Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II Заңы
(2024.04.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары
3-бап. Жануарлар дүниесiнiң санаттары
4-бап. Жануарлар дүниесiне және жануарлар дүниесi объектiлерiне меншiк
5-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қатынастар субъектiлерi
2-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттік басқару
6-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары
6-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды, қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жүйесі
6-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдар
7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың ерекшелiктерi
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы құзыретi
9-бап. Уәкiлеттi органның, аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосының және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті
10-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi
11-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік есепке алу, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингi
11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия
3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау
12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі негiзгi талаптар
13-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау
14-бап. Жануарлар дүниесiн сақтау және өсiмiн молайту мақсатында оны пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлеу
15-бап. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау
16-бап. Пестицидтердi, улы химикаттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарларды қорғау
17-бап. Шаруашылық және өзге де қызметтi жобалау мен жүзеге асыру кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөніндегі iс-шаралар
18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесін қорғау
18-1-бап. Алып тасталды
19-бап. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру
20-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
20-1-бап. Алып тасталды
21-бап. Жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсету
22-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер
22-1-бап. Ихтиологиялық байқаулар
4-тарау. Жануарлар дүниесiн пайдалану
23-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану
24-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi
25-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдерi
26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру
27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi
28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталар
30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерi
31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер
5-тарау. Aң аулау
32-бап. Аң аулау ұғымы және түрлерi
33-бап. Аң аулау құқығы
33-1-бап. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері
5-1-тарау. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту
33-2-бап. Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы
33-3-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
33-4-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті қаржыландыру
33-5-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулер
6-тарау. Балық аулау
34-бап. Балық аулау түрлері
35-бап. Балық аулау құқығы
36-бап. Қолдан жасалған су айдындарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балық шаруашылығы қызметiн реттеу ерекшелiктерi
7-тарау. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу
37-бап. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргiзу құқығын беру және тоқтату
38-бап. Аңшылық алқаптар
39-бап. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері
39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар
39-2-бап. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындары
40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібi
41-бап. Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану
42-бап. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшін пайдалану
42-1-бап. Жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану
43-бап. Мамандандырылған ұйымдар
43-1-бап. Жануарлар түрлерінің өсiмiн молайту
8-тарау. Жануарлар түрлерінің санын реттеу
44-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң мақсаттары
45-бап. Жануарлар дүниесi түрлерінің санын реттеудiң негiздерi
46-бап. Алып тасталды
9-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру және экономикалық ынталандыру
47-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру
48-бап. Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру
10-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау
49-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
50-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектiлерi
51-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
52-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
53-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актілері
54-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау
55-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау
56-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылау
57-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау
11-тарау. Қорытынды ережелер
58-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
59-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы дауларды шешу
60-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
61-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «су тоғандарындағы (учаскелеріндегі)», «су тоғандарында (учаскелерінде)», «су тоғандарын (учаскелерін)», «су тоғандарының (учаскелерінің)», «су тоғандары (учаскелері)», «су тоғандарына (учаскелеріне)» деген сөздер тиісінше «су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі», «су айдындарында және (немесе) учаскелерінде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерін», «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің», «су айдындары және (немесе) учаскелері», «су айдындарына және (немесе) учаскелеріне» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік бақылауды» және «мемлекеттік бақылау» деген сөздерден кейін тиісінше «және қадағалауды» және «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) акваөсіру - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;
2) аншлаг - аңшылық шаруашылықтардың, өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;
3) аңшы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) аңшы иттер - аңшылықта пайдаланылатын қазақы және басқа да ит тұқымдары;
4) аңшы куәлiгi - жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат;
5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры - жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi;
6) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) - оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
7) 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) аңшылық олжа - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған жануар (балық ресурстары мен басқа да су жануарларлынан басқа), олардың бөліктері мен дериваттары;
9) аңшылық шаруашылығы - аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану, жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi;
