) деп кірістерді иелену, пайдалану, оларға билік ету құқығы бар және осындай кіріске қатысты делдал, оның ішінде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлғаны түсінген жөн.»;
267) 669-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «елдің» деген сөз «мемлекеттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
268) 670-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «елдің» деген сөз «мемлекеттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
269) 671-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «елдің» деген сөз «мемлекеттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
270) 672-баптың 8-тармағының бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы «жағдайларда өтінішті қараудан бас тартады.» деген сөздер «жағдайларда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бұрын қаралған (тексерілген) кезең үшін, қорытындысы бойынша салық органы мынадай негіздердің бірі:
осы Кодекстің 220-бабына сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі (қызметін жүзеге асыратын тұрақты орны) деп тану;
осы Кодекстің 645-бабының 5-тармағына сәйкес өз қаражаты есебінен салық агентінің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттің кірістерінен табыс салығын ұстап қалуы және бюджетке аударуы бойынша бюджеттен табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарған өтініш қайта ұсынылған кезде өтінішті қараудан бас тартады.»;
271) 675-бапта:
1-тармақтың 271) тармақшасының екінші - сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) резиденті бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырған түпнұсқа түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға немесе құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрін заңдастыратын құжат: