3. Апелляция жөніндегі комиссияның төрағасы және хатшысы оның мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.
Апелляция жөніндегі комиссияның төрағасы комиссия туралы ережені бекітеді, оның қызметіне басшылық жасайды, комиссияның отырысын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды.
4. Апелляция жөніндегі комиссия шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің негізділігі туралы қорытындыны аккредиттеу жөніндегі органның басшысына ұсынады.
5. Аккредиттеу жөніндегі орган басшысы апелляция жөніндегі комиссия қорытындысын қарау нәтижелері туралы шағым берген өтініш берушіге немесе аккредиттеу субъектісіне қорытынды ұсынылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
6. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
28-бап. Аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар жүргізген аккредиттеу нәтижелерін тану
1. Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар жүргізген аккредиттеу нәтижелерін тану аккредиттеу жүйелерінің, аккредиттеу кезінде қолданылатын рәсімдер мен талаптардың бірдейлігін тану негізінде жүзеге асырылады.
2. Аккредиттеу нәтижелерін өзара тану екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.
3. Аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар берген аккредиттеу аттестаттары немесе оларға тепе-тең құжаттар Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған келісімдерге сәйкес танылады.
29-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
30-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Аккредиттеу жөніндегі органның Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын аккредиттеу субъектілерінің сақтауына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Аккредиттеу жөніндегі органды тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне аккредиттеу жөніндегі органды мәртебесінен айыру туралы ұсыныспен жүгінуге құқылы.
31-бап. Қорытынды және өтпелі ережелер
1. Осы Заң, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 10-бабының 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген аккредиттеу аттестаттары жарамды деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ | |
Астана, Ақорда, 2008 жылы шілденің 5-і.
№ 61-ІV ҚРЗ