Қазақстан Республикасының
Заңы
Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
(2015.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларын (орталықтарын), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы олармен байланысты өзге де қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім;
2) аккредиттеу аттестаты - аккредиттеу жөніндегі орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін куәландыратын құжат;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу - аккредиттеу субъектісі өзі сәйкестігіне аккредиттелген аккредиттеу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған себептер жойылғанға дейін аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы аккредиттеу жөніндегі органның шешімі;
3) аккредиттеу белгісі - аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеу субъектісіне оның аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға ақпарат беру үшін берілетін белгі;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) аккредиттеу жөніндегі орган - конкурстық негізде айқындалатын, аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі болып табылатын заңды тұлға;
5) аккредиттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
6) аккредиттеу критерийлері - өтініш беруші өзінің аккредиттелуі үшін және аккредиттеу субъектісі қанағаттандыруы тиіс талаптар жиынтығы;
7) аккредиттеу материалдарын жаңарту - аккредиттеу субъектісінің құжаттарына аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге әкеп соқпайтын өзгерістер енгізу;
8) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері;
9) аккредиттеу саласын кеңейту - аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін ұлғайту процесі;
10) аккредиттеу саласын қысқарту - аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін азайту процесі;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар - уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен аттестатталған жеке тұлғалар;
12) аккредиттеу субъектілерінің тізілімі - аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай жүйесі;
13) аккредиттеу субъектісі - осы Заңда белгіленген тәртіппен аккредиттеуден өткен заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
14) инспекциялық тексеру - аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу критерийлерін сақтауын аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын тексеру;
15) калибрлеу зертханасы (орталығы) - өлшем құралдарын калибрлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) қайта аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның өтініш берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми тануының кезекті рәсімі;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды
15-2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;
16) өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар - өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге аккредиттелген заңды тұлғалар;
17) өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыру - өлшем құралдарының зерттеу нәтижелерін, метрологиялық сипаттамаларын салыстыру;
18) өтініш беруші - аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға;
19) салыстырма сынақтары - бірдей немесе ұқсас сынақ объектілерінде екі немесе одан көп зертхананың (орталықтың) сынақтар жүргізуі және олардың нәтижелерін бағалауы;
20) салыстырып тексеру зертханасы (орталығы) - өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
21) сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, көрсетілетін қызметке, менеджмент жүйесіне, персоналға, өлшем құралына, сынақ жабдығына, өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардың орындалуын сәйкестікті растау, сынақтар, зерттеулер, өлшемдер, салыстырып тексеру, калибрлеу және аттестаттау жүргізу арқылы дәлелдеу;
22) сәйкестікті бағалау объектілері - сәйкестікті растауға, зерттеуге, сынауға, өлшемге, салыстырып тексеруге, калибрлеуге, аттестаттауға жататын өнім, процестер, көрсетілетін қызметтер, менеджмент жүйелері, персонал, өлшем құралдары, сынақ жабдығы, өлшемдерді орындау әдістемелері;
23) сәйкестікті растау жөніндегі органдар - өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің, менеджмент жүйелерінің не персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
24) сынақ зертханасы (орталығы) - зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
25) техникалық сарапшы - сәйкестігі бағаланатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;
26) уәкілетті орган - техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
1. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары:
1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;
4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;
5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады.
2. Аккредиттеу принциптері:
1) еріктілік;
2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;
3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығы;
4) кемсітушілікке жол бермеу;
5) құзыреттілік;
6) аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;
7) тәуелсіздік;
8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;
9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарттарын пайдалану басымдығы болып табылады.
