2) жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі жер учаскелері жеке тұлғаларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.»;
229) 529-бапта:
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Осы Кодекстің 528-бабының 2) тармақшасында көрсетілген жер учаскелері бойынша жер учаскесінің және (немесе) жер үлесінің алаңы салықтық база болып табылады.»;
230) 530-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«530-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Жеке тұлға, оның ішінде жеке практикамен айналысатын адам кәсіпкерлік қызметте (жеке практикаға байланысты қызметте) пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің 62, 63 және 64-тарауларында айқындалған тәртіппен осы салық түрі бойынша салықтық есептілік ұсынады.
Осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша салықтық база осы Кодекстің 520-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін жер учаскесі:
салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты есептеуді салық органдары жүргізетін тұрғынжай және басқа да объектілер алып жатқан;
тұру мақсатында ғана жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған деген шарттар бір мезгілде сақталған кезде мұндай учаске кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскесі деп танылмайды.»;
231) 531-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«531-бап. Салықтық мөлшерлемелер
1. Салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құнына қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
1 | 2 | 3 |
1. | 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы |
2. | 2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 1 000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,08 пайыз |
3. | 4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 пайыз |
4. | 6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 пайыз |
5. | 8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 пайыз |
6. | 10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,25 пайыз |
7. | 12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 пайыз |
8. | 14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 пайыз |
9. | 16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 пайыз |
10. | 18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 пайыз |
11. | 20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 пайыз |
12. | 75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,6 пайыз |
13. | 100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,65 пайыз |
14. | 150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,7 пайыз |
15. | 350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,75 пайыз |
16. | 450 000 000 теңгеден жоғары | 2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын сомадан 2 пайыз |
2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | |
1. | Алматы | 0,96 |
2. | Шымкент | 0,58 |
3. | Нұр-Сұлтан | 0,96 |
4. | Ақтау | 0,58 |
5. | Ақтөбе | 0,58 |
6. | Атырау | 0,58 |
7. | Көкшетау | 0,58 |
8. | Қарағанды | 0,58 |
9. | Қостанай | 0,58 |
10. | Қызылорда | 0,58 |
11. | Орал | 0,58 |
12. | Өскемен | 0,58 |
13. | Павлодар | 0,58 |
14. | Петропавл | 0,58 |
15. | Талдықорған | 0,58 |
16. | Тараз | 0,58 |
17. | Түркістан | 0,39 |
18. | Алматы облысы: | |
19. | облыстық маңызы бар қалалар | 0,39 |
20. | аудандық маңызы бар қалалар | 0,39 |
21. | Ақмола облысы: | |
22. | облыстық маңызы бар қалалар | 0,39 |
23. | аудандық маңызы бар қалалар | 0,39 |
24. | облыстық маңызы бар қалған қалалар | 0,39 |
25. | аудандық маңызы бар қалған қалалар | 0,19 |
26. | кенттер | 0,13 |
27. | ауылдар | 0,09 |
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.
3. Үй жанындағы жер учаскелері мынадай базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады:
1) республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
1000 шаршы метрді қоса алғанға дейінгі алаң болғанда - 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;
1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метр үшін 6,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метр үшін 6,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін;
2) қалған елді мекендер үшін:
5000 шаршы метрді қоса алғанға дейінгі алаң болғанда - 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;
5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метр үшін 1,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метр үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
Елді мекендер жеріне жататын, тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатпаған жер участкесінің бөлігі үй жанындағы жер учаскесі деп есептеледі.
4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, сондай-ақ тиісті құрылыстар алып жатқан жерді қоса алғанда, жеке тұлғаларға жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген елді мекендердің жеріне базалық салықтық мөлшерлемелер мынадай мөлшерлерде:
1) алаңы қоса алғанда 0,50 гектарға дейін болған кезде - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
2) 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге мөлшерінде белгіленеді.
5. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерді жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе арттыруға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемелерді жеке-дара төмендетуге немесе арттыруға тыйым салынады.
Мөлшерлемелерді төмендету немесе арттыру туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ол енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жергілікті өкілді органның мөлшерлемелерді төмендету немесе арттыру туралы шешімі ресми жариялануға жатады.»;
232) 532-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жеке тұлғалардың мүлік салығы салықтық кезең үшін осы Кодекстің 528-бабында көрсетілген әрбір салық салу объектісі бойынша жеке есептелген салық сомаларын қамтиды.»;
5-тармақтың бірінші абзацындағы «1), 2) және 3)» деген сөздер «1) - 5)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстырған кезде осындай ауыстыру жүргізілген салықтық кезең үшін мүлік салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.»;
233) 550-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «Салық органдары» деген сөздерден кейін «, жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін рұқсат құжаттары деп рұқсаттарға қатысы жоқ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган беретін келісім мен салық органдары беретін, «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатта түсініледі.»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар, салық органдары, жергілікті атқарушы органдар және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай құжаттарды немесе олардың телнұсқаларын берген кезде алынады:»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжат.»;
234) 551-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.»;
235) 552-бапта:
4-тармақтағы «және (немесе)» деген сөздер «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алым салық органына тиісті құжаттар берілгенге дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығының тұрған жері бойынша төленеді.»;
236) 553-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды, көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Мыналарды мемлекеттік тіркегені үшін: | |
1.1. | механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені | 0,25 |
1.2. | теңіз кемелерін | 60 |
1.3. | өзен кемелерін | 15 |
1.4. | шағын көлемді флот кемелерін: | |
1.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 3 |
1.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 2 |
1.4.3. | өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді | 1,5 |
1.5. | азаматтық әуе кемелерін | 7 |
1.6. | ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды | 14 |
1.7. | қалалық рельсті көлікті | 0,25 |
1.8. | теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын | 0,25 |
2. | Қайта тіркегені үшін: | |
2.1. | механикалық көлік құралын немесе тіркемені | 0,25 |
2.2. | теңіз кемелерін | 30 |
2.3. | өзен кемелерін | 7,5 |
2.4. | шағын көлемді флот кемелерін: | |
2.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 1,5 |
2.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 1 |
2.4.3. | өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді | 0,75 |
2.5. | азаматтық әуе кемелерін | 7 |
2.6. | қалалық рельсті көлікті | 0,25 |
2.7. | теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын | 0,25 |
3. | Мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін: | |
3.1. | механикалық көлік құралын немесе тіркемені | 0,25 |
3.2. | теңіз кемелерін | 15 |
3.3. | өзен кемелерін | 3,75 |
3.4. | шағын көлемді флот кемелерін: | |
3.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 0,75 |
3.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 0,5 |
3.4.3. | өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді | 0,38 |
3.5. | азаматтық әуе кемелерін | 3,5 |
3.6. | қалалық рельсті көлікті | 0,25 |
3.7. | теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын | 0,25 |
4. | Механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін: | |
4.1. | гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар М1 санатындағы көлік құралдары: | |
4.1.1. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін | 0,25 |
4.1.2. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін | 25 |
4.1.3. | шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары | 250 |
4.2. | электр қозғалтқыштары бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы көлік құралдары: | |
4.2.1. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін | 0,25 |
4.2.2. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін | 50 |
4.2.3. | шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары | 500 |
4.3. | М2, М3, N1, N2, N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартқыштарды қоспағанда): | |
4.3.1. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін | 0,25 |
4.3.2. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін | 240 |
4.3.3. | шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейін | 350 |
4.3.4. | шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жыл және одан жоғары | 2500 |
4.4. | N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартқыштар): | |
4.4.1. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін | 0,25 |
4.4.2. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін | 240 |
4.4.3. | шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейін | 350 |
4.4.4. | шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жыл және одан жоғары | 2500 |
»;
237) 554-бапта:
4-тармақтың кестесінде:
1.1., 1.2., 1.13. және 1.14.-жолдар алып тасталсын;
1.81-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.81. | Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету | 10 |
»;
1-тармақтың 237) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Көмірсутектер саласындағы қызметтің жекелеген кіші түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензия беру үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Лицензияланатын қызметтің кіші түрлері | Алым мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Қызметтің жекелеген кіші түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым мөлшерлемелері: | |
1.1. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер | 100 |
1.2. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары | 100 |
1.3. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар | 100 |
1.4. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары | 100 |
1.5. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықтағы, теңіздегі және ішкі су айдындарындағы ұңғымаларды бұрғылау | 100 |
1.6. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жерасты жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою | 100 |
1.7. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу | 100 |
