ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне
соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері
мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
24-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен шешу. Дауды төреліктің, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының шешуіне беру»;
5-1-тарау мынадай мазмұндағы 56-3 және 56-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«56-3-бап. Сот приставы
56-4-бап. Аудармашы»;
11-1-тарау мынадай мазмұндағы 133-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«133-4-бап. Электрондық хаттама»;
147-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«147-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша шешім»;
мынадай мазмұндағы 187-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«187-1-бап. Сот отырысында техникалық құралдарды пайдалану»;
198-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«198-бап. Істі талқылауды кейінге қалдыру, сот отырысындағы үзіліс»;
мынадай мазмұндағы 250-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«250-1-бап. Атқарушылық іс жүргізуде борышкердің жылжымайтын мүлкіне өндіріп алуды қолдану»;
405-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«405-бап. Бірінші сатыдағы сот судьясының апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейінгі әрекеттері»;
461-баптың тақырыбы алып тасталсын;
463-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«463-бап. Соттың істі қайта қарау туралы арыз бойынша ұйғарымы»;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері
Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, істің толық және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.»;
3) 15-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, процеске басшылықты жүзеге асырады, тараптардың істің мән-жайларын толық және объективті зерттеуге арналған процестік құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Сот іске қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, процестік әрекеттерді жасаудың немесе жасамаудың салдарлары туралы ескертеді, олардың құқықтық позициялары мен дәлелдемелерін нақтылайды, олармен істің мән-жайларын талқылайды және осы Кодексте көзделген жағдайларда, оларға өздерінің құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Сот шешімді әрбір тарапқа бірдей негіздерде зерттеуге қатысуды қамтамасыз еткен дәлелдемелерге ғана негіздейді.
4. Сот тараптың уәжді өтінішхаты бойынша не өз бастамасы бойынша істің материалдарын жинау және зерттеу, тараптар дәлелдерінің негізділігін және сотқа ұсынылған дәлелдемелердің анықтығын тексеру бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.»;
4) 24-бапта:
тақырып «төреліктің» деген сөзден кейін «, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының» деген сөздермен толықтырылсын;
«төреліктің» деген сөзден кейін «, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 34-бапта:
бесінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Екі тарап та сот айқындаған соттылықпен келіскен жағдайда, олардың жазбаша өтінішхаты бойынша істі бір соттан екінші сотқа беру ұйғарым шығарылғаннан кейін дереу жүргізіледі.»;
алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Әртүрлі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан бірінші сатыдағы соттар арасындағы дауды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың ұсынуы бойынша шешеді.»;
6) 35-баптың тоғызыншы бөлігі 2) тармақшадағы «болмаған жағдайда мүмкін.» деген сөздер «болмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) егер тараптар арасында медиация өткізу кезінде келісімге қол жеткізілмесе және тараптардың істі осы судьяның қарауына келісімі болмаған жағдайда мүмкін болады.»;
7) 38-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «аудармашы,» деген сөзден кейін «консультант,» деген сөзбен толықтырылсын;
8) 39-бапта:
бірінші бөліктегі «сот отырысына» деген сөздер «істі қарауға және шешуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің төртінші абзацындағы «сот істі қараған және шешкен кезде сот отырысына» деген сөздер «соттың істі қарауына және шешуіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
9) 40-баптың бірінші бөлігі «аудармашы,» деген сөзден кейін «консультант,» деген сөзбен толықтырылсын;
10) 41-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот отырысында прокурорға, сот отырысының хатшысына, маманға, сарапшыға, аудармашыға, консультантқа мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сот сол сот отырысында қарайды және шешеді.
Сот отырысынан тыс мәлімделген жазбаша қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) судья тараптарға хабарламастан, ол түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ал қосымша мән-жайларды анықтау қажет болған кезде - келесі сот отырысында қарайды.»;
төртінші бөліктегі «кеңесу бөлмесінде» деген сөздер алып тасталсын;
11) 5-1-тарау мынадай мазмұндағы 56-3 және 56-4-баптармен толықтырылсын:
«56-3-бап. Сот приставы
1. Мемлекеттік қызметте тұратын, өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам сот приставы болып табылады.
2. Сот приставы сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтайды, сотқа процестік әрекеттерді орындауда жәрдемдеседі, соттарда судьялар мен процеске өзге де қатысушыларды күзетуді жүзеге асырады, төрағалық етушінің өкімдерін орындайды, өзіне заңмен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
56-4-бап. Аудармашы
1. Аударма жасау үшін білу қажет тілдерді меңгерген және егер іске қатысатын адам, сондай-ақ куә, сарапшы, маман іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмеген жағдайларда, сол сияқты жазбаша құжаттарды аудару үшін процестік әрекеттерге қатысуға тартылған, іске мүдделі емес адам аудармашы ретінде шақырылады.
