7. Сотта медиацияны өткізу хаттамасы жүргізілмейді.
8. Егер дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісі орындалатын жер бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе аталған сот актісін шығарған сотқа бекітуге ұсынылады.»;
«181-бап. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу
1. Тараптар осы Кодекстің 179-бабында көзделген қағидалар бойынша сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.
2. Партисипативтік рәсім судьяның қатысуынсыз «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес екі тарап адвокаттарының не заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдардың жәрдемдесуімен дауды реттеу бойынша тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы өткізіледі.»;
47) 187-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың қағидалары техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы, сот процесіне қатысу ерекшеліктері ескеріле отырып, қолданылады.»;
48) мынадай мазмұндағы 187-1-баппен толықтырылсын:
«187-1-бап. Сот отырысында техникалық құралдарды пайдалану
1. Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар осы Кодексте көзделген тәртіппен, сот талқылауы барысында материалдық және цифрлық ақпарат жеткізгіштері бар техникалық құралдарды істі қарау барысында туындаған мәселелер бойынша қажетті ақпарат алу, ақпараттық және құқықтық жүйелерге, интернет-ресурстарға қолжетімділік алу, тиісті түрде хабарланғанын және іс үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау, сондай-ақ сот отырысының барысын жазып алу үшін пайдалануға құқылы.
2. Осы Кодексте белгіленген техникалық құралдарды пайдалану тәртібін сақтамау алынған деректерді пайдалану мүмкіндігін болғызбайды және кінәлі адамды жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады.
3. Сот талқылауы барысының аудио-, бейнежазбасы, кино- және фототүсірілімі осы Кодекстің 19-бабы жетінші бөлігінің қағидалары бойынша жүзеге асырылады, олардың сақталмауы кейіннен оларды пайдалану мен тарату мүмкіндігін болғызбайды және кінәлі адамды сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады.»;
49) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«190-бап. Процеске қатысушылардың келуін тексеру
1. Сот отырысының хатшысы сотқа осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенін, олардың қайсысы техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатысатынын, келмеген адамдарға хабар берілгенін не берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін баяндайды.
2. Төрағалық етуші осы Кодексте белгіленген, техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы, сот процесіне қатысу ерекшеліктерін ескере отырып, келгендердің жеке басын анықтайды, сондай-ақ өкілдердің өкілеттіктерін тексереді.»;
50) 194-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың процестік құқықтарымен және міндеттерімен танысқандығына көз жеткізеді, ал таныспаған жағдайда оларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ процестік міндеттерді орындамағаны үшін заңдарда белгіленген жауаптылығы және осы Кодексте көзделген процестік салдарлардың басталуы туралы ескертеді.»;
екінші абзац «төрелікке» деген сөзден кейін «, «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотына» деген сөздермен толықтырылсын;
51) 196-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«8. Егер, техникалық байланыс құралдарын пайдалана отырып, істі қарауға қатысу туралы өтінішхатты мәлімдеген адам өзінің қатысуын қамтамасыз етпесе, онда сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тануға құқылы.»;
52) 198-бапта:
тақырып «, сот отырысындағы үзіліс» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«4. Істі талқылау кейінге қалдырылғаннан кейін іс басынан қайта қаралады. Егер тараптар процеске барлық қатысушының түсініктемелерін қайталауды талап етпесе, сот оларды толықтыруға және қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік бере отырып, бұрын тыңдалған түсініктемелерді қайталамастан, оларды растаумен шектелуге құқылы.
5. Сот іске қатысатын адамдардың пікірін ескере отырып, істі қарауды жалғастыруға және (немесе) жұмыстан тыс уақытта шешім шығаруға құқылы.
6. Сот отырысында үзіліс жариялануы мүмкін, оның ұзақтығы іске қатысатын адамдардың пікірі ескеріле отырып, айқындалады.»;
53) 201-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«201-бап. Істі мәні бойынша қараудың басталуы
1. Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өзінің талаптарын қолдайтыны не қолдамайтыны, талап қоюшының талаптарын жауапкердің мойындайтыны не мойындамайтыны және тараптардың істі татуласу келісімімен аяқтауды немесе істі төреліктің, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының қарауына беруді не дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен немесе заңда белгіленген басқа тәсілмен шешуді қалайтыны не қаламайтыны туралы мәселелерді анықтауынан басталады.
