Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өндіріс паспортын, өндіріс паспортының нысанын бекіту және кері қайтарып алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді;
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, жыл сайын мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) мұнай өнімдерін өндіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) жыл сайын мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарларын бекітеді;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) ай сайын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін беру жоспарларын бекітеді;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестелерін жер қойнауын пайдаланушыларға арнап бекітеді;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
13) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
14) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы бойынша бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу үшін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің түрлері бойынша және мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер (мұнай өнімдерінің өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы), импорттаушылар бойынша нақты тәулік сайынғы өндіру, өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы ақпаратты осы Заңның 8-бабының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен ұсынады;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнайды қайта өңдеудің жыл сайынғы бекітілген (оның ішінде түзетілген) жоспарларын, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бойынша барлық мұнай өңдеу зауыттарына (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқандар) мұнай тасымалдаудың ай сайынғы кестелерін, Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша мұнай берушілер бойынша мұнай өнімдерін жеткізудің ай сайынғы жоспарын (кестелерін) ұсынады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша жаңа редакцияда
15) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
15-1) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді;
16) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
19) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді;
20) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген нысандар бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында әкімшілік есепке алуды жүзеге асырады;
21) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 21-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 21-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-2) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-3) және 21-4) тармақшалармен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 21-3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-3) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаны айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
21-4) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 21-5) тармақшамен толықтырылды
21-5) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекітеді;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 21-6) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
21-6) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 21-7) тармақшамен толықтырылды
21-7) мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 21-8) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
21-8) мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;
22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) мұнай өнімдерінің айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
4) осы баптың 3) тармақшасында көзделген тәртіппен мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқор жүргізуді жүзеге асырады;
5) мұнай өнімдерінің айналымына камеральдық бақылауды жүзеге асырады;
6) 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) хабарламалардың нысанын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келіседі;
10-2) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда
12) автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-1) тармақша жаңа редакцияда
12-1) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және жанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды
12-2) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпаратты салыстыру үшін ұсынады;
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті
1. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган:
1) мұнай өнімдерінің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын келіседі;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:
1) мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган:
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;
2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді және мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға оның нәтижелерін ұсынады;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау тәртібін, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңдерінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу тәртібін бекітеді;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында алдағы күнтізбелік жылға айлар бөлінісінде мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында жылу беру кезеңіне мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;
2-1) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау
Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-1-бап. Мұнай беруші
Өзі дербес өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, Қазақстан Республикасының аумағына өзі дербес әкелген (оның ішінде импорттаған) және (немесе) өзара байланысты жер қойнауын пайдаланушыдан және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін және осындай мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған мұнай өнімдерін осы Заңда белгіленген шарттармен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға мұнай беруші болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағына дербес әкелінген (оның ішінде импортталған) және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан сатып алынған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзі дербес өндірген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған және (немесе) оларды өзі дербес өндірген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған өзара байланысты жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды немесе газ конденсатын қайта өңдеу өнімдерін мұнай өнімдерін өндірушіге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) беретін заңды тұлға да мұнай беруші болып табылады.
Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай шарттардың кемінде біреуі сақталған кезде:
мұнай берушіге жер қойнауын пайдаланушыдағы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі болса;
жер қойнауын пайдаланушыға мұнай берушідегі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі болса;
мұнай берушіні және жер қойнауын пайдаланушыны мұнай берушідегі және жер қойнауын пайдаланушыдағы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі тұлға бақыласа, жер қойнауын пайдаланушымен өзара байланысты тұлға мұнай беруші деп танылады.
12-бап. Мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері
1. Мұнай өнімдерін өндірушілер:
1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мұнай өнімдерін өткізуді тең қолжетімділік және кемсітпеушілік шарттарымен жүзеге асыруға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге;
3) осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге және жүзеге асыруға;
4) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін бекітуге ұсынуға және осы кестені бұзбауға;
7) мұнай өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынуға;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
9) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) осы Заңның 18-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда шикі мұнайдың, газ конденсатының, қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін және олардың сапасын растайтын құжаттар (сапа паспорты) болған кезде, оларды сатып алуға, қайта өңдеуге қабылдауға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11) технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын технологиялық отын көлемдерін есепке алуды жүргізуге;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде алынатын және технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын технологиялық отынды мұнай берушілерден сатып алуға міндетті.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы баптың 1-тармағының 6), 8), 11) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.
3. Мұнай өнімдерін өндірушілерге:
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) оларды қайта өңдеу мақсатында алынған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізуге;
2) құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіруді жүзеге асыруға;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) қанықпаған мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) тиеп-жөнелтуді жүзеге асыруға;
3) екі және одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануына;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның 18-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдауға;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) белгіленген тәртіппен бекітілген өндіріс паспортынсыз мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыруға;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспестен, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтатуға;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
Мұнай өнімдерін өндірушілер үшін 2017 ж. 1 қаңтардан бастап, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай берушілер үшін 2019 ж. 1 қаңтардан бастап 6), 7) тармақшалар қолданысқа енгізілді
6) жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдері өндірісін резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алатын бақылау аспаптарымен және (немесе) айналым саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен жүзеге асыруға;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің резервуарларынан мұнай өнімдерін есепке алатын бақылау құралдары арқылы өткізбей, жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өткізуді (тиеп-жөнелтуді) жүзеге асыруға тыйым салынады.
4. Осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген тыйым салушылық қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.
13-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар