2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2023.06.02. № 195-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстің 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 86, 87, 88, 89 (мемлекеттік қызметшімен қарым-қатынастағы жұмыс берушілерді қоспағанда), 90, 93 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттiк еңбек инспекторлары құқылы;
2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 694-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
694-бап. Әдiлет органдары
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Әділет органдары осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен олардың орынбасарлары, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдiлет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудандық және қалалық әділет бөлімшелерінің басшылары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 695-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 695-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 695-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
695-бап. Заңды тұлғаларды және азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi орган
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Заңды тұлғаларды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 466 және 491-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға заңды тұлғаларды және азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
696-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 324, 325, 326, 327-1, 327-2 (бірінші бөлігінде), 328 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 329, 330, 331 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 332, 333, 334, 336, 337 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 343-1, 344 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 344-1, 344-2, 346, 347, 352, 353 (бірінші бөлігінде), 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (бірінші бөлігінде), 399, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жетпiске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға - үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемесі сомасынан, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға;
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемесі сомасынан, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 698-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 297, 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қоспағанда), 299 (бірінші және екінші бөліктерінде) (гидротехникалық құрылысжайлар қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (өнеркәсіптік тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307 (өнеркәсіптік тұтынушылар бөлігінде), 308, 352, 353 (бірінші бөлігінде) (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
2016.14.01. № 445-V ҚР Заңымен 698-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
698-1-бап. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 297-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
699-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 642, 644, 645, 646, 647, 648, 649, 650-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының атынан жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 699-1-баппен толықтырылды
699-1-бап. Ғарыш қызметі саласындағы орган
1. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 310, 311-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 700-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
700-бап. Денсаулық сақтау органдары
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 424 (бірінші бөлігінде), 426 (бірінші, 2-1 және 2-2-бөліктерінде), 428, 429 (екінші бөлігінде), 430, 432, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (2-1, үшінші және төртінші бөліктерінде), 80-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 81 (бірінші бөлігінде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (екінші бөлігінде) (медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бойынша денсаулық сақтау субъектілері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 428, 432, 433 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 701-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 701-бап өзгертілді
701-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 203, 425 (бірінші бөлігінде), 428, 429 (бірінші бөлігінде), 431, 433 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
702-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері тиісінше: Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдарына және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектiлерде санитариялық қағидаларды және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар туралы, осы Кодекстiң 425-бабының (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары не осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
703-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 406, 415 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 406, 415 (бірінші бөлігінде)-баптарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
2) ветеринариялық бақылау бекеттерiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.
3. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
1) өткiзу орындарында - жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өткiзу кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
2) темiржол, су және әуе көлiгiнде, жолдарда және мал айдайтын күре жолдарда - мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ мал айдау кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
3) мемлекеттiк шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау бөлiгiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.
704-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 407-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.
705-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi органдары осы Кодекстiң 400-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 706-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 706-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
706-бап. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 401 (бірінші бөлігінде), 402 (бесінші бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
707-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 297, 377, 403, 415 (бірінші бөліктің 1) тармақшасы) (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзу бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерінің өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар құқылы.
2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен 708-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
708-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органдар
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 141, 164, 299 (бірінші және екінші бөліктерінде (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), 358, 359, 359-1, 360 (екінші және үшінші бөліктерінде), 361, 362, 363, 365-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары, су шаруашылығы бассейндерінің бас мемлекеттік инспекторлары мен олардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік инспекторлары, су шаруашылығы бассейндерінің аға мемлекеттік инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүз жетпіске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүзге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың сегіз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;