2. Осыдан кейін судья:
1) талап қоюшының талаптарын;
2) жауапкердің қарсылықтарын;
3) тараптар дау айтпайтын және олар дау айтатын фактілерді, сондай-ақ тараптар ұсынған, іске қоса тіркелген дәлелдемелерді баяндайды.
Судья одан кейін тараптардың қандай да бір толықтырулар және (немесе) нақтылаулар енгізуді қалайтынын не қаламайтынын анықтайды.»;
54) 202-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Сот іске қатысатын адамдарға тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздеу фактілері туралы мәліметтер алу, сондай-ақ істің толық және уақтылы шешілуі үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау үшін сұрақтар қоюға құқылы.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
55) 221-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«221-бап. Соттың шешім шығару үшін шығып кетуі
Сот жарыссөздерінен кейін, ал осы Кодекстің 219-бабында көзделген жағдайда, прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот сот (түпнұсқаға сәйкес) отырысы залындағы адамдарға сот актісінің жария етілетін уақыты туралы хабарлай отырып, оны шығару үшін шығып кетеді.»;
56) 222-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Соттың шешімі қабылданып, оған қол қойылғаннан кейін судья шешімді толық не оның қарар бөлігін жария етеді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Іске қатысатын адамдар келмеген жағдайда сот отырысында шешімді жария ету жүргізілмейді.
Шешімнің көшірмесі іске қатысатын адамдарға осы Кодексте белгіленген тәртіппен жіберіледі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төрағалық етуші сот шешімінің қарар бөлігі жария етілгеннен кейін оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарларын, шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді, шешімнің түпкілікті нысаны дайын болатын және іске қатысатын адамдар оның көшірмесін алуға болатын күнді жариялайды.»;
57) 223-бапта:
екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шешім бөтен адамдардың болуын және кеңес құпиясының жария етілуін болғызбайтын жағдайларда шығарылады.
3. Сот істі талқылағаннан кейін сот шешімін шығару үшін шығып кетеді.
Сот шешімді жария етуді осы Кодекстің 183-бабының екінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдыруға құқылы.
Шешімнің жария етілген қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іске қоса тіркелуге тиіс.
4. Түпкілікті нысандағы шешім шешімнің қарар бөлігі жария етілгеннен кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайындалуға тиіс. Осы баптың үшінші бөлігінің екінші абзацында көзделген жағдайда түпкілікті нысандағы шешім ол жария етілгенге дейін дайындалуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
«4-1. Жария етілген шешімді түпкілікті нысанда дәлелді себептер бойынша дайындауға мүмкіндік болмаған кезде, шешімнің судья қол қойған қарар бөлігіне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
58) 225-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот шешім шығару үшін шығып кеткеннен кейін іс үшін маңызы бар мән-жайларды қосымша анықтауды немесе дәлелдемелерді зерттеуді қажет деп тауып, істі мәні бойынша қарауды қайта бастау туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Сот істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөздерін, ал осы Кодекстің 219-бабында көзделген жағдайда, прокурордың қорытындысын да қайта тыңдайды.»;
59) 235-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот өз бастамасы бойынша немесе іске қатысатын адамдардың арызы бойынша шешімде жіберілген қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзете алады.
Сот шешімдегі қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы арызды сотқа арыз келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Іске қатысатын адамдар арыздың келіп түскені туралы дереу хабарландырылады және олардың сотқа пікір ұсынуға құқығы бар.
