2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары;
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) аудиторлық қызмет және бағалау қызметі саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 722-1-баппен толықтырылды; 2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 722-1-баптың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
722-1-бап. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші және төртінші бөліктері), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігі) - баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссияларының мемлекеттік аудиторлары құқылы.
2022.01.07. № 132-VII ҚР Заңымен 722-2-баппен толықтырылды
722-2-бап. Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті орган
1. Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодекстің 214 (3-1-бөлігінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органның бірінші басшысы, оның орынбасарлары және уәкілетті қызметкерлері құқылы.
723-бап. 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
724-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2023.12.07. № 24-VIІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Кодекстің 206, 210, 210-1, 212, 213 (бесінші және он бесінші бөліктерінде), 217, 218, 220 (жетінші және сегізінші (төлем ұйымдарына қатысты) бөліктерінде), 227 (бірінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты), 1-1 және үшінші (төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты) бөліктерінде), 239 (үшінші және төртінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты) бөліктерінде), 243, 244 (1-1, екінші бөліктерінде), бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші бөліктерінде), 252, 252-1, 253, 464, 497 (жинау өз құзыретіне кіретін алғашқы статистикалық деректер бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 724-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
724-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 91 (бірінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 185 (бұл бұзушылықтарды банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер жасаған кезде), 186, 208, 211, 211-1, 211-2, 213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 215-1, 220 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде (банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 222, 223, 224, 225, 226, 227 (бірінші (банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстанның Даму Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), екінші, үшінші (бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), төртінші және бесінші бөліктерінде), 228, 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде (қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қатысты), 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 256, 257, 259, 260, 261, 262, 264, 265, 286, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы, оның орынбасарлары және уәкілетті жұмыскерлері құқылы.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасауға құқығы бар жұмыскерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
725-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтардан басқа), 84, 91 (төртінші бөлігінде), 92 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары құқылы.
726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық қауіпсіздік органдары осы Кодекстің 192, 464, 504, 518, 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 192, 464, 504, 518, 519-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға департамент бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының, қалалық, аудандық басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған), 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шекара басқармаларының, шекаралық бақылау басқармаларының бастықтары, жағалау күзеті дивизиондарының командирлері мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) шекаралық бақылау бөлімдерінің, шекара бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
4) шекаралық бақылау бөлімшелерінің, шекара бөлімшелерінің бастықтары, корабльдер мен катерлердің командирлері және олардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
5) шекаралық бақылау бөлімдері (бөлімшелері) топтарының (ауысымдарының) бастықтары - жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді орындайтын бақылаушылар, шекара нарядтарының аға қызметшілері ескерту жасауға құқылы.
727-бап. Әскери полиция органдары
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598 (бірінші бөлігінде), 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 651 (әскери қызметшілерге, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдердің (мекемелердің) медициналық, әскерге шақыру, іріктеу комиссияларының төрағаларына, орынбасарларына және мүшелеріне қатысты) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға әскери полиция органдарының уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті, осы баптың төртінші және бесінші бөліктерін қоспағанда, әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының көлік құралдарын басқаратын қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне және әскери қызметшілеріне қолданылады.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарының жүргізушілері - әскери қызметшілер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, әкімшілік жаза ретінде белгіленген тәртіппен айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция органдары кінәліларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік жарғысы бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті командирлерге (бастықтарға) береді.
728-бап. 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 728-1-баппен толықтырылды
728-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар осы Кодекстің 464-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 729-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
729-бап. Жергілікті атқарушы органдар
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 409-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.10.06. № 91-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 75, 138 (екінші бөлігінде), 156, 172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 199, 204, 205, 250 (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде), 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде), 300 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 300-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-1 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-3 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 309-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі және жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 320, 353 (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және кен іздеушілік жөніндегі операциялар бөлігінде), 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 405, 407-1, 407-2, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 451 (он алтыншы бөлігінде), 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде), 464, 488-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органның тілдерді дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 146, 147, 172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 204, 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 320, 386, 407-1, 407-2, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 505, 633, 634-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.