2. Төрағалық етуші аудармашыны тағайындау туралы хаттамалық ұйғарым шығарады.
3. Аудармашының:
1) аударманы жүзеге асыру кезінде қатысатын адамдарға аударманы нақтылау үшін сұрақтар қоюға;
2) өзі қатысқан сот отырысының хаттамасымен танысуға, аударманың толық және дұрыс көрсетілуі бөлігінде хаттамаға ескертулер жасауға;
3) егер оның аудару үшін қажетті жеткілікті білімі болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға;
4) егер іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, өзінің іске қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
4. Аудармашы:
1) сотқа шақыру бойынша келуге;
2) аударманы толық және дұрыс жүзеге асыруға;
3) өзінің қатысуымен өткізілген сот отырысының хаттамасында, сондай-ақ өзіне аудару үшін берілген өзге де құжаттарда аударманың дұрыстығын өзінің қолтаңбасымен куәландыруға;
4) аудармашы ретінде тартылуына байланысты өзіне белгілі болған істің мән-жайлары туралы мәліметтерді және өзге де деректерді жария етпеуге;
5) сот отырысы кезінде тәртіпті сақтауға міндетті.
5. Осы баптың қағидалары сурдоаударма жасау дағдыларын меңгерген және сот процеске қатысу үшін тартқан адамға қолданылады.»;
12) 59-баптың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы «аудармашы,» деген сөзден кейін «консультант,» деген сөзбен толықтырылсын;
13) 60-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тапсырма бойынша өкіл, талап қою арызына қол қоюдан, істі төрелікке, «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотына беруден, татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасудан, талап қоюдан немесе талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартудан, талап қою талаптарының нысанасын ұлғайтудан немесе азайтудан, талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгертуден, өкілеттіктерді басқа тұлғаға беруден (басқаға сеніп тапсырудан); сот актісіне апелляциялық, кассациялық тәртіптермен шағым жасаудан, жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыз беруден, сот актісін мәжбүрлеп орындатуды талап етуден, ұйғарылған мүлікті алудан, апелляциялық шағымнан және кассациялық тәртіппен сот актісін қайта қарау туралы өтінішхаттан бас тартудан басқа, өкілдік етушінің атынан осы Кодексте көзделген барлық процестік әрекетті жасауға құқылы.»;
14) 66-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дау (жанжал) медиация тәртібімен реттелмеген жағдайда, судья өзі сотта медиация жүргізу кезінде алған дәлелдемелерді, егер тараптар бұған қарсы болмаған жағдайды қоспағанда, іс жүргізуінде іс жатқан судьяға ұсына алмайды.»;
15) 74-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Істі қарайтын сот өз бастамасы бойынша немесе іске қатысатын адамның басқа қаладағы немесе аудандағы дәлелдемелерді қамтамасыз етудің (жинаудың, зерттеудің) қажеттігі туралы өтінішхаты қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сотқа белгілі бір процестік әрекеттерді жүргізуді тапсырады.
2. Істі қарайтын сот өз бастамасы бойынша немесе іске қатысатын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарты бар басқа мемлекеттегі дәлелдемелерді қамтамасыз етудің (жинаудың, зерттеудің) қажеттігі туралы өтінішхаттары қанағаттандырылған жағдайда, осы шарттың ережелеріне сәйкес сот тапсырмасын жібереді.»;
16) 80-баптың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) шешім немесе үкім шығару кезінде істің мән-жайларын талқылау барысында кеңесу құпиясын сақтау мәселелері бойынша - судья;»;
17) 81-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер куә ауруының, қарттығының, мүгедектігінің, тұратын жерінің алыстығының немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот одан оның болған жерінде не техникалық байланыс құралдарын пайдалана отырып жауап алуы мүмкін.»;
18) 100-бапта:
екінші бөлікте:
«, сондай-ақ» деген сөз «не» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Сот жазбаша дәлелдемелерді өз бастамасы бойынша да талап етіп алдыруы мүмкін.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Электрондық құжаттар нысанындағы дәлелдемелер немесе олардың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған көшірмелері сотқа осы бапта белгіленген қағидалар сақтала отырып ұсынылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында тек электрондық құжатты пайдалануға жол берілмейтін жағдайларды қоспағанда, электрондық құжат дәлелдеме деп танылады.»;
19) 105-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Егер бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптар арасында татуластыру рәсімі шеңберінде жасалған келісімдердің шарттарында талап қою талаптарының мөлшері ұлғайтылса не даудың нысанасы өзгертілсе, мемлекеттік бажды қосымша төлеу жүргізілмейді. Сот шығыстарын бөлу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
20) 109-баптың алтыншы бөлігіндегі «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 120-бапта:
бірінші бөліктегі «сот кеңесу бөлмесіне кетпестен» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктегі «кеңесу бөлмесінде» деген сөздер алып тасталсын;
22) 126-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өткізіп алынған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арыз өзінің құқықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы арыз иесіне белгілі болған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, процестік әрекеттер жасалуға тиіс сотқа беріледі.
Іске қатысатын адамдар арыздың келіп түскені туралы дереу хабарландырылады және олардың сотқа пікір ұсынуға құқығы бар.
Сот өткізіп алынған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арызды сотқа келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.
Сот өткізіп алынған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арызды өз қалауы бойынша, іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Бұл ретте сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған, іске қатысатын адамдардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.»;
23) 11-1-тарау мынадай мазмұндағы 133-4-баппен толықтырылсын:
«133-4-бап. Электрондық хаттама
1. Сот талқылауының аудио-, бейнежазбасы электрондық хаттама деп танылады.
2. Электрондық хаттаманың толықтығын, құрылымы мен сапалы тыңдалуын қамтамасыз ететін техникалық талаптарды соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.»;
24) 134-баптың бірінші бөлігіндегі «судья» деген сөз алып тасталып, «шығарады» деген сөз «электрондық нысанда шығарылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 135-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) партисипативтік рәсім тәртібімен жасасылған, дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;»;
18) тармақша алып тасталсын;
26) 143-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«143-бап. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру және оны орындауға жіберу
1. Егер белгіленген мерзімде сотқа борышкерден қарсылық келіп түспесе, сот бұйрығы өндіріп алушыға орындауға ұсыну үшін беріледі немесе оның арызы бойынша сот аумаққа жатқызылуына қарай тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындауға жібереді.
2. Өндіріп алушының өтініші бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабына сәйкес дереу орындалуға жататын талаптар бойынша сот бұйрығын сот орындауға тікелей жібереді.
3. Борышкерден мемлекеттік бажды тиісті бюджеттің кірісіне өндіріп алу үшін сот бұйрығының жекелеген данасын сот аумаққа жатқызылуына қарай тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тікелей жібереді.»;
27) 144-бапта:
үшінші бөліктің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса, істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшеді, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда көрсетеді.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер мен осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Іс осы Кодексте тиісті санаттағы істер үшін белгіленген мерзімдерде қаралуға тиіс. Істі қарау мерзімі талап қою арызы қабылданған күннен бастап есептеледі.»;
28) 145-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін - екі мың айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, азаматтар үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақшаны өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша;»;
29) 146-баптың екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот тараптарды істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қарау туралы ол қабылданған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша, сондай-ақ хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабардар етеді.
3. Істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қараумен келіспеген тараптар хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде сотқа талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша дауды жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат, ал жауапкер - құжаттар мен дәлелдемелерді қоса бере отырып, талап қоюға пікір (қарсылық) ұсынуға құқылы.
4. Шешім шығарылғаннан кейін сотқа келіп түскен, дауды жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат осы шешімнің күшін жою туралы арыз ретінде қабылданады және қаралады.
5. Пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмастан, істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен электрондық форматта қарайды.»;
30) 147-бапта:
тақырыптағы «қаралатын» деген сөз «қаралған» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша сот кіріспе және қарар бөліктерден тұратын шешім шығарады. Сот шешімінің көшірмесі тараптарға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі не шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Сот шешім заңды күшіне енгенге дейін тараптың мәлімдеген жазбаша өтінішхаты бойынша не өзінің бастамасы бойынша кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді дайындайды.»;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Судья шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарыммен бірге, егер бұрын мұндай шешім берілмеген болса, тараптарға кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді беруге міндетті.»;
31) 148-бапта:
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) тарап (тараптар) қабылдаған, татуласуға бағытталған әрекеттер туралы мәліметтер, егер мұндай әрекеттер қабылданған болса;»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
32) 149-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) тараптың (тараптардың) татуласуға бағытталған әрекеттерді жасағанын растайтын құжаттар, егер мұндай әрекеттер жасалған болса;»;
33) 150-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қою арызын қабылдау талап қою арызы түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Татуласу рәсімдерін жүргізу нәтижелері туралы сот ұйғарымында талап қою арызын қабылдау не оны қабылдаудан бас тарту туралы көрсетіледі.