10) аңшылық шаруашылығының санаты - аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негiзiнде берілетін, аңшылық алқаптары өнiмдiлiгiнiң, күзет және өсiмiн молайту iс-шаралары сипатының белгiлерi бойынша аңшылық шаруашылықтарының жіктемелік бөліну бiрлiгi;
11) аңшылық шаруашылығы субъектісі - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға;
12) аңшылық шаруашылығының ішкі регламенті - жеке тұлғаның аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулауды жүргізу тәртібін белгілейтін, жануарларды ұстап алу нормасын, көрсетілетін қызметтердің баға прейскурантын қамтитын құжат;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) аушы жыртқыш құс - аң аулауда пайдаланылатын қыран, сұңқар, қаршыға және жыртқыш құстардың басқа да түрлері;
14) балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
15) балық аулаушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;
16) балық аулау олжасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектісі, олардың бөліктері мен дериваттары;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) балық өсіру материалы - балық өсіру объектісіне қарай, су айдындарына балық жіберуге арналған дернәсілдер, құртшабақтар, шабақтар және балықтардың жасына байланысты басқа да топтары;
17) балықтардың көбею кезеңі - белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама - уәкілетті орган белгілеген, балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған немесе балық өсіру шаруашылықтарында өсірілген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегін растайтын құжат;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19) балықтарды қорғау құрылғысы - балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су тарту және ағызу құрылыстарына түсуін болғызбауға арналған құрылғы;
20) балықтардың қырылуы - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
21) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі - балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;
22) балықтардың өріс аударуы - балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы;
23) балық өсіру - акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіру жөніндегі бағыты;
24) балық ресурстары және басқа да су жануарлары - сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы;
25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк басқарудың бассейндiк принципi (бұдан әрi - бассейндiк принцип) - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту мен өрiс аудару ерекшелiктерi ескерiлген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың бiртұтас жүйесi;
26) балық шаруашылығы - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;
27) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерін паспорттау - балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, олардың алаңын, жай-күйін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының түрлік құрамын белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені;
28) балық шаруашылығы субъектісі - қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды
28-1) балық шаруашылығы технологиялық су айдыны - гидротехникалық құрылысжайлардың немесе құрылғылардың көмегімен сумен толтырылатын, акваөсіру объектілерін өсіруге жағдай жасауға арналған, жасанды жасалған су айдыны (тоған, балық өсіру бассейні);
29) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30) балықшы - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;
31) балықшы куәлігі - жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі берген, белгіленген нысандағы құжат;
32) биологиялық негiздеме - жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;
33) дериват - жануардың туынды түрі мен одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім;
34) аң-құс өсіру - аң аулау объектісі болып табылатын жануарларды аңшылық шаруашылық субъектілерінің өсіруі;
35) жануарлар - құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары);
36) жануардың бөлігі (бұдан әрі - бөлік) - жануардың түрін танып білуге мүмкіндік беретін оның денесінің бір бөлігі;
37) жануарларды будандастыру - шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;
38) жануарлар дүниесi - Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 38-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
38-1) жануарлар дүниесі мониторингі - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару және биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен динамикасын байқау, бағалау және болжау жүйесі;
39) жануарлар дүниесі объектілерін алу - табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40) тармақша жаңа редакцияда
40) жануарлар дүниесі объектілерін қолдан өсіру - көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын, тоғанда балық өсіру шаруашылықтарын және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарын қоса алғанда, жануарлар түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;
41) жануарлар дүниесiн қорғау - жануарлар дүниесiн, олар мекендейтiн ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің тексерілетін субъектілерді олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 43) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
45) жануарлар дүниесiн орнықты пайдалану - жануарлар дүниесi объектiлерiн жануарлар дүниесінің түрлiк сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсiмiн молайту мен қазiргi және келешек ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру қабiлетiн сақтап қалатын тәсiлдер арқылы пайдалану;
46) жануарлар дүниесiн пайдалану - жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын және пайдалы қасиеттерiн мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай пайдалану;
47) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат - жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретiн, белгiленген нысандағы құжат;
48) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар - осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;
49) жануарлар дүниесі үшін болмай қоймайтын зиян - жануарлар дүниесіне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендік әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен келтірілген және (немесе) келтірілетін, алдын алу шараларымен болдырмау мүмкін емес қалдықты зиян;
50) жануарлар дүниесiнiң биологиялық сан алуандығы - жануарлар дүниесi объектiлерiнiң бiр түр шеңберiндегi, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердiң сан алуандығы;
51) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасы - жануарлар дүниесiнiң объектiлерi табиғи еркiндік жағдайында мекендейтiн табиғи орта;
52) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын қорғау - табиғи еркiндік жағдайында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң орнықты тiршiлiк ету және өсiмiн молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтiруге бағытталған қызмет;
53) жануарлар дүниесi объектiсi - жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы;
54) жануарларды интродукциялау - жануарлар түрлері дара нұсқаларының ареалдардан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшін жаңа орындарға әдейі тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;