ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің
таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 18-баптың 2) тармақшасы «мәдениет,» деген сөзден кейін «архив ісі,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 139-баптың 9-тармағының екінші және үшінші бөліктері «мәдениет,» деген сөзден кейін «архив ісі,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақша «не құрылымдық бөлімшесі құрамындағы бөлімшесі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау - меншік иесінің архивтік құжаттарға меншік құқығын сақтай отырып, құжаттардың меншік иесі мен тиісті архив арасындағы шартта айқындалатын талаптармен құжаттарды архивте сақтау;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы ҚР Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
«9) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару - архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және оларды цифрлық архивке енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) архивтік құжаттың төлнұсқа құқығындағы көшірмесі - өзге мемлекеттердің, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың меншігіндегі архивтік құжаттың төлнұсқасындағы ақпарат пен оның сыртқы белгілерін қайталап көрсететін көшірме;»;
«11-1) аудиовизуалды құжаттардың міндетті данасы - кино-, фото-, фоно- және бейнеқұжаттардың әр түрінің, өндірушісі мемлекеттік архивтерге өтеусіз беруге тиісті данасы;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) жеке құрам жөніндегі құжаттар - жұмыскерді, қызметшіні жұмысқа, қызметке қабылдау кезінде, ауыстыру, орнын ауыстыру, жұмыстан шығару кезінде қалыптастырылатын, демалыс беру, іссапарлар, іссапарға жіберу, көтермелеу, жалақыны есепке жазу туралы құжаттар, әлеуметтік, зейнетақымен қамсыздандыруға және медициналық қамтамасыз етуге арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы, оқуы, біліктілік, разряд, атақ беру туралы мәліметтер және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты өзге де құжаттар;»;
мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 17-1), 19-1), 23-1), 23-2), 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) жинақтау көзі - қызметі процесінде Ұлттық архив қорының тұрақты сақтауға берілуге тиісті құжаттары қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға;
15-2) қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық көшірмесі - түпнұсқаға сәйкес келетін және қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық бейнеленуін жасаған адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осындай электрондық бейнеленуі;»;
«17-1) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама - Ұлттық архив қорының құрамына енгізу үшін құжаттардың сақталу мерзімдерін белгілеу және оларды іріктеу мақсатында құжаттардың құндылығы өлшемшарттары негізінде оларды зерттеу;»;
«19-1) Мемлекеттік қор каталогы - Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы, мазмұны, тұрған жері мен қолжетімділігі туралы мәліметтер беретін архив қорларының жүйеленген тізілімі;»;
«23-1) Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтау - Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау мерзімін белгілемей (мерзімсіз) сақтау;
23-2) Ұлттық архив қорының құжаттарын уақытша сақтау - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға бергенге дейін оларды сақтау;»;
«24-1) электрондық архивтік құжат - электрондық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған архивтік құжат;
24-2) электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі көшірмесі - қағаз жеткізгіште басып шығарылған, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен куәландырылған электрондық құжат;»;
2-тармағының 2) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) мынадай мазмұндағы 1-2-баппен толықтырылсын:
«1-2-бап. Мемлекеттік архивтердің мәртебесі
1. Архив ісі саласында қызметінің ерекше мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беріледі.
2. «Ұлттық» мәртебені Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.»;
3) 3-баптағы «заңдары», «ұлттық», «Заңдары», «заң» деген сөздер тиісінше «заңнамасы», «Ұлттық», «заңнамасы», «Заң» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық архив қорының құрамына шығу көзіне, жасалу уақыты мен тәсіліне, жеткізгіш түріне, меншік нысанына және сақталу орнына қарамастан, архивтік құжаттар:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) басқару, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, жобалық-конструкторлық, жобалық-сметалық, технологиялық, қала құрылысы, патенттік-лицензиялық, картографиялық, геодезиялық, геологиялық, телеметриялық және басқа да арнаулы құжаттама, оның ішінде олардың сызбалары мен мәтіндік жазбалары;»;
7) тармақшадағы «көшірмелері кіреді.» деген сөздер «көшірмелері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) архивтік құжаттардың төлнұсқа құқығындағы көшірмелері;
9) қағаз жеткізгіштегі құжаттардың электрондық көшірмелері;
10) электрондық құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері кіреді.»;
5) 5-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының,» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекет Қазақстан тарихы бойынша шетелдегі құжаттарды және шетелден шыққан Қазақстан Республикасымен тарихи байланысты құжаттарды қайтару шараларын қабылдайды, оларды анықтауды және сатып алуды қаржыландырады.»;
6) 6-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы «тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісілген» деген сөздер алып тасталсын;
7) 7-бапта:
тақырыптағы «құжаттарын меншіктену құқықтарына» деген сөздер «құжаттарына меншік құқықтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында,» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы «Ұлттық» деген сөз «Осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 8-баптың 4-тармағында:
«түрде» деген сөзден кейін «міндетті тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік архив не арнаулы мемлекеттік архив Ұлттық архив қорының құжаттарын және жеке құрам жөніндегі құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау туралы архив анықтамасын береді.»;
9) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Мемлекеттік қор каталогын жүргізуді жүзеге асырады.»;
10) 11-бапта:
2-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы,» деген сөздер алып тасталсын;
«және қалалардың» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалар мен аудандардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасымен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалар мен аудандардың мемлекеттік архивтерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 13-баптың 1-тармағы:
«архивтерге» деген сөзден кейін «ретке келтірілген түрде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құжаттар мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға берілгенге дейін заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен олардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптаманы жүзеге асырады.»;
12) 3-тарау мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
«13-1-бап. Аудиовизуалды құжаттардың міндетті данасын тапсыру
1. Тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар аудиовизуалды құжаттарды бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, бюджет қаражаты есебінен шығаратын жеке және заңды тұлғалар оларды алғашқы дайындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мәтіндік ілеспе құжаттамасы бар аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналарын мемлекеттік архивтерге Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сақтауға өтеусіз негізде береді.
2. Тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар аудиовизуалды құжаттарды өз қаражаты есебінен шығаратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мәтіндік ілеспе құжаттамасы бар аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналарын мемлекеттік архивтерге Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сақтауға өтеусіз негізде беруіне құқығы бар.»;
13) 15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару
1. Ведомстволық архивтер Ұлттық архив қорының архивтік құжаттарын және жеке құрам жөніндегі архивтік құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттарды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тұрақты негізде электрондық нысанға аударуды қамтамасыз етуге міндетті.
2. Электрондық нысанға аударылған архивтік құжаттарға қолжетімділік мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, архивтік құжаттарды барлық пайдаланушы үшін ашық болып табылады.
3. Қағаз жеткізгіштегі архивтік құжаттың электрондық көшірмесінің архивтік құжаттың бастапқы түпнұсқасымен мәні бірдей болады.»;
1-баптың 14) тармақшасы ҚР Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
14) мынадай мазмұндағы 15-2-баппен толықтырылсын:
«15-2-бап. Цифрлық архив
1. Цифрлық архив уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электрондық нысанда ұйымдастырылған және сақталатын электрондық архивтік құжаттар мен архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерінің жиынтығы болып табылады.
2. Цифрлық архив Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында жұмыс істейді.
3. Цифрлық архив сақталатын ақпараттың қолжетімділігін, сақталуын, тұтастығын және құпиялығын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.
4. Цифрлық архив Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылған және сақталатын электрондық архивтік құжаттар мен қағаз жеткізгіштегі архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін қамтиды.
5. Цифрлық архивтің жұмыс істеу тәртібін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
6. Цифрлық архив архивтік құжаттарды, Мемлекеттік қор каталогын іздеу, оған қол жеткізу және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
7. Цифрлық архивке қол жеткізу ақпараттық қауіпсіздік талаптары және оның жұмыс істеу тәртібі сақтала отырып жүзеге асырылады.»;
15) 16-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жеке тұлғаның жеке өмірі, жеке басының және отбасылық құпиясы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық архив қорының құжаттарына және басқа да архивтік құжаттарға қол жеткізуді шектеу аталған құжаттар жасалған күннен бастап жетпіс бес жыл мерзіміне белгіленеді.