Сот шешімдегі қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы арызды өз қалауы бойынша, іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Бұл ретте сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған іске қатысатын адамдардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.»;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Соттың шешімдегі қате жазулар мен анық арифметикалық қателерді түзету туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарымы шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Сот қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету кезінде қабылданған шешімнің түйіндерін және (немесе) мазмұнын өзгертуге құқылы емес.»;
60) 237-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Судья шешімді түсіндіру туралы арызды сот отырысын өткізбестен шешеді. Іске қатысатын адамдар шешімді түсіндіру туралы арыздың келіп түскені туралы хабарландырылады және олар сотқа арызға пікірін жіберуге құқылы.»;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Соттың шешімді түсіндіруден бас тарту туралы ұйғарымы шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды.»;
61) 239-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот ұйғарылған ақша сомаларын индекстеу туралы арызды сотқа арыз келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.
Іске қатысатын адамдар арыздың келіп түскені туралы дереу хабарландырылады және олардың сотқа арызға пікірін ұсынуына құқығы бар.
Сот ұйғарылған ақша сомаларын индекстеу туралы арызды өз қалауы бойынша, іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған, іске қатысатын адамдардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.
3. Соттың ұйғарылған ақша сомаларын индекстеу не индекстеуден бас тарту туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.»;
62) 246-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Атқарушылық іс жүргізуде сот орындаушысының өтінішхаты немесе тараптардың арызы, сондай-ақ олардың арасында жасалған татуласу келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот отырысында қаралады. Іске қатысатын адамдар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі өтінішхатты немесе арызды шешуге кедергі болып табылмайды.»;
63) 249-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
64) мынадай мазмұндағы 250-1-баппен толықтырылсын:
«250-1-бап. Атқарушылық іс жүргізуде борышкердің жылжымайтын мүлкіне өндіріп алуды қолдану
1. Сот шешімін мәжбүрлеп орындау барысында берешекті өзге мүлік есебінен өтеу мүмкін болмаған кезде не мүлік жеткіліксіз болған кезде өндіріп алушы не сот орындаушысы борышкердің жылжымайтын мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Сот борышкердің жылжымайтын мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы арызды осы мүліктің орналасқан жеріндегі сотқа арыз келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Сот өндіріп алушыға, борышкерге және сот орындаушысына сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмеуі арызды шешу үшін кедергі болып табылмайды. Сот арызды қарау нәтижелері туралы ұйғарым шығарады.
2. Өндіріп алушының немесе сот орындаушысының арызы мазмұны бойынша осы Кодекстің 148-бабының екінші бөлігі 1), 2), 3), 5), 7) және 8) тармақшаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Өндіріп алушының немесе сот орындаушысының сотқа берілген арызы осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ол осы Кодекстің 152-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен қараусыз қайтарылуға жатады.
3. Осы баптың қағидалары бойынша, борышкер болып табылмайтын кепіл берушінің жылжымайтын мүлкіне не егер жылжымайтын мүлікті борышкер ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сатып алған болса, өндіріп алуды қолдану туралы өндіріп алушының арызы қаралуға жатпайды.
4. Борышкердің жылжымайтын мүлкіне өндіріп алуды қолдану не өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы сот ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.»;
65) 252-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соттың не прокурордың санкциялауына жататын қаулыны сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасалған жердегі сотқа не прокурорға ұсынады. Қаулыға санкцияланатын әрекеттерді қабылдаудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі.»;
66) 253-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Атқару парағын беру туралы арыз осы Кодекстің 148-бабының екінші бөлігі 1), 2), 3), 5), 7) және 8) тармақшаларының және төртінші бөлігінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Атқару парағын беру туралы арызға:
1) төрелік шешімнің төлнұсқасы немесе көшірмесі қоса тіркеледі. Тұрақты жұмыс істейтін төрелік шешімінің көшірмесін осы төрелік басшысы куәландырады, төрелік шешімнің көшірмесі нақты дауды шешу үшін нотариаттық куәландырылуға тиіс;
2) заңда белгіленген тәртіппен жасалған төрелік келісімінің төлнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.