Татуласу рәсімдерін, талап қою арызын қабылдаған кезде судья осы Кодекстің 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүргізеді.»;
34) 156-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қою берілген жағдайда мүлікті өткізуді тоқтата тұру;»;
35) 159-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Іске қатысатын адамдар арыздың келіп түскені туралы дереу хабарландырылады және олардың сотқа пікір ұсынуға құқықтары бар.
Сот талап қоюды қамтамасыз ету шараларын ауыстыру туралы арызды ол сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.
Сот талап қоюды қамтамасыз ету шараларын ауыстыру туралы арызды іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Бұл ретте сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған, іске қатысатын адамдардың келмеуі арызды қарау үшін кедергі болып табылмайды.»;
36) 160-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, талап қою арызы қараусыз қалдырылған, сондай-ақ талап қою арызы қайтарылған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралар сот ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін өз күшін сақтайды.»;
37) 165-баптың 5) тармақшасы «төрелікке» деген сөзден кейін «, «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотына» деген сөздермен толықтырылсын;
38) 168-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 272, 273-баптарында, 277-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында және 279-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 8) және 9) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған кезде істі сот талқылауына дайындаған кезде ол бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы не арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.»;
39) 169-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Талап қоюшы қосымша процестік әрекеттерді жүргізу қажет болмаған кезде сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.»;
40) 170-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Талап қоюшы сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдан бас тартуға құқылы.»;
41) 171-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жауапкер сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюды толық немесе оның бір бөлігін мойындауға құқылы.»;
42) 173-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Судья істі дайын деп танып, тараптарға және іске қатысатын басқа да адамдарға істің сот отырысында қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлайды.»;
43) 174-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.»;
«3. Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша мәлімделуі мүмкін.»;
44) 175-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.»;
«3. Татуласу келісімін сот (судья) бекітеді.»;
45) 177-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот тараптардың татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында қарауы мүмкін. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады.»;
төртінші бөлік «ол» деген сөзден кейін «сот отырысының хаттамасына енгізіледі және» деген сөздермен толықтырылсын;
46) 179 және 181-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«179-бап. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу
1. Тараптар бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін дауды (жанжалды) судьяның немесе медиатордың жəрдемдесуімен медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.
2. Медиацияны өткізетін судья медиация өткізілетін күнді тағайындайды және тараптарға оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды. Судья медиацияны «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және осы Кодексте белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып өткізеді.
Сот тараптардың өтінішхаты бойынша медиация рәсімін осы Кодекстің 150-бабының бірінші бөлігінде, осы баптың төртінші бөлігінде белгіленген мерзімдер шегінде кейінге қалдыруға және егер басқа тұлғалардың қатысуы дауды (жанжалды) реттеуге ықпал ететін болса, оларды медиацияға шақыруға құқылы.
3. Егер тараптар талап қою арызы қабылданғанға дейін судьяның жәрдемдесуімен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізбесе, іске қатысы бар материалдар осы Кодекстің 35-бабының жетінші бөлігінде көзделген тәртіппен басқа судьяның қарауына беріледі.
Тараптардың келісуімен істі медиацияны өткізген судья қарауы мүмкін.
4. Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуінде жатқан іс бойынша судьяның жәрдемдесуімен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат келіп түскен кезде сот іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 273-бабының 7) тармақшасына сәйкес он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Бірінші сатыдағы сотта медиация өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.
Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімге қол жеткізілмеген кезде істі одан әрі қарауды тараптардың келісуімен осы судья жалғастыруы мүмкін.
Медиацияны аппеляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі.
5. Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуінде жатқан іс бойынша медиатордың жәрдемдесуімен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат келіп түскен және тараптардың медиатормен жасасқан шарты ұсынылған кезде сот іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 272-бабының 7) тармақшасына сәйкес бір айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға міндетті.
6. Тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаты, егер бұл қосымша процестік әрекеттерді және істі қарауды тоқтата тұруды талап етпесе, кассациялық сатыдағы сотта мәлімделуі мүмкін. Тараптар кассациялық сатыдағы сотта өтінішхатпен бірге бір мезгілде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынуға тиіс.