Шектеу жеке тұлғаның не ол қайтыс болғаннан кейін мұрагерлерінің жазбаша рұқсатымен алынуы мүмкін.»;
16) 16-1-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) архивтік құжаттарда қамтылған, пайдаланылған мәліметтердің өңін айналдыруға және оларды бұрмалауға;
3) архивтік құжаттарды жариялаған, олардан дәйексөз келтірген кезде олардың сақталу орнына және меншік иесіне сілтемені көрсетуге міндетті.»;
17) 18-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізу;»;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінің сақтауына» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалар мен аудандардың мемлекеттік архивтеріне сақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 20-баптың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы,» деген сөздер алып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 34-баптың 3-тармағында:
«дәріптейтін,» деген сөзден кейін «дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны насихаттайтын,» деген сөздермен толықтырылсын;
«масс-медианы,» деген сөзден кейін «телекоммуникация желілерін, онлайн-платформаларды,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 39-баптың 1-тармағында:
«порнография бар,» деген сөздерден кейін «дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны насихаттайтын,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Педофилияны насихаттау деп қоғамдық оң пікірді қалыптастыру мақсатында жария түрде немесе масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған, оның ішінде адамдардың белгісіз тобы үшін әдейі бұрмаланған педофилия және (немесе) оған бейілділік туралы ақпаратты тарату түсініледі.
Дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттау деп қоғамдық оң пікірді қалыптастыру мақсатында жария түрде немесе масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған, оның ішінде адамдардың белгісіз тобы үшін әдейі бұрмаланған дәстүрлі емес сексуалдық бағдар және (немесе) оған бейілділік туралы ақпаратты тарату түсініледі.».
4. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 6-тармағы «дәріптелуін,» деген сөзден кейін «дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны,» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
41-1-баптың 1-1-тармағындағы «телекоммуникациялар желісі арқылы» деген сөздер «масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн-платформалар пайдаланыла отырып» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы және 18-баптың 4-тармағы «мәдениет,» деген сөзден кейін «архив ісі,» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-1-баптың 5-тармағының 5) тармақшасындағы «табынуды» деген сөз «бас ұруды, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
28-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі «айырықшалықты» деген сөзден кейін «, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны, порнографияны» деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның жеке өмірі, жеке басының және отбасылық құпиясы туралы мәліметтерді қамтитын архивтік құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану;».
10. «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «масс-медиада» деген сөзден кейін «, телекоммуникация желілерінде, онлайн-платформаларда» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 15-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «желілік басылымдардан» деген сөздер «интернет-басылымдардан, онлайн-платформалардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасындағы «салынған ақпарат жатқызылады.» деген сөздер «салынған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны насихаттайтын ақпарат жатқызылады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Интернет желісі арқылы таратылатын ақпараттық өнімді қоспағанда, балаларға» деген сөздер «Балаларға» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 18-бапта:
тақырып «желілері» деген сөзден кейін «, онлайн-платформалар» деген сөзбен толықтырылсын;
«оның ішінде Интернет желісі» деген сөздер «онлайн-платформалар» деген сөзбен ауыстырылсын.
11. «Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 6-тармағының 4) тармақшасындағы «табынуды,» деген сөз «бас ұруды, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны,» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» 2023 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
14-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «өзін-өзі өлтіруді,» деген сөздерден кейін «дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны,» деген сөздермен толықтырылсын.
13. «Масс-медиа туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 4-тармағы «бас ұруды» деген сөздерден кейін «, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 23-баптың 3-тармағы «бейнеөнімдерді көрсету,» деген сөздерден кейін «дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны насихаттау,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 25-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «бас ұруды,» деген сөздерден кейін «дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 67-баптың 4-тармағы «бас ұруды» деген сөздерден кейін «, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын, 14) тармақшасын;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 30 желтоқсан
№ 248-VIII ҚРЗ