1.8. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қыртыстарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту | 100 |
1.9. | теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар | 100 |
1.10. | мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану | 100 |
1.11. | көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарының әзірлемелерін талдау | 100 |
1.12. | көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау | 100 |
1.13. | магистральдық құбыржолдарды пайдалану | 100 |
2. | 1.1 - 1.13-тармақтарда көрсетілген қызметтің кіші түрлеріне лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлеме (лицензия алуға өтініш электронды түрде берілген кезде) | лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 8% |
3. | Лицензияның телнұсқасы берілгені үшін алым мөлшерлемелері (лицензия алуға өтініш электронды түрде берілген кезде) | лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 80% |
»;
9-тармақтағы «және (немесе)» деген сөздер «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алым мөлшерлемесі 7000 АЕК құрайды.»;
1-тармақтың 238) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
238) 564-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғалар бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) үшін алынған, осы Кодекстің 528-бабының 2) тармақшасында көрсетілген жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшері осы Кодекске сәйкес осындай жер учаскелері бойынша есептелген жеке тұлғалардың мүлік салығы сомасының мөлшерінен төмен белгіленбейді.»;
1-тармақтың 239) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
239) 582-баптың 4-тармағының кестесі мынадай мазмұндағы 4.5-жолмен толықтырылсын:
«
»;
240) 583-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді. Төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша АЕК-тің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақыны қоспағанда, рұқсат алынғанға дейін екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі.
Кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша АЕК-тің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде мынадай мерзімдерде үлестермен жүргізіледі:
ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін - ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін - ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін - ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы.»;
1-тармақтың 241) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
241) 609-баптың 1-тармағында:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) босқынның куәлігін қоспағанда, жеке басты куәландыратын құжаттар бергені үшін;»;
21) тармақшадағы «үшін алынады.» деген сөздер «үшін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат бергені үшін алынады.»;
1-тармақтың 242) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
242) 613-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«613-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берген кездегі мемлекеттік баж мөлшерлемелері»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының визаларын беруге, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеуге, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруге байланысты әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат бергені үшін - 4 АЕК.»;
1-тармақтың 243) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
243) 615-баптың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, жол жүру құжатын бергені үшін - 8 АЕК;»;
244) 616-баптың бірінші бөлігі:
1-тармақтың 244) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын тарату комиссиялары - қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі мүддесінде берілген талап қоюлар, арыздар, шағымдар бойынша;»;
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары - борышкерлерден зейнетақы активтеріне қатысты міндеттемелерін орындамауына байланысты пайда болған берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілетін жұмыстар шеңберінде талап қоюларды берген және соттардың шешімдеріне шағым жасаған кезде;»;
245) 621-баптың 1) тармақшасының екінші абзацындағы «келісім бар елдердің» деген сөздер «халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
246) 622-баптың 5) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беруді қоспағанда, автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі берілген кезде:»;
1-тармақтың 247) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
247) 623-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және жол жүру құжатын бергені үшін;»;
248) 628-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларынан;
3) Қазақстан Республикасымен құқықтық көмек туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің билік орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық істер бойынша, алименттер, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылар туралы, бала асырап алу туралы құжаттарды талап етіп алдырғаны үшін;»;
249) 629-бапта:
5-тармақтағы «елдің» деген сөз «мемлекеттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «елдің» деген сөз «мемлекеттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
250) 630-бапта:
2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында мынадай:
1) кәмелетке толған адам:
Қазақстан Республикасының азаматы;
қандас;
тұруға ықтиярхаты бар адам;
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
2) осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайларда бейрезидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
3) осы баптың 5-тармағында айқындалған жағдайларда кәмелетке толмаған адам:
Қазақстан Республикасының азаматы;
қандас;
тұруға ықтиярхаты бар адам;
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.
3. Осы Кодексті қолдану мақсатында кәмелетке толмаған адамның және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі адамның салықтық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды өкілі орындайды.
4. Бейрезидент болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мынадай шарттардың бірі:
1) құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің болуы;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі болған жағдайда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.
5. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған кәмелетке толмаған адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны осы адамдарда осындай декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мынадай жағдайлардың кез келгені басталған кезде тапсырады: