«7. Талап қою арыздарын қайтару, талап қоюды қамтамасыз ету, соттылық, қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету, шешімді түсіндіру, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, талап қою арыздарын қараусыз қалдыру мәселелері бойынша жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымдары шағым жасалуға және наразылық білдірілуге жатпайды. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда істің одан әрі жүргізілу мүмкіндігіне бөгет болатын апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.»;
89) 445-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кассациялық сатыдағы сот істі судьяның қаулысымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығымен бірге алғаннан кейін тараптарға көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не олардың электрондық көшірмелерімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсы арқылы танысу мүмкіндігі туралы хабарламаны, сондай-ақ сот отырысының өткізілетін күнін, уақытын, орнын көрсете отырып, татуласу рәсімдеріне, кассациялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысу үшін хабарламаны үш жұмыс күні ішінде жібереді.
Сот осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес татуласу рәсімін өткізеді.»;
90) 447-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сотқа қатысып отырған екі тарапта татуласу туралы өтініш берген жағдайда, татуласу рәсімін алқалы құрам судьяларының бірі өтінішхат берілген күні өткізеді.»;
91) 451-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кассациялық сатыдағы сот бөтен адамдардың болуын және кеңес құпиясының жария етілуін болғызбайтын жағдайларда мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қаулының қарар бөлігі сот отырысы залында жария етіледі.»;
92) 455-баптың үшінші бөлігі 3) тармақшадағы «тануы жатады.» деген сөздер «тануы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) орындалуы туралы сот актісі шығарылған төрелік шешімнің күшін жою жатады.»;
93) 460-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«460-бап. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау
Сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз келіп түскен күнінен бастап тиісті соттың іс жүргізуіне қабылданды деп есептеледі.»;
94) 461-бап алып тасталсын;
95) 462 және 463-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«462-бап. Арызды қарау
Іске қатысатын адамдар жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арыздың келіп түскені туралы хабарландырылады.
Сот мұндай арызды жеке-дара немесе сот отырысында қарауға құқылы, алайда сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған, іске қатысатын адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болып табылмайды.
463-бап. Соттың істі қайта қарау туралы арыз бойынша ұйғарымы
1. Сот жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арыз бойынша:
1) осы баптың екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша арызды қайтару туралы;
2) сот актісін қайта қараудан бас тарту туралы;
3) арызды қанағаттандыру және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жою туралы уәжді ұйғарым шығарады.
2. Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша істі қайта қарау туралы арызды қайтаруға мыналар негіз болып табылады:
1) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмауы;
2) арызды беруге (қол қоюға) өкілеттігі жоқ адамның не әрекетке қабілетсіз адамның оны беруі (қол қоюы);
3) осы Кодекстің 456-бабында белгіленген қағидалардың сақталмауы;
4) мерзімді қалпына келтіру туралы немесе өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы өтінішхат болмаған кезде арызды беру мерзімінің өтіп кетуі;
5) арыз берушінің қайтарып алуы.
3. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша арызды қайтару туралы, сот актісінің күшін жоюдан бас тарту не күшін жою туралы ұйғарымдарына осы Кодекске сәйкес шағым жасалуы, дау айтылуы, прокурордың өтінішхаты немесе наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
96) 464-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат Қазақстан Республикасының тиісті апелляциялық сатыдағы сотына беріледі.»;
97) 465-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«1-1. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты апелляциялық сатыдағы сот кемінде үш алқа судьясының алқалы құрамында осы Кодекстің 3-бөлімінің қағидалары бойынша қарайды.»;
«5. Сот төрелік шешімнің күшін жою туралы ұйғарымда төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға беру туралы ұйғарымның күшін жою мәселелерін шешуге тиіс.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 10 маусым
№ 342-VІ