4-бап. Аккредиттеу жүйесі
Аккредиттеу жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) аккредиттеу жөніндегі орган;
4) аккредиттеу субъектілері;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар, техникалық сарапшылар кiредi.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыретіне:
1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) аккредиттеу жөнiндегi органды таңдау бойынша конкурсты өткiзу қағидаларын және аккредиттеу жөнiндегi органға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) аккредиттеу жөнiндегi органды осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген қағидаларға сәйкес айқындау;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурсты өткізу қағидаларын және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді;
2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
4) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган
1. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Аккредиттеу жөніндегі орган:
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) мыналарға:
аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды, техникалық сарапшыларды және басқа да мамандарды аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргізуге қатысу үшін тартуға;
аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдар жұмысына қатысуға;
өлшем құралдарының салыстырма сынақтарын және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды ұйымдастыруға;
инспекциялық тексеру жүргізуге;
аккредиттеу субъектілерінің қызметіне оның аккредиттеу критерийлеріне сәйкестігі нысанасына мониторинг жүргізуге;
аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттаудан өткізуге құқылы;
2009.10.07. № 178-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) мыналарға:
аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге;
аккредиттеу кезеңдерін және оларды орындау мерзімдерін, сондай-ақ инспекциялық тексеру, оның ішінде кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізу мерзімдерін қоса алғанда, белгіленген тәртіпті сақтай отырып, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің жария болуына жол бермеуге;
аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;
аккредиттеу субъектiлерiнiң шағымдарын қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға, қабылданған шешімдер туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға;
аккредиттеу субъектілерінің шағымдарын қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға;
аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда бұл туралы уәкілетті органға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлауға;
аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту туралы өтінімдерді қарауға;
аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға және осы Заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.
3. Аккредиттеу материалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі орган басшысы аккредиттеу материалдарын қарау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Комиссияның сандық құрамы тақ болуға, үш адамнан кем болмауға және кемінде аккредиттеу жөніндегі бір сарапшы-аудиторды қамтуға тиіс.
8-бап. Аккредиттеу субъектілері
1. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәтижелерін тану үшін осы Заңға сәйкес аккредиттеуге жатады.
4. Аккредиттеу субьектілері:
1) аккредиттеу белгісін пайдалануға;
2) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу саласын кеңейту немесе қысқарту туралы, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, қайтару және аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;
3) аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлерінің іс-қимылына шағымдануға;
4) аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде сотқа жүгінуге құқылы.
5. Аккредиттеу субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға;
2) аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға;
3) аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға;
4) бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметінің тоқтатылғаны немесе алдағы уақытта таратылатыны туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлауға;
5) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға;
6) инспекциялық тексеруді жүзеге асыратын адамдардың үй-жайға, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге және оларға өзге де қажетті көмек көрсетуге;
7) өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысуға;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылғаны туралы шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын қайтаруға;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған, ол жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеуге сілтеме жасауды тоқтатуға;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда, уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу аттестатына немесе аккредиттеу саласына сілтеме жасауды тоқтатуға міндетті.
9-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары заңды тұлғаның өтінімі бойынша осы Заңға сәйкес аккредиттеледі.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдар филиалдарының аккредиттеу саласы бөлек бекітіледі.
3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сәйкестікті бағалау процесінің әділдігіне және объективтілігіне әсер ететін консультациялық қызмет көрсетуге құқығы жоқ.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті растау жөніндегі қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалай отырып, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.
10-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар өз қызметін осы Заңға, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2-тармақ 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2. Салыстырып тексеру зертханалары (орталықтары) өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
3. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы өлшемдердің қадағалануын қамтамасыз етуге тиіс.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге, қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалауға және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар
1. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар осы Заңға сәйкес аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысады.
2. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар өз қызметiн еңбек шартының не азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
12-бап. Аккредиттеу белгісі
1. Аккредиттеу белгісі аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға ақпарат беру үшін пайдаланылады.
2. Аккредиттеу субъектісіне берілетін аккредиттеу белгісінде берілген аккредиттеу аттестатының нөмірі болуға тиіс.
3. Аккредиттеу белгісін пайдалану тәртібі аккредиттеуден кейінгі шартпен айқындалады.
13-бап. Аккредиттеу кезеңдері
1. Аккредиттеу мынадай негізгі:
1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;
2) аккредиттеу алдындағы шартты жасасу;
3) ұсынылған құжаттарды сараптау;
4) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру;
5) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
6) аккредиттеуден кейінгі шартты жасасу, аккредиттеу саласын бекіту және аккредиттеу аттестатын беру не аккредиттеу алдындағы шартты тоқтату кезеңдерін қамтиды.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қайта аккредиттеу осы баптың 1-тармағында көзделген барлық кезеңдер сақтала отырып жүргізіледі. Қайта аккредиттеуге өтінімді өтініш беруші аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей береді.
14-бап. Аккредиттеу критерийлері
Өтініш берушілер және аккредиттеу субъектілері мынадай критерийлерге сай келуге тиіс:
1) заңды тұлға не заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі мәртебесінің болуы;
2) мәлімделген аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін білікті персоналдың болуы;
3) сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға қажетті меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығында немесе уақытша иелігінде және пайдалануында үй-жайдың, жабдықтың және материалдық ресурстардың болуы;
4) оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелетін (аккредиттелген) нормативтік құжаттардың талаптарына сай келуі.
Осы Заңда нормативтік құжаттар деп стандарттау жөніндегі және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар түсініледі.
15-бап. Өтінімді ұсыну және оны қарау
1. Өтініш беруші аккредиттеу жөніндегі органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) аккредиттеуге өтінім;
2) өтініш берушінің заңды мәртебесін анықтайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
3) мәлімделетін аккредиттеу саласының қағаздағы және электрондық жеткізгіштері;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) сапа жөніндегі нұсқаулық;
4) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына (орталықтарына), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспорт;
5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтер (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін).
Өтініш беруші өзі таңдап алған нормативтік құжатқа байланысты тиісті ақпарат ұсынады.
Өтінімді қоспағанда, құжаттардың барлығы екі данада ұсынылады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде ұсынылмаған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган құжаттарды қайтарудың себептерін көрсете отырып, олардың түскен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде почта арқылы өтiнiш берушiге қайтарады не оның өкіліне қолын қойғызып, қолма-қол табыс етеді.
16-бап. Аккредиттеу алдындағы шарт
1. Аккредиттеу алдындағы шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен өтініш беруші арасында жасалады.
2. Аккредиттеу алдындағы шарттың елеулі талаптары:
1) шарттың мәні;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
3) жұмыстардың құны;
4) тараптардың жауаптылығы болып табылады.
3. Аккредиттеу алдындағы үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді.
4. Аккредиттеу алдындағы шартты тоқтатуға мынадай жағдайлар:
1) заңды тұлғаның таратылуы;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты бұзу;
3) құжаттарға сараптама жасау кезінде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексерген кезде анықталған сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімде жоймауы;
4) аккредиттеу жөніндегі органның құжаттарға қайта сараптама жасаған кезде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша қайта тексерген кезде тиісінше сарапшы-аудитордың алғашқы қорытындысындағы немесе тексеру жөніндегі топтың есебінде көрсетілген сәйкессіздіктерді анықтауы;
5) аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы негіз болып табылады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы
1. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы шарт жасалған кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Қайта аккредиттеу кезінде ұсынылған құжаттардың сараптамасы аккредиттеу субъектісінің құжаттарына және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер бөлігінде жүргізіледі.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сараптама жүргiзу үшiн аккредиттеу жөнiндегi орган аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторды тағайындайды, сондай-ақ мәлімделген сәйкестікті бағалау объектілері бойынша техникалық сарапшылар тартылуы мүмкін.
3. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысында:
1) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлерiне сәйкестiгін бағалау;
2) құжаттардың нақты критерийлер бойынша сәйкессiздiгiн (сәйкессiздiк болған кезде) көрсету;
3) ұсынылған құжаттарды түзету жөнiндегi ұсынымдар (қажет болған жағдайда) және өтiнiш берушiнiң осы ұсынымдардың орындалуын растау тәртiбi;