Сотқа берілген арыз осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ол осы Кодекстің 152-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен қараусыз қайтарылуға жатады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
«5-1. Егер атқару парағына шағым жасаудың осы Кодекстің 464-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімі өтпесе, сот өндіріп алушыға атқару парағын беру туралы арызын қайтарады.»;
67) 256-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.»;
68) 259-баптағы «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
69) 269-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұйғарымда:»;
70) 271-баптағы «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
71) 276-бапта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау негіздерін төрағалық етуші жария етеді және сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жатады.»;
үшінші абзац алып тасталсын;
72) 279-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер талап қоюшы мәлімделген талапты қолдамаса, талап қою арызына қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса немесе оны берсе;»;
5) тармақша «төреліктің» деген сөзден кейін «немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) осы Кодекстің 34-тарауында көзделген ерекше іс жүргізудегі істер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтер ұсынылмаса;»;
73) 281-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жекелеген процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады.
Іске қатысатын адамдардың барлығы сот отырысына келмеген не сот отырысы жаңа дәлелдемелер зерттелмей өткізілетін жағдайда, сот отырысының хаттамасын жүргізу туралы мәселені судья шешеді.
2. Істі бірінші сатыдағы сотта сот талқылауына дайындау кезінде осы сатыда шешім даудың мәні бойынша шығарылатын жағдайларды қоспағанда, хаттама тараптың өтінішхаты бойынша не соттың бастамасы бойынша жүргізіледі.»;
74) 282-бапта:
екінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 5-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) бейнеконференц-байланыс жүйелерін және (немесе) өзге де техникалық құралдарды пайдалану туралы, сондай-ақ киноға және фотоға түсіруді жүргізу туралы мәліметтер;»;
«13-1) сот отырысындағы үзіліс туралы және іс кейінге қалдырылған кезде жаңа сот отырысының күні туралы мәліметтер;»;
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) шешімнің жария етілгені және оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарларының түсіндірілгені туралы, оны түпкілікті нысанда дайындау мерзімі, шағым жасаудың тәртібі мен мерзімін түсіндіру туралы мәліметтер;
17) іске қатысатын адамдарға сот отырысының хаттамасымен және сот отырысының аудио-, бейнежазбаларымен танысу және оларға ескертулер беру құқықтарының түсіндірілгені туралы мәліметтер;»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қысқаша хаттаманың мазмұны осы баптың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 6), 13-1), 16) және 18) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс, сондай-ақ онда соттың аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланғаны туралы, аудио-, бейнежазба қамтылған файлдың атауы көрсетіледі.
Аудио-, бейнежазба жеткізгіші және қысқаша хаттама іске қоса тіркеледі.
Іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша сот аудиожазбаның көшірмесін және қысқаша хаттаманы немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады.
Бұл ретте адам Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық туралы және алынған жазбаны осы баптың бесінші бөлігінде көзделген мақсаттарда пайдалануы туралы ескертіледі.
Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайларда, іске қатысатын адамдарға аудио-, бейнежазба және сот отырысының хаттамасы берілмейді, оларға аудио-, бейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.»;
75) 283-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Күрделі істер бойынша қысқаша хаттама мәтінді автоматты түрде тану арқылы алынған аудиожазбаның мәтінін таратып жазумен сүйемелденуі мүмкін.
бесінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қысқаша хаттамаға қоса тіркелетін электрондық хаттама және аудио-, бейнежазба, аудиожазба мәтінінің таратып жазылуы хатшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады, оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.»;
алтыншы бөлік алып тасталсын;
76) 285-баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына жасалған ескертулерді төрағалық етуші қарайды.
2. Істі қарауға қатысатын адамдар хабарландырыла отырып, ескертулерді сот отырысында қарау қажеттілігін төрағалық етуші айқындайды. Істі қарауға қатысқан адамдардың келмеуі хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына ескертулерді қарауға кедергі болып табылмайды.
Төрағалық етуші ескертулерді қарау нәтижелері бойынша олардың дұрыстығын өзінің қарарымен және қолтаңбасымен куәландырады не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы ұйғарым шығарады. Ескертулердің барлығы іске тігіледі.
3. Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымы шағым жасалуға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды. Ескертулерді қарау нәтижелерімен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.»;
77) 315-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот шешімінен үзінді көшірме сот шешімі шығарылған жердегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға, сондай-ақ сот шешімі шығарылған жердегі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.»;
78) 330-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«330-бап. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды қарау
Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот арыз берушінің, ата-анасының (ата-анасының біреуінің), бала асырап алушылардың (бала асырап алушының), қамқоршының, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.
Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде, қозғалған іс бойынша процесте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған адамның мүдделерін білдіруі және қорғауы үшін ресми өкіл - адвокатты тағайындау туралы мәселені шешеді.
Ресми өкіл - адвокат заңды өкілдің өкілеттіктеріне ие болады.»;
79) 333-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сотқа кәмелетке толмаған адам, оның заңды өкілдері, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өкілдері, сондай-ақ соттың қалауы бойынша өзге де адамдар шақырылады.
Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде, қозғалған іс бойынша процесте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған адамның мүдделерін білдіруі және қорғауы үшін ресми өкіл - адвокатты тағайындайды.
Ресми өкіл - адвокат заңды өкілдің өкілеттіктеріне ие болады.»;
80) 337-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде, қозғалған іс бойынша процесте азаматтың мүдделерін білдіруі және қорғауы үшін ресми өкіл - адвокатты тағайындайды.
Ресми өкіл - адвокат заңды өкілдің өкілеттіктеріне ие болады.»;
екінші бөлікте:
«азамат өкілінің» деген сөздер «азамат өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қатысуымен» деген сөздің алдынан «, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің және басқа да мүдделі адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
81) 405-баптың тақырыбындағы «соттың» деген сөз «сот судьясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
82) 409-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «сот осы» деген сөздер «судья осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Апелляциялық сатыдағы сот (судья) осы Кодекстің 407-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтару туралы ұйғарым шығарады.
Бұл ұйғарым шағым жасалуға жатпайды, бірақ бірінші сатыдағы сотқа апелляциялық шағыммен, прокурордың апелляциялық өтінішхатымен қайта жүгінуге кедергі келтірмейді.»;
83) 414-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Судья осы Кодекстің 17-тарауында көзделген талаптарға сәйкес татуласу рәсімдерін өткізеді.»;
84) 421-баптың үшінші бөлігіндегі «кеңесу бөлмесіне» деген сөздер алып тасталсын;
85) 423-баптың екінші бөлігі екінші абзацының екінші сөйлеміндегі «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
86) 424-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігін жоюға және осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не арызды қараусыз қалдыруға;»;
6) тармақшадағы «қабылдауға құқылы.» деген сөздер «қабылдауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігін жоюға және арызды, егер мұндай арыз бірінші сатыдағы сотқа берілген және сот мәні бойынша оны шешпеген жағдайда, осы Кодекстің 279-бабының 8) тармақшасында көзделген негіз бойынша қараусыз қалдыруға;
8) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігін жоюға және талап қоюды, егер талап қоюшы мұндай талап қоюды апелляциялық сатыдағы сотта қолдамаса, осы Кодекстің 279-бабының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша қараусыз қалдыруға құқылы.»;
87) 426-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Егер апелляциялық сатыдағы судья осы Кодексте белгіленген мерзімде уәжді қаулыны дәлелді себептер бойынша дайындай алмаса, онда оны дайындауды алқа төрағасы істі қарауға қатысқан басқа судьяға тапсырады. Қаулыда қатыспаған судьяның оны қандай себептер бойынша дайындай алмайтындығы көрсетіледі.»;
88) 429-баптың үшінші және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шешім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға жеке шағым берілген, прокурор өтінішхат келтірген жағдайда, шешімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін ғана іс жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі. Бұл ретте, егер сот шешіміне апелляциялық шағым берілсе, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірсе, жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын тексеруді істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысы жүргізеді. Бұл жағдайда апелляциялық саты жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын алқалық құрамда, сот шешіміне апелляциялық шағыммен және (немесе) прокурордың апелляциялық өтінішхатымен бірге қарайды.»;