7. Осы баптың талаптары әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасына қолданылмайды.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Білім туралы құжаттар
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мынадай құжаттардың бірі беріледі:
1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат;
2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаты;
3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжат.
Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі.
Білім туралы құжаттардың қорғаныш белгілері болады.
2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың не дербес білім беру ұйымының білім туралы құжатының не білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-тармақ 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды. Тоқтата тұру кезеңінде 3-тармақ 2015 ж. 29 қарашадан 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды, 2017 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды, 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылатын редакциясын қараңыз
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 3) тармақшасының қолданысы 2021 ж. 2 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары береді
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді.
Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды.
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді.
39-баптың 5-тармағы 2015 ж. 29 қарашадан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңның 2-бабының 4-тармағының редакциясында қолданылады (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылатын редакцияны қараңыз)
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді.
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды береді.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.
6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар олардағы оқуын аяқтаған адамдарға тиісті куәлік беріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында танылады.
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.
6-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері
40-бап. Білім беру ұйымдары
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы:
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру немесе оларды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі не білім беру саласындағы уәкілетті органның лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылады;
2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін - хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып тасталған кезден бастап тоқтатылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылады.
Осы мерзімнің өтуін білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру ұйымының бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алу туралы материалдарын қарау мерзіміне тоқтата тұрады.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім беру ұйымының мәртебесін (үлгісін, түрін) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының мынадай үлгілері болуы мүмкін:
1) мектепке дейінгі ұйымдар;
2) орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
5) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
7) мамандандырылған білім беру ұйымдары;
8) арнайы білім беру ұйымдары;
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;
10) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары;
11) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары.
Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Білім беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы болған кезде ғана клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыра алады.
Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары болып табылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары медицина және фармацевтика кадрларын өтеусіз негізде даярлау үшін тиісті жағдайлар ұсынады.
Клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруға мыналар да міндетті шарттар болып табылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымында симмуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы;
2) білім беру ұйымының білім беру бағдарламасының барлық курстарын (оқу жылын) іске асыруы;
3) дәрігер кадрларды даярлау кезінде - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында үздіксіз интеграцияланған білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура, докторантура) бағдарламаларды іске асыру;
4) клиникалық базаларда білім алушыларды даярлау кезеңінде білікті медицина қызметкерлері арасынан тәлімгерлерді тарту;
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалатын шарттар негізінде жұмыс істейтін университеттік ауруханаларды және (немесе) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру.
Университеттік аурухана, интеграцияланған академиялық медициналық орталық және клиникалық базалар туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
40-1-бап. 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптардан басқа, мыналарды:
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін;
2) білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін;
3) білім беру процесін ұйымдастыру тәртібін (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілін (тілдерін), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимін);
4) білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандарын және тәртібін;
4-1) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару негіздерін және тәртібін;
5) ақылы қызмет көрсетудің тізбесін және тәртібін;
6) білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.
2. Білім беру ұйымының жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.
3. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі заңды тұлғаларды құруын, қайта ұйымдастыруын және таратуын қоса алғанда, білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Коммерциялық ұйымдар ретінде құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын коммерциялық емес ұйымдар етіп қайта ұйымдастыру «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған немесе таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы қолданылмайды.
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған (кері қайтарып алынған), қолданысы тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайларда, оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру (кері қайтарып алу), қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған кезден бастап екі ай ішінде:
1) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстыруды және олардың жеке істерін беруді;
2) білім алуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген адамдардың жеке істерін, сондай-ақ алдыңғы жылдары білім беру ұйымында оқуын аяқтаған адамдардың жеке істерін және білім туралы құжаттарының көшірмелерін тиісті мемлекеттік архивке беруді қамтамасыз етеді.
43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
1. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
2. Білім беру ұйымдары өз қызметін жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді.
3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар:
1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) қысқартылған оқыту мерзімімен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-2) ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жыл сайын ағымдағы оқу жылының соңына дейін:
алдағы оқу жылында пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесі туралы;
алдағы оқу жылында пайдаланылатын оқу материалдарының тізбесі туралы хабардар ету;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-3) білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-4) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жеке дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-5) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгілік ережесінде өзгеше көзделмесе, бiлiм беру қызметiмен айналысуға берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде оқытудың кредиттік технологиясын енгізу;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ұлттық бірыңғай тестілеуді қоспағанда, білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жұмысшы біліктіліктерін, «орта буын маманы», «қолданбалы бакалавр» біліктіліктерін беру;
6) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогтердің міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуін қамтамасыз ету;
8) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну;
10) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту;
2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету;
2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-1) интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды
11-2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды
11-3) балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған, байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің Интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 11-4) тармақшамен толықтырылды
11-4) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне әкімшілік деректерді беруді қамтамасыз ету;
12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер мен материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;
13) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
13-1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасау;
14) қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті табыс ету;
16) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) кадрларды кәсіптік даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу жатады.
4. 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдары:
1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асырады;
2) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;
5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді;
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып шығарады;
7) имандылық-рухани даму саласында педагогтерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
2019.19.04. № 